Іс өте күмәнді сұрақ көп- Ербаян ісі бойынша адвокат не дейді.

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 18 сен 2024
  • Әскерде жараланған Ербаян Мұхтардың әкесі мен шешесі, адвокаты Инга Иманбай Астанадағы Ұлттық баспасөз клубында баспасөз мәслихатын өткізді. Заңгер Инга Иманбай әскерде жараланған сарбаз Ербаян Мұхтардың ісі қазір мүлде жүрмей тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
    ИНГА ИМАНБАЙ НЕ ДЕЙДІ
    Ербаянның анасы Гүлсім Қамиева қазір Еуропаға алып кетейін десе ұлының денсаулығы келмей тұрғанын, оған қоса құжат жұмыстары шешілмей жатқанын айтады. Гүлсім Қамиева сондай-ақ “Ербаян бұрын гайморитпен ауырған, өкпесі қабынған” деп мәлімдеген Ұлттық гвардия бас қолбасшысының орынбасары Қайрат Үмбетовтың сөзімен келіспейді. Адвокат Инга Иманбай Қайрат Үмбетовтың бұл сөзін ең азы этикаға қайшы деп, сот болмай жатып мұндай мәлімдеме жасау өте орайсыз болғанын атап өтеді.
    - Осыған дейін журналист Дина Төлепбергенге медсарапшы Тахир Халимназаровтың берген сұхбатын көрдім. Ол соңғы медициналық сараптама болмаса да, сарапшы “ер азамат өзінің бойынан өзі құлағаннан баста соншалықты жарақат болуы мүмкін емес” деп айтып отыр. Сондықтан, біз медициналық сарапшы, тергеуші емеспіз. Дәл қазір осындай болды деп айта алмаймыз. Үш ай бұрын мен іске кіріскен кезде іс “әскерилердің ішкі тексерісі нәтижесінде бала өзі құлады” деген болжаммен жабылып тұрды, - дейді Инга Иманбай.
    Адвокат түнгі сағат екіде дәретханада 7-8 әскери адам болғанын айтады.
    - Видеокамераларды ата-анасы көрді. Маған тергеуші әлі ол видеокадрларды көрсетпей отыр. Ішінде бір сержант, тағы бір әскери отырады. Сарбаздар бір-екі минут сайын әжетханаға кіреді, шығады. Кейбірі мұрнынан қан ағып, басып шығады. Ербаянға қатысты жағдай орын алғаннан кейін Ербаянды қан-қан күйінде сол әжетханадан шығарып алып кеткеннен кейін неге екені белгісіз бір сержант қолында белдікпен шығады сол жерден. Ең болмағанда осы видеокадрлардың бәрін көре тұрып, Ербаянға қатысты медициналық жарақаттардың бәрін көре тұра әскерилердің істі “өзі құлады” деп тоқтатып тастағаны бізге күмән ұялатады. Қоғамға да! - дейді ол.
    Инга Иманбай алғашқы істі тоқтату себептері ақылға тоқтамсыз дейді. Тергеу жүрмей жатқанына наразылық білдіреді.
    САРБАЗ ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ
    Ербаян Мұхтарұлы 22 жаста. Отбасында 4 баланың үлкені. Әскерге өзі сұранып барған. Бірнеше айдан кейін комаға түсіп, ауруханаға жеткізілген. Әскерге кетпес бұрын жас жігіттің дені сау болған, спортпен шұғылданған.
    ЕРБАЯННЫҢ ЕМІНЕ ХАЛЫҚ ҚАРАЖАТ ЖИНАП ЖАТЫР
    Желіде тараған Ербаянның емхана керуетіндегі суреті адамның жанын түршіктіреді. Күннен күнге солып бара жатқан сарбазға бас сүйегі ауыр зақымданған, маңдай мен самайдан тиген қатты соққыдан миы ісіп кеткен, қарақұсы сынған деген диагноздар қойылып отыр. Сарбаз шұғыл Түркиядағы клиникалардың бірінде емделуі керек. Оған шамамен 30 млн теңге қаражат керек. Мамандар науқас клиникада кем дегенде 3 ай емделмесе беті бері қарамайтынын айтады. Осы мақсатта Ербаянның еміне халықтан қаражат жиналып жатыр. Ол үшін арнайы Instagram парақша ашылған.
    Алматыдағы Ұлттық ұланның 5571 бөлімінде былтыр құлап, комаға түскен, биыл сәуірде оянған сарбаз Ербаян Мұхтарды туған-туыстары Астанаға жеткізе алмай отыр. Ulysmedia.kz редакциясына хабарласқан олар президенттен көмек сұрап, үндеу жариялаған еді. Әскери бөлім «сарбаз дәретханада өзі құлап, басын кафельге соғып алды» деген. Ербаян Мұхтардың әкесі де, шешесі де бұл нұсқаға сенбейді.

