Отырар дастаны. Мұхтар Шаханов. Қазақша мультфильм 2017.

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 7 окт 2024
  • Қазақша мультфильм 2017. Отырар дастаны. Мұхтар Шаханов.
  • ВидеоклипыВидеоклипы

Комментарии • 171

  • @alinurgalymbayuly
    @alinurgalymbayuly 4 года назад +29

    Осындай Ертегілер шықсын жақсылар болсын мен сендерге ризамын маған лайк

  • @батыр.Хаби
    @батыр.Хаби 5 лет назад +16

    Алла разы болсын.Оте керемет.

  • @qpopersha6372
    @qpopersha6372 4 года назад +63

    Осындай мультфильмдер көп болса жақсы болар еді)

    • @ораз-х4л
      @ораз-х4л Год назад +3

      Шотам

    • @АлмаханҚапасқызы
      @АлмаханҚапасқызы Год назад

      Сәлем

    • @АлмаханҚапасқызы
      @АлмаханҚапасқызы Год назад

      Дұрыс айтасың

    • @SamA-xd6mt
      @SamA-xd6mt Год назад

      ​@@ораз-х4л 😢😅

    • @kuka3599
      @kuka3599 Год назад

      Мен отырарда тұрам руым найман біз сол шыңғысханың әскермен атабабамыз отырады парсылардан жаулап алған содан қалып қойған наймандармыз😅

  • @НагимаЖумагалиева-п3с

    тамаша.шыгарган адамга улкен рахмет.мен осыны кишкентай кезден жаттап алдым.рахмет.

  • @МедетРақымбаев-ь6ь
    @МедетРақымбаев-ь6ь 4 года назад +17

    Алла разы болсын түсірген жандарға,👍👍👍👍👍

  • @yourmadinnas
    @yourmadinnas 5 лет назад +40

    Keшiктiң деп кiнәлама, айбарлым,
    Ceнi ояту үшiн қанша ойландым.
    Еңiреген ер ең аузы дуалы,
    Бiзгe жеттi жүрегiңнiң шуағы.
    Түп-тамырын сенен алып жатқан ел
    Саған ұқсас батырларын туады.
    Күллi Азия көз тiгетiн таңдана
    Құм астынан көрiнбейдi паң қала.
    Сол қалаға арнаған бұл жырымды,
    Оң қабақпен қабылдай гөр, жан баба!

  • @МедетРақымбаев-ь6ь
    @МедетРақымбаев-ь6ь 4 года назад +13

    Ұлттық рухты көтеретін қайталанбас тамаша туынды,👍👍👍👍

  • @sakenbaytuganov5718
    @sakenbaytuganov5718 2 года назад +15

    Мұхтар Шаханов Аға мың жасаңыз Қазақ елі сізбен бірге

    • @kuka3599
      @kuka3599 Год назад +1

      Мен отырарда тұрам руым найман біз сол шыңғысханың әскермен атабабамыз отырады парсылардан жаулап алған содан қалып қойған наймандармыз😅

  • @tumaroe
    @tumaroe 2 года назад +23

    I
    - Даңқың қайда төске өрлеген?
    Екі жүз мың әскерменен
    Алты ай бойы кіп-кішкентай
    Отырарды ала алмау,
    Алты ай бойы
    Отырардың осал тұсын таба алмау
    Ойы - дауыл,
    Сезімі - аспан,
    Тек жеңіспен көзін ашқан
    Менің алғыр ұрпағымның сүйегіне зор таңба,
    Намысыма сызат түсті мына сенің арқаңда, -
    Деп Шыңғысхан Шағатайға оқты көзін қадады.
    - Осы өкініш мені де өртеп барады.
    Отырардың бақытына орнаған
    Болар, бәлкім,
    Алдырмай тұр зор қамал.
    Бірақ, әке, жүргенім жоқ аянып,
    Қанша үмітім желге ұшты.
    Қанша әскерім жер құшты.
    Дала жатыр қызыл қанға боялып,
    Егер бүкпей баяндасам шындықты
    Рухы - өр,
    Тәні - бекем
    Бұл бір қайсар халық екен,
    Тірліктен де артық қойған бірлікті.
    Жүрегінде ыза табы қалмағандай бір мысқал:
    - Шалалаусың, - деп жымиды Шыңғысхан.
    Сақталмауы мүмкін емес зердеңде,
    Сен тоғызға келгенде,
    Ұлу жылы, Үкітайдың тойында,
    Оқ өтпейтін алып батыр жайында,
    Ертек айтқам оңашалап өзіңе,
    Сол ертекті неге алмадың пайымға?
    - Кешір, әке, балалық па,
    Зерсіздік пе,
    Шалалық па,
    Тек нобайы ғана қапты ойымда.
    Ұмытпасам Массагет даласында,
    Аңдысқан қас пен достың арасында
    Атса садақ дарымайтын,
    Мыңмен жеке шайқасса арымайтын,
    Шапса қылыш кеспейтін,
    Жанарынан мейірімі өшпейтін,
    Өтіпті бір өжет батыр нар кісі, -
    деп баласы кібіртіктеп тоқтады,
    Есімде жоқ, әке, одан арғысы.
    - Есің кетсе, естіге кіріптарсың,
    Ең бастысын ұмытқансың, -
    Деп Шыңғысхан ызбарлана тіл қатты,
    Әр сөзінде атан түйе қайысардай зіл жатты. -
    Жә, ендеше, түсірейін есіңе.
    Жомарт, аңқау сайын дала төсінде,
    Сан мың әскер жеңбеген өр алыпты
    Бір-ақ адам табанына салыпты.
    Әлгі алыптың кеудесінде бармақтай
    Оқ өтетін осал жері болыпты.
    Даңқ кімнің күліп тұрса басыңда,
    Сатқындық та бұғып жүрмек қасында,
    Айлакер жан соны жазбай таныпты.
    Қай кезде де айла кескен нарықты.
    Жақын барып үңілместен жауыңа
    Шығам деме, ұлым, жеңіс тауына,
    Адам аз ба күшке сеніп адасқан?
    Жауың мықты.
    Бұған, сірә, таласпан.
    Әр мықтының осал жері болмай ма?
    Болса қайсы Оған бастар жол қайда?
    Ал бұл сұрақ бар кез сенің жүру керек басында,
    Менің күллі жеңісімнің құпиясы осында!
    Көңілінен күрт серпіліп наласы, -
    Ұқтым, әке, - деп жымиды баласы.
    Нөкеріне бұрылып:
    - Кәне, қылыш ұстатыңдар
    Қайсар батыр Қайырханның қолына!
    - Тоқта, Шыңғыс, - деп Қайырхан саңқ етті,
    Бұл баланың әкесі бір нар текті
    Адам еді елге сыйлы, зиялы,
    Адам еді адал, ұшқыр қиялы.
    Әкесі үшін перзентіне сеніп ем,
    Сатқын болып шықты мына тұяғы.
    Оны ойласам от жүрегім қан болар
    Сеніміме содан түскен таңба бар.
    Мақұл көрсең
    Әкесін бұл сатқынның
    Осы араға алдырғаның жөн болар.
    Келді ме әлде жауынан сыр тартқысы,
    Шыңғыс басын изеді оған үн-түнсіз.
    Біраздан соң
    Қаба сақал қарт кісі,
    Екеуіне қарсы қарап тұрды үнсіз.
    Қайыр айтты:
    - Жылан туса жыланнан,
    Құлан туса құланнан
    Таңданатын түк те жоқ,
    Бірақ жылан қалай туды қыраннан?
    Қария айтты:
    - Сыйлы басым қуарды,
    Жария етіп жалғанымды.
    Менің қыран болғанымды
    Заман бүгін өтірікке шығарды.
    Әділі сол, көнбе мейлің, көн мейлің,
    Әр адымы қиындаған,
    Адал өлім бұйырмаған
    Менен сорлы жан бар десең, сенбеймін.
    Ең негізгі кінә, әрине, өзімде.
    Бұл баланы жаңа туған кезінде
    Перзент үні тұсаған жан мұратын
    Афрасиабтың әр жағында тұратын
    Нағашысы бауырына басқан-ды.
    Қателігім осы арадан басталды.
    Кіндік кескен өлкесінің сорына
    Ержеткен соң қайта келді қолыма.
    Бөренені жарып шыққан сынадай
    Бабалардан бізге жеткен,
    Құлақтыны іздеп өткен,
    Өсиет бар мынадай:
    "Әр нәресте қашан есі кіргенше,
    Жер қадірін,
    Ер қадірін білгенше,
    Алғашқы әнтек қылығына
    Өзі ұялып күлгенше,
    Көтергенше балаң ойдың желкенін
    Қинаса да қиқар соқпақ, қиыс жол,
    Өзін туған қасиетті өлкенің
    Ауасымен дем алуға тиісті ол!"
    Мен осынау борышыма әкелік
    Немқұрайды қарадым да,
    Кінәлі боп ар алдында
    Жібердім зор орны толмас қателік.
    Міне, төрім бірігіп тұр көріме,
    Көрінетін бетім бар ма еліме?
    Мына сатқын перзентіме қосақтап
    Өлтіруге міндеттісің мені де!
    Азғандықтың соңы бізбен құрысын,
    Сабақ болсын ертеңгі атар күн үшін.
    Құм мәңгілік бүркей алмас асылды,
    Даңқың көктеп өтеді әлі ғасырды.
    Ал қимылда,
    Қалды уақыт тым қысқа.
    Қағу үшін сенін қайсар басынды
    Асығып тұр мынау залым Шыңғыс та!
    Қайыр айтты:
    - Иә, қоштасар келді күн
    Азбан Шыңғыс ел тарихын қорлады - ау.
    Ойлап тұрсаң, енді бәрі арман - ау.
    Отырардың жан қиярлық ерлігін
    Жыр ететін,
    Әттең, ақын қалмады - ау!
    Шыңғыс айтты:
    - Өкінгенмен болмайды,
    Ешкімге де берілмейді бас сауға.
    Бұйрық еттім түгел қырып тастауға
    Отырарда еркек кіндік қалмайды!
    Қария айтты:
    - Қателестің. қалады!
    Жұма бұрын
    Шеткі Елші қақпадан,
    Жүзін жалын қақтаған
    Мен құтқарып жібердім бір баланы.
    - Бәрекелде,
    Бұл еңбегің жарады!
    Бірақ одан ұрпақ тарап,
    Одан ақын туғанша.
    Ал ол ақын ата жолын қуғанша,
    Кеудесіне сидырғанша даланы,
    Айырғанша ақтан бөліп қараны,
    Талай өзен тасып өтер,
    Бәлкім, талай ғасыр өтер -
    деп, Қайырхан жасқа толып жанары
    Отырарға қимай, ұзақ қарады.
    III
    Оян, Қайыр бабатайым, қасиеттім, қымбаттым!
    Сан алапат тасырдан соң,
    Тасыр дауыл басылған соң,
    Жеті жарым ғасырдан соң
    Өзіңді іздеп тіл қаттым.
    Аман қапты батыр арман,
    Отқа оранған Отырардан
    Қашып шыққан сол баяғы баладан
    Бұл күндері санатты ұрпақ тараған.
    Дәуірінің қанатында самғаған
    Сол ұрпақтан шыққан ақын мен болам.
    Кешіктің деп кінәлама, айбарлым,
    Сені ояту үшін қанша ойландым.
    Еңіреген ер ең аузы дуалы,
    Бізге жетті жүрегіңнің шуағы.
    Түп-тамырын сенен алып жатқан ел
    Саған ұқсас батырларын туады.
    Күллі Азия көз тігетін таңдана
    Құм астынан көрінбейді паң қала.
    Сол қалаға арнаған бұл жырымды,
    Оң қабақпен қабылдай көр, жан баба!

  • @ilovedrinkingtea7035
    @ilovedrinkingtea7035 5 лет назад +31

    Жаттагандардар лайк

  • @dilbartanatarova4222
    @dilbartanatarova4222 3 года назад +21

    Керемет. Түсірген жандарға рақмет.

  • @sparkdawn19
    @sparkdawn19 Год назад +6

    Казак бир туугандарым , бар болгула , аман болгула , жараткан алла элиниздерге тынычтык берсин .

  • @ГалияШерубаева
    @ГалияШерубаева 2 года назад +9

    Міне біздің қазақтар жараисыңдар ұнады❤🧡💛❤🧡💛❤🧡💛❤🧡💛

  • @АйдынАйбын-х2е
    @АйдынАйбын-х2е 5 лет назад +14

    Керемет !

  • @vgvvvbbcrrairnot4733
    @vgvvvbbcrrairnot4733 5 лет назад +17

    Аянышты мультфильм екен. Керемет.

    • @nurjasjeleubaev858
      @nurjasjeleubaev858 5 лет назад +1

      vgvvvbbcrrНазым air not Умиралиева тамаша

    • @kuka3599
      @kuka3599 Год назад

      Мен отырарда тұрам руым найман біз сол шыңғысханың әскермен атабабамыз отырады парсылардан жаулап алған содан қалып қойған наймандармыз😅

  • @theaselyakz6526
    @theaselyakz6526 5 лет назад +11

    Тамаша

  • @СакенКожбанов-ь7ч
    @СакенКожбанов-ь7ч 5 лет назад +20

    Мұхтар ағамның шедевры

  • @ЕрболсынБекет-г6ъ
    @ЕрболсынБекет-г6ъ Год назад +5

    Маған бұл өте ұнады
    Жүрегім ауырып кетті 😢

  • @ҚуандықЫсқақ
    @ҚуандықЫсқақ 2 года назад +6

    Осындай ақындар күшті ақылды екен

  • @ДулатАбылайхан
    @ДулатАбылайхан 4 года назад +12

    Осы Отырар дастанын оқысам көзіме жас келеді

    • @kuka3599
      @kuka3599 Год назад

      Мен отырарда тұрам руым найман біз сол шыңғысханың әскермен атабабамыз отырады парсылардан жаулап алған содан қалып қойған наймандармыз😅

  • @РаушанШергазиев
    @РаушанШергазиев 2 года назад +3

    Тамаша керемет коп болсын осындай мултиктер.....

