Әсембике #3 / Мөлдір Анарбаева: Ене тұрмақ, жолдасыммен ешқашан ұрысқан емеспін

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 1 авг 2024
  • #1million #блогер #блог
    #МөлдірАнарбаева #МолдирАнарбаева #журналистика #инстаграм #1million #instagram #АйнұрАсанберді #АйнурАсанберди
    ‪@ainurasanberdi‬ ‪@moldir_anarbayeva
    Мөлдір Анарбаева - юмористік жанрдағы видеоларымен танымал блогер. Жеңіл қарап, күлкімен көретін видеоларымен астарлы ойларды жеткізе білетін ол Instagram желісінде көптеген қыз-келіншектің виртуалды құрбысына айнала білді.
    Әсем бике - өз еңбегімен табысқа, танымалдылыққа жеткен нәзік жандылар өз құпияларымен бөлісетін жоба.
    Бүгінгі шығарылымда Мөлдір Анарбаева көпке танымал блогер, журналист және кәсіпкерден бөлек өзінің шынайы болмысын таныстырады. Юморға толы видеолар оның шынайы бейнесі ме? Танымалдылыққа жолдасы қалай қарай қарайды? Енесімен қарым-қатынасы жайлы барлық шындықты айтады.
    00:00 Анонс
    00:33 Asem Bike
    00:57 Таныстыру
    01:47 Тараздағы шаңырақ
    05:46 Балаларымның қай жылғы екенін ұмытып қаламын
    07:26 Балаларым - байлығым: бала тәрбиесі жайлы
    10:08 Үй дизайны
    11:21 Мөлдір Анарбаеваның гардеробы
    12:00 Инстаграмдағы жарнама
    13:00 Психологтарды жарнамаламаймын
    14:22 Қызы Әдемі жайында
    15:28 Қонақ күту
    16:38 Гүл өсіру
    17:27 Журналист қауырсыны…
    18:05 Дүние жинамаймын, дос жинаймын
    19:24 Танымалдылықтың пайдасы мен зияны
    21:38 Айлығым жетпейтін күндер өте көп болған
    22:39 Мөлдірді не қуантады?
    23:50 Өзіңді жоғалтпа…
    25:31 Образым - өзіме назар аудартудың тәсілі. Жолдасы қалай қарайды?
    28:47 Творчестволық ізденіс
    29:54 Бүкіл болмысым - анам
    31:24 Ене тұрмақ, жолдасыммен ұрыспаймын
    32:52 Мөлдір үйде отырмайтын, тамақ істемейтін келін
    33:53 Жалқау келінмін
    36:38 Дастархан басындағы тілек

Комментарии • 245

  • @balzhandildabekova9735
    @balzhandildabekova9735 25 дней назад +19

    Өзіндік ой-пікірі бар, адами ұстанымы бар, шынайылығы мен қарапайымлылығы үйлескен, өзіне ғана емес, қоғамға пайдалы болуды дұрыс көретін, адамгершілігі бір төбе адам Мөлдір❤️❤️❤️.

  • @user-sw8qp8dc5x
    @user-sw8qp8dc5x 13 дней назад +15

    Молдир апкени Казакстан-Таразда жумыс жасап журген бойдак кезинен билемин. Кандай акконил, дана, сулу айел. Женская энергиясыз кандай озине жарасымды. Оте адеми отбасы.
    Мамасынын келиним емес, балам дегени кандай жылы. Баламнын жарын калай жаксы кормеймин ол да балам дегени кандай жагымды. Ене мен келин емес, бир-бирин кабылдап, бир-бирине мейирими мен курмети жогары бутин отбасын корип, тындап суйсинип отырмын.
    Осындай кисилердин урпагы билимди, саналы, улги-онеге корген болады. Бакытты болыныздар❤

  • @user-hg9px1nl8u
    @user-hg9px1nl8u 21 день назад +22

    Адамның пейіліне береді,-деуші еді үлкендеріміз. Мөлдірдің парасаты мен пейіліне сай,адами тұлғасына сай Русландай жан жары, алтындай ақылды енесі оның бейнесін аша түсіп,жарқыратып көркейтіп отыр.Бағдарлама қызықты,тартымды.Өте ұнады,Әсембике!Шығармашылық еңбегің биіктен көріне берсін!Осы Мөлдір өмірде қандай адам?-деп толғанып жүрген көрермендерге Мөлдір бейнесін ашып көрсете білдің.Рақмет!

  • @oppanda7262
    @oppanda7262 15 дней назад +15

    Енеңіз керемет жан екен,өмір жасы ұзақ болсын.Сіз бақытты жан екенсіз.Бақытты болсыңыздар.

  • @zaurebigaliyeva6442
    @zaurebigaliyeva6442 15 дней назад +10

    Мөлдір өте шынайы келіншек,еңбегің жемісті,жанұяңа бақыт тілеймін,енеңе денсаулық,немерелерінің тек қуанышын көрсін.👍❤️🤲

  • @user-yf6xh2kt8p
    @user-yf6xh2kt8p 23 дня назад +12

    Журналистке рахмет !
    Осындай адал еңбек етіп жақсылықтарға жетіп отыр, ал Қаз--да Халықтың ,өзінің Қазағының еңбегін тонап отырған қаншама жемқорлар билікте отыр , осындай Қазағым деген , қолынан іс келетін қыз--келіндер көп болсын ,Енелер тыныш болса әр Отбасы бақытты деп ойлаймын ❤!

  • @Di-xw7lo
    @Di-xw7lo 25 дней назад +15

    Мөлдірге өте риза боламын. Өте шынайы, айтатын сөздеріде ақылды келіншек. Бұл кісіден үйренетін нәрсеміз көп. Әсересе жолдасыммен ұрыспаймын дегеніне тәнті боламын. Енесіде өте керемет адам. Әрдайым қолдап қолпаштап отырады. Жарайсыздар. Аман болыңыздар🤲🏻

  • @user-vh4ez9bx1w
    @user-vh4ez9bx1w 26 дней назад +33

    Мөлдір ханымды квартирасында тұрып жатқанда, үлкен ұлын домбыраға беріп жүрген уақытынан бері көріп келемін. Мөлдір ханымға қарап менде екі ұлымды домбыраға бердім. Осындай пайдалы блогерлерді бақылап, ойларын тындау жақсы. Жолдасым мазақ қылады Тараздағы Мөлдір подружкан не айтып жатыр деп 😂

  • @SamsungSamsung-ng1nc
    @SamsungSamsung-ng1nc 24 дня назад +10

    Сұхбат өте ұнады, хабар шынайы, жасанды сұрақтары жоқ, сауатты , жоғары деңгейде жүргізілді. Мөлдірді үнемі қараймын, өте сыйлаймын, бар болмысы, тәрбиесі , мәдениеті, отбасы құндылықтарын жоғары орынға қоюы, жолдасымен, енесімен, балаларымен қарым- қатынасы , т.б.үлгі аларлық. Әсембике хабарына шығармашылық табыс.

  • @user-hl4fp5xk1x
    @user-hl4fp5xk1x 25 дней назад +15

    Әйелді әйел түсінеді деген өте дұрыс айттыңыз👍

  • @user-rt8ec8tt8j
    @user-rt8ec8tt8j 18 дней назад +11

    Әсембике өзіңіз де осы атқа лайық екенсіз Айнұр ханым. Сізге қарап осы бағдарламаға ат қойған сияқты ма деп қалғандай екен.
    Мөлдір ханым да маған өте ұнайды, күліп дөп айтты деп тыңдап күліп отырамыз. Алла көңіліне берген отбасы екен. Отбасымен таныстырған сіздерге рахмет ❤
    Шығармашылық тілеймін!

  • @aijanhihl8228
    @aijanhihl8228 27 дней назад +8

    Қандай еркін сұқбат, өзі қандай, енесі қандай керемет жандар. Сіздерді қолдап отырған әжемізге ұзақ ғұмыр тілеймін

  • @user-hq4cz9sv7w
    @user-hq4cz9sv7w 27 дней назад +12

    Мөлдір десе Мөп-Мөлдір өзі.Тамаша сұқбат болды.Әзілдерін санаңа сіңдіріп,жетеңе жеткізіп айтады👍👍👍👍👍

  • @raibazarbaeva9362
    @raibazarbaeva9362 24 дня назад +7

    Мөлдір әпкені отбасын түгел танып алдық .Балаларының мінезінде біліп алдық😅Өте керемет жан әрқашан аңқылдаған күлкісі шынайылығы ,достарға деген құрметі ұнайды.Бақыты баянды болсын 🤲🏻Айнгр Асанберді әпкенің қылығы бір тартымды даусы құлаққа жағымды сұқбат қандай жеңіл,әрі сіңімді шыққан 👏🏻Бас идім қазағымның аруларына👏🏻❤️😘💐

  • @user-rq3ce4kv7m
    @user-rq3ce4kv7m 24 дня назад +8

    Өзіндік ой-пікірі бар, ақылды, ойы ұшқыр әрі әдемі, нағыз үлгі алатын жанып тұрған жан. Рақмет айтамын.

