“Күміс университет” жобасы

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 18 окт 2024
  • 📣Қала зейнеткерлерін “Күміс университет” жобасы аясында Семей медицина университетіндегі курстарға қатысуға шақырамыз
    🎯“Күміс университет” жобасының басты мақсаты - егде жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік белсенділігін арттыру, физикалық және психикалық денсаулығын нығайту.
    Бүгінгі таңда университетте аталған жоба аясында қатысушылар үшін бірнеше бағыттар бойынша курстар қарастырылған:
    🔹“Денсаулық және қауіпсіздік” бағыты аясында университет оқытушылары егде азаматтарға салауатты өмір сүру салтын, дұрыс тамақтану және емдік дене шынықтыру негіздерін үйретеді. Сонымен қатар, созылмалы аурулары бар тұлғаларға медициналық қызметтер ұсынылады.
    🔸“Сандық сауаттылық” курсы барысында тыңдаушылар компьютер және смартфондармен жұмыс істеу, интернет желісіндегі қауіпсіздікті сақтауды үйренеді .
    🔹“Психологиялық денсаулық негіздері” бағыты бойынша университет психологтары балалармен, немерелермен тиімді қарым-қатынас құруды, жеке тұлға ретінде даму негіздерінен сабақ береді.
    🔸“Лингво” курсында тілдерді үйреніп, әлем мәдениетімен танысады.
    🆓Барлық курстар қатысушылар үшін тегін.
    Толығырақ ақпарат алу үшін бағдарлама үйлестірушісіне хабарласуға болады.
    Байланыс ақпараты:
    👩🏻‍💼үйлестіруші: Жайырбаева Жаңанұр Қамбаровна
    📱WhatsApp: 8-747-780-01-86

Комментарии •