  • @БауыржанЕлеусинов-ч4е

    Керемет Мұхтар Шаханов ақын ағамыз бір туған адамғои

  • @СаналыҰрпақ-г5ж
    @СаналыҰрпақ-г5ж Год назад +2

    Еріксіз жас келеді, өте әсерлі, өте керемет жеткізген Мұхтар аға!

  • @АфоняБорщьев
    @АфоняБорщьев 5 лет назад +13

    Қандай Өсиет Бабаларымыз Қалдырған !!!!!
    Балдырған Нағыз Өз
    Ұлтының Патриот Азаматы Болуы Үшін , Оңын Солын Танығанша ,
    Өз Ана
    Тілінде ,
    Өз Ділінде ,
    Өз Ұлтының Дəстүрінде Тəрбиеленуі Керек !!!!!
    Отырардан 5-10 есе Үлкен ,
    200-мыңнан Əскерлері бар Бұқара , Хорезмді т.б. Қалаларды 2-3 Айға жеткізбей Алып.келген Шыңғыс Ханның Əр Баласында,
    200 мың Əскер Болды Емес пе ?
    20-мың Ғана Əскері Бар Отырарды , 6-Айдан Кейін Мыңбасы
    Қарашоқы, Сарбаздарымен
    сатылып , Қақпаны Ашып берген жоқ па !!!???
    Шыңғыс Хан
    Өз Халқын Сатқан Қарашоқыны барлық Сарбаздарымен Басын Алдырды !!!!!

  • @АягозМакулбекова-з8щ

    Керемет мультик. Рахмет. Коп нарсе білдім. І/н Әлинұр

  • @daurenalpysbaev1799
    @daurenalpysbaev1799 Год назад +5

    Неткен сөздер Мұхтар ағамыз аман болсын, өзіңіз сияқты ақын қашан қай ғасырда туады екен енді

    • @kuka3599
      @kuka3599 Год назад +1

      Мен отырарда тұрам руым найман біз сол шыңғысханың әскермен атабабамыз отырады парсылардан жаулап алған содан қалып қойған наймандармыз😅

  • @АружанАжибаева-щ1г
    @АружанАжибаева-щ1г 6 лет назад +11

    👍👍👍

    • @nurikrisbekov6062
      @nurikrisbekov6062 5 лет назад +1

      Зың шығарыпты өлең секілді шығарыпты

  • @ГулзадаЖумабаева-з3э
    @ГулзадаЖумабаева-з3э 4 года назад +9

    Күшті 👍👍👍👍

  • @БакенбаеваНазигуль

    Мухтар Шахановтын шыгармалары керемет👍🇰🇿

  • @БаянЖабаева-п9е
    @БаянЖабаева-п9е 3 года назад +4

    Күшті егер Қарашоқы қақпаны ашпағанда ОТЫРАР Шыңғыс ханның қолына өтпес еді

    • @bobsap7224
      @bobsap7224 3 года назад

      Калай болсада отырардың амын шығаратын еді

    • @krkfkeksf
      @krkfkeksf Год назад

      @1 Goku_black ауырмаш сен

  • @mobilplus9826
    @mobilplus9826 4 года назад +6

    Жаксы

  • @baurzhantulepbayev4625
    @baurzhantulepbayev4625 Год назад +1

    Мұхтар Аға мың жасаңыз! Ата баба әруағы қолдап жүрсін елімді!

  • @Maya_1987
    @Maya_1987 3 года назад +3

    Қазіргі қазақ әдебиетінен осы Отырар дастанын кездестіре алмадым. Бұл біздің тарихымыз. Атадан балаға мирас болып қалу керек.

  • @ufc4304
    @ufc4304 4 года назад +5

    💪💪💪💪

  • @УлпанымШынгысовна
    @УлпанымШынгысовна 5 лет назад +7

    Маған ұнады
    👍👍

  • @tumaroe
    @tumaroe 2 года назад +6

    II
    Алты ай бойы ерлік салтқа төрін берген Отырар,
    Алты ай бойғы алапатта жеңілмеген Отырар
    Алты-ақ күнде жермен-жексен қирады.
    Ақыл-ойын жалындатқан,
    Өнер, ғылым шамын жаққан
    Ұлы қала Азияның маңдайына сыймады.
    Безбүйрек жау сәбилерді,
    Шал-шауқанды,
    Кемпірді,
    Тіпті жүкті әйелдің де ішін жарып өлтірді.
    Құзғын, қарға ғана тынбай шарлап мұңлы аспанды,
    Отырардың аянышты зарлы өмірі басталды.
    Айдай әлем мойындаған даңқы бар,
    Жүз елу мың халқы бар,
    Нән қаланың асқақ әні осыменен шектелді...
    Үш күннен соң екі адамды
    Шыңғысханға ап келді.
    Оның бірі - аты аңызға айналған,
    Алты ай бойы Отырарды
    Құтқарам деп арпалысқан қайраннан,
    Жүрек шамы ізгіліксіз жанбайтын,
    Аман өткен сан алапат майданнан,
    Қанаттыны талаптыға жалғайтын,
    Фараби мен Иассауидің жырларын
    Таңнан таңға жатқа айтудан талмайтын,
    Әрі өзгеше ел басқару мәнері
    Отырардың Қайыр атты ханы еді.
    Екіншісі - қара мұрты қара түн,
    Қара түнде қаққан қара қанатын,
    Шағатайға Отырардың қақпасын
    Ашып берген Қарашоқы болатын.
    Қайран тірлік, бақ пенен сор қырқысқан,
    Түлкі сайтан,
    Қыран өрге тырмысқан.
    Екеуіне алма-кезек көз тастап,
    Ұзақ, үнсіз,ойға шомды Шыңғысхан.
    Иә, Қайырхан, - деді сосын жай ғана -
    Рух ердің өзегі ғой қайда да.
    Ең әрісі
    Жеңілістің өзін де,
    Шешкің келіп тұр өзіңнің пайдаңа.
    Жігіттерім рухыңа қармақты
    Салмақ болып,
    Тәніңді әбден қорлапты.
    Батырлықтан бағың бірақ жанған, ә,
    Маған қарап күліп тұрсың сонда да.
    Олар сенің жеңгенімен тәніңді,
    Амал нешік,
    Жеңе алмапты жаныңды.
    Мысқыл күлкің салды маған қаншама ой,
    Шіркін, сендей бес қолбасшым болса ғой,
    Қалың қолым ұқсап дүлей тасқынға
    Бөлеп дарқан күйге мені
    Бүкіл әлем билер еді,
    Аяғымның астында.
    Ха - ха - ха - ха - ха, ал мына бір сатқынды
    Құдай саған қайдан ғана тап қылды.
    Қайғылы әрі күлкілі.
    Қайран аңқау дара тұлға
    Аңғармапсың қанатыңа
    Жасырынған түлкіні.
    Ерлігіңе осы болсын сыйлығым,
    Сатан қидым бұл сатқынның билігін.
    Тұр еді еркін езу жимай күлімдеп,
    Мына әңгіме лезде құтын қашырды.
    Қарашоқы есі шығып, дірілдеп
    Шыңғысханның аяғына бас ұрды:
    - Ұлы ханым,
    Әділдік пе мұныңыз?
    Өле өлгенше боп өтейін құлыңыз, Отырарды
    Мен қол ұшын бермесем,
    Оңай жаулап алар ма еді ұлыңыз?
    - Оған дау жоқ, - деді Шыңғыс түнеріп, -
    Сенен асқан бар ма бірақ тірі өлік.
    Қастерлінің бәрін жыққан табанға
    Азған сен бе
    Әлде мына заман ба?
    Тым құрыса
    Қасиетті бір сезім
    Қалу керек емес пе әрбір адамда?
    Рас,
    Менің нөкерлерім безбүйрек
    Зұлымдықты ерлік деп те таниды.
    Олар тіпті өкшесімен езгілеп,
    Кете алады жазығы жоқ сәбиді.
    Одан да ірі хайуандыққа жете алады төзімі,
    Бәрін өзім үйреткенмін о баста.
    Қаталдық пен аяушылық сезімі,
    Жауынгердің жүрегінде түспеу керек таласқа.
    Түспеу ләзім қос сезімнің дауына
    Мен осыған қатты көңіл бөлемін.
    Қаншама иттік етсе де олар жауына
    Туған жерін сатпасына сенемін.
    Дәмелендің
    Шығарар деп төріне.
    Жетті көзің, ол үмітің құр елес.
    Опасыздық жасадың ба еліңе,
    Ертең саған мені сату түк емес.
    Шарам нешік,
    Тұрмын сені тіпті аяп.
    Сорлы Отансыз,
    Қарайыпсың қаныңа.
    Қашан мені сатарыңды күтпей-ақ
    Алдынды орап кеткеніме налыма.
    Жақсылығым қайтпады деп арыма.
    Сатқындыққа сатқындықпен тіл қату
    Ұқсамай ма табиғаттың заңына.
    Құлақ түрер кім қалды енді зарыңа?
    О дүние сапарына,
    Сатқыным,
    Сеніп аттан әділдіктің барына! -

  • @qpopersha6372
    @qpopersha6372 4 года назад +38

    Менің ойымша Шыңғыс хан біздің болашағымызды ұрлады.🥺 Қазақпын десе болашаққа ол кітаптарды қалдырмады? 🥺 Осы сұраққа кім дауап бере алады? Қайыр хан болашағын ойлады, Ал Шыңғыс хан дұрыс жасамады.

    • @ggliento3189
      @ggliento3189 4 года назад +7

      казыр сол китаптар болса казактардын нагыз тарихын айтушеди

    • @ЫргызбайСултанов-ь6в
      @ЫргызбайСултанов-ь6в Год назад +1

      сен ол кезде болмаитн един

    • @damirparynbek7881
      @damirparynbek7881 Год назад +9

      Тарихта Отырар өте үлкен, бай мәдени орда болған деседі, егер де өзіміздің арамыздан сатқын шықпағанда, Шыңғыс хан Отырарды мүлдем ала алмаста еді.

    • @УлболғанКеримбаева
      @УлболғанКеримбаева Год назад +1

      келісем

    • @sab4499
      @sab4499 Год назад +2

      Шыңғыс хан өзінің жауының болашағын неге ойлауы керек?

  • @hadithforchildren7798
    @hadithforchildren7798 4 года назад +4

    😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭

  • @АЛИХАНАЛИБЕК-ю3б
    @АЛИХАНАЛИБЕК-ю3б 4 года назад +11

    Егер қарақұмалақ сатқын қақпаны ашып бермеген де не болар еді

    • @kuka3599
      @kuka3599 Год назад

      Мен отырарда тұрам руым найман біз сол шыңғысханың әскермен атабабамыз отырады парсылардан жаулап алған содан қалып қойған наймандармыз😅

  • @ayaumahan9170
    @ayaumahan9170 3 года назад +4

    Осыдан кейін еліме деген патриоттық сезімім ашылып кетті.Егер Қараша сияқты батырлар,сатқындар елімізде аз болса тіпті болмаса ертеңгі күні Қазақстан мемлекеті үлкен белестерден көрінетін еді

  • @SAYAT-eg1jd
    @SAYAT-eg1jd 2 года назад +4

    Очень круто

  • @СветаУразбаева-з9э

    Керемет

  • @KOl-xj4jt
    @KOl-xj4jt 5 лет назад +6

    Айлалы батыр алдырмас!

  • @КуанышКуаныш-э1ш
    @КуанышКуаныш-э1ш 3 года назад +5

    онбаган кара шокы

  • @Құлшығаш
    @Құлшығаш Год назад +1

    Мұхтар Шаханов демек жеті, сегіз ғасырда бір туылатын ұлы тұлға.

  • @МейирбекЖумабаев-м5ш
    @МейирбекЖумабаев-м5ш 8 месяцев назад +1

    Шахановка коше берип ескерткиш коиылсын

  • @AXeAxe-ue9sm
    @AXeAxe-ue9sm Год назад +2

    Абайга, Жамбылга карсы шыккан Мухтар Шаханов керемет адам болганыгой😂😂😂

  • @vladimirsibanov3407
    @vladimirsibanov3407 Год назад +4

    Как в Казахстане чтят память Каир-Хана? По мне, он- великий Воин!

    • @chetbaker4347
      @chetbaker4347 Год назад

      Чертила этот Каир хан

  • @МақсатДүңгенбай
    @МақсатДүңгенбай 6 лет назад +9

    МұқтарАтамыз ұзақ жасасын

    • @БулбулКожакеева
      @БулбулКожакеева 5 лет назад +1

      Қандай аянышты😢😢😢

    • @АлиханЕдиге-у2о
      @АлиханЕдиге-у2о 4 года назад +1

      Мұхтар ағаң советтің идеологиясымен жазған дастанының түк құны жоқ.Иісі аңқып тұрған коммунизм.

    • @almaz9697
      @almaz9697 4 года назад +2

      @@АлиханЕдиге-у2о сен қалай жазар едің?)

    • @almaz9697
      @almaz9697 4 года назад +1

      @@АлиханЕдиге-у2о кітаптардан сіздің есіміңізді көрмедік қой, мүмкін танылмай жүрген бір данышпан шығарсыз.)

    • @АлиханЕдиге-у2о
      @АлиханЕдиге-у2о 4 года назад

      @@almaz9697 Ешқандай данышпан емеспін.Мен тек шынайы тарихты оқимын.Орыс пен қытай жазған тарихты мойындамаймын.

  • @ЛаураКуандыкова-х4э
    @ЛаураКуандыкова-х4э 2 года назад +2

    Керемет 👍🏻👍🏻

  • @mountain_18000
    @mountain_18000 3 месяца назад +1

    Шыңғыс хан қазақ болған ал Отырар сол кезде парсы империясына қараған бекініс халайық. Орыс бұрмалаған тарихымызды. Орысқұл шаханов қайдан білсін оны

  • @АйнураАйсакова-г8к

    Керемет экен

  • @ШолпанДостарбекова-ь4з

    Балам түгел жаттап алды рақмет

  • @ЕсенМаулембаев-ч1х

    Жүректен өтерліктей

  • @omishomisj7857
    @omishomisj7857 5 лет назад +7

    Авторы Мұхтар шаханов

  • @ТоғжанАшетаева
    @ТоғжанАшетаева 3 года назад +3

    Ия осындай мультиктерді салынышы

  • @hadithforchildren7798
    @hadithforchildren7798 4 года назад +3

    Мен қазақтарды аяймын

  • @Айжан-ч3п
    @Айжан-ч3п 8 месяцев назад

    Кайыр ханнын батылдыгы керемет

  • @almaz9697
    @almaz9697 4 года назад +8

    Каңлы мен Қыпшақтар қорғаған қала

    • @АлиханЕдиге-у2о
      @АлиханЕдиге-у2о 4 года назад

      Хорезм Шахтың,сарттың бағыныштылары, қаланы қоршаған және қайтарған арғын,қоңырат,найман,жалайыр,меркіт,керей. Хорезмшахтың күлін көкке шашыратқан батыр бабалар ерлігіне тағзым!!!

    • @АлиханЕдиге-у2о
      @АлиханЕдиге-у2о 4 года назад

      @@almaz9697 Отырар Алтын Орда , Қазақ хандығының гүлденген қаласы болған.Оны қиратқан жоңғарлар 18 ғасырда.Қиратуды жоңғарлар бастап 19-ғасырда орыстар аяқтады.Тарихты дұрыстап оқу керек.Қайыр хан Хорезмшахтың табанын жалағандардың біреуі.Мұхтар ағаң тарихшы емес,хандарды жамандаған коммунизм идеологиясының құлы.

    • @АлиханЕдиге-у2о
      @АлиханЕдиге-у2о 4 года назад

      @@almaz9697 бұл жерде мен емес сен қателестің білімсіздігіңменен

    • @АлиханЕдиге-у2о
      @АлиханЕдиге-у2о 4 года назад

      @@almaz9697 1405 жылы Отырар қаласында Әмір Темір қайтыс болған.Есептей қанша жыл өтті.Қала орнында

    • @АлиханЕдиге-у2о
      @АлиханЕдиге-у2о 4 года назад

      @@almaz9697 Отырарды алған біздің қазақтың тайпалары Хорезмнен.Хорезм тәжіктердің,сарттардың мемлекеті.

  • @ЕсетНиязбаев
    @ЕсетНиязбаев 3 года назад +2

    Толық нұсқамен шығарса жақсы болар еді (дастан желісі бойынша)

  • @unknownuser-sf7yr
    @unknownuser-sf7yr 2 года назад +1

    15:37

  • @ЕрланСыздыков-и3з
    @ЕрланСыздыков-и3з 2 года назад +3

    Казакты кырган Шынгысханды калай казак дейды мыйсыздар.Казакты монгол кылу керекпа ендыгы арекет.

    • @moonjuice5
      @moonjuice5 Год назад +1

      Шыңғысханды ешкім қазақ деген жоқ. Шыңғысхан-Моңғол!Шын аты Тимучин. Тек кейбір деректерде Шыңғысханның қанында қазақтың қаны бар деседі. Мүмкін оның анасы немесе әжесі, не арғы әжесі қазақ шығар. Көптеген моңғолдар қазақ әйелдерін құл қылып әкетіп әйел қылып алғандар болды ғой (Бұл жайт Шыңғысхан туылмас бұрын да орын алған)

    • @anvarsadiev3722
      @anvarsadiev3722 Год назад

      Шыңғысхан Буржігін руыдан төре жузге жатпайды Муңғул Ақсүйек

  • @erasylsclips6513
    @erasylsclips6513 2 года назад +1

    Екі жүзмың әскер менен!

    • @erasylsclips6513
      @erasylsclips6513 2 года назад

      Алты ай бойы кіп кішкентай Отырарды алалмау!

    • @erasylsclips6513
      @erasylsclips6513 2 года назад

      Алты ай Отырардың бостай түсін таба алмау!

    • @erasylsclips6513
      @erasylsclips6513 2 года назад

      Намысымыз мына түсті сенің арқаңда!

  • @ЭргешовАлишер
    @ЭргешовАлишер 2 месяца назад

    Шыңғысхан хорезмдерден отрардан азатеткен

  • @ДауренКемалов
    @ДауренКемалов Год назад +1

    Біздің аталарымызды орыстар халық жауы деп ату жазасына кесіп отырды, ал орыстар қай ауылда кімнің мықты кімнің білімді екенін қалай білді сатқындар болмаса

  • @ЖадыраТұрсын-к4р
    @ЖадыраТұрсын-к4р 9 месяцев назад

    Негізе Шыңғысхан ойлады теңіз ден киін жер жоқ деп жарды жерді жаулап теңізге жеткен де ары қарай жер жоқ мен бар әлемді жаулап алдым деп егер білсе бірнәрсе тауып ары қарай сол жерлердегі құрлықа барар еді 😢

  • @АйнурТуракбаева-б2ю
    @АйнурТуракбаева-б2ю 8 месяцев назад

    ❤❤❤❤😢

  • @МайраАуесбаева
    @МайраАуесбаева 9 месяцев назад

    Сәлеметсіз бе! Осы видеоның авторы сізсіз ба?

  • @Kalibek_Eldana
    @Kalibek_Eldana 3 года назад +2

    Біз осыны қояиын деп жатрқ

  • @ХАНШахов-п5ц
    @ХАНШахов-п5ц 2 года назад +3

    сорлы Казагымай тарихынды шынгысхан ортеп одан калганын орыс жок кылдау кейбар аушдар алы шынгысхан ды Казак деп жур сол жындыларга айтарым монголляга барып кор билесин ким екенын монголдын улттык кеймын кор тилин кор сол кезде манголмен Казак екы баска улт екенын билесын

  • @Alikhan_kz-n4e
    @Alikhan_kz-n4e 4 месяца назад

    Жоқ негізі шыңғыс хан қазақ

  • @ХАНШахов-п5ц
    @ХАНШахов-п5ц 2 года назад +1

    отырардан кашырып шыгарган баланын урпагы Мухтар Шаханов екенгой. Арыстаннын тахтан кашып тулкынын тахка отыратын замнына да келып жетиппизгой

  • @eraslmaratov5245
    @eraslmaratov5245 5 лет назад +6

    Неге коп

  • @xckl_91
    @xckl_91 Год назад

    Жанқожа батырдың да осындай бір осал болған деседі

  • @РасулТайшыбай-т3щ
    @РасулТайшыбай-т3щ 21 день назад

    5-ші сыныпта жатқа оқушы едім

  • @alisher6152
    @alisher6152 Год назад +1

    Сатқындар сол кезде де болған, меня проста жалко наши Великий Хорезм, Сатқындар дан жеңіл ген Хорезм.

  • @sayatkuralov8964
    @sayatkuralov8964 Год назад

    Музыкасын қайдан алсақ болады

  • @ЕлубайСапаров-в1ц
    @ЕлубайСапаров-в1ц 2 месяца назад

    6. 6

  • @ДидарАбдуалиев-т8к
    @ДидарАбдуалиев-т8к 11 месяцев назад

    😢😢😢😢

  • @aidynff3647
    @aidynff3647 9 месяцев назад

    Соңы немен бітті түсіндіріп жіберіндерші

  • @dauirzhanospan8587
    @dauirzhanospan8587 Год назад

    Қара шоқының тірлігі болмапты бірақ

  • @DauletKudaibergenov-l8v
    @DauletKudaibergenov-l8v 3 дня назад

    АЙҒАҚ

  • @AinurKalizhan
    @AinurKalizhan 6 месяцев назад

    💔💔💔💔💔😭😭😭👍👍👍👍💐💐💐💐

  • @ДидарАбдуалиев-т8к
    @ДидарАбдуалиев-т8к 11 месяцев назад

    Осы мультиктың толық нұсқасы барма?

    • @BalymAbylkasym-rk6vl
      @BalymAbylkasym-rk6vl 8 месяцев назад

      Жок мен оны деп қойдым😮😅😊😂😮😮😂

  • @Eset9292
    @Eset9292 Год назад

    Неге кесіп тастағансыңдар😢

  • @inzhu7033
    @inzhu7033 Год назад +1

    Ф

  • @тотсамыйкароль
    @тотсамыйкароль 2 года назад +1

    Отырардан қашып шықан ақын кім

  • @alexanderkostyrkin5929
    @alexanderkostyrkin5929 5 лет назад +5

    Толық емес нау

  • @ЖанатҚыпшақбаева-ш8щ
    @ЖанатҚыпшақбаева-ш8щ 9 месяцев назад

    🤧🤧🤧

  • @СымбатСымбат-л1щ
    @СымбатСымбат-л1щ 10 месяцев назад

    Мен түсінбей тұрмын Шыңғыс хан не үшін Отырарға шабуыл жасады?

    • @Deylin777
      @Deylin777 8 месяцев назад

      Байоыққа ие болу. Сосын 1218 де 450 моңғолды өлтіреді содан. 200 мың әскермен басып кіреді. Отрар 50 мың әскермен қорғанды 6 ай бойы

    • @Azamat-u8d4n
      @Azamat-u8d4n 6 месяцев назад

      Себеби Ол жонгар кайыр хан казак

  • @ShingisDastanov-u6y
    @ShingisDastanov-u6y 8 месяцев назад

    Шыңғысхан біздің бабамыз қайыр хан емес.🫵🤨

  • @АзаматНурекешев-я3м

    Неге толық емес 😡

  • @УлбосынРысбаева
    @УлбосынРысбаева Год назад +1

    Керемет

  • @Канат-х6л
    @Канат-х6л 8 месяцев назад

    Керемет

  • @sansho8313
    @sansho8313 7 месяцев назад

    Керемет