  • @user-hj2uo3qi9r
    @user-hj2uo3qi9r 18 дней назад +6

    Керемет! Ынтымағы жарасқан жанұяны, көрсе көз тоятын, тұрмыс тіршілігін,қазақтың ең бір осал тұсы, ене мен келіннің өзара ымырашылдығын , ойын қашанда ашық жеткізетін Мөлдір ханымды көрдім.Тағы бір байқағаным әр бөлмеден шыққанда жарығын өшіріп жүретінін байқадым.Ол да ұқыптылық! Жарық бекер жанып тұрмауы керек.Жанұясына,Анасына,жолдасына сүйсіндім.Бақытты болыңыздар! Өмірімде күйеуіммен ұрсыспадым деген енді ілуде біреу ғана болар.Ол да ақылдылықтың,сабырлылықтың белгісі.Қазақ әйелдеріне,жас келіндерімізге үлгі боларлықтай әңгіме тыңдадым! Аман болыңыздар Мөлдір ханым! Ырыс қонып,ынтымақтарыңыз арта бергей!!

  • @user-xd3el6kk5g
    @user-xd3el6kk5g 13 дней назад +7

    Енесы оте керемет жан екен
    Енесынын аркасы апине колдап отырган
    Сондыктанда куйеуы колдап отыр
    Бакытты жануя болсын

  • @user-hl4fp5xk1x
    @user-hl4fp5xk1x 25 дней назад +10

    Енесі анасындай ғажап әйел екен😍

  • @atameken_korda
    @atameken_korda 24 дня назад +6

    Осылай қарапайымдау адамдарды көрген қызығырақ екен 👏👏басынан аяғына дейін көрдім жасандылық жоқ дымда

  • @user-wi7sk4eb3d
    @user-wi7sk4eb3d 24 дня назад +10

    Керемет бағдарлама адамның жеке шекарасынан өтпей мәдениетті түрде таныстырып толық мазмұнын аша алады

  • @Mira_mugalim
    @Mira_mugalim 7 дней назад +1

    Бақытты болыңыздар! Қазақтың керемет қыздары, аналары аман болыңыздар!

  • @raushanakhmetova627
    @raushanakhmetova627 15 дней назад +6

    Тәрбиелік мәні бар сұхбат болды. Жалпы маған Мөлдір ханым ұнайды.

  • @zh.zh888
    @zh.zh888 25 дней назад +28

    Енесіде келініде жақсы❤ бір бірін түсініп отырған Азаматы Русланның арқасы ғой аман болсын! Еркектің мысы мықты болса әйелдер қайда барады

    • @user-wp1zv4gz8m
      @user-wp1zv4gz8m 24 дня назад +3

      Неге азаматтың, енесінің арқасы деп бағалайсыз? Өзі бөлек тұлға! Оқыған, тоқыған саналы адам! Куйеуге шығып ақыл қонып кетер болса бар әйел дана болмай ма?

    • @danebekenbai1428
      @danebekenbai1428 19 часов назад

      Өте орынды пікір ❤​@@user-wp1zv4gz8m

  • @user-le8mr7gb7c
    @user-le8mr7gb7c 14 дней назад +5

    Мөлдір ханым керемет жан.Отбасыммен бақытты болсын.Айнұр ханым сізге де отбасылық бақыт тілеймін❤

  • @user-go8oe5xm1b
    @user-go8oe5xm1b 13 дней назад +15

    Мөлдір десе -мөлдір жан,жүрегі таза,ашық,ақжарқын! Мөлдірді тыңдап көңіл -күйің көтеріледі,тамаша!
    Енесі де -нағыз ақылды,парасатты адам екен!
    Мөлдір бақытты ана,бақытты келін екен

  • @user-cn8kf4nr2x
    @user-cn8kf4nr2x 15 дней назад +3

    Ия Мөлдір өте дұрыс айтты, ұлдарына дұрыс тәрбие берген ана ғана лайықты, мен солай тәрбие бердім деп айтуға

  • @ZhanarSartbaeva
    @ZhanarSartbaeva 9 дней назад +2

    Керемет, қазақ қыздары деп көз суйсіндіретін ,міне қазақ отбасы ,әйелі ,анасы деп мақтана көрсетін жандар.Сұқбат жақсы дами беріңіздер

