Кімді жақсы көрсең солармен бірге боласың. |Дәуіт ұстаз|

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 28 авг 2024
  • ✅Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.) Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Адам баласы (бұл дүниеде) кімді жақсы көрсе, (о дүниеде) сонымен бірге болады» - дегенін жеткізеді.
    ➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖
    ✅Әбу Зәрр (р.а.) «О, Расулалла! Бір кісі бір адамдарды жақсы көреді, алайда олардың істегенін істей алмайды», - дегенде Пайғамбарымыз «Ей, Әбу Зәрр! Сен кімді жақсы көрсең солармен бірге боласың», - деді. Әбу Зәрр «мен Алла мен Оның елшісін жақсы көремін» дегенде Пайғамбарымыз (с.а.с.) «ешқандай күмәнің болмасын. Кімді жақсы көрсең сонымен біргесің» деп сүйіншіледі.
    ➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖
    ✅Әнәс (р.а.): Бір адам Пайғамбарымыздан:-Уа, Расулалла! Қиямет-қайым қашан орнайды? - деді. Пайғамбарымыз «Қияметке не дайындадың?» дегенде, әлгі адам «Еш нәрсем жоқ. Бірақ мен Алла мен Оның Елшісін қатты жақсы көремін»,- деді. Пайғамбарымыздың «кімді жақсы көрсең солармен бірге боласың» дегенін естігенде, сол жердегі бәріміз балаша қуандық. Тіпті ол уақытқа дейін басқа еш нәрсеге бұлайша қуанбаған едік. Әнәс сөзін жалғастырып «Мен Пайғамбарымызды, Әбу Бәкірді және Омарды жақсы көргендіктен солармен бірге болуды үміт етемін».
    ➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖
    👉RUclips➖ / @darulxaqq
    ➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖
    #DarulXaqq✔

Комментарии • 3

  • @opporeno6713
    @opporeno6713 2 года назад +2

    Әмиин!

  • @Gala_bratan91
    @Gala_bratan91 Год назад

    رَسُولَ اللَّهِ ﷺ

  • @opporeno6713
    @opporeno6713 2 года назад +2

    Ас саляму алейкум! Ұстаздар!