"Балқадиша" өлеңінің шығу тарихы

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 16 мар 2023
  • "Балқадиша" - қазақтың ұлы күйші-композиторы Ақан серінің туындысы. Бірде аты қазаққа әйгілі Ақан сері Қорамсаұлы ауыл-аулыдарды аралап жүрген кезінде, лауазымы биік кісі Ыбырайдың ауылында болып жатқан шілдехана тойының дәл үстіне түседі. Серінің келіп қалғанын көрген халық Ақанға қошемет көрсетіп, дастарханның төріне жайғастырады. Алайда дастарханның киелі жерінде отырған Ақанның қасына ешкімнің отыруға батылы бармайды. Бұл ел ішінде кең тараған алып-қашпа сөздердің пайда болуының кесірі екен. Ақан сері қиялға беріліп кетіп, жын-перілермен қатысы бар екені туралы әңгімелер шыққандықтан, бәрі өзін жайсыз сезініп, тойдың берекесі қашқандай болады.
    Сол кезде Қадишаның "Ауылымызға әйгілі сері келіп қалыпты, неге бірге қосылып өлең шырқамасқа" дейді. Қадиша серінің қасына отырады. Бәрі қосылып, ән шырқауды бастайды. Мереке өте қызық өтіп жатты, бірақ Қадишаның ағалары болған жағдайды естіп, қарындасының отырған жерінен алып кетуін талап етеді. Алайда, Қадиша еш қозғалмайды, сері де оны жібергісі келмейді, осыдан екеуінде қимастық сезімі пайда болады. Қадиша қайтуға жинала бастағанда, Ақан қолына киелі домбыраны алып, сол жерде туған әнді шырқауға кіріседі. Сері Қадишаның жан-тәнінің әсемділігі туралы әндетеді.
    Әннің "Күйеуің сексен бесте шал, Қадиша" деген жолдарын алға тартып, кейбір аңыз дерек бойынша Қадиша, үлкен ақсақалға атастырылған деп айтылады. Қадиша қыздың Ақанның жанында отырғанын естіген бойда, ақсақал "Қадишаны қайтарыңдар" деп бұйырған екен.
    Алайда, Қадиша үлкен кісіге емес, өз теңіне атастырылып, кейіннен ұзатылған екен. Мұны естіген Ақан қоштасу сәтінде туған әнін әрі қарай жетілдірген. Ұзақ мұңды әннің 90 шумағы болған деседі. Алайда ол бізге толық жеткен жоқ.

Комментарии • 15

  • @user-df5eg7sd9s
    @user-df5eg7sd9s 10 месяцев назад +1

    Кушти Альбина Оз ролин кушти алып шыккан❤🎉😊😊😊😊❤❤❤❤❤керемет кыз молодец

  • @user-tt1yn5kb5y
    @user-tt1yn5kb5y 8 месяцев назад +1

    Клипте, қандай сүйкімді жап жас қызды түсүрген,нағыз озінін коркемдігі, кейбір клипте кыздың бетіне 1 кг косметика жагып кояды, көрермен көрмейді деп ойлай мекен.

  • @user-ny1sl4tc8k
    @user-ny1sl4tc8k 5 месяцев назад

    Роль на высшем уровне

  • @user-cf8bj8ev1f
    @user-cf8bj8ev1f Год назад +5

    Балуан шолақ

  • @user-ny1sl4tc8k
    @user-ny1sl4tc8k 5 месяцев назад

    Альбина ❤

  • @user-md5lj3zo8p
    @user-md5lj3zo8p Год назад +7

    Видимо автор ролика не очень знаком с историей этой девушки. Придумали страстей , а те кто не понимает перевода считают, что казахи дикий народ. К вашему сведению девушка вышла замуж за своего сверстника , по любви и согласию. И прожила очень долгую жизнь.

  • @user-nf1cz3gw4l
    @user-nf1cz3gw4l 2 месяца назад

    Киноның аты калай фондагы

  • @user-mm2yc2xb5r
    @user-mm2yc2xb5r 10 месяцев назад +1

    Киноны толыққалаи көруге боладыкино аты қалаи

    • @KatyaKenzhaly-fb3fp
      @KatyaKenzhaly-fb3fp 9 месяцев назад

      Бұл Балқадиша фильмі емес Балуан Шолақ фильмінің үзіндісі

  • @jansulyotar7110
    @jansulyotar7110 Год назад +3

    Киноның аты кандаи

  • @user-on9ux2ln4l
    @user-on9ux2ln4l Год назад +1

    Тарихы дұрыс емес