  • @user-ks2lo8zw4m
    @user-ks2lo8zw4m 25 дней назад +14

    Ешкимге пикир жазбайтвн адаммын, осы киси унайды маган

  • @user-nj8wr6tc6b
    @user-nj8wr6tc6b 4 дня назад +1

    мөлдірді тыңдап тағы бір қырынан таныдым, өте шынайы ақ көңіл жан екен, аман бтл мөлдір жан, сені тыңдасам бір демалып қаламын, ❤❤❤

  • @user-sj2cm5gq3p
    @user-sj2cm5gq3p 24 дня назад +7

    Мөлдір таза,ақ көңіл,қарапайым,отбастарына бақыт тілеймін,

  • @user-fg8fy7gn6e
    @user-fg8fy7gn6e 11 дней назад +3

    Мөлдір қызымның әрбір сөйлеген сөздері шындықты тура айтатыны тұспалдап зілі жоқ қалжыңдап астарлап ай татыны бәрі өзіне жарасымды күлкісі де аман жүрі керемет әңгіме кездесу сұхпат болды маған өте ұнады осындай сұхпаттар бола берсін

  • @bekzatdinayeva8844
    @bekzatdinayeva8844 27 дней назад +20

    “Сана биігінде” деген сөзі қатты ұнады. Расымен де, Мөлдір мен Руслан, олардың анасы сана биігінде жолыққан парасатты да пайымды жандар екен.

    • @user-cr4qm1dx3x
      @user-cr4qm1dx3x 18 дней назад

      Ене туралы айтсаң ғой

    • @bekzatdinayeva8844
      @bekzatdinayeva8844 18 дней назад

      @@user-cr4qm1dx3x олардың анасы дегенім - Мөлдірдің енесі

  • @user-wm3eo8ht2m
    @user-wm3eo8ht2m 11 дней назад +4

    Енесі қандай керемет жан жүз жасаңыз .

  • @muzyka2024
    @muzyka2024 27 дней назад +9

    Тамаша сұхбат!
    Шынайы!Қарапайым!Қызықты!Түсінікті!
    Ой салар пікірлері бар,керемет жан.
    Жобаларыңыз дами берсін.😊
    Елімізде шынайы сұхбаттың кейіпкерлері көп болсын😚

  • @user-db8fd1pq6o
    @user-db8fd1pq6o 11 дней назад +4

    Әңгімелерің өте қарапайым, түсінікті, әдемі. Қазағымыз, осы адам бойындағы қасиетті жоғалтпаса екен. Әсембике, сағанда творчестволық табыс тілеймін. Мөлдір, ұрпағың өсіп-өне берсін. Енеңде жан дүниеңді түсінетін адам екен, жолдасыңда.

  • @user-hp4ps2ui5m
    @user-hp4ps2ui5m 8 дней назад +1

    Керееет 👍🏻🤩Мөлдір керемет жан,балаларыңыздың қызығын көріңіздер,Енесіде көрегенді Ана екен!Рахмет Асембике ханым,кандай с ыпайы жансыз,еңбегіңіз жансын👍🏻🌷🙆🏻‍♀️

  • @user-en9pz8cs7p
    @user-en9pz8cs7p 13 дней назад +5

    Өте керемет жақсы адам екен, басқаша қарап журсем инстаграмнан, жақсы сөйлеп отыр тамаша ұнады, үй кушти екен❤

  • @user-bk1yq6rr1f
    @user-bk1yq6rr1f 11 дней назад +2

    Бағдарлама супер,жүргізушісі өте керемет ,маған қатты үнайды.Еңбектеріңіз жана берсін.халыққа берер тәлімі мол

  • @АдильКайыржанов
    @АдильКайыржанов 15 дней назад +4

    Сәлеметсіздерме маган мағыналы сөздері, ашық отириги жок ангиме болды маган катты унады.

  • @user-wc7uw4dl6t
    @user-wc7uw4dl6t 6 дней назад +1

    Керемет сұқбат алыпсыз Мөлдір ханым осы бір әдемі қалпыңызды жоғалтпаңыз . Сізді Жақсы көрем.

  • @user-rq3ce4kv7m
    @user-rq3ce4kv7m 24 дня назад +16

    Мөлдір сияқты келіндер, қазақтың рухты қыздары көп болсын! Отбасымен бақытты болсын! Қызықты әңгімелері көп болсын!

  • @user-yi3cb4ls5t
    @user-yi3cb4ls5t 27 дней назад +5

    Өте керемет, адамға ой салатын шынайы сұхбат болды. Керемет отбасы. Истаграмда үзбей көремін. Жолдасына, енесіне, жалпы адамға деген құрметі өте қатты ұнайды.

  • @user-ig6wj6mh7r
    @user-ig6wj6mh7r 5 дней назад +1

    Керемет сыйласымдылық, ашықтық. Елге үлгі болатын адамдар екен.

  • @user-kw2on1mh5k
    @user-kw2on1mh5k 8 дней назад +1

    Мөлдір сондай шынайы,енесімен сыйластығы,Азаматын сыйлауы,керемет.
    Жүргізуші Айнұр жүйелі сұрақтармен тартымды ,көркем ете жүргізді.

  • @dinaraussipbekova9458
    @dinaraussipbekova9458 2 дня назад

    Қандай күшті, баламның жары деп сыйлап отырған. Келінін сыйлап отыр, сыйға-сый, сыраға бал деп келініде иіліп тұр. ❤

  • @user-wx1um2ej3l
    @user-wx1um2ej3l 8 дней назад +1

    Керемет жүргізу, интервью, Айнұр ханым. Мөлдірдің шығуларын фб тен қараймын, сүйсініп. Өте тамаша ене келін. Сұқбатты аяғына дейін көрдім, тамаша. Халқымызда осындай қыз кеьіншектер аман болсын. Өнерімен танылған, өзі педагок болу керек. Мөлдір ханым табысқа жете беріңіз.

  • @user-fv2jt7kf7l
    @user-fv2jt7kf7l 9 дней назад +1

    Мөлдір ханымның нық сөйлеуі, дауыс ырғағы, күлкісі ұнайды.

  • @user-karakoz
    @user-karakoz 27 дней назад +4

    Өте керемет сұхбат болды. Мөлдір монолог оқимын дейма, қой айналайын сені осы әңкілдеген қалпында көргіміз келеді, талай адамның назарын осы образыңмен өзіңе тарттың

  • @user-nx7pj1pz8x
    @user-nx7pj1pz8x 7 дней назад +3

    Мөлдірді әрқашан инстаграмда көріп отырамын әр айтқан қалжындары қатты ұнайды өз орнымен көңіл күй сыйлай беретін келіншек

  • @user-jj7wc1fb4z
    @user-jj7wc1fb4z 26 дней назад +15

    Мен күлкісін жақсы көрем Мөлдір ханымның.Мен өзім олай күле алмайды екенмін.Біздерді жайлап күл үйтпе бүйтпе деп басып тастаған ғой.Осылай отдуши күлетіндерге қызығамын.Молдір ханымды көріп менде сосын отдуши ашылып кулем ғо.❤❤❤😂😂😂

    • @kuralai.turdalieva83
      @kuralai.turdalieva83 7 дней назад

      Жүрегі ашық, шынайы өмірімен бөлісетін, жерлес блогеріміз

  • @user-gj3zh1ft4i
    @user-gj3zh1ft4i 17 дней назад +4

    УРА, АЙНҰР АСАНБЕРДІ ӨТЕ БІЛІКТІ МАМАН! Как я рада что введет канал! 🎉🎉🎉

  • @_uhost_Uhost_
    @_uhost_Uhost_ 22 дня назад +3

    Дурыс айтасыз бір бірін түсініп әңгімелеры жарасып тұр бәріне ортақ үй шаруасы өте бақытты болыңдар 🎉🎉🎉🎉🎉

  • @SeitkazievaA
    @SeitkazievaA 27 дней назад +45

    Өте керемет жан Мөлдір Анарбаева. Инстаграмда үзбей көремін.Аузын ашса көмекейі көрінетін ,өз ойы,өз көзқарасы бар өте қарапайым жан.Қазіргі көп адамдарға жетіспейтін көзге көрінбейтін қарапайымдылық,шынайылық бар бойында,сол үшін де инстаграмнан көріп отырамын.Сол үшін де жақсы көремін осы қызды.Келесі бағдарламаңыздан Айнур Жүгінісованы шақырсаңыз нұр үстіне нұр болар еді. Рахмет сізге Айнұр

    • @user-bt7ur1bc4n
      @user-bt7ur1bc4n 24 дня назад

      Жаксы, шынайы, Молдыр, монолог айтп сахнага шыгынызшы, шынымен. Творчестволык табыс тлеймын.

