Наркенженің тапқырлығына ай.... Өмір өзен әнімен аузын жаптың Наркенже.

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 14 янв 2023
  • Өмір өзен
    Біз екеуміз бәйшешектей ерте гүлдедік,
    Қол ұстасып, бақыт жырын шертеміз дедік.
    Қарсы жүріп үйренсек те қар мен жаңбырға,
    Бірақ қарсы тұра алмадық асау тағдырға.
    Жылдар,
    Өмірдің өзенімен,
    Ағады кезегімен.
    Сенсің көңілі ашық,
    Менің ғашық ғасырым.
    Ертеде де кеште,
    Тұрасың сен есте,
    Мен өшсем де өшпе, асылым.
    Алуан гүлдер шуақ шашты бүгін бақшамда,
    Қызғанбаймын, басқа ошақтың отын жақсаң да.
    Өмір мынау, бақ пен қайғы күнде жарысқан
    Ақ тілекпен қол бұлғайсың әркез алыстан.
    Жалғыз аққу таудан асып, қайтып барады,
    Сағынышын әнге қосып айтып барады.
    Сол ерке құс мұңын жалғап ерте көктемде,
    Мені есіңе ал, ауылыңнан ұшып өткенде
    @Алтынай Жорабаева
    @Наркенже

Комментарии • 276

  • @kulziramamysheva1275
    @kulziramamysheva1275 4 месяца назад +72

    Наркенже, жарайсың, біреудің дастарханын осы жасқа келгенше сыйлауды білмеген мына азамат, халықтың сүйікті әншісін төмендетем деп ойлады ма екен.Наркенже Жұлдызың жарық болсын ❤❤❤Бір құмалақ ,бір қарын майды шірітеді.

  • @user-ex5ts4dg4i
    @user-ex5ts4dg4i 20 дней назад +12

    Тойға келген өнерпазды сен шақырып,сен шашылып па едің, көпшілік жерде, аманат арқалап жүрген қазақтың қызына сөз саптауың көргенсіздеу болды!

  • @abu.bakir.2012
    @abu.bakir.2012 5 месяцев назад +104

    Сөз тапқанға қолқа жоқ
    Жарайсыз Наркенже

    • @user-sk5bx6qs8y
      @user-sk5bx6qs8y 2 месяца назад

      Өте орынды айттың,ана кісіге

  • @user-ej4rd2uf2m
    @user-ej4rd2uf2m 6 месяцев назад +166

    Қайта осындай Қазақтың қызын көтермелеп айналайын өркенің өссін демей .айта алмасаң шығып кет дегені ол кісінің деңгейінің төмен екенін білдіреді

    • @user-zv1xz9yt1r
      @user-zv1xz9yt1r 5 месяцев назад +10

      ​@user-ny2by2xp4cдурыс айтасыз Наркенже айткан ана адвм надан

    • @ri.na-t
      @ri.na-t 3 месяца назад

      Созди тусинсендерши шыгып кет дегеним камшылаганым деп тусингейсин деп отыр

    • @user-zu4zw3nv6z
      @user-zu4zw3nv6z 2 месяца назад +5

      Еркектерде ер мінез қалмай ез мінез қалған.Ата сақалы аузына түсіп не айтып отқанын білмейді.

    • @Haimars966
      @Haimars966 Месяц назад +4

      ​@@ri.na-t Камшысызак ол елге танмал жаксы анши, олай елдн кознше айел адамды олай камшылаудын кажети жок, канша кореген босанда , шыгып кет дегени дурыс емес.

    • @ganijoulibayev9944
      @ganijoulibayev9944 Месяц назад +1

      Жарайсың ерке кыз ә дегенге мә дедин өркенің өрлей берсін

  • @user-qc9ub4vp7c
    @user-qc9ub4vp7c 3 месяца назад +40

    Наркенже Қазақтың жүрегінен кеңінен орын алған жез таңдай бұлбұлы,

  • @aikoserik8775
    @aikoserik8775 5 месяцев назад +64

    Мықты дауысы микрофонсыз.Ондай ақылсыз адамдардын өзін шығарып жіберу керек.Ұят жоқ.Қазақ десен өзіне тиеді.Өзі айтса қайда қалды екен.Тойға келіп айтып отырған сөзі қазір дұрыс үлкен кісілер жоқтын қасы.Бұрынғы Ата бабаларымыздан ойланып сөйлемеймеекен❤❤❤.Сіздей қазақтын батыр әнші шыншыл адал әділ қыздары көп болсын.Алла қолдасын қорғасын.Аллаға аманат❤❤❤❤

  • @user-yv5eg7pl3f
    @user-yv5eg7pl3f 3 месяца назад +35

    Керемет, не деген дауыс, Наркенже айналайын, өнерің өрге жүзсін, Алланың назарында, бақыттың базарында бол жаным, тек биіктен көріне бер.

  • @bekakz480
    @bekakz480 5 дней назад +1

    Наркенже менің өте сүйікті әншім.Рахмет,қызым.

  • @user-cz4wm5dw1t
    @user-cz4wm5dw1t 5 месяцев назад +66

    Шалға уят ондай сөз сөйлеуге әншіге…қалқам наркенже жарайсын❤❤❤

  • @user-jk7tf4fp8m
    @user-jk7tf4fp8m 5 месяцев назад +51

    Наркенже не деген дауыс ризамын қазақтың мықты қызы❤

  • @kamalallamberenov6718
    @kamalallamberenov6718 4 месяца назад +17

    Наркенже сау болың дауысыңа сөз жоқ рахмет сени хурмет етемиз Қарақалпақстан

  • @alirizapiltan5089
    @alirizapiltan5089 11 дней назад +6

    Наркенже қарындас. Тәрбиелі қыз екендігін көрсеттің. Ағамыз біреудің тойын бұзуға аз қалды. Мен ұялдым бұл дөрекіліктен.😢

  • @user-vs6eg1tt4o
    @user-vs6eg1tt4o 3 месяца назад +18

    Қатырдың Наркенже ағаңды!!!☝️👏👏👏Ол ойлаған шығар тек Алтынай Жорабаева ғана орындай алады-деп? Сен дұрыс істедің, сіңлім! Жасай бер, шырқай бер, шарықтай бер айналайын!!!😍😍😍🙏🙏🙏

  • @user-hx6xt8ox7n
    @user-hx6xt8ox7n 5 месяцев назад +47

    Ал,қайтер екен,Өлтіріп тұрып айтты.🎉❤

  • @likedvideos4105
    @likedvideos4105 6 месяцев назад +44

    Керемет орындау әнші деген осындай болу керек

  • @user-fq7wt8jc1h
    @user-fq7wt8jc1h 3 дня назад +1

    Тойды бұзғысы келіп отырған бір үлкен болса да ақылы жоқ біреу ғой. Қарындасымыз көркіне ақылы сай екен.

  • @user-nf9ve1og1r
    @user-nf9ve1og1r 10 дней назад +3

    Рахмат , карандашам! Ден соолук каалайм! Ескендир-байке, Ош, Кыргызстан.

  • @user-qw8rm1go9k
    @user-qw8rm1go9k 5 месяцев назад +27

    Жарайсың Наркенже! Әдемі орындап шықты.

  • @user-rc6th1bo8l
    @user-rc6th1bo8l 5 месяцев назад +22

    Казактын жулдызы Наркенжеси! Сен аман жур,сен ошпе!

  • @user-qr1uf1gx9g
    @user-qr1uf1gx9g 6 месяцев назад +33

    Ондай сөз айтқан әбестік болар.....Жақсы ән айтады Наркенже......Даусы да кең!!!

  • @meruertanarbaeva7252
    @meruertanarbaeva7252 5 месяцев назад +22

    Сен ойланбай айтқан сөз
    Басқаның жүрегіне дақ қалдырады

  • @user-ob1hv4hx8p
    @user-ob1hv4hx8p 4 месяца назад +11

    Жаным сол жарайсың биіктен көріне бер.Керемет орындау болды.

  • @user-gb9nz4vx8u
    @user-gb9nz4vx8u 5 месяцев назад +26

    Керемет дауыс Наркенже өнерге деген жолың ашық болсын! Жаңа жылдарыңызбен

  • @user-mk4ur6nv3p
    @user-mk4ur6nv3p 5 месяцев назад +14

    Ей! Айналайын даусыңнан!
    Нағыз талант күй таңдамайды, - дегенді дәлелдеудің, - ау!
    Ризашылықтан көзімнен жас шығып кетті...

  • @user-jq7lc5py6o
    @user-jq7lc5py6o 13 дней назад +2

    Арак ишип алган киси ау. Шыгып кет деген неси екен. Наркенже жарайсын.

  • @user-dw7mg8dd8k
    @user-dw7mg8dd8k 5 месяцев назад +16

    Наркенже суйкимди қазақтын ару қызысыз даусыңыз булбулдай керемет ❤❤❤❤❤❤❤

  • @user-pf7pb3yt8w
    @user-pf7pb3yt8w 5 месяцев назад +25

    Қандай адам, көргенсіз ба! Көріп отыр ғой , без фонрграммы екенін... аузым бар деп айта бермей!!

  • @user-hx6xt8ox7n
    @user-hx6xt8ox7n 5 месяцев назад +49

    Аға деп кей қазақтың еркектеріне айтқың да келмейтін кез болады.Абайламай сөйлеген,ауырмай өледі деген осы.

    • @miramgalialgaliev9002
      @miramgalialgaliev9002 4 месяца назад +4

      Төреғалиға да осылай жасаған) бір уақытта

    • @99_997
      @99_997 2 месяца назад +1

      Өте дұрыс

  • @user-dg4ip5jv4p
    @user-dg4ip5jv4p 5 месяцев назад +13

    Наркенже деп бекер атамапты Ата-анасы!

  • @user-hq9dx3gt7g
    @user-hq9dx3gt7g 4 месяца назад +20

    Жасы ұлғайған пенденің бәрін ақылды деуге болмайды. Наркенже қарындасыма творчестволық табыс, бақ - береке тілеймін. Өнерің өрлей берсін.

    • @user-ky3vd8mh3b
      @user-ky3vd8mh3b 2 месяца назад

      Керемет

    • @user-tw2vp5wq7x
      @user-tw2vp5wq7x 9 дней назад

      Дурыс айтасыз жасында да дурыс болмаган адамдаргой

  • @user-yr5zp7mq4h
    @user-yr5zp7mq4h 6 месяцев назад +21

    Өнерің өрге жүзсін❤жарайсың!

  • @ermekniazhodjaev-te4ms
    @ermekniazhodjaev-te4ms 4 месяца назад +14

    Әпкеміз өзіне сөз тауып жауап бергенні өте ақылды екенінің білдір. Осыдан кейін ешкім сөйлемейтін болған шығар.

  • @user-yr5zp7mq4h
    @user-yr5zp7mq4h 6 месяцев назад +15

    Наркенже қызым жаса!❤

  • @user-ch4zh6vi9b
    @user-ch4zh6vi9b 5 месяцев назад +15

    ғой .Қандай керемет дауыс, қандай керемет қазақ қызы өте кешірімді өте

  • @almatyastana8826
    @almatyastana8826 4 месяца назад +8

    Айналайын, Наркенже бақытты бол. Қандай да бір анайы адамдар бар ғой, олардың деңгейіне түспегенің үшін ризамын. Аллам жар болсын

  • @AkylbaiKulmurzaev-iw4xx
    @AkylbaiKulmurzaev-iw4xx 6 месяцев назад +18

    Атыңнан айналайын Наркенже еңбегі адал

  • @user-ev3lb9nf5m
    @user-ev3lb9nf5m 2 месяца назад +2

    Сөз тапқанға қолқа жоқ.
    Керемет жауап,жағың түспей жамандық көрме,қаракөз қарындасым.

  • @user-vh4mq4nr5n
    @user-vh4mq4nr5n 5 месяцев назад +11

    Шәмшінің әндерай осындай жастар орындағанда әдемі шығады

  • @user-li1pm4gm4d
    @user-li1pm4gm4d 24 дня назад +2

    рахмет алтыным кызым дауысыннан айналайын өнерін өрлей берсін жанағы әнгіме айткан жігіт өзі неге шығып кетпейдді ол барып турған көргенсіздік тәрбие жоктык мен мен дік жасына сай тірлік істеу керек

  • @gulkhan-s
    @gulkhan-s 5 месяцев назад +27

    Өте әдемі жауап болды.
    Өнерімен де көркем мінезімен де киелі сахнаға, халықтың қошеметіне лайық ❤️❤️❤️👏👏👏

  • @user-cb8mn1tr7f
    @user-cb8mn1tr7f 5 месяцев назад +8

    Керемет дауысы,тындағын келе береді.Бакытты бол,кызым.

  • @user-zv1xz9yt1r
    @user-zv1xz9yt1r 5 месяцев назад +10

    Ақмақ кысы екен көп ышкен сияқты а Наркенже ❤ 🎉

  • @user-bk3tg9wh7x
    @user-bk3tg9wh7x 7 месяцев назад +18

    Кандаи тамаша алга наркенжеее❤❤❤❤

  • @user-uz4gr7tp5w
    @user-uz4gr7tp5w 5 месяцев назад +8

    Наркенже жарайсың!❤❤❤❤

  • @user-sz8ys7nf3y
    @user-sz8ys7nf3y 5 месяцев назад +6

    Дауысы қандай керемет! Бақытты болсын!

  • @user-st7um7zl1y
    @user-st7um7zl1y 19 дней назад +1

    Керемет орындау,өркенің өссін,сіңңлім❤❤❤

  • @user-pr6zu7pn4j
    @user-pr6zu7pn4j 3 месяца назад +2

    Бәрекелді

  • @user-hl4oy6xp7g
    @user-hl4oy6xp7g 4 дня назад +1

    Қыз керемет екен тарбиесы

  • @user-li4fl2wf3c
    @user-li4fl2wf3c 5 месяцев назад +9

    Жаным ,Наркенже , жарайсың ,алтыным !!! Өнерің өрге жүзсін !!! Көз тимесін ! Өзіңді ,дауысыңды өте жақсы көремін .

  • @OppoOppo-fm1hl
    @OppoOppo-fm1hl 5 месяцев назад +7

    Наркенже, жарайсыз👏👏. Халқыңыздың алғысына бөленіп жүре беріңіз! Керемет орындау!

  • @user-lo7hw2zd5u
    @user-lo7hw2zd5u 2 месяца назад +1

    Маладец Наркенженің даусы өте ашық күшті айтады

  • @user-re3ig1pr4u
    @user-re3ig1pr4u 4 месяца назад +3

    Сөз тапқанға- қолқа жоқ!!!
    Дұрыс айтты!!!! Жарайсың,әнші,батыр қыз!!!!!

  • @kazakhstanfamily5369
    @kazakhstanfamily5369 2 месяца назад +1

    Жаның жамандық көрмесін қарындасым өте керемет

  • @user-sb4yc2gv2k
    @user-sb4yc2gv2k Месяц назад +2

    КЕРЕМЕТ ОРЫНДАУ ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕЗТАНДАУ АНШИСИ........

  • @bekzhanabduvaliyev2313
    @bekzhanabduvaliyev2313 4 месяца назад +4

    Ой бәрекелді көп көп рахмет керемет айттың

  • @user-xs6ir7kb6s
    @user-xs6ir7kb6s 3 месяца назад +1

    Жарайсын!!!!!

  • @Dinara-vj7rw
    @Dinara-vj7rw Месяц назад +2

    Жоқ көкеміз жәй сынайын деген ғой,сыйлығын берді ғой,бастысы

  • @user-vp8ll1ri8h
    @user-vp8ll1ri8h 6 месяцев назад +10

    Сау болыныз озбекстандагы КАЗАКДАРМЫЗ

  • @user-dc5yf2fs1w
    @user-dc5yf2fs1w 3 месяца назад +1

    Недеген надандық, жарайсыз Наркенже❤

  • @user-mx1bt4jd5x
    @user-mx1bt4jd5x 6 месяцев назад +12

    Ауыздан авария болды деп осындай ойланбай сөйлейтіндерге айтады.Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі деген міне осы!

    • @user-mx1bt4jd5x
      @user-mx1bt4jd5x 6 месяцев назад +3

      Айыбын пенсиясымен жуып шайыпты ғой соңында.

  • @user-ut4du8cs3t
    @user-ut4du8cs3t 3 месяца назад +1

    Әпкеміз өте керемет орындады ❤❤❤❤❤❤🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥👍👍👍👍👍👍

  • @user-qw3vf2ny1z
    @user-qw3vf2ny1z 2 месяца назад +3

    Уа , дүние ай . Әркім өзін құдай санаған . Наркенже ол Қазақтың Еңселі де Ерке Нар Қызғалдақ ,Ерке Назымы емес пе ,ау Қазағым

  • @user-wk5ig6rn9r
    @user-wk5ig6rn9r 5 месяцев назад +6

    Аман жүріңіз бір туар қарақатты қаңғытты жарайсыз

  • @user-cg2jr9jy1h
    @user-cg2jr9jy1h 13 дней назад +1

    Наркенже сизге узақ елден сәлем жолдаймын Қарақалпағыстаннан сизиң айтқан барлық өлеңдерди жүрегиммен тыңдаймын сизиң домбыраңыздай домбырам болсакен диймин сизге сәттилик шаршамаңыз мен Саламат сау болыңыз

  • @user-ej5fc1qn6x
    @user-ej5fc1qn6x 3 месяца назад +1

    Керемет

  • @user-hr2uu4gy5y
    @user-hr2uu4gy5y 22 дня назад +1

    Наркелнже құрдасым нағыз әнші мына кісі тыныш отпаима

  • @mirasmiras6424
    @mirasmiras6424 3 месяца назад +2

    Керемет құлағыңның құрышын қандырат мықтыны мықты деу керек

  • @ernazarkosimbetov3728
    @ernazarkosimbetov3728 3 месяца назад +1

    Жарайсын

  • @alihanyestay3614
    @alihanyestay3614 6 месяцев назад +10

    Браво браво Наркенже!!!!! Быз сызге сенемыз!❤❤❤❤❤❤❤❤

  • @user-vj7fb5yo7q
    @user-vj7fb5yo7q 4 месяца назад +5

    Керемет орындау.Ән айтсаң осылай айту керек.

  • @user-zx2pi1yv5p
    @user-zx2pi1yv5p 2 месяца назад +1

    Ай, жарайсын, кандай мамаша Коп Рахмет Калай талант Россиядан салем

  • @user-zl6gn7dt8y
    @user-zl6gn7dt8y Месяц назад +1

    Наркенже керемет абройын қорғап қалды ❤❤❤

  • @user-of8em2dx3e
    @user-of8em2dx3e 4 месяца назад +1

    Наркенже әпкем маладес сөз жоқ қатырдыңыз анакісіні ризамын сізге

  • @user-vo1wk4by2p
    @user-vo1wk4by2p 3 месяца назад +1

    Наркенже жаным дауысыңнан айналдым . Бақытты бол! ❤

  • @azamatismailov4262
    @azamatismailov4262 6 месяцев назад +30

    Мна киси озинин каншалыкты томен екендигин билдирип отыр соншама адамдардын арасында еркек деген атка лайык емеской бул иси

  • @ernazarkosimbetov3728
    @ernazarkosimbetov3728 5 месяцев назад +4

    Жарайсын бауырым

  • @user-fq1zq2jm1w
    @user-fq1zq2jm1w 2 месяца назад +1

    Кейде танғаласын осы біздын әппәқ сақалдағы көкірек шалдар ға, ақыл айтатын орнына қайдағы бір ақылға сыймайтын әңгіме ні айтты. Халық бекер айтпайды ғой, ақыл айтатын ақсақалдар қалмады, өңкей совет өкметен қалған арақ ішкіштер, партократтар, орысқул дар. 😢Наркенжедей әншілер өте аз, керемет жауап берді, керемет өлең айтып халықты різа ғылды. Даусыңнан айналдым ❤.

  • @user-mi1uf2un7i
    @user-mi1uf2un7i 5 месяцев назад +5

    Даусы керемет !

  • @nurbekalimbekov3036
    @nurbekalimbekov3036 2 месяца назад +1

    Жақсы қартайғанда жақсы нəрсе екен ғой.Шығып кет деген кісі жақсы қартаймаған сияқты.

  • @user-jn7zh4si5m
    @user-jn7zh4si5m 11 дней назад

    Базар жоқ👍

  • @user-lz9vf3sq9z
    @user-lz9vf3sq9z 2 месяца назад +1

    Мынауың ісіп-кеуіп отқан біреу ғой. Қалжыңы түиеден түскендей екен. Наркенже қызым барлық уақытта жоғарғы сатыдағы әнші....

  • @user-ki8pm8rv5c
    @user-ki8pm8rv5c 5 месяцев назад +3

    Сакынада журген аншилерден де мыкты

  • @karlygashkozhabergen4251
    @karlygashkozhabergen4251 4 месяца назад +2

    Керемет керемет
    Өте тәнтті болдым
    Жарайсың Наркенже
    Атыңа заттың сай

  • @alipdoskaliev7328
    @alipdoskaliev7328 2 месяца назад +1

    Сау болш Наркенже сөзден жеңілмеді

  • @user-ft1ep2zz2w
    @user-ft1ep2zz2w 2 месяца назад

    Керемет Наркенже!

  • @user-br3us6bn8u
    @user-br3us6bn8u 2 месяца назад

    Молодчина очень хороший голос, а песня слов нет замечательная. Суперское исполнение.

  • @user-jj8rc4su8z
    @user-jj8rc4su8z 3 месяца назад

    Жарайсың Наркенже дөрекілерге мән берме.

  • @user-vw9rt8hy4y
    @user-vw9rt8hy4y 3 месяца назад +2

    Аксакалма, шалма, атама, кешириниз оте коргенсиздик сойлединиз, хорошо что орыстын 1 анин сурамады

  • @user-yy2rj1gi1m
    @user-yy2rj1gi1m 4 месяца назад +2

    Наркенже жарайсың даусың керемет, ақсақалдың қамшылағаны ғой, дұрыс түсініңіздер ақсақалдың өнерден хабары бар ғой көрініп тұр, балдызының өнерін тамашалау керек еді жүзі таныс бірақ

  • @user-mk5uj3ep9k
    @user-mk5uj3ep9k 2 месяца назад

    Керемет Наркенже творчестволык табыс тилим

  • @nurlybeksuleimenov7338
    @nurlybeksuleimenov7338 22 дня назад

    Ағасы керемет қамшылады

  • @user-iy8du7jt4m
    @user-iy8du7jt4m 2 месяца назад +1

    Ит еркек ол ренжіме Наркенже саған рахмет есен аман бол бақытты бол

  • @user-li1ve2fk2l
    @user-li1ve2fk2l 21 день назад

    Мен Наркенже әндерин жаксы корем Аман жур

  • @user-ou6my9ip8e
    @user-ou6my9ip8e 5 месяцев назад +4

    Ондай адамдар өзін басқадан ерекше болғысы келіп мен бұлай айттым солай істедім деген мақтаншақ шұлғаулар

  • @dinatileuova6509
    @dinatileuova6509 Месяц назад

    Командасы жақсы боб тұрғо Наркенженің👍

  • @user-kn5pn4bg9c
    @user-kn5pn4bg9c 4 месяца назад +2

    Жарайсың Наркенже

  • @user-wz3ul7mg3f
    @user-wz3ul7mg3f 23 дня назад

    Молодец Наркенже апа!

  • @user-ip5ti7yn9i
    @user-ip5ti7yn9i Месяц назад

    Кушти айтты 🔥

  • @user-yx3tg9fu4i
    @user-yx3tg9fu4i 28 дней назад

    Наркенже қызымыз жақсы дәстүрлі әнші. Сөз тапқанға қолқа жоқ деген. Кейбір ағалардың мәдениеттен жұрдай екеніне қарамастан, құрметті дастарханның сыйқын бұзуға қақы жоқ. Қайран қазағым әнші қыздарыңыз өнерін көрсетіп, көңіл-күйлеріңізді көтеріп ән айтып тұрғанда, алдыңызда тұрған астарыңызды қоя тұрып, жылы жүздеріңізді бұрып, хошемет білдіргендеріңіз абзал болар.
    Үй есіне де, жиналған қауымға да құрмет көрсетүді ұмытпаңыз❤

  • @user-cb9gg1qt1q
    @user-cb9gg1qt1q 4 месяца назад +2

    Іріген ауыздан шіріген сөз шығады.Адам ойланып сөйлеу керек.