Ел көшкенде

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 13 сен 2024
  • Мәдина&Ұшқын

Комментарии • 48

  • @qazaq091
    @qazaq091 4 года назад +34

    Әннің тарихы 😊🙌
    Моңғолия қазақтарының бойтұмарына айналған «Ел көшкенде» әнінің тарихы сонау 1991 жылғы Қазақ елінің тәуелсіздігі мен дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашыраған қазақтардың Атажұртына көшуімен тамырласып жатыр…
    1991 жылы КСРО-ның керегесі сөгіле бастағанда Кеңестер Одағына кірген 15 республиканың көбі өз тәуелсіздіктерін жариялап жіберді. Көптеген республикалар өз тәуелсіздіктерін жариялап жатқанда «Қазақ елі тәуелсіздігін қашан жариялар екен» деп, төрткүл дүниеге тарыдай шашылып кеткен қазақтар да ел жаққа елеңдеп, құлақтары түрулі болды. Сөйтіп 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақ елі де өз тәуелсіздігін жария етті. Бұл күн бейбіт күннің келерін зарыға күткен күллі қазақтың - бөрігін аспанға атып, ақ түйенің қарынын жарған тарихи күн болды. Қазақ елі тәуелсіздігін алған 1991 жылы Қазақстан Респуликасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Атамекенге көшіп келгісі келетін алыстағы барша ағайындарға жол ашық» деген тарихи үндеуін жолдады. Қиырдағы қазақтардың қастерлі жұрты, тәуелсіз Отаны - Қазақстанға деген ең алғашқы көшінің «алтын дәуірі» сол үндеуден кейін басталды. Ел тәуелсіздігін жариялап, елбасы үндеуін жолдағанда жан-жаққа тарыдай шашылған қазақтар атажұртын аңсап, туған жерін тастап, ұрпақтарының болашақ тағдыры үшін алды артына қарамай қопарыла көш бастап кетті.
    Сол жылдары Қазақ еліне ең бірінші болып үдере көшкен ұлы көштің бастаушысы - Моңғолиядағы қазақтар еді. Моңғолиядағы қазақтар ендігі өмірін тарихи Отанымен түбегейлі ұштастырып, қасиетті атамекенге дүбірлей көш бастағанымен кіндік қаны тамған жерді, өскен өлкені қиып кету, әркімге оңай тимеді. Моңғолиядағы қазақтар Атажұртқа көше бастағанда, туған жер мен сонда қалға ағайындарына деген қимастық сезіммен «Ел көшкенде» деген ән туды.
    «Ешкім кесіп кетпейді ат кекілін-ай,
    Ата-жұртым шақырды, ашты есігін-ай.
    Көшкен елде қарыздар, қалғаныда-ай,
    Сен аман бол туған жер - ақ бесігім-ай!», - деп туған жерімен қимай қоштасқан ағайынның бұл әні өздерімен бірге Атажұртқа, кейін әр шеттегі ағайындардың барлығының құлағына жетті.
    Қазақтың Орта жүзінің ішіндегі Абақ Керейлердің, оның ішінде Керей, Уақ, Наймандардың жартысы Алтайдың күнгей бетіне ауғалы Баян-Өлгейді тұрақтап, сонда салтын-дәстүрін, тілі мен ділін сақтап, қаймағын бұзбай ата-баба жолын жалғап келген.
    «Керей, Уақ, Найманым.
    Бұзылмаған қаймағың,
    Кімге тастап барасың,
    Баян-Өлгей ой аймағын?!», - дейтін жолдары Моңғолия қазақтарының тәуелсіз Отаны Қазақ еліне көшіп бара жатса да, құт мекені болған, кіндік қаны тамған Бай-Өлкеге деген қимастығының бір бейнесі еді.
    «Дөңгеленген келбетің,
    Ұраңқай мен Дөрбетім.
    Ел көшкенде - жер жетім,
    Мен көшкенде-ай - сен жетім», - деп ел қопарыла көшкенде артында қалған Ұраңқай мен Дөрбет бауырластарына айтқаны.
    Бұл әннің сөзін марқұм Мұрат Пұшатайұлы жазса, әнін марқұм Бержан Файзоллаұлы жазды. Ал, әнді ең алғаш халыққа жеткізген орындаушысы марқұм Шерікбай Ұнатұлы еді. Кейінірек әнді Қазақ елінде Қарағандыдағы «Тәттімбет» атындағы академиялық ұлт аспаптары оркестірінің сүйемелдеуімен орындап көпке танытып жүрген Меруеш Башайқызы болды.
    Гүлмайра Әкімқызы
    Меруеш Башайқызы
    Өзгеріс Шерікбайұлы
    Бүгінде «Ел көшкенде» әнін әртүрлі мәтінде немесе жарты жолдарын алып тастап орындап жүргендер бар. Әннің негізгі шығу тарихына бас қатырмайтын, мәтіннің мәні мен мағынасын ескеріп жатпайтын әншілеріміз әнді тек өз ыңғайларына қаратып, сөзін өзгертіп алып жатады. Түпнұсқасынан өзгертіп, әркім әртүрлі орындап жүрген «Ел көшкенде» әнінің толық мәтінін назарларыңызға ұсынайық:
    Үшойғырдың басынан ел көшкенде-ай,
    Қара бұлты Қобданың желдеткені-ай.
    Бейбіт күнде бөлініп ағайыннан-ай,
    Ойды күдік, бойды мұң меңдеткені-ай.
    Қайырмасы:
    Керей, Уақ, Найманым.
    Бұзылмаған қаймағың,
    Кімге тастап барасың,
    Баян-Өлгей ой аймағын?!
    Ешкім кесіп кетпейді ат кекілін-ай,
    Ата-жұртым шақырды, ашты есігін-ай.
    Көшкен елде қарыздар, қалғаныда-ай,
    Сен аман бол туған жер - ақ бесігім-ай!
    Қайырмасы: Найман, Керей, Уағым,
    Күнгей бетім шуағым.
    Тілім, салтым, байлығым,
    Мөлдір бастау ой, бұлағым.
    Жер ұйығы Ойғырдың - Жебеті, Усай-ай,
    Жылқым өріп барады жусай-жусай-ай.
    Жаны жомарт моңғолдар, бауырласым-ай,
    Тумасақ та болып ек туысқандай-ай!
    Қайырмасы:
    Найман, Уақ, Керейім,
    Мақтанышым мерейім.
    Түтініңді түтетерсің,
    Бұдан артық оу не дейін?!
    Ойғыр - әкем болғанда,
    Соғақ - шешем,
    Ойға өткір емеспін, сөзге шешен.
    Ата-жұртқа бет бұрған ағайындар,
    Ата-жұртқа жетіңдер аман-есен…
    Қайырмасы:
    Дөңгеленген келбетің,
    Ұраңқай мен Дөрбетім.
    Ел көшкенде - жер жетім,
    Мен көшкенде-ай - сен жетім.
    Қия алмайсың қиналып сүйікті елді-ай,
    Мөлдір бұлақ, қарлы тау биіктерді-ай.
    Неге ғана мен ылғи көше берем-ау,
    Көше беру еншіме тиіппе еді-ай?!
    Қайырмасы:
    Алыс кетіп жүдеген,
    Сағынышы үдеген.
    Ағайынға бұл әнім,
    Амандығын ой тілеген!
    Көліктерін сайлаған,
    Көшуге бел байлаған.
    Ағайынға ақ сапар,
    Ұрпақ қамын ой, ойлаған!

    • @user-fw8wu1dp5l
      @user-fw8wu1dp5l 3 года назад +5

      Екі оттың ортасында қалғандай адамның жай күйі ғой бұл ән. Бір жағында туған жер бір жағында ата жұрт. Тыңдаған адамның өзі дәл сондай күй кешеді екен. Сағыныш па әлде мұң.. Әйтеуір бір қиын сезім.

    • @qazaq091
      @qazaq091 3 года назад +1

      @@user-fw8wu1dp5l 🤗👏👏👏

    • @user-be7wl1ru2n
      @user-be7wl1ru2n 3 года назад

      Баримиз осылай көшкенимиз көз алдымнан зу етип өтип шықты.
      22жыл Атамекендемиз шүкір

    • @assofnurlan4747
      @assofnurlan4747 2 года назад

      Асбсьвдмщвсд

    • @user-qf2pr2oh3k
      @user-qf2pr2oh3k 2 года назад +5

      Ән туралы толық мағлұмат бергеніңізге үлкен рахмет.

  • @user-qf2pr2oh3k
    @user-qf2pr2oh3k 2 года назад +3

    Өте әуенді әдемі ән.Орындауда керемет.Рахмет .Мадина мен Ұшқын.

  • @user-sd8rr8ex7c
    @user-sd8rr8ex7c 9 месяцев назад +1

    Ия баиян өлгии аимағым қаи өлкеде жүрсекде туған елді умыту қаида ия туған елім әрқашанда аманблғызсын алла әумин

  • @user-fw1eu7wt6o
    @user-fw1eu7wt6o 4 года назад +6

    Мәдина, Ұшқын рахмет ән өтте тамаша шықан,, мен дәл кәзір Маңғолияның жүрегі Ұланбарыр қалсында жүрмін осы әні естігінде қатты толықыдым ,,,, Бұл ән арқыл алыста жүрген достарымды бір еске алдым рахмет сіздерге Аман болыңыздыар

  • @БулбулханХоден
    @БулбулханХоден 3 месяца назад +2

    Күшті орындаған керемет

  • @AAkylbek
    @AAkylbek 5 лет назад +5

    Кушті орындапты керемет

  • @user-tv2nv7xq3d
    @user-tv2nv7xq3d 10 месяцев назад +2

    Сен аман-есен бол туғанжер ! Мен барғанша!

  • @user-in4om2cy9p
    @user-in4om2cy9p 3 года назад +1

    Керемет ән екен!жасай беріңдер ағайындар!

  • @Жарылкасын-и6й
    @Жарылкасын-и6й 9 месяцев назад +1

    Аман бол жанарым

  • @user-yp5fy4qs5c
    @user-yp5fy4qs5c 2 года назад +1

    Керемет ән

  • @user-rd6ie6qf4c
    @user-rd6ie6qf4c 5 лет назад +5

    Керемет сөз жоқ

  • @user-dl3pj6wn4t
    @user-dl3pj6wn4t 4 года назад +1

    Керемет.рахмет

  • @ЖемисДалмагамбетова-ъ3ц

    Керемет соз жок ан.тамаша

  • @AAkylbek
    @AAkylbek 4 года назад +1

    Керемет кушті.

  • @a8samsung541
    @a8samsung541 4 года назад +3

    Алыстагы кандастар елге лралындар!

  • @ЖемисДалмагамбетова-ъ3ц

    Орындауы типти керемет .дауысы .тури бари бари адеми.сондай келисип тур

  • @UaliAlem-ml6ee
    @UaliAlem-ml6ee 3 месяца назад

    ❤😢

  • @user-jn8pq9el6w
    @user-jn8pq9el6w 4 года назад +1

    Жаксы жаксы

  • @MolshylykZhanbolat
    @MolshylykZhanbolat 7 месяцев назад

    Ассалямуалейкум.

  • @user-en2fz9jg5u
    @user-en2fz9jg5u 4 года назад +2

    Елге барып келгендеи болдым

  • @user-zf8pm7qj9q
    @user-zf8pm7qj9q 4 года назад

    Жарайсын дар

  • @fatimamuhammed2133
    @fatimamuhammed2133 4 года назад

    Keremeeeeet💛

  • @user-nl9gu7pc4e
    @user-nl9gu7pc4e 2 года назад

    ❤❤❤

  • @kunubeibaris5117
    @kunubeibaris5117 5 лет назад +1

    Керемет

  • @ГульханымРахимжанова-т4ш

    Жаны жомарт манголдар деген калай кетти😂

    • @lordesess5816
      @lordesess5816 3 года назад +7

      Моңғолдар кең қолтық халық.
      Қазақтарды аз демеді, жат демеді, репрессия жасамады.
      Қазақтың ұлттық театры баспаханасы қазақ тілінде радио станция, қазақ мектептер ашуға көмектесті, қолдады, айта берсе өте көп..

    • @Buyanjagal.B
      @Buyanjagal.B 2 года назад

      А че? Қазаққа геноцид жасап, орыстандырған монғолдар ма не? Әрине жомарт. Монғолия қазақтары тілін, дінін сақтап қалды. Ешкім насильно монголизация жүргізбеді.

    • @Buyanjagal.B
      @Buyanjagal.B 2 года назад

      Жақсы пікірлер арасында міндетті түрде сіз сасып, осыруыңыз керек иә осылай?

    • @user-sq7kd1xo5h
      @user-sq7kd1xo5h 4 месяца назад

      Мұңғұл бұрын Керейдің жері болғаны рас па?

  • @user-qj2jm9gn5w
    @user-qj2jm9gn5w 2 года назад

    биреулер куле жатар еки етегин туре жатар кайда болсакта какая разница канымыз казак динимиз ислам

  • @user-oz3fk5mq3l
    @user-oz3fk5mq3l 4 года назад +1

    Күшті! Біздің Моңғолия келді ғо 😂

    • @balapandar9049
      @balapandar9049 4 года назад +1

      Jjk

    • @user-oz3fk5mq3l
      @user-oz3fk5mq3l 4 года назад

      @@balapandar9049 nedisn joh deisn ba

    • @tigr3623
      @tigr3623 2 года назад

      😂😂

    • @tigr3623
      @tigr3623 2 года назад

      Моңғолияда(Халхасия) тұрасыз ба

  • @qazaq091
    @qazaq091 4 года назад

    🥰🥰🥰🥰🥰🥰

  • @user-oz3fk5mq3l
    @user-oz3fk5mq3l 4 года назад +1

    Ххахаха

  • @sagisagi981
    @sagisagi981 Год назад

    Вот это мы чингизиды

  • @user-ib8sn9nk8q
    @user-ib8sn9nk8q 4 года назад +1

    Керемет ән

  • @AAkylbek
    @AAkylbek 3 года назад

    ❤❤❤