    • @user-ui3ej5ie5k
      @user-ui3ej5ie5k 23 дня назад

      @@user-bt7ur1bc4n ъ

    • @user-nj9ki9xg7e
      @user-nj9ki9xg7e 12 дней назад

      Ъ

  • @user-xx2ll7pe6c
    @user-xx2ll7pe6c 24 дня назад +11

    Тамаша келіншек,шынайы өзінің барлық қылықтары өзіне жарасымды. Сауатты,өз мамандығын жақсы меңгерген. Отбасың аман болсын,елді шынайы күлкіге кенелте бер.

  • @user-tt2xb7zn3n
    @user-tt2xb7zn3n 27 дней назад +4

    Шынайы қарапайым жан екен.Үйі қандай керемет!Жуа турап отырып айтқан әңгімелері өте қатты ұнайды

  • @user-wm3eo8ht2m
    @user-wm3eo8ht2m 11 дней назад +1

    Керемет сұхбат болды Молдир Айнур 👍👍👍

  • @user-xu3ow3sm4y
    @user-xu3ow3sm4y 15 дней назад +11

    Менің сыныптасым Раушанның қызы Мөлдір ,бақ дәулетің аса берсін қызым...❤

  • @meruertmeruety8818
    @meruertmeruety8818 27 дней назад +14

    Мөлдір апкені 3 жылдан бері қараймын. Өзіндік көзқарасы бар, ашық жарқын адам. Шынайылығы ұнайды👍

    • @user-ow2jw7ru9f
      @user-ow2jw7ru9f 18 дней назад

      ашаматайдын уйн коргим келеди

  • @user-cc9dl6wi4y
    @user-cc9dl6wi4y 4 дня назад

    Мөлдірдің бар айтқаны өте қатты ұнайды зорденсаулық байлық береке бірлік отбасына әрқашан шындықты айтып береді жаным аман болсын

  • @moldirmailibaeva495
    @moldirmailibaeva495 27 дней назад +6

    Керемет шынайы ақкөңіл жан артың әңгімесі жоқ жарнама жасасада ақшасын төлеп бар әңгімесін айтып бұрыннан танитындай әңгімелесіп кетеді отбасына бар жақсылықты тілеймін жолдасы екеуі мықты қосылған қолындағы барын таратып береді қандай сыйлық алсада қуана біледі бір әулеттің ақылды инабатты келіні аяулы жар енді құдай қаласа асыл дана әже болсын ❤

  • @user-ge1xg9pk2g
    @user-ge1xg9pk2g 25 дней назад +5

    Мөлдір шынайы болмысың ұнайды. Тарсылдап ойыңды сауатты жеткізетін жан ретінде сыйлаймын. Жақсы жерге түскен келін келін жаман жерге түскен келін келсап деп бекер айтылмаған.Енең жайдары Жақсы адам екені көрініп тұр. Жігітің де тәрбиелі саналы білімді азамат қой. Адамның сана биігінде түсінісіп өмір сүргеніне не жетсін. Құдай тіл көзден сақтасын. Балапандарың аман болсын. Өзіңдей қазақтың қыздары көп болсын .Әйтпесе жолдасың ұрысқанда білеміз ғой 😅, үндемей ақылға салып қарайтыныңды,неше жылдан бері қараймыз ғой. Помидор согын шығарғаныңды да көрдік. Талай қыз сырын ақтарып соған орай посттар салып жүрдің.Жалпы біз сені осы шынайы болмысың үшін сыйлаймыз.Бар бол бай бол.Осы Мөлдір атыңа сай өмірің Мөлдір болсын ❤❤❤❤

  • @user-bo3wl4hd7m
    @user-bo3wl4hd7m 27 дней назад +4

    Мөлдір әпке кушті кісі❤ Узбей видеоларын көріп отырамын. Балаларныздың кызыкшылыгын көру буйырсын🤲 Аман болыңыз 🤲

  • @user-ib5lt6sp4n
    @user-ib5lt6sp4n 26 дней назад +4

    Қазақтың мықты әйелдері көп болсын!

  • @gulnartuleuova6079
    @gulnartuleuova6079 26 дней назад +6

    Мөлдір сияқты келінім болса, мен Енесі сияқты болсам ..... деп армандап отырмын.Армандар орындалады!

  • @user-sq7pz6wg2m
    @user-sq7pz6wg2m 23 дня назад +1

    Енесі ақылды үлгілі жанашыр ана , келініде ақылды бірлік сүйіспеншіліктің кілті осыда екен. Бір біріне үлкен түсінікпен құрметпен қарайтын кісілер екен. Аман болыңыздар❤❤❤❤❤

  • @user-ik9um6iz9y
    @user-ik9um6iz9y 20 дней назад +5

    Әсембикеге шығармашылық табыс тілеймін!Ұнады !Мөлдір ханым керемет шындықты әзілмен жеткізе білетін!Ақкөңіл,ақжарқын!Енесі қандай керемет,түсінігі мол!Айнұр,Мөлдір бақыттарыңыз баянды болсын!

  • @user-pi4rk5kx3v
    @user-pi4rk5kx3v 22 дня назад +1

    Өте керемет отбасыекен,тфай тфай көз тимесін.Нағыз ыстық,бірін бірі қолдайтын,қазақы отбасы.Шаңырақтарыңыздағы сыйластық,шынайылылықтарыңыз экран сыртынанда сезілдім.Аллам отбасңыздың берекесін арттыра берсін.

  • @user-jv3fw4pf1e
    @user-jv3fw4pf1e 2 дня назад

    Керемет,ашық жарқын ,шынайы,қарапайым,адамгершілік, бар жақсыны көруге болады,Мөлдірдің тұрақты ,попичигімін,ал сіздің передачаңызды екінші рет көріп отырмын ,сізге жақында жазылды,Нұртас аға мен Гүлзира ханымды көрдім бірінші,екінші Мөлдір ханым,өте орынды сұрақ,орынды шынайы жауап көрдім❤❤❤❤👍👍👍👍👍🥰🥰🥰🥰🫶🫶🫶🫶

  • @user-ds2mp8qy6u
    @user-ds2mp8qy6u 22 дня назад +2

    Қандай тамаша адамсыз маған бала тәрбиесі туралы айтқан пікірі өте ұнады, менің ойымды айтып отырғандай
    ,керемет👏 ❤

  • @user-qm8rx2cs9f
    @user-qm8rx2cs9f 22 дня назад

    Қандай керемет! Менімен аттас екен, менде өзімнің емес өзгенің қуанғанына қуанатын жанмын, ауырып отыр едім, сүйсініп көрдім, Мөлдірдей келіндер көп болсын, істеріңізге сәттілік, береке тілейміз! Көп рақмет!!!❤

  • @user-kf8re3du7s
    @user-kf8re3du7s 8 дней назад +1

    Мөлдір күшті, топ келіншек, сондай ақкөңіл

  • @adelyaadilova7356
    @adelyaadilova7356 25 дней назад +3

    Мөлдір қыздың , жаны да жүрегіде мөлдір таза ғой. Жақсы көрем керемет

  • @user-uj9bb5kv8c
    @user-uj9bb5kv8c 9 дней назад +1

    Жарқыраған жайма шуақ күндей жайлы отбасы екен,Алла татулықтарыңыздан айырмасын!

  • @sholpanjaksilikova5798
    @sholpanjaksilikova5798 2 дня назад

    Оте керемет асерли сухбат асембике деген атка лайык айел жасай бериниздер менин сулу да суйкимди апкелерим❤

  • @user-qm1yz6jc9u
    @user-qm1yz6jc9u 4 дня назад

    Керемет сыйластық енесімен тусіністігі қатты ұнады, өзі ақкөңіл, туралықты айтатын жақсы келіншек қой

  • @user-bq6ms5gj9r
    @user-bq6ms5gj9r 27 дней назад +2

    Мөлдір апай,өте унайды шынайы ,қарапайым жан!Бақытты күндеріңіз көп болсын!

  • @user-lz4fz4nc9x
    @user-lz4fz4nc9x 8 дней назад +1

    Керемет ашык жаркын кыз екен. Енесиде акконил жан екен

  • @alimaalima7278
    @alimaalima7278 24 дня назад +2

    Молдир ханым оте тамаша адамсыз бакытты жансыз Енениз оте тамаша Жан екен

  • @user-hz2es5mn3n
    @user-hz2es5mn3n 8 дней назад +1

    Қайырлы күн!
    Қымбат Досжан келесі кейіпкеріңіз болса деген ұсынысым бар.

  • @ganibayevazhaidarman2189
    @ganibayevazhaidarman2189 4 дня назад

    Енесі қандай керемет жан. Ақылды кісі екен.

  • @user-cz1ns9fo5j
    @user-cz1ns9fo5j 24 дня назад

    Керемет сұхбат, Айнұр ханым еңбектеріңіз жемісті болсын ,Мөлдір ханымды ылғи көремін, кәдімгі үлгі алатын отбасы❤🎉ё🧿💐🥳🎁🇰🇿👏👏👏

  • @user-xu7fp6zz8y
    @user-xu7fp6zz8y 27 дней назад +3

    Шынайы сұхбат, жасандылық жоқ, әдемі көңіл күй сыйлай білген сұхбат болды мен үшін. Сүйікті блогерім Мөлдір❤❤❤

  • @user-bm2cs4xb9p
    @user-bm2cs4xb9p 22 дня назад +1

    Көз, сөз тимесін. Ынтымағы жарасқан жанұя. Анасы қандай❤

  • @user-fk9bc6rv3s
    @user-fk9bc6rv3s 12 дней назад +1

    Өте керемет сухбат

  • @user-rh1hb2eu9o
    @user-rh1hb2eu9o 27 дней назад +3

    Сыйлаймын жақсы көремін ❤Мөлдір ханымды

  • @user-jq3ee5rw6t
    @user-jq3ee5rw6t 16 дней назад +1

    Маган Молдир Ханым негизи катты унайды омирлик устамы мыкты жан

  • @user-pu5vb1pb5f
    @user-pu5vb1pb5f 16 дней назад +1

    Айнур да Молдирде казактын нагыз батыл, ерке кыздары

  • @lyazzatruslankyzy
    @lyazzatruslankyzy 12 дней назад

    Мөлдір ханыммен болған сұқбат қатты ұнады
    Осындай шынайы болмысын сақтайтын адамдарды қатты сыйлаймын❤Айнұр ханым жобаңыз керемет🎉🎉

  • @user-er2kt6jn2r
    @user-er2kt6jn2r 6 дней назад +1

    Енеси кушти адам бирге жумыс истегенбиз.

  • @user-hs4gs5jl7m
    @user-hs4gs5jl7m 27 дней назад +3

    Оте керемет,анкылдап калган,шынайы жан❤

  • @user-id5yo3yq1x
    @user-id5yo3yq1x 24 дня назад +1

    Жақсы сұхбат болды Бірақ журналист қыз жағаласып көөп сойлейді екен сол жағы ұнамады. Адамды тыңдай білсе

  • @user-sn3zm3fw2l
    @user-sn3zm3fw2l 28 дней назад +4

    Молдырды коре салып комментарии жазып кетыппын артын кутпей.Енесы кандай керемет .Балам гой калай урсам деп кояды.Акылды адам екены корынып тур.Молдырдын жаркырап жургенынын сыры жолдасы мен енесы септыгы бар.Бырын быры тусынсе кандай бакыт!

  • @user-im3et2gk3h
    @user-im3et2gk3h 27 дней назад +3

    Керемет, шынайы ❤ Жаксы корем Молдир ханым 😇

  • @user-zy6my7ow5p
    @user-zy6my7ow5p 27 дней назад +3

    Шынайы,қарапайым.Көп жерлерін өзіме ұқсатып жіберемін😀Еркін ұстайтын,ешкімге еліктемейтін блогерлігі ұнайды

  • @user-kn9uj3lt9q
    @user-kn9uj3lt9q 16 дней назад +2

    Жанім,өмірің ұзақ болсын❤

  • @user-sn3zm3fw2l
    @user-sn3zm3fw2l 28 дней назад +3

    Молдыр кандай шынайы.Молдыр кызга калай комент жазбайсын.Узбей корып отырамын.Барлык приколдарынында быр шындык бар.Дами бер жерлесым! ШЫНАЙЫ КЫЗСЫН.УЗАК ОМЫР ТЫЛЕЙМЫН!Жан узнать бакыт тылеймын!

  • @user-ys2rm2wq1q
    @user-ys2rm2wq1q 13 дней назад +5

    Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын деген жақсы адамдармен біздерді жүздестірген Айнұр ханым сізге де халықтың сүйіктісіне айналған Мөлдір ханымға да оның отбасы мүшелеріне де Алланың нұры жаусын

  • @user-eo5xo4dq1w
    @user-eo5xo4dq1w 2 дня назад

    Сұхбат ұнады шынайы қарапайым керемет енесіде келіндер жақсы жандар екені көрініп тұр

  • @_uhost_Uhost_
    @_uhost_Uhost_ 22 дня назад

    Өте керемет бақытты болыңдар еңбастысы Алла тіл көзден сақтасын сендерді 🎉🎉🎉🎉барлығы шынайы жарасады балашага байлыгын 👍👍👍

  • @user-ov8zs1of4o
    @user-ov8zs1of4o 18 дней назад

    Рахмет өте керемет сүйсініп отырып көрдім.