Какая она искреняя, простая, открытая! Всё сказала прям как она есть. Все ситуации, все советы прям в точку, не завуалировано, без прикрас, без "воды", прям вообще без лишнего. Информация, её мысли - чистые!!!!!!!!!!!!!!!!
Сәлеметсіздерме? Ақерке батырыңыз сауығып кетіп, биік белестерді бағындыра берсін! ЗПРР-Зейіні зерек, Пейілі аппақ, Ризығы мооол, Разылығы Алладан келетін азамат болсын! 🤲🤲🤲 Осындай ерекше балапандары бар ата-аналарға, Аллам мықты күш қуат пен шипалы ем берсін! 🤲🤲🤲
Ақерке, еркек екенсіз! Қабылдап, мойындап, дәл осылай айтып отыру үлкен ерлік! Күш-жігер, қайрат тілеймін! Ұлыңызды қатарға қосып, тілашар той жасауды жазсын Алла!
Рахмет! Осыны маған 10 жыл алдын айтқанда ғой. Менде 23 жасымда тұрмысқа шықтым. Бірінші төсектен көтердім. Бірақ қиын болды. Жұмыс, жұмыстан келіп тамақ жасау, ол кезде ютуб, смартфон деген дамымаған кез. Таксикоз. Қазір ойласам болмайтын жағдайларға ренжігенмін. 16 аптасында криз болады. Давления норма 120/80. Сенбі күні болатын басым айналып туалетке бара алмайм қалдым. Күйеуім сенбейді қалжыңдамашы дейді. Туалетке дуалды жағалап барып келдім де. Ойнап тұрған ешкім жоқ дедім. Өзі құтқарушы оларды парамедикке оқытады. Енемнің давления өлшейтіні бар еді. Сонымен өлшесе 90/60. Дәрігерге хабарластым. Олар сенбі күні түске дейін жұмыс жасайтын еді. Дереу киіндіріп өзі поликлиникаға алып барды. Гинеколог пен терапевт дәрігерім бар екен. Давленияды өлшесе 90/60. Мені жатқызып қойып не болғанын білмейді. Барлығы бірінен кейін бірі кіреді. Жарты сағаттан кейін басымның айналғаны қойып ауырады. Қайта өлшесе 140/100. Олар мені қайтармайды. Наблюдение алып қалады. Маған сонда жүктілікті тоқтату керек деп айтады. Бірақ мен біріншім ол уже қимылдайды. Аборт жасатпаймын дедім. Давления 120/80 түсті. Бірақ зорға 30 аптаға дейін жұмыс жасадым. 7 айдан асқан давления 140/100 қайта көтерілді. Допегит жүрдім көмек бермеді. 36 аптада приёмға барғанда 180/120 болғам ғой. Қазір сен отыра тұр деп жедел жәрдем шақырып қойған екен. Сен уайымдама давления кішкене көтеріліп тұр. Мен бір дәрі беремін. Тілінің астына сал деді. Жедел жәрдем келген бірақ айтты давления 180/120 біз сені үйге жібермейміз деп. Үш күн бақылауда болдым. Давленияны түсіріп босандыруға кірісті. Ісініп кеткенмін. Олар менімен сөйлескенде қорқып кеткенмін. Ақерке айтқан сияқты босандым. Бір қолымда система, бір қолда давления өлшейтіні. Вызывающий не деген ауырды. Толғақтан белімді сезбей қалдым. Уайымдап мамам кірген. Маған уқалап беріңізші десем уқалап жатырмын ғой дейді. Қатты больдан сезбеймін белімді. Эпидуралка салдырдым 1 рет. Кейін өкіндім 1000 рет. Эпидуралка салғанда ешнәрсе сезбейсің. Солай толғатқан кезде күшке салғам. Разрыв болдым. Ертесіне эпидуралкама, разрывым бар тік жүре алмаймын. Балам 37 апта донешный бала болған. Ақерке айтқан сияқты сразу дем алмады. Оттегіге жатқызып қойды. Балам содан кейін жылады. Бірақ қасыма алып келді. Қасымда бір күн болды. Одан бір кезде көгеріп сала берді. Шымкенттегі Нұрсаттағы роддом. Ол жаңадан ашылған. Бірақ жаңадан ашылғанын қайтейін палатаға барлығы кіре береді. Қасымда бір орыс қыз босанды. Мен қиналып тұрсам. Әкесі де, шешесі де барлығы туған туысқаны кіріп жатты. 1 желтоқсан күн суық. Әр кірген адам салқын болып кіреді. Баламды алып кетті наблюдениеге, ал мен палатада өзім қиналып жаттым. Сонымен реанимацияға түсіп қалды. Судоргасы ұстап қалған екен. Екі сағат сайын реанимацияға барамын. Сүтімді сауып беремін. Өзім жүре алмаймын эпидуралкадан кейін белім бүгіліп қалды. Мен үшін кашмар сол кез шығар екінші этажға барып келемін дегенше 1 сағат уақыт кетеді. қалған бір сағатта и жуынасың, и шәй тамағың соның ішінде. бір жақсы жері 10 күн сонда болдық. Балам 3 күннен соң бері қарады. Судоргасы қайталанбады. Емуге әлсіз бірақ бутылкаға сауып беремін ішіп қояды. 1 айдан кейін үйренді емшекке. Сол туылған көңіл бастап балама қатты көңіл бөлдік. Дамуы жақсы. Бірақ ашуланшақ болды. 4 жасында тағы судоргасы болды. Апармаған дәрігерім қалмады. Аналар нақты дұрыс диагнозын тапқанша берілмеңдер дегім келді. 6 жасында тағы болды. Судоргасы. Бізде судоргасы болғанда температурасы болмайтын. Нақты диагноз таптық. 3-4 ай сайын емделеміз. Балам жақсы мектепте 5 сыныпта оқиды. Домбыра үйірмесіне қатысады. Айтпақ босанған соң 40 күн тазаланған соң етеккір келіп қалған. Күйеуім маған баладан бұрын сен керексің деп спираль салдырып қойды. 3 жылдан соң спиральді алдырдым, емделіп қыз туып алдым.
Мендеде солай болған бара сала Батырымды көтерып қойғанмын. Қатты қыйналғам КС менен босады ісініп давлениеменен куту қажет екен положениеде Аллаға шукр Батырым 22 жаста Анашым деп мейрімды озы қарындасынада ☝
"Ата-ананын балалы болғанда тусінесін"- дегенді бекер айтпаганго... Казір бала ушін жан беруге дайынбыз. Акеркенін бір сөзі өтті.... Керемет әңгімелесу болды.
Какую важную тему затронули. Сейчас на детских площадках, мамочки в первую очередь спрашивает «ваш ребенок говорит?» То есть сплошь и рядом такой диагноз… Всем мамочкам необычных детей терпения и сил! Всё будет хорошо! ❤️
Жанымммм ең шынайыыыы сондай жаксы қыз! Өтірік қылымсу, жасандылық жоқ. Бул бағдарламанын ішіндегі барлық мамадан ең шынайысы! Барды бар,жокты жок дейтін кыз🥰🥰🥰🥰🥰🥰🥰🥰🥰🥰
Ақерке жан дүниесі таза екен. Бүгін бір басқа қырынан таныдым. Жарайсың. Рақмет керек кеңестерді өзіме түртіп алдым. Балама телефон бермей жиі ойнатып , үйдің тірлігі қалса қалсын бірақ балаға , өзіңе көбірек көңіл бөлу керек екен. Керемет әңгіме болды.👍👍
Осы подкастты тыңдағаныма қатты қуанып отырмын. Алла разы болсын, ашық шынайы болғанына. Қазір екіншіге аяғымауыр бұйыртса 35 апта боп қалады. Шынымды айтсам осы жүктілікке мүлдем дайын болмадым, физиологиялық жағынан да , психологиялық жағынан да. Күйеуім ұлды қатты қалады. Бірақ екіншімді узи қыз деді. Өзім қыз баланы қатты жақсы көремін. Соңғы кездері қатты уайымдап сртреске кіріп кете жаздап жүр едім. Осы подкаст бір қолдау болды🤗 Үлкен қызым қазір екіден асты әлі толық сөйлемеді алайда бәрін түсінеді. Өзім көп телефон ұстатпауға тырысамын, барынша бірге ойнап жүремін. Шынымды айтсам сары жәшік бар ғой каробка содан ойыншықтар жасаймын😅 Әр түрлі дамытушы ойыншықтарды ала алмай жатамын😅 Балама қызықты сияқты 😊 Аллаға шүкір бәрі үшін😇 Менің уйымдайтыным екіншімді босансам үлкеніме жақсы көңіл бөле алмай қалам ба дейтінім еді. Жаныңдағылардан көмек сұрап, ішімдегіні тап деме мәмле жасаңдар дегендеріңіз жақсы әсер етті. Көңілім орнына келді☺ Турабір осы подкаст маған арналғандай боп тұр😅 Барша аналардың балаларының дені сау, ғұмыр жасы ұзақ болсын❤
Аман сау босанып алыныз❤ менің де үлкенім қыз, 2 ден асты, қазір аяғым ауыр 28 апта болды Аллаға шүкір. Сіздің ойыңыздағы сұрақтар мені де мазалайды, бірақ уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, балаларға бақытты ана керек❤😊 қыз бала деген ырыс, несібесі мол, ата-анаға нағыз жанашыр🤗 өзіміз тағы бір қыз болсын деп едік, ұл бала деді узи, аман болсын қыз ұл маңызды емес🤲 бақытты болыңыз
Егер жүктілігіме қайта оралатын болсам: бірінші жүкті болмай тұрып тісімді,ішкі құрылыс яғни өт,бауыр дегендерді емдетіп алар едім. Жүкті болған күннен бастап витамин қабылдап фолий қышқылы,магний деген сиякты. Токсикоз кезде көп серуендеп, көп демалып. Босанар уакытта толғак,күшенгіш кезде врачты тыңдап, айқайламай,өзімді шаршатпайтын едім . Туып болғансоң обезательно 40 күн ,шілде тер шығарып,тек озім и баламмен айналысатын едім❤
Босанып келгеннен кейінгі көріп отырған бірінші подкаст. Ақерке келгенің үшін рахмет! Көп ойға түйер әңгімелер айтылды. Балаға қалай көңіл бөлу керек, телефонның зияны, ана мен бала арасындағы байланыс т.б. Ал сұраққа келетін болсақ мен осы каналдың подкасттарын көріп жүріп жүктілігім өтті десемде болады. Бірінші бала, ештеңе білместік, іште қорқыныш болды, әрине. Бірақ барлық подкасттарды көріп жүріп, қандай қателіктер болғанын тыңдап, сол қателіктерді өзімде болдырмауға тырыстым десемде болады. Аллаһтың қалауымен өзім толғатып 41 аптада эпидуралкасыз өзім босандым. Дәрігерлер эпидуралканы ұсынғанда өз өзіме сеніп, сәл шыдауымды сұрадым. Қазір міне кішкене ғана бөпемді қолымда ұстап отырып, көріп тастадық подкастты. 😅😊
Егерде мен жүктілік кезіме қайта оралсам-ол кезеңдегі өмірімдегі ең қызықты,әдемі,рахаттанып есте қаларлықтай өткізер едім. 2 баламда да жүкті болғанымда әрбір адамның сөзіне мән беріп,жылап,неге ол мені бүйтеді-сүйтеді,неге мені ұнатпайды,неге мен салмақ қостым деп болмашы нәрселерге көп мән беріппін,өшімнің бәрін күйеуімнен алып,күйеуім болмаса баламнан алып,сондай бір ең керемет кезеңді ең жаман кезеңге өзім ауыстырып жібердім.Қазір сол бір кезеңдерді бастан өткергеннен кейінбе менің қазір уақытша бала көтергім келмейді,демалғым келеді,2 баланы арты-артынан босанғаннан кейін өз-өзімді күтпей,қарамай 16 жастағы қыз 35 жастағы тәтеге қалай айналғанын өзім түсіне алмай қалдым. 1-ші баламды 16 жасымда,ал 2-ші қызымды 18 жасымда босандым,қазір жасым 20 жаста,өмірім әлі алда,шарықтап,жарқырап тұрған кезім,ары қарай отбасы,бала-шаға,карьера,өзімді тұлға ретінде қалыптастыру бәрін бірге жақсы деңгейде орындау үшін барымды салып жүрмін. Ал енді сол бір кезеңге оралар болсам,өзімді бір ертегідегі ханшайымдай көретін едім,өзімді жұмыссыз,оқусыз жай ғана аяғы ауыр келіншек емес,өзімді бір өөөте үлкен,маңызды проект жасап жатқандай көретін едім,әр күні баланың қолы,екінші күні баланың басы,үшінші күні саусақтары,аяқтары т.б дегендей… Мен соның бәрін жасап жатырмын,оған қоса ол баламды тәрбиелеп жатырмын,үй шаруасы,күйеуімнің разылығы дегендей,өзіме бір жай ғана үйде отырған адам деп қарамас едім,әрбір айнаға қараған сайын түрім қандай,фигурам қандай болсада өзіме бір генийға қарағандай қарар едім. Жүктілік кезеңіме оралсам,әрбірінің сөзіне бір мән беріп,өзіме ен қымбат,маңызды нерв клеткаларымды қайдағы бір адамдардың болмайтын сөздеріне құртпас едім. Толып кетем,күйеуіме фигурам ұнамай қалады демей,не жегім келеді,не ішкім келеді,нені қалаймын,нені қаламаймын бәрін жейтін едім. Мен 1-ші ұлымда өөөте үлкен сынақтан өткен едім,күйеуіммен жүріп жүрген кезде өзімнің жүкті екенімді енді білдім,жасым бар болғаны 16-да,ішімдегі бала 6 айлық,аборт жасауға мүлдем келмейді,сол тұңғыш ұлыма жүкті екенімді білгенде ішімді ұрдым,өзімді ұрдым,асылып қалуға дейін бардым,өзімді қатты кінәладым,өйткені менің әкем жұмсақ адам емес еді… Жүктілігімді білмеген кезде де достарыммен ойнап жүріп қыста таудан құладым,Алматы да тау көп білесіздер,сол таудың бәріне шықтым жүктілік кезімде( жүкті екенімді білмеймін) толып бара жатырмын деп неше түрлі арықтайтын дәрілер іштім, күйеуім екеуміз жүкті екенімді білгенде жыладық,күлдік,қалай үйленеміз,ата-ана,туған-туысқан не дейді деп көп депрессия,стресс болды. Үйленгеннен кейінде арамыз дұрыс болмай,ұру-соғу,ұрыс көп болды. Бірақ қазір шүкір,бәріне шүкір деймін… Қазір орамалдамын,күйеуім екеуміз бір-бірімізді ым-жымсыз түсінісеміз. Ол менің комфортым үшін,мен оның комфорты үшін,ал балаларымда бәрі керемет,денсаулық жағынан проблема жоқ,қазір Аллаға өте үлкен шүкіршіліктер айтамын,сол кезең дәл солай өткенде,тұңғыш ұлымды бір Алла өзі сақтап,қорғанын,таң қаламын Аллахтың құдіретіне шынымды айтсам…❤️ Егер жүктілік кезіме оралсам,сол кезеңде жасаған нәрселерімді жасамас едім
Өте дұрыс айтасыз мены улымдада зпр болган аллаға сансыз шүкір мен зрр ге отдым барлык сабилер дені сау болсын жуктылык кезы ең маңызды кез екенын енді түсіндім 0:48
6айга дейин жуктиликти билмеу - это не норма !!!!! Отинем , ендиги : балаларынызга жыныстык сауаттылык уйретиниздер !!!! Коғамда : задержка месячных, методы предохранения при половых актах, ерте жыныстық қатынасқа түспеу, ата-анаңмен сойлесип барып кана, болашак келин-куйеу баламен таныстыру болған соң ғана үлкен омир бастау. Осыны уйретейикши плииииииззззз 🙏🙏🙏
Біріншімді босанарда үш күн толғатқам.Өлетін болдым система салыңызшы деп жалынып жылағам.Сол кездегі дәрігердің айтқаны былай болды.Олай системамен босансаң толғақ жиілейді,сосын балаға зияны көпдеді.Бала матка жылдамдық пен тарылғанда,бала келіп жамбас сүйеке соғылабереді деді.Сенің жаның ауырсада,балаңдікі ауырмасын деп бір ауыз сөзбен түсіндірді.Ертең балаң ауырса жаныңды жегідей жейсің деді.Сол апайға алғысым шексіз.21жасымда өмірді түсіндіріп қойды.АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН.❤
Дурыс истепти. Мен де 3 кун аурып толгаттым. Озим босандым. Шукир Аллага. Айтпесе толгак шакыртып, бала дайын емес, басымен согылып кысылып, ауру болып калар еди. Осыны жас аналарга коп айту керек
Дәрігерлердің 80-90 пайызы солай жандарым. Бірақ, өкінішке орай, адам дені сау кезде оны түсінбейді . Енді, толғақ кезіне келетін болсақ, тағы да 80-90 пайыз әйелдер , ішімді кесіп болсын алып тасташыыыы деп айқайлайды (толғақтың ауырсынуына шыдамай) 😂
Ен биринщи жас кезімдегі жүктілігіме оралсам,”Сен ұайымдап тұрған нәрсе,өзі жазылғандай щещіледі,бірақ уайымдай берсен ішіңдегі балаңа көп зиянын тигізеді.Баланы не осы жағдайды танда”дер едім.Әттең сол кездегі лйым бұндай болмады.Енді бәрібір бұл тағдыр ғой.Что не ломает нас,делает сильнее дегендей,басымызға жазылған баламен келген сынақ,бізді тек қана күшейту,ақылға келу,щүкірщіл болуды үйретуге келді деп білемін!Бәрімізге Алла жар болсын,төзіммен сабыр берсін.Балдарымыз жазылып,өз қатарына қосылы кетсін.Күні-түні тілейтін дұғамыз осы ғой🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲 Қызықты подкаст үшін,рахмет❤
Ақерке Арыс ханым 😍 шынайылығы үшін жақсы көрем. Қалай бар солай тарс-тарс еткізіп айтады ғой. Әдемі,көңілді подкаст болды👍🏻 Ал енді, сұраққа келсек, “Жүкті кезіме қайта оралсам, не істер едім?”: 1. Тек позитив ойлар едім 2. Витаминдерді уақытылы ішер едім(әсіресе кальций) 3. Таза ауада көп жүрер едім 4. Сумка в роддом ертерек жинар едім😂 5. ИП-ны ертерек ашып, ақша салар едім😂 6. Курс оқып алар едім, үйде бірнәрсе жасап,кішігірім бизнес жасайтын,екіқабат кезде бастап кетсең жақсы да,босанған соң да тез адаптация болатын деп қоямын жаңағы😂 7. Іштегі бөпеммен көп сөйлесер едім 8. Семейное фотосессия жасар едім
Барынша жүктілік кезінде нерв жүйелерін сақтауым керектігін түсіндім. Әйел адам өзі эмоциальная, жүктілік кезінде вообще жоғары болады ғой. Болмайтын нәрсеге жылап, ашуланып жатамыз. Балаң үшін эмоцияға берілмеуге шыдау керек екен. Болашағыңды ойласаң балаңды жақсы тәрбиелеп, білімді, ақылды, иманды етіп өсіру біздің міндетіміз. Балаларымыз аман болсын.❤ Өте керемет подкаст болды. Рақмет.❤
Қандай қарапайым, ойын жақсы жеткізе білетін адам. Ең шынайы, жеткізген адам деп білемін🥹👍 Алла берген 4 ұлым бар шүкір, 4-уінде кс өмірге алып келдім. Қазір 5-шіме аяғым ауыр, тағы да кс алда. Қатты қорқыныш бар. Бірақ осы подкастты көрген соң түйгенім, ойымнан барлық жаман нәрсені алып тастап жеңіл қабылдауым екен. Мен мықтымын, қолымнан келеді бұйыртса. Бір аллаға ғана тапсырдым🤲 4 ұлды қарап, аяғымнан тік тұрғаныма шүкір, 5-шімде солай болады🤲 Ұлыңыз тезірек сауығып кетсін🤲 Өте керемет әсер алдым сізден💐👍
Керемет болды. Ақеркенің айтқаны дұрыс екен қыздар қайын жұрт денді мүлдем тыңдамай өзің үшін балаларың үшін өмір сүру керек екен. Кеш түсіндім. Екінші балапанымнан айырылғанда бірақ түсіндім сол кезде поддержка тек өз әке шешеммен аға жеңгелерімнен болды. Тіпті жай таныстарды артық болып кетті. Көп уакыт кайын жұртымды кінәләдім менің баламның түбіне жетті деп, жолдасымды да кінәләдім. Кейн бір имамның видеосын көріп сонда айтты Алла өзі береді, өзі алады деп. Сол сөзден кейін есімді жинап тәубеме келдім. Сол кезде құдайгада сенбедім, қанша жалынып Аллам баламды аман алып қала гөр дегенде де құдай мен үшін жоқ дедім. Бірак Аллаға шүкір кейін түсіндім неге олай болғанын. Сол қиын кезде кімнің кім екенін. Каншама жасқа есейдім. Өмірдің мәнін түсіндім. Қазір Аллаға шүкір ұлым мен қызым бар.
Енді мама, папа - деп айтад дегенде, прям жылап жібердім. Ең бастысы балдарымыз аман болсын! Барлық подкастта барлығы мен, өзім деп сөйлейді. Ақерке білсін, көрсін, қателігімді қайталамасын деп, қоғамға барынша пайдасын тигізгісі келетіні керемет ❤ өз жүктілігіме оралсам бәрі жақсы, шүкір, барлық заттан хайыр бар, Алланың қалауы шүкір дегім келеді. Өткен кетті/ бітті тек алдымдағы затты дұрыстасам екен деймін 🙏🏻 сауығып ел басқаратын азамат болсын, құдай қаласа!
Ақерке ханым, сіздің подкастыңыздағы сұхбаттан өзіме керемет мотивация алдым, керемет ой түйдім. Шынында да, біз әйелдер тым күйгелек болып, баламызға бірдеңе болса өзімізді кінәлап, мұңның тұңғиығына батып кетуге дайын тұрамыз. Біздің жүрегіміздің тыныштығы, моральдық және психологиялық деніміздің саулығы балаға тікелей әсер ететінін түсінбей жатамыз. Бала біздің жүрегіміз қашан тыныш болады, сол кезде дамиды, жақсы жаққа өзгереді.Менің қызыма 3 жас 6 айдай болды. Енді ғана жайлап сөйлеп келе жатыр. 2 жасқа толмай жүрегім бірдеңені сезгендей жан-жаққа көрсеттім, іздедім. ЗРР диагнозы қойылды.Әр күні қызымның тезірек сөйлеп кетуін тіледім, жүрегім бір сәтке болсын тыншымай, тек сол туралы іздедім, өзімді кіналадым, жан-жағыма өкпеледім, тағдырға ренжідім. Бірақ кейіннен бұдан түк шықпайтынын түсіндім де, баламен айналыса бастадым. Басымдағы мың-сан сұрақты, ренішті жіберіп, дәл осы сәттен қуаныш сезіну керекпін дедім де, қызымның сөйлеп кететініне жай ғана сендім. Қалай менің жүрегімдегі уайым мен мұң кетті, солай қызым сөйлей бастады. Осы сәттен бастап, барлық мәселені қиындататын тек өзім екенін түсініп, өмірге басқаша көзбен қарай бастадым. Бала өзінен өзі өспейді, немесе оның тәрбие құралы- Телефон емес, анасы дер едім. Өткенді қайтара алар мүмкіндігім болса, телефонды балаға беріп, оны көргеніне мәз болмас едім. Жүкті кезіме қайта оралсам, өз денсаулығыма, психологиялық, моральдық жай-күйіме барынша мән берер едім. Дәрігерге дер кезінде барып, ұсынылған дәрумендердің барлығын уақытылы қабылдар едім. Аспан айналып жерге түссе де, жер әлемді қара түнек басса да, ештеңеге уайымдамай, ешкімнің сөзіне мән бермей, бәрін позитивті қабылдар едім. Өмірімде болып жатқан әр сынаққа сынбай, олардың жай ғана уақытша екенін, бұл күндер өтіп, түбінде бәрі жақсы болып кететініне сенер едім. Менің бақытым- дәл қазір менің денімнің саулығы, құрсағыма біткен баланың амандығы екенін түсінуші едім. Сол бақытты өзгеден емес, тек өзімнен ғана таба алатынымды түсініп, бар әлемді жақсы көрер едім. Баламның құрсағыма біткен кездегі 9 айды артқа қайтара алмайтынымды ұғынып, дәл осы кезде ғана болатын, қайталанбайтын сәтті барынша пайдалы өткізіп, көбірек ізденіп, кітап оқитын едім.Себебі мен өмірге әкелейін деп жатқан баланың денсаулығына, ақыл-ойына қазірден бастап әсер ететінімді сезінер едім.Сол кездегі Гауһарға, сен кішкентай болсаң да, бір тіршілікке үлкен өмір есігін ашып бергелі жатырсың, сен мықтысың, керемет әйелсің дер едім. Әйелдің бәрі қай кезде болсын, қай сәтте болсын әдемі, толып кеттім деп өзіңнен ұялма, сен ерекше сұлусың деп айтар едім.
Жүктілік кезге оралсам ештене уайымдамай жүрер едім .Подкаст қатты ұнады ертенен бастап балама көңіл көбірек бөлемін дамуына көмектесетін ойындар ойнаймын деп шештім маған қатты әсер етті қызым 2де сотканы сонгы кезде көп беріп кеттім ойындардын барлығын өшіріп тастадым рахмет сіздердерге 😍😍😍😍👍👍👍👍👍👍❤️❤️❤️❤️❤️❤️
Керемет подкаст болды😍. 3 ұлым бар. Кішісіне дайындалып,"осознанно" келген болатынмын. Алдағы екі беременность жайында әнгіме қозғағым келмейді,себебі ол уақытта көп сынақтан өткен болатынбыз. Ал кішісінде осы беременностьтан прямо рахаттанып жүрем деп елестететінмін. Бірақ адамның емес,Алланың қалауы болады ғой. Бірінші триместрда свинка деген ауырумен ауырдым,кейін артынша ветрянка болдым тяжелый😢. Бір апта пластом жаттым қызуым түспеді. Баламнан айырылған болармын деп жататынмын. Судың өзін әрең ішетінмін,тамағыма дейін шығып кетті ветрянка. Содан кейін үй көрмедік қой. Больница да больница. Балаңды алдыртып таста,бәрібір адам болмайды деп срокқа жеткенше қысым көрсетті ауылдық та қаладағы да врачтар. Бірақ жасамадым. Дені сап сау балам келді дүниеге.Аллаға шүкір. Бірақ кейін сөйлемей жүрген соң Зпрр деген диагнозын койды😢😢. Қаншама жүрегім ауырса да мойындауымыз керек қой. Қазір жасы 4тен кетті. Логопедпен дұмыстанып жүрміз. Бірақ уйден өзіміз жақсылап айналысуым керек болып тұр. Бала ауырмасыншы тек. Бәріңізге жақсылық тіледім
Мен жүкті болған кезімде не калдым соны жасадым. Күйеуімді тастап кетіп калдым. Мамама катты барғым келеді, мамамның жанында болғым келеді төркінне кетіп сонда босандым. Тамаққа тоймайтынмын, қазір ойласам өзінің солай жасағаныма жарайсың деп қоямын😊. Ешнәрсе өкінбеймін❤
Сұхбат өте әсерлі. Әсіресе Ақеркенің ситуацияны қабылдау туралы айтқаны🥺. Баланың жағдайын жасырып, оны қоғамнан алыстатпау керек екенін өте дұрыс айтты. Мен де Баламның жағдайын қабылдаймын, бірақ срыв болып қала береді(жылау деген құрбымыз болып бара жатыр). Енді бұл бізге берілген сынақ болғандықтан, әрекет бізден, нәтиже Алладан 🤲. Босанғанша токсикоз болған, мүлдем ұйықтамаған маған,артқа қайтуға желания да жоқ🤪.Бірақ, Жүктілік кезіме қайта баруға мүмкіншілігім болса, ешкімнің сөзін қабылдамай, қажетсіз ақылдарды мимо уши жіберіп, ешнарсені ішіме жинамай, ұйқым келген уақытта дүние төңкеріліп жатса да ұйықтайтын едім және тек өзімді және іштегі ұлымды ойлар едім.
Сұқбат керемет өтті, мотивация, өмірге құштарлық бердіңіз! Менде екінші баламның жүрегі дамымай қалды, ВПР диагнозын қойып жүктілікті 22аптасында үздіртті, мен соның себебін көп іздедім, бәрін кінәләдім, врачтар, күйеуім бәрін. Бірақ қазір түсіндім мен өзімнің ішке сақтауымнан, ештеңені сыртқа шығара алмауымнан, енемнің ауыр сөздерін ішіме сақтай бергеннен, үйден шықпай тек үйдің шаруасын істегеннен болған екен. Қазір шүкір тағыда жүктімін бұл жүктілікте барынша ішіме сақтамауға тырысам, адам бетіне айта алмайм бірақ дәптерге жазып немесе басқада нәрселер істеп көңілімді бөлемін! Шүкір Аллаға қазір бәрі жақсы кішкене сынақтар болғанымен мен еркінмін, мен ешкімнің сөзін көңіліме алмайм, бәрін ұмытуға тырысам және мені қанша төмендеткісі келседе мен ешкімнен төмен емеспін😊 Мен Алла алдында бір тұлғамын ешкімге ұқсамайтын😊
Күшті подкаст болды👍🏻 Менің екіншіме аяғым ауыр 8ші айдамыз, құдай қаласа аман есен өзім босануды нәсіп етсін деп тілеп жүрмін! Сұрақ бойынша, бізде қазақтан надандық барғой әсіресе Советтен қалған түсінік енелерде, ой бәріміз тудыққой өлмей ақ дейтін, поддержка беруді білмейді, тек өздерінің айқаны дұрыс. Мен екінші бөпемді енді көтерген кезде қатты жанжал болды семьямызда, өзіме де балға да көңіл бөле алмадым дұрыстап, біраз нерв кетті көп затқа өзімді кінәлі сезіндім, қазір енді босануға аз қалғанда білдік баланың жүрегінде бір артық қан тамыры бар, ал ол енді бала бойға біткенде өз орнына түсіп бірігіп кетуі керек екен. Мен сол бастапқы сәттерді ашумен ызамен өткізіп алдым, сол кезде көп ашуланып балаға көңіл бөлмегеннен шығар деп ойлаймын соның бәрі, енем байым не дейді деп. Сол бастапқы сәтке орала алсам бәріне қолымды бір сілтер едімде, өз кайфым өзімде жүруші едім, ешкіммен шаруам болмай. Өзімізді баламызды күтейікші, бұл бала біздің аманатымыз, Аллаға жауап береміз осы әр көңіл бөлінбеген сәт үшін қыздар❤️❤️❤️ Осындай шынайы подкастар көөөп болсын люблю вас❣️
Ақерке сенің қателігің мендеде қызымды тастап жұмыстан қалдым ақша табам деп шауып жүріп уақыт өтіп барады, ертеңнен бастап демалыс алып 1 айымды өзіме және зпрр қызыма арнаймын деп шештім. Жұмыс-жұмыс деп өзін шала тудым 1300 қылып, шүкір Аллаға кәзір жетістігі көп, мектепке дейін қатарына қосам ба деп жүгіріп жүрмін! ❤ Сізге де соны тілеймін !
Маған өте қатты ұнады подкаст. Мәнжі, мағыналы, пайдалы ақпараттар көп болды. Мен де жас анамын. Айтқан сөздерімен 100% келісемін. Әйел адам аяғы ауыр кезінде өзін және баласын ойлау керек деген сөзге келісемін. Себебі әйел адамның көңіл күйі, денсаулығына байланысты саналы, сау ұрпақ әкелу. Мен де скоро бұйыртса 2 баланың анасы боламын. Сол себепті балаңның болашағы, отбасы деген сөздің мағынасын өте тереңінен түсініп жатырмын. Балаң ең алдымен саған керек сол себепті балаңның жағдайын ойласаң бірінші өзіңді күт дегім келеді болашақ аналарға.❤️❤️❤️❤️❤️
Ақерке шынайы , пайдалы сұхбат бергеніңізге рахмет 👍 Мен жақында 3 баламды дүниеге алып келдім. Өзімнің жүктілік кезіме оралып өзіме беретін кеңесім болса жүктілік кезде телефон көп қарамау , оданда таза ауада көп серуеңдеу, ашу ызалыққа берілмеу, өзіме қатысты да қатысты емес негатив сөздерге аса мән бермеу еді . Тек жақсы ойлар мен баланың болашағын ойлау деп айтар едім.
Өте жақсы подкаст болды. Мен ең бірінші рет 18 жасымда ана атандым . Ол кезде бала болдым көп нәрсені түсінбедім . Қалай жүкті болдым солай неше түрлі ауырулар шықты. Оғанда мән бермей жүре бердім . Кейін екінші баламды көтеріп қойдым ол кезде кішкене витаминдер іштім бірақ тоже неше түрлі ауырулар . Қазыр екінші балам 4 те. Менде енді түсініп жатырмын бала көтерер алдында дайындалу керек екеннін ,жалғыз сен емес әкесіде дайындалу керек! Басыңнан төмен қарай . Тісіңді емде, көзіңді емде гемоглобин көтер . Ауыру анадан ауыру бала туады сау анадан сау ана туады . Ақерке ханым дұрыс айтады бай болғың келсе денсаулығыңды сақтау керек . Осы жылдарда денсаулыққа қанша ақша кетті млндап кеткен шығар . Бала деген ол өте үлкен жауаркершілік мен оны осы 24 ке келіп түсініп жатырмын . Бірақ мен ойлаймын әліде кеш емес . Әліде көп өткізіп алған нәрсені дұрыстап алуға болады . Ақерке ханым балаңыз тез жазылып кетсін . Бұл өмірде ешбір ананы баламен сынамасын . Бәріңізге тек жақсылық тілеймін ❤
Ақерке ханым ия дұрыс айтасыз. Барлығымен ұрыссаңда қырылсаңда ашылып барлығын айтып тастаған жақсы бір жеңілдейсің зато бір біріңе деген өкпе реніште болмайды. Аллаға шүкір менің мінезімде дәл солай бірақ сол мінезімді көтере білетін аяулы жарым бар. Сол жарымның барына қуанамын. Мен өзім бала тәрбиесінде шыны керек бұрынғы өзімнің балалық шағымды еске алып, кезінде не үшін анамыздан ұрыс еститініміз не үшін ашуландыратынымызды енді балалы болғанда түсіндім. Өзім жасым 29да шүкір 5баланың анасымын. Аллаға шүкір балапандарымның денсаулығы жақсы. Соңғы жүктілігім қиын болды шыны керек баламды 1жасқа дейін жүріп кеткенше көтеріп алып қараттым ешқайда да қашпады ия кейде сол өкініштер болатыны рас. Бірақ күйеуім жұбататын мойыма бәрі жақсы болады деп. Сол күндерде өтті шүкір кәзір баламның денсаулығы жақсы. Негізі ия балаға көп телефон берудің қажеті жоқ біздің үлкеніміз ерке болды 1шісі болған соң еркелеттікпе әлде қателігімізбе соткаға көп қарайтын еді даже біз ұйықтап жатқанда да қасымыздан алып кетіп қарайтын үстіне жамылғы жауып алып қарайтын еді. Содан біздің қыз мектепке барды содан зрениесі нашар болды казір алысты көрмейді. Даже кейде ұйықтап жатып ұйқысынан оянып жағалап жүріп очкиін іздейді сол момент ана үшін ең қиын сәт балаңның сол жағдайын көру қиын. Апармаған жерім жоқ 18жасқа дейін балаңыз очкимен жүреді одан соң операция жасатасыз деді. Бұйырса осы кезеңді жеңсем екен баламның болашағы үшін Алаңдаймын ана болған соң қыз деген жарт жұрттық өзге жерге үйге барғанда қалай болар екен деп осы қызым 9-10жасар қызыма алаңдаймын. Алладан сұрайтыным сол балапандарымыз аман болып, қасындағы жолдастары жақсы боолса екен деп тілеймін. Аллам баламен сынаған аналарға күш куат берсін Аллам тек балапандарыңызды ауыртпасын. Өмірдегі ең қымбат байлықтарымыз аман болсын бар болсын.
Қазақта мақал бар, ақылды жасы үлкеннен емес, көпті көргеннен сұра деген, соның көрінісі болып отыр Ақерке. Мен де баламды декретке шығатын уақытым, өтіп кетіп, жумыс істеп жүріп сол, сол ковид жұқтырып өзім, баламды ерте босандым, өзі кішкентай болып, әлі күнге дейін аурушаң, дамуы туралы да қазір ойланып отырмын, кері қалып жатқан жоқ па деп, тексертем деп отырмын осы подкастан түйгенім. Рахмет сіздерге
Шынай, маскасыз, как она есть айтатын қыз.Алла шипасын беріп,ХанАлиі тез сауығып кетсін.Бақытты бол Ақеркежан!Өте керемет жан. Түскен бар кинолары, ваиндары ұнайды 👍👏🏼👏🏼👏🏼💐
Қайырлы кеш, түнгі 00:40 уақыттан сұхбатты тыңдадым. Біраз катарластарға түртіп алатын жері бар екен, біріншіден өзіңді сыйлау, өзіңе жаның ашу, екі қабат кездегі айелдің психологиясы, өзін күтінуі, елпілдеп жүре бермей. Екіншіден аутизм баламен қалай жұмыс жасау керектігін ашып айтты, қайда барыр емдетіп жатыр, балаға қалай көмектесу керек. Ең маңызды керек мәліметті берді.Қазіргі проблема ата-ана аутизм баланы қайда апарып емдетерін білмейді. Осыған қуандым. Рахмет. Балаға көңіл бөлу, қыдыруды азайту, уақытты өзіңе пайдалану туралы ойлары ойландырды. Бәріміздің деңгейімізде әңгіме айта білді. Өте қарапайым. Дубай, қымбат сыйлық, ақша туралы әңгіме болмады. Молодец
“Құдай-ай неге маған осындай сынақ бердің” демей. “Менің сынағымнан басқа аналар сабақ алса екен, менің қатемнен үйренсе екен” деген Ақерке молодец. Өте дұрыс сыйлық, қазір күн салқын далада көп жүре бермейді балалар. Гаджетте отырғанша сол ойыншықтармен ойнасын. Менің балам 1 жас 7 ай . Балама көршілер “Ұлы дала баласы” “Маугли” деген ат қойған өйткені күн демей түн демей, ауа райына да, мезгілге де қарамай далада жүретінбіз. Далада еңбектеп бүкіл тасты теріп, шалшық суға ойнайтын. Тізесіне наколенники кигізіп жіберіп қоятынмын. Далала еңбектеген баланы бірінші рет көрдім дейтін елдер. Шалшық суды шалпылдатып отыратын , өткен адамдар жаман қарайтын. Бірақ өткендегі аяздарда далаға шықпай қалдық, сол кезде телефон беріп едім , тез үйреніп алды. Подкастты көрмей тұрып, инстаграмнан үзіндісін көріп, телефон бермеймін деп шештім. Үй тірлігемен қоса баланы ойнатып шауып жүрмін 40 тан ассам да😄. Екі қызымды ақ колготки кигізіп әдемі қылып жүруші едім. Ұл ол тәртіпке көнбеді. Бірақ бала солай дамилы деді ғой Ақерке
Қайырлы күн! Менің есімім Аружан, жасым 25 те, бір баланың анасымын. Қызылорда қаласынан боламын. Сіздердің подкасттарыңызды тыңдап жүріп үй жинап, ыдысымды жуып, жаңа серия шыққан сайын үзбей қарап отырамын.😄 Осыдан 4 жыл бұрын, өзімнің кішкентай кезімде бірге ойнап өскен көрші жігітке тұрмысқа шықтым. Бәрі бірден керемет, бақытты бола салам деп ойлайтын Аружанның басынан түрлі қиындықтар өтті. Бірақ сол қиындықтарды қазір ойлап отырмын, өз қолыммен жасап алыптымғой деп..😄 Кінәлі емес адамдар кінәлі болып, күйеуім екеуміздің арамыздағы сезімді сөндіріп алғаныма қазір өкінемін. Жүкті екенімді білгенімде, ішімнің сол жақ трубасында киста бар екенін білдім. Ол уақытта аса қорықа қоймадым. Узи-ге барған сайын сол киста баламен бірге өсіп келе жатқанын айтатын, мен уайымдап, балаға зияны тиіп кетпейма деп ойлана бастадым. Сол үшін енеммен ұрысып, өзімнің үйіме кетіп қалатын күндерде болды. Сондағы, мен ана кистаны алдырып тастаймын деймін, енем алдырмай ақ қой, ертең баланы туғанда артынан кистаң өзі түсіп қалады дейтін.. Балам 30 апта болғанда, ол кистаның 15см өскенін естіп, күйзеліске түсіп кеттім. Күнім жұмыс істеумен, түнім жылаумен өтетін. 34-аптаға жеткенде өзімнің ауданымдағы поликлиника сізді біз босандыра алмаймыз деп бастарын ала қашты, содан не керек, Алматыға шықтық күйеуіміз екеуміз.. Алматыдағы біраз частный роддомдар біз басымызбен жауап бере алмаймыз, ертең операция кезінде бірдеме болып қалса, біз кінәлі болып қаламыз деп бізді біраз роддом шығарып салды. Ол уақытта енем екеуміздің арамыз нашар, ешкімді көргім келмейді, жылай беремін. Уақыты жақындаған Аружанды «ана мен бала» роддомына тықты. Ішім өте үлкен, ырсылдап жүретінмін, будто 4-5 бала бар сияқты деп күлетін қасымда жатқан келіншектер. Ол киста 30 см болып өсіп, кесерова болып, баламды аман есен алып, операция уақытында ішімдегі киста жарылып, оны қырып, операция уақыты ұзарып қатты қиналған едім… Қазір сол кездерді есіме алып күлкім келеді, бір жағынан қатты ызам келіп жылап аламын. Сондағы түйгенім, жаңағы Ақерке айтып отырғандай ешкімді тыңдамай, ешкімге ренжімей тек өзіңді ойлап, тек өзіңе уақыт бөлу керек екен. Сонда бәрі дұрыс болады… Сен балаңнан басқа ешкімге керек емессің, өзіңді күтін деп айтқым келеді сол уақыттағы өзіме. Қазір бәрі жақсы, Аллаға шүкір, күйеуім, балапаным үшеуміз бөлек шығып, Алматы қаласында тұрамыз..☺️ Ең бастысы ешкімнің көңілінен шығуға тырыспаймын, енемменде арамыз жақсы..🙏🏻
Какая искренняя, открытая, эмоциональная, прямолинейная ♥️♥️♥️! Очень понравилась, Акерке🫶🏻! Многое откликается👍🏻. Не знала ее до этого выпуска. Спасибо, что открываете таких героинь ✨✨✨
Мамские әңгіме подкастын бірінші рет көріп, тыңдап отырмын. Ақерке өте тамаша, ашық, шынайы жан. Айтып отырғанының бәрі тұп-тура. Әдемі әңгіме болды. Алла баласына шипа беріп, аман-есен сауығып кетсін.❤
Кушты мотивация рахмет Акерке жылап алдымгой кайта котерсемде Алланын калауы деп туар едым кайта мумкындык берсе де мен жуктылыгымде былдым ерекше екенын жане мен баламнын диагнозын кабылдадым Алланын тагдырына бой усындым жане Алла ушын жаксы корем баламды ешкашан бас тартпаймын.Все что не случается все к лучшему.
Родной-1-ді тырқылдап күліп отырып көрдім, өте керемет фильм👍Өзіме күшті өтті приколдары😂Шыны керек Ақерке мен күйеуі болып ойнаған жігіт алып шықты ғой киноны👏👏👏👍👍👍
Жүктілік кезіме қайта оралсам, туу уақытына қайта оралсам, өзіме "Ауруын жасырған аңдамай өледі"демекші бәрін жасырмай, соңғы мазалаған денсаулықтағы өзгерістерді врачтарға хабар беруім керек еді. Сонда менде прэкламсияға өтіп кетпеуші еді деп ойлаймын. Поздний гестоз басталғанын іштей біле тұра шара қолданбадым. Алла сақтап аман қалдық егіздеріммен. Аллахқа шүкір және дәрігерлерге мың алғыс💐 Тез арада бәрін реттеп, туғызып алды❤
Қандай шынайы сұхбат. Қыздарға өзіңді күт деп айтқан ақылы өте дұрыс. Дүние деп баланы ұмытатынымыз рас. Ақеркені шақырғандарыңызға рахмет. Арнайы іздеп қарадым
Ақерке шынайы, таза пейіліңізге рақмет!!! Қаншама қызға үлгі болып қаншама құнды ақпарат айттыңыз өте керемет! Адамның ойын жақсы жаққа бұрдыңыз қаншама рет қаншама адамнан естісемде просто қабылдау керек деген сөзді дәл сіздікіндей өтпеген еді рақмет ❤️❤️❤️🫂 Жүктілікке келер болсақ ия менде дәл сіз секілді сразу көтергенмін ол нәрсеге дайын болмадым күйеуім екеуміздің арамыз дұрыс болмай түсініспеущілік арамызда өте көп болған қаншама реніш өкпе менде жинала берді менде уақытынан ерте босандым бірақ шүкір Аллаға сразу жылап омырау алып кетті!!! Шүкір қәзір отасқанымызға 3жылдан асты 1ұлым бар 2жас 5айға кетіп барамыз сіз айтқандай сотка телевизор көп бермеуге тырысам құрсағымда жатқанда бере алмаған махаббатымызды қәзір беруге тырысып келеміз, бәрі ұмытылады екен өкпе де реніште)) сол жүктілік кезде көп жүріп серуендеп өзіммен өзім болып баламен связьді жақсы ұстау керек екен өзіңе қарап сау ана-сау бала деп бекер айтпаған екен өте көп нәрсені ұқтырдыңыз рақмет сізге және сізді шақырған Айнұр ханымға рақмет! Ұлыңызға Алла шипасын берсін, аурудың ізіңде қалдырмайтындай етіп берсін ❤❤❤
Ақерке ханым өзіңіздің қолыңыздан ұзатылып едім, өте шынайы, қарапайым, аурасы өте жағымды келіншексіз😍 мен де қиын кезеңнен өтіп жатырмын, сөз сын көтере алмаймын, тұрмысқа шыққан соң бүкіл ауруым шығып өзімді жоғалтып алдым, Алладан әр түні сұраймын, күш қуат бере гөр, перзент сүйгізе гөр деп былайша айтқанда өмірдің сынағын көріп жатырмын, өте керемет сұхбат болды 🎉
Сондай шынайы ержурек кыз,Ырысбала екеуинизди Аллам халык ушин жараткан гой,екеуинизгеде сынак берген,сол сынакты котерип жатсыздар,алдагы уакытта балапандарыныз сайрап,бииктен коринсин,шынайылыгынызга риза болдым,тек озинизди ойламай,билгенинизди халыкка айтып жатырсыз,омирге керек манызды сухбат болды,билмегенди билип журемиз,менде жумыска шыксам деп асыгып журген едим,мына ангимеден кейин коя тур дедим озиме,асыкпа биринши баланы ойла,сосын дуние болы жатар деп,рахмет баланыз сайрап кетсин,акылды,билимди азамат болсын❤🎉
Бірден бір әңгімені қалдырмай көремін❤ өткен шаққа оралар болсам, бала көтере сала әрбір ана баламен тілдесіп, көп көңіл бөлу керек. Аяғым ауыр кезде мен көп кітап оқып,спортпен шұғылданып, аяғы ауыр келіншектерге арналған дайындық курстарына барып, Алланың 99 есімін жаттар едім
Өте керемет сұхбат😍 қазақша қандай әдеміі қазақ қыздары. Ақерке ханымды басқа қырынан бүгін таныдым😊 Бәрі жақсы болсын, аман-сау бақытты болыңыз🤲🏽 өзіме керемет ұнады бәрі шынайы, жақсы әңгіме❤
Керемет өмірлік тәжірибелен алынған ақыл кеңес болды. Ұйымдастырушыларға мың алғыс! Жүктілік кезінде ең алдымен эмоциялық тыныштық пен бірқалыптылық маңызды болар. Бәрі де ананың көңіл күйіне байланысты. Сондықтан қыздар дүние айналып ортасына түсседе көңіл күйлеріңіз жоғары болсын. Белгілі уақыттан кейін қолыңызға алып, көкірегіңізге басатын шынайы бақыттарыңызды ойлаңыздар. Қалғанының барлығы уақытша, өткінші маңызы жоқ өмірдің уақ түйек өткелдері. Аман болыңыздар болашақ аналар!!!!
Мен жүктілік кезіме оралсам. Жалпы жүктілікке дайындалар едім. Көп нәрсені өткізіп алдым. Көп нәрсе назардан тцс қалдырдым. Менің аяғым ауыр болған кез карантинмен тұспа тұс келді. Білмеген заттарым көп болды. Алғашқы жүктілік болғандықтан ба. Ай күнім жетпей ерте босандым. 45 күн больницада жаттық. Қәзір шүкір Қызым 3 жастан асты осы уақыт дейін біраз еңбектендік шүкір. Ақерке ханым өте дұрыс айтты. Балаға көп көңіл бөлу керек. Кәзір ойласам шүкір уақытында қимылдап қолға алғаныма деп. Балалар ауырмасын🤲
Жаныыым жаным Маша. Бір күліп алдым, бір жылап алдым, ойға түйетін біраз нарсе білдім, керек кеңестер көп айттың. Алла ХанАли патшаға шипасын берсін, үлкен азамат болсын. Ертең менің балам деп мақтанып марқайып отыратын жігіт болат. Айдай сұлуың хас сұлудың бірі болат. Керемет сұхбат болды. ❤❤❤❤❤
Жуктілік кезіме оралсам ең бастысы баланың денсаулығын ойлап және болашағымды ойлап барынша сабырлы болуға тырысар едім,жуктілікке алдын ала дайындалып стресспен уайым қайғыдан өзімді аулақ устар едім. Өте керемет жансыз.Барлығын шынайы тусіндіргеніңіз ушін алғысым шексіз.
Жүктілік кезіме оралсам,өз ойыма,өз тіліме қақпақ болар едім.Ештемеге мән берместен,әр затты,әр дүниені жатып алып ойланбас едім.Өз денсаулығыммен баламның денсаулығына бей-жай қарамас едім.Мүмкін жас болғандықтан болар,мүмкін алғашқы жүктілігім болғандықтан болар балам жарық дүниені көрмей кетті.Алланың берген сынағы шығар деп қабылдадық.Бірақ іштей қиналасың,себебі, токсикоз болып қиналып,кейіннен балаңның өлі екенін біліп,балаңды қолыңа алмау ол өте ауыр дүние екен.Барыңды бағаламау деген рас екен.Ол кезде әрине бақыттымын деп айтпадым,ал қазір ойлап қарасам ең бақытты кезім,ең бір қызық сезімдер сол жүктілік кезім екен.Ақерке әпшеміздің айтқаны рас.Бай болғың келсе өзіңді күт деген.Құдайға шүкір әлі талай палуандармен,тәтті ханшайымдарды өмірге алып келуге күшім жетеді Аллаға шүкір денсаулығымыз бәрі жақсы,әлі жаспыз,өмір алда.Бірақ міне,қазір күйеуім екеуіміз толықтай денсаулығымызға көңіл бөліп,емделіп,қаралып жатқанымыздың өзіне бірталай ақшамыз кетіп жатыр.Шүкір Аллаға осы өмірімізге шүкір
Әңгімеңізге көп рақмет!!! Барлығы шынайы болды. Қазіргі нағыз проблемаларды дөп айттыңыз. Мен де солай ойлаушы едім. Мысалы адамдардың не болса соған, болмайтын нәрсеге жиналып, бас қосуы. Бір біріне қымбат сыйлық беруі. Өтірік ақша үшін араласуы. Т.с.с. Менің қазір аяғым ауыр. Көп ашуланған кездер болды. Сіздің әңгімеңізді естіп, ашуланған кездеріме өкініп отырмын. Босанатын уақытым келсе де толғақ жоқ. Қалай босанады екенмін деп уайымдап отырмын. Алла жеңілінен берсе екен деп тілеймін. Бәрі жақсы болса екен. Сіздің де балаңыз жақсы болып, жазылып шықсын. Барлық бала ауырмаса екен. Аналардың уайымы аз болса екен. ❤
Салем барлыктарынызга!!!! Екинши балага аягым ауыр болғанда таттини коп жейтинмин, казир сонын сорын балам корип жатыр 😢. Ишимдеги эмоциямды таттимен шыгаратынмын. Соган катты окинемин. Шукир казир ишкен тамакты катты кадагалаймыз. Омирдин кез келген кезенине дурыс,укыпты карау керек екен. Мамский әңгіме сиздерге үлкен респект ❤❤❤
Мен кыргызбын сиздердин интервьюларынызды корип казакша тусинип уйрене бастадым осы Акерке маган оте унайды кушти аткарады ролдерин бугунги сухбатын корип озимди коргендей болдым мен да жукти болган кезде депрессия болдым тынбай жумыс истедим босанганда оте кыйналдым балам да жыламай дуниеге келди сосын 1 жас 5 айында тагы жумус истейм деп баламды бала бакшага бердим балам мулдем конил бурмай шакырса карамай койды уйдегилерге корсетейли десем кээ быр балалар кеш суйлейди жаксы уаймдама деди урусуп согысып атып баламды озим алып барып корсеттим калага сосын аутизм деген диагноз койды😓 менин устиме биреу муздак суу куйгандай болды барлык нарседен конилим калды омирге кызыгуу деген сосын жыйналдым баламды тузетуум керек балаларга косуум керек деп истеген жумусумду тастадым балам ушин казир баламды кунде логопедке алып барамын маган эш ким комектеспейди озим барин орындауга куш топтай алдым балам суйлей бастады Аллахка шукур мен да сиздей ойлагам Аллах маган болды жумус деп тытына бермей балана кара деди мекен деп бирак та балам осындай деп эш кимге айта алмайтын эдим калай кабылдайды деп бугын сизден оте кушти мотивация алдым рахмет сизге бугынден менде баламды аутизм экенин айта алам алументтик желеге сала алам осы балам аркылы минезим озгерди адамдарга деген коз карасым озгерди балам сондай ак конил мээйримди эш кимди жаман ойламайды биреу оган кулсе де ренжимейди😦 биз аулда тургандыктан развивающий оюншук тапмаймын менин балама оюншугунызды берсенгиз кубанар эдим биракта калай бересиз мен Кыргызстанда болсам😕 эрекше балалары бар барлык аналарга Аллах куш кубат берсин келешекте баламды мыкты спортсмен алем чемпионы кылгым келеди
Кыргыз халкын жаксы корем ,бизде шымкентте коп Кыргыздар, оте тыныш адамдар, карапайым саудаларын жасап журеди, турлериде озимизге уксайды сойлегенде Гана тилдеринен билесин кыргыз екенин, Рахмет😊
@@Элиза-х9д балам 6 жашта 2 жыл лечение кылдык андан кийин кучтуу профессор невропатологко корсоттум эле эч кандай дары укол жардам бербейт только заниматься логопед дефектолог деп айтканынан азыр логопедке каттайбыз
Айнур ханым мынадай сұхбат жасап жатқаныңызға өте керекті маңызды тіпті аса маңызды ақпараттар айтылып жатыр. Ақерке ханымға ашық әңгімесіне рахмет . Ұлыңыз ер азамат болып өсіп бір кезде ұлыңызды үйлендіріп осы подкасты есіңізге алып отырыңыз
Айнур Ильясова спасибо вам большое, что ведете такой полезный подкаст будущим мамам. Ақеркеге үлкен рахмет, барлық затты ашық айтып, қандай қателіктерді жібермеу керек екенін айтып жатқанына
Меніменн аттас екенсіз ,меніңде есімім Ләззат,менде 21де баламды 40аптасында өзім босанып едім,23жылы қызымды 40аптасында босандымАллағв шүкір.. Айтып жатқаным аттас әрі бір жылда босаныппыз деп таң қалып жатырмын 😊😄
Оте пайдалы подкаст болды ! Менын кызыма басында РАС деп айткан сомен кызымда казыр ЗР . 2 жыл болды жумыстеп берылмей женып келе жатырмыз кудайга шукыр 🤲🏼 айтып жаткан создерынызге келысемын! 👏🏻🌸👍🏼
Спасибо за интервью, сразу включила как увидела описание «зпрр» у моего сына тоже зпрр. И да очень тяжело вначале принять этот диагноз. Если бы я вернулась в свою беременность, как и было сказано, я бы везде проверялась, пила витамины, не стрессовала из-за внешних раздражителей (мужа, родственников итд). Я столько нервничала из-за каждого слова, а сейчас думаю «зачем?» страдаем в итоге я и сын. Еще я бы кайфовала и наслаждалась беременностью, ходила бы на фотосессии, много разговаривала бы с малышом, думала о приятном, ходила бы в красивые места, путешествовала бы. Лучше все эти деньги которые трачу на лечение, потратила бы на беременность и хорошее самочувствие.
@@mybigfamilykz здравствуйте, да лечится, главное терпение 🙌🏻 занятия ежедневные, наладить питание, и много заниматься физически( бассейн афк) но будет долго 🙌🏻
Қайырлы күн! Подкаст үшін рахмет! Өткен жүктілік кездегі өзіме кеңесім: -дұрыс тамақтану -таза ауада серуендеу -уақытында витаминдерді ішу -барынша іздену (толғақ, босану дем алу) дайындалу -ең бастысы тек босануға ғана шектелмей, өмірге перзент келгеннен кейін барлығына дайын болу (колики,ұйқысыздық,баланы емізуді дұрыс білу) -дүниеге келмей тұрып жақсы педиатр, неврапотологқа жазылу себебі жақсы дейтін врачтардың запистери өтее көп, жазылып қараламын дегенше 3-4 ай өтеді…
Жуктилик кезге оралсам озиме кенес:Кандай жагдайда да шукиршилик,жуктилик кездеги киыншылыктарды сабырмен алып журсен онын Хайыры Алланын саган берген сыйы осы балапанын,озинди журегинди таза тыныш устасан баланнын да дени сау болып туылады.сол ушин озинди жане даригерлерди тында😊❤
1 ші балама жүкті кезіме оралсам, "Фариза өзіңді балаңды ойла, ат сияқты шапқылай берме, өзіңді күт, бәріне үлгересің. Сенің дәл осы жүктілік кезіңде 1 тұлғаның өміріне жауаптысың басқасы бос" деп айтар едім. Қалған 3 жүктілігім Альһамдулиллаһ керемет өтті🙏
Керемет подкаст болды, ризамын Ақеркеге!!!👍👍👍 Жас қыздарға тыңдайтын подкаст, бірінің артынан бірін туа беретіндерге, өзіне-балаға қарау керек, көңіл бөлу керек, артынан осындай жағдайға тап болмас үшін. Себебі қиналатын өзі және баласы((( Ақеркенің әр айтылған сөзіне қосыламын
Керемет жас аналарға ең маңызды ақпаратпен бөлістіңіз! Мен бірінші жүктілігім есіме түсіп отыр,жас келінмін,шыны керек ол кезде анау керек деп күйеуіме айта алмаппын даже.Даже дәрі,витамин ішіп, дәрігерге бару дегенді дұрыс орындамаппын Акерке ұқсап мән бермеппін жүктілігіме. Әттең уақытты кері қайтара алмаймыз! Шүкір қазір 3 баланың анасымын. Бірақ тұңғышым сол себептерден деп ойлаймын тілі кеш шықты. Жас келіндерге кеңесім жүктілікке қатты көңіл бөліңіздер дәрі, витаминдерін уақытылы ішіп, дәрігердің нұсқаулығын орындаңыздар.
Подкаст ерекше болды, Акеркенин шынайы ангимесине рахмет😘Турли аурумен куресип жаткан балапандары бар аналарга демеу болды деп ойлаймын🫶🏻Маганда коп комеги тиди, баламнын уршыгы жетилмегенин кештеу билип, кабылдамай, жолдасымды, озимди киналадим. Мамам, жолдасым коп комегин тигизди, озимди колга алып балага жауапкершиликти толык сезиндим. Тамактануын, массажын кадагалап косымша витаминдер берип 1 жыл уакытта натижесин корип жатырмын. Алланын козимди ашканына шукир деймин. Казир жугирип журген баламды корип ризамын. Жукти кезде ойымнын барлыгы жумыс истей алмадым деген мазасыз ой болды, айналам соны маган айтып тургандай сезилетин. Миым болек денем болек омир сурген екен. Жуктиликке дайындалуды да колдаймын, зато дайын агзада жуктилик женил отеди деп ойлаймын.
Мяяяя керемет подкаст болды!!! Тура Әпшемнің әңгімесін тыңдағандай болдым ғой, осындай қарапайым тілмен айтылған подкастты жақсы көрем ше, өзімнің жүктілік кезіме оралатын болсам, бірінші жүктілікте жақсы күтінгем ше, бүкіл витаминді ішіп ұйықтап демалып, екінші жүктілікте стресс өтеее көп болды, оны еще өзіме өзім жасап алғам ғой😅, онлайн жұмыс деп ше, сондағы тапқан тиыным көп те болған жоқ, соның көп зардабы шықты, екінші баламда өзіме неге жатпағам демалып, неге азрақ жұмыс істемегем, неге неге деген жерлер көп болды, бірақ бір құдай сақтап қалды ғой, аман есен туып алдым, уақытынан ерте болса да, сәл шсла туылды бірақ бір жасқа толғанша көп ақшамыз кетті баланың денсаулығын реттеуге🙏🏻. шынымен байығың келсе денсаулық керек екен, рас әр сөзіңізге басымды иіп отырдым!
Ақерке апше Супер 😊 Аликош жазылып өз қатарына қосылып кетсін Алла қаласа. Өте шынайы,ешнарсе жасырмай өз өміріңізден алған сабақты өзгелер қайталамасын деп айтып жатқаныңызға рахмет ❤
Жақсы өтті, ой түйер әңгіме бар екен. Менде 2 баланың анасымын бірнен кейін бірін туып ал өсіп кетеді деген өтрік әңгіме қосыламын екеуінің арасы түра 1жас 9 күн. Біріншімді туып келген соң бірінші бала біздікі екіншісі сендердікі деп баламды сркзу қызғана бастадым соңдай айтқан адамдар көп болды жүректі ауыртып. Баламды алып өздері иемдегісі келді басында кейін мен депресияға қатты түстім💔 ешкім жанымда болмады өкінішке орай . Баладан құтылғым келген ойда болды тұншықтырғым келді болмағаны артық деп әзер әзер өзімді қолыма алдым . Сіздерге айтарым сол ешкімді тындамау керек босанып келдіме қолдау көрсету керек сразу бас салмай. Ажырасқымда келді өз отбасым қабылдаса ажырасып кетер едім. Екіншімде жеке шығып кеттік ата енеден содан көп байқалмады. Бірақ арасында көмек керек болды. Аллаға шүкір сол кезде маған соңдай сынақ бергеніне күш бергеніне 🤲бірақ бұл сынкқ ауыр болды 💔әлі тұрмыстамын отбасым аман есен. Кішкее ақыл тоқтатып тұрмыс құрса сол дрұс сияқты. Сол менің тұңғышыма 3 те болсада толық қанды сөйлемейді сол стресстің әсері ғой негізі үндемейтін едім бәрін іште сақтап😢 ! Аяғым ауыр кезде екеуінеде шүкір жақсы өтті токсикоз болмады.
Басынан аяғына дейін бір деммен көріп шықтым🥰 Ақерке өте қарапайым жан екенін білгенмін, онымен қоса шынайы екен, бәрін бүкпесіз айтып бергеніңе рахмет❤ көп аналарға өздері үшін бір түйіп алар ой сала алдың деп ойлаймын👏👏👏
Мен уакытымнан ерте тудым. Шыны керек дүниеден өлгендей, үйде отырып алмайтын активист болған соң ба балам 2жаска жеткенде жумыска шыктым. Жұмыста жүріп көтеріп қойдым. Көтермей тұрып денсаулық дегенді ұмытқанбыз ғой. Содан жүктілік өте қиын өтті токсикоз 6 ай, одан грипп, жөтел, укол, система. Содан болар катты стресс болдым. Одан күйеуім сен ғана екіқабат әйелдердің қатарынансың ба деген сөздерден қптты қиналдым. Одан елдердің де сөзі шаршатады. Ой не бір бала туа алмай жүрсің ба деген. Жұмысқа дейынгі жол бәрі шаршатып жіберді ма. Психологический стресс мені жеп қойды ма әбден қиналдым. Содан 34апталық кыз бала туылды. Туа сала реанимациядан бірақ шыққан қызым менің. Мен туа сала қызымды алып кетті. 2сагаттан соң көресің деді, ойламаппын сонда кызым кювезде жатады деп. Реанимация есігін ашқаннан аузыма тығылған жүрек менің аяғымды қызыма жеткізбей қойғандай болды. Қызымның сан түрлі сымдар мен трубкаларга ораулы көрем деген ой мүлде болмапты. Сонда ғана маған санама жетті е менің қателігімнен бала осында жатыр, Алла берген сынақ деп. Егер мен жұмыстан шығып, стресске жол бермей күтінсем мен мынандай жағдайда қызымды көрмес едім деп. Аллаға сансыз шүкір деймін. Бүгін қызыма 10ай болды. Алла Тағала екі дүние бақытын нәсіп етсін 🙏. Сансыз шүкір деймін. Аналар, әйелдер өз өзімізге күтім жасайықшы🙏🙏🙏. Күйген дүние күйіп кетсе де
3 балам бар Аллаға шүкір. Екінші жүктілігім қиын болып шала туылды. Өсе келе оның да қиындығын көрдік, кеш дамыды, кеш сөйледі. Бірінші Алла, екінші қаншама мамандарға апарып жүгіргенімнің арқасы бүгін баламның жағдайы жақсы, сөйлейді, түсінеді. Жүктілік кезіме оралатын болсам, күтініп ашуланбай жүру керек екенін түсіндім. Бәрі уақытша қиындықтар екен, баланың денсаулығынан артық ештеңе жоқ екен
Меніңде жуктілігім қиын болды, 9 ай токсикоз, узақ схватка еще басын қысып туганмынго киналып. Баламды 1,5 жас кезинде байкап бастадым, рас зпр койды,государсвамен емдеп журдим пмка барып, потом тусиндим, они не помогут. Содан оренбургта 5 рет , уш ай сайын, одан ташкентте 7 рет 3 ай салып, остеопад,жане ава логопед жумыс жасап, Аллага шукир балам казир диагнозды алып тастады! Жаным барин тусинеди , сайрап жур, Арманым орындалып 1 класска жибердик! Баламды садикке еш кайда жиберместен колыма алып жумыстандық! Так что сынбаңыздар, бари жаксы болады! Главное во время емдеу керек! Паразиттерден тазалап, жетіспейтін витамин, дарилерди беру керек! 2-3 ай салып, тмс, рефлекс терапия, баракамера алу керек! Үміт үзбеңіздер! Көмегім тиіп қалар деп , басымнан өткенімді жазып жатқанымго!
Ақеркемен ең пайдалы, ең шынайы подкаст. Алла разы болсын, шынайылық үшін, ашық мінезіңіз үшін. Сіздің өміріңізден өзімді көрдім. Керемет мотивация беріп, адамды жігерлендірдіңіз❤
Айнұр ханым қонақты дәл тауып шақыратыныңыз үшін РАҚМЕТ!!! Ақерке ханым қым қуыт тіршілік арасында уақыт тауып келіп, ашығынан бірін мыжымай тарсылдатып как есть барлығын айтқаныңыз үшін мың алғыс!!! Балапаныңыз Алланың қалауымен, Сіздердің еңбегіңіздің арқасында жазылып, сауығып кетсін🤲🤲🤲 Балаларыңыздың қызығын көріңіз!
Айнура ВКО forever!!Сіз өте керемет жансыз!!!Осындай подкаст жасап,бәрін жақын тани отыра,пайдалы ақпарат алудамыз.Керегін алып,қателектерінен сабақ алып,жасамауға тырысудамын❤Айнура вы супер!!!
Ақеркенің әңгімесінен кейін 1-ші жүктілігімді дұрыс өткізгеніме қуанып отырмын. Аяғым ауыр екенін білген бойда ата-ене бәрін тастап кеттім өмірге дені сау баламды дүниеге әкелу үшін без опытная мама болсамда, көз тиюден сақтау үшін жүктілігімді ешкімге көрсетпей жасырынып босандым. Жолдасым соңымнан еріп келді чтобы аяқ киім киюде қиын болад деп аяқ киімімді кигізіп беретін. Жүктілігімді ешкімге көрсеткен жоқпын. Босанғаннан кейінде қонақ жайып әуре болған жоқпын. Тек қана баламмен ғана оңашада болдым. Ата-енеге бала 1-жасқа толғанша пысқырыпта қараған жоқпын. Келіндік қызметтен қаштым балам үшін тек балама көңіл бөлдім. Енді 2-жасқа толады сөйлеп кетсе деп отырмын. Ал апам бәріне ұнаймын деп балалары зрр, зпр болып мектепке барудан кешігіп жатыр тым кеш. Лучще эгоист болған дұрыс екен. Аяғым ауыр кезде ата-енемді шетке итеріп жібергенім дұрыс болған екен деп қуанып отырмын. Бізге бала керек қалғаны нафига бала біздің жемісіміз. Егер ата ене деп бәріне келінмін деп жүгіргенімде қазір балама қиын болатын еді. Кейін баланың психологиясына зиянын тигізеді деп күйеуімді де шетке ысырып жібердім. Себебі, босанған соң кейбір еркектер өзгеріп кетеді. Декретте үйде баламен отыр деп өзіне еркіндік сайлап, ал мен сауық-сайран қыдырамын деп бас ауған жаққа кетеді. Қиын кезде баламен үйде жалғыз қалдырып кеткен еркек ешкімге керек емес тапқанын далаға шашатын болса
Кушти подкаст, ен катты унаган осы болды! Алла жар болсын! Баланыз тезирек сауыгып кетсин!!! Озиме жуктилек кезге оралсак, коп кенес берер едим!!!! Коп Нарсе окы! Озинди дамыт! Сенин кателегим тек роды га дайындалып сосын омир Жоктай. Жок! Керисинше! Жана омир басталады. Сол ушин окып жаткан кыздар болса, сиздерге жане озиме кенес! Кыздар коп окындай, калай Бала дуниеге келеди, сосын не истеу керек, 1 ай да калай дамыйды, 2ай калай. Айтатьыт Нарсе коп. Сыйлыгынызды утоп алайк🙏🏻🫶🏻 буйырсын.
Какая она искреняя, простая, открытая! Всё сказала прям как она есть. Все ситуации, все советы прям в точку, не завуалировано, без прикрас, без "воды", прям вообще без лишнего. Информация, её мысли - чистые!!!!!!!!!!!!!!!!
Сәлеметсіздерме?
Ақерке батырыңыз сауығып кетіп, биік белестерді бағындыра берсін!
ЗПРР-Зейіні зерек, Пейілі аппақ, Ризығы мооол, Разылығы Алладан келетін азамат болсын! 🤲🤲🤲
Осындай ерекше балапандары бар ата-аналарға, Аллам мықты күш қуат пен шипалы ем берсін! 🤲🤲🤲
Аумин аман есен сөйлеп кетейік
Аумин
Аумин ин шаа Аллах
Әумин 🤲
Әмин 🤲🏻
Ақерке, еркек екенсіз! Қабылдап, мойындап, дәл осылай айтып отыру үлкен ерлік! Күш-жігер, қайрат тілеймін! Ұлыңызды қатарға қосып, тілашар той жасауды жазсын Алла!
Рахмет! Осыны маған 10 жыл алдын айтқанда ғой. Менде 23 жасымда тұрмысқа шықтым. Бірінші төсектен көтердім. Бірақ қиын болды. Жұмыс, жұмыстан келіп тамақ жасау, ол кезде ютуб, смартфон деген дамымаған кез. Таксикоз. Қазір ойласам болмайтын жағдайларға ренжігенмін. 16 аптасында криз болады. Давления норма 120/80. Сенбі күні болатын басым айналып туалетке бара алмайм қалдым. Күйеуім сенбейді қалжыңдамашы дейді. Туалетке дуалды жағалап барып келдім де. Ойнап тұрған ешкім жоқ дедім. Өзі құтқарушы оларды парамедикке оқытады. Енемнің давления өлшейтіні бар еді. Сонымен өлшесе 90/60. Дәрігерге хабарластым. Олар сенбі күні түске дейін жұмыс жасайтын еді. Дереу киіндіріп өзі поликлиникаға алып барды. Гинеколог пен терапевт дәрігерім бар екен. Давленияды өлшесе 90/60. Мені жатқызып қойып не болғанын білмейді. Барлығы бірінен кейін бірі кіреді. Жарты сағаттан кейін басымның айналғаны қойып ауырады. Қайта өлшесе 140/100. Олар мені қайтармайды. Наблюдение алып қалады. Маған сонда жүктілікті тоқтату керек деп айтады. Бірақ мен біріншім ол уже қимылдайды. Аборт жасатпаймын дедім. Давления 120/80 түсті. Бірақ зорға 30 аптаға дейін жұмыс жасадым. 7 айдан асқан давления 140/100 қайта көтерілді. Допегит жүрдім көмек бермеді. 36 аптада приёмға барғанда 180/120 болғам ғой. Қазір сен отыра тұр деп жедел жәрдем шақырып қойған екен. Сен уайымдама давления кішкене көтеріліп тұр. Мен бір дәрі беремін. Тілінің астына сал деді. Жедел жәрдем келген бірақ айтты давления 180/120 біз сені үйге жібермейміз деп. Үш күн бақылауда болдым. Давленияны түсіріп босандыруға кірісті. Ісініп кеткенмін. Олар менімен сөйлескенде қорқып кеткенмін. Ақерке айтқан сияқты босандым. Бір қолымда система, бір қолда давления өлшейтіні. Вызывающий не деген ауырды. Толғақтан белімді сезбей қалдым. Уайымдап мамам кірген. Маған уқалап беріңізші десем уқалап жатырмын ғой дейді. Қатты больдан сезбеймін белімді. Эпидуралка салдырдым 1 рет. Кейін өкіндім 1000 рет. Эпидуралка салғанда ешнәрсе сезбейсің. Солай толғатқан кезде күшке салғам. Разрыв болдым. Ертесіне эпидуралкама, разрывым бар тік жүре алмаймын. Балам 37 апта донешный бала болған. Ақерке айтқан сияқты сразу дем алмады. Оттегіге жатқызып қойды. Балам содан кейін жылады. Бірақ қасыма алып келді. Қасымда бір күн болды. Одан бір кезде көгеріп сала берді. Шымкенттегі Нұрсаттағы роддом. Ол жаңадан ашылған. Бірақ жаңадан ашылғанын қайтейін палатаға барлығы кіре береді. Қасымда бір орыс қыз босанды. Мен қиналып тұрсам. Әкесі де, шешесі де барлығы туған туысқаны кіріп жатты. 1 желтоқсан күн суық. Әр кірген адам салқын болып кіреді. Баламды алып кетті наблюдениеге, ал мен палатада өзім қиналып жаттым. Сонымен реанимацияға түсіп қалды. Судоргасы ұстап қалған екен. Екі сағат сайын реанимацияға барамын. Сүтімді сауып беремін. Өзім жүре алмаймын эпидуралкадан кейін белім бүгіліп қалды. Мен үшін кашмар сол кез шығар екінші этажға барып келемін дегенше 1 сағат уақыт кетеді. қалған бір сағатта и жуынасың, и шәй тамағың соның ішінде. бір жақсы жері 10 күн сонда болдық. Балам 3 күннен соң бері қарады. Судоргасы қайталанбады. Емуге әлсіз бірақ бутылкаға сауып беремін ішіп қояды. 1 айдан кейін үйренді емшекке. Сол туылған көңіл бастап балама қатты көңіл бөлдік. Дамуы жақсы. Бірақ ашуланшақ болды. 4 жасында тағы судоргасы болды. Апармаған дәрігерім қалмады. Аналар нақты дұрыс диагнозын тапқанша берілмеңдер дегім келді. 6 жасында тағы болды. Судоргасы. Бізде судоргасы болғанда температурасы болмайтын. Нақты диагноз таптық. 3-4 ай сайын емделеміз. Балам жақсы мектепте 5 сыныпта оқиды. Домбыра үйірмесіне қатысады. Айтпақ босанған соң 40 күн тазаланған соң етеккір келіп қалған. Күйеуім маған баладан бұрын сен керексің деп спираль салдырып қойды. 3 жылдан соң спиральді алдырдым, емделіп қыз туып алдым.
Құтты болсын
бәрі жақсы болғанына қуаныштымын👍👍👍
Мендеде солай болған бара сала Батырымды көтерып қойғанмын. Қатты қыйналғам КС менен босады ісініп давлениеменен куту қажет екен положениеде Аллаға шукр Батырым 22 жаста Анашым деп мейрімды озы қарындасынада ☝
Арты жақсы болғанына қуаныштымын, аман сау болыңыздар, мықты әйел екенсиз ма шаа Аллаh, балаларымыздын дени сау болсын
Аман болсын
"Ата-ананын балалы болғанда тусінесін"- дегенді бекер айтпаганго... Казір бала ушін жан беруге дайынбыз. Акеркенін бір сөзі өтті.... Керемет әңгімелесу болды.
Какую важную тему затронули. Сейчас на детских площадках, мамочки в первую очередь спрашивает «ваш ребенок говорит?» То есть сплошь и рядом такой диагноз… Всем мамочкам необычных детей терпения и сил! Всё будет хорошо! ❤️
Жанымммм ең шынайыыыы сондай жаксы қыз! Өтірік қылымсу, жасандылық жоқ. Бул бағдарламанын ішіндегі барлық мамадан ең шынайысы! Барды бар,жокты жок дейтін кыз🥰🥰🥰🥰🥰🥰🥰🥰🥰🥰
Ияяяя оте оте жаксы адам екен коринип тур❤
Рақмет
Кыргызстандын киносуго бирок окшоштуралбапсынар
@@dinaraabekboieva4109 норма казак-кыргыз бир туған🫰🏻
⁰@@МияКалучи-к2и
Ақерке жан дүниесі таза екен. Бүгін бір басқа қырынан таныдым. Жарайсың. Рақмет керек кеңестерді өзіме түртіп алдым. Балама телефон бермей жиі ойнатып , үйдің тірлігі қалса қалсын бірақ балаға , өзіңе көбірек көңіл бөлу керек екен. Керемет әңгіме болды.👍👍
Осы подкастты тыңдағаныма қатты қуанып отырмын. Алла разы болсын, ашық шынайы болғанына. Қазір екіншіге аяғымауыр бұйыртса 35 апта боп қалады. Шынымды айтсам осы жүктілікке мүлдем дайын болмадым, физиологиялық жағынан да , психологиялық жағынан да. Күйеуім ұлды қатты қалады. Бірақ екіншімді узи қыз деді. Өзім қыз баланы қатты жақсы көремін. Соңғы кездері қатты уайымдап сртреске кіріп кете жаздап жүр едім. Осы подкаст бір қолдау болды🤗 Үлкен қызым қазір екіден асты әлі толық сөйлемеді алайда бәрін түсінеді. Өзім көп телефон ұстатпауға тырысамын, барынша бірге ойнап жүремін. Шынымды айтсам сары жәшік бар ғой каробка содан ойыншықтар жасаймын😅 Әр түрлі дамытушы ойыншықтарды ала алмай жатамын😅 Балама қызықты сияқты 😊 Аллаға шүкір бәрі үшін😇 Менің уйымдайтыным екіншімді босансам үлкеніме жақсы көңіл бөле алмай қалам ба дейтінім еді. Жаныңдағылардан көмек сұрап, ішімдегіні тап деме мәмле жасаңдар дегендеріңіз жақсы әсер етті. Көңілім орнына келді☺ Турабір осы подкаст маған арналғандай боп тұр😅 Барша аналардың балаларының дені сау, ғұмыр жасы ұзақ болсын❤
Аман сау босанып алыныз❤ менің де үлкенім қыз, 2 ден асты, қазір аяғым ауыр 28 апта болды Аллаға шүкір. Сіздің ойыңыздағы сұрақтар мені де мазалайды, бірақ уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады, балаларға бақытты ана керек❤😊 қыз бала деген ырыс, несібесі мол, ата-анаға нағыз жанашыр🤗 өзіміз тағы бір қыз болсын деп едік, ұл бала деді узи, аман болсын қыз ұл маңызды емес🤲 бақытты болыңыз
Маған айналғандай болды осы подкаст ойымдағын барин айтти
Егер жүктілігіме қайта оралатын болсам: бірінші жүкті болмай тұрып тісімді,ішкі құрылыс яғни өт,бауыр дегендерді емдетіп алар едім. Жүкті болған күннен бастап витамин қабылдап фолий қышқылы,магний деген сиякты. Токсикоз кезде көп серуендеп, көп демалып. Босанар уакытта толғак,күшенгіш кезде врачты тыңдап, айқайламай,өзімді шаршатпайтын едім . Туып болғансоң обезательно 40 күн ,шілде тер шығарып,тек озім и баламмен айналысатын едім❤
😢😢😢😢😢солго
Босанып келгеннен кейінгі көріп отырған бірінші подкаст. Ақерке келгенің үшін рахмет! Көп ойға түйер әңгімелер айтылды. Балаға қалай көңіл