Интернет психологиясы. Патрисия Уоллейс. Аудиокітап.

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 8 сен 2024
  • Патрисия Уоллейстің «Интернет психологиясы» киберкеңістіктің психологиялық қырлары, интернеттің адам мінез-құлқына əсері туралы күрделі мəселелерді қарастырады. Екінші басылым классикалық жəне заманауи зерттеулерге сүйене отырып, интернет технологиясындағы жаңа үрдістерді - онлайн-танысу, онлайнагрессия, топтық динамика, бала тəрбиесі, проəлеуметтік мінезқұлық, онлайн ойындар, құпиялық жəне бақылау, желіге тəуелділік пен желіні қалыптастырудың стратегияларын зерттейді. Əдетте, адам өзіндік менін сырт көзге жақсы əсер қалыптастыру арқылы көрсетеді. Бірақ бұл оның шынайы бейнесі ме? Онлайнда ашық-жарқын адам оффлайнда да сол қалпын сақтай ма? Осындай қызықты мəселелерді белгілі əлеуметтік психологтардың дəстүрлі зерттеулерімен салыстыра таразылайды. Онлайнда өзгенің басындағы жағдайды, жан-дүниесіндегі арпалыстарды, жалғыздықты, көпшіл-бауырмал болуды түсіну мəселесіне де автор терең көз жүгіртеді. Онлайн-орта қалыптастыратын топтарға конформдылық, топ пікірін қабылдауға бейімділік те адам жаратылысының бір қыры екені жан-жақты мысалдармен дəлелденген. Оқулық жоғары оқу орнының студенттеріне де, жалпы психология мен интернет психологиясына қызығушылығы бар кез келген оқырманға да таптырмас көмекші құрал бола алады. ...Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол - əлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси жəне экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады. Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша əлемдегі ең жақсы 100 оқулықты əртүрлі тілден қазақ тіліне аударып, жастарға дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз. Жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бəсекелестікке қабілет сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қоғамда орнықтыратын басты күшке айналады. Осылайша болашақтың негізі білім ордаларының аудиторияларында қаланады...

Комментарии • 2

  • @talpynys_kz
    @talpynys_kz 10 месяцев назад

    Керемет рахмет, көптеп аудио кітаптар шығара беріңіздер 😊

  • @MisterSamat
    @MisterSamat 7 месяцев назад

    Неге асығыс оқисыңдар?