Комментарии • 28

  • @АқжайықМолдағалиев
    @АқжайықМолдағалиев 2 дня назад +26

    Балаларымызды енді әскерге жібермеу керек

  • @СыздыковКайрат
    @СыздыковКайрат 2 дня назад +18

    СЕРЖАНТ КОНТРАНИКТІ ОТЫРҒЫЗУ КЕРЕК СОЛ КОНТРАНИК АҚША БОПСАЛАҒАН БОЛУ КЕРЕК

  • @kereiqazaq1621
    @kereiqazaq1621 2 дня назад +18

    Өзінен өзі құламайды. Таяқтан болғаны айдан анық. Құлады дегеннің өзінде осыншама жарақат алмайды

  • @Rybak09
    @Rybak09 День назад +10

    Соттау керек бастыктарынан бастап барлыгын

  • @idrisgaziz3854
    @idrisgaziz3854 2 дня назад +17

    Дүние жүзілік сотқа беріңіз
    Әйтпесе қозғалмайды

  • @МадиШөмекей
    @МадиШөмекей День назад +6

    Қорғаныс министрін жауапқа тарту керек неге? Қорғаныс министрі тәртіп орната алмағаны үшін, бейбіт күнде осылай күйге жетуі керекпе

  • @РакымжанСатыбалдиев-д5я

    Офицерлердей барейн соттау керек жасырганы ушин ози кулады деп сайрадыгой

  • @Амирхан-ш8з
    @Амирхан-ш8з День назад +6

    Әскерде қате удар тиіп өліп кеткен бір солдат, удармен тәрбиелеу бар, оны барлығы біледі, қоғам өзі кінәлі, көрмегенсіп жүре береді, өлген пәленшенің баласығой деп, немесе пәлен жердің баласы екен ааа ууу дейді де қояды

  • @Абель-л3в
    @Абель-л3в 2 дня назад +10

    Бұл армия түрмедең жаман олып түргой ?

  • @ArdakSakharanova
    @ArdakSakharanova День назад +1

    Қазақ қоғамы топастық деңгейден аспай қалдық қой,бұл тек әскери немесе полицияның кінәсі ғана емес бүкіл қоғам айнасы болып тұр… Бір-бірімізді кінәләп,әлімжеттік көрсетіп ,коррупция жайлаған мынандай мемілекетте қоғам да соған бейімделген Бұл жалпы ұлттық трагедия деп қараған дұрыс,сол жағынан жұмыс жасау керек

  • @gauharbaigabulova8249
    @gauharbaigabulova8249 7 часов назад

    Алла қолдасын, қорғасын. Ем шипа болсын. Ербаян әскери борышын өтеген бөлімнің барлық бастықтар мен бастықсымақтарды соттасын. Жазаларын алсын. Солардың балаларын көгөніс қалпына енгізсе, қалай болатынын өз бастарымен сезінсін.

  • @МаяыРысменде
    @МаяыРысменде Час назад

    Басшысынан бастап, сол сержантқа дейін жазасын алсын! Жүрегім ауырып отыр. Бір құлағаннан ондай травма алғанына ешкім сенбейді

  • @ЕрланЫдырыс
    @ЕрланЫдырыс 2 дня назад +5

    Өте дұрыс айтасыз. Біздің Қазақстан да полиция прокуротура мүлдем жұмыс істемеиді мен бір жыл болды бұлармен алысып кележатқаныма. Істі жапты қайтадан ашқыздым істі түк жүргүзбеген. 12 жастағы Балаға қысым көрсеткен тренері ұрған видиоға түсіп қалған ұрғаны . Артынан қалмай елдің көзінше жаман сөздермен боқтаған кішкентай баланы ондай жағдай үш рет болған. Көргендер бар . Балаларды қарсы қойған. Ақыры бала өзіне қол жұмсады. Алла ға шүкір аман қалды. Өлер алдындағы хатын және асылған жіптіде көзін құртқан полиция. Ал прокуротура бәріне қарамай істі жапты осындай басыздық жасайды полиция мен прокуратура. Сыбайластық бар сияқты осы істе. Ербаянның ісінде міне түк білмеитіндері дәлел органдағылардың.

    • @user-hk3sd3xh7j
      @user-hk3sd3xh7j День назад +2

      Қарға қарғаның көзін шұқымайды

  • @Бауржан-г6ж
    @Бауржан-г6ж 2 дня назад +4

    Дедовщина

    • @user-eq3yt3yd4d
      @user-eq3yt3yd4d 2 дня назад +2

      Дедовшина емес... контрактниктардың ісі.

    • @Бауржан-г6ж
      @Бауржан-г6ж День назад +1

      @@user-eq3yt3yd4d ну это и есть дедовщина

  • @kazakhstan3171
    @kazakhstan3171 5 часов назад

    Салтанатты да әжетханада раковинаға құлап өлді деп еді. Бұл не қылған әжетхана болды, кірген адам есінен танып шығатын?! Мұндай әжетхана Қазақстанда ғана ма? Ертегі ма дерсің

  • @Niko89-h3d
    @Niko89-h3d 19 часов назад +1

    Сокканғо катты

  • @ulansarmanov8919
    @ulansarmanov8919 21 час назад

    Оян бирик елим

  • @КенжебекАбдрахманов-ц7ш

    Сол сержантты тауып содан кек қайтару керек,

    • @user-gt5ot9xv6y
      @user-gt5ot9xv6y День назад

      Осы кылмысты жасырған офицерлердің бәрін соттау керек,баланы урган контрактниктн барып устап алып колын сындыру керек.