«ХХІ ғасырдың жастары мен ғылымы. Болашаққа көзқарас» колледжішілік ғылыми-тәжірибелік конференция
HTML-код
- Опубликовано: 10 фев 2025
- Ағымдағы жылдың наурыз айының 18 күні «ХХІ ғасырдың жастары мен ғылымы. Болашаққа көзқарас» колледжішілік студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Студенттік конференция мақсаты мен міндеттері:
-колледж студенттерінің ғылыми-зерттеу қызметінің шығармашылық бастамаларын өзектендіру.
студенттердің ғылыми әлеуетін қолдау;
ғылым саласында студенттердің өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасау;
студенттердің өзіндік ғылыми-инновациялық жұмысын ынталандыру;
ғылыми ой-өрісін кеңейту, зерттеу дағдыларын және болашақ кәсіби қызмет процесінде білімді шығармашылықпен пайдалануға деген ұмтылысты қалыптастыру.
Презентацияларда студенттер өзекті тақырыптарды ұсынып, өз бағыттары бойынша терең білімдерін көрсетіп, тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды. Баяндамашылар дәлелді жауаптар берген көптеген сұрақтар қойылды. Жұмыс барысында құрылған әділ қазылар алқасы қорғалған баяндамалар арасынан үздіктерді анықтап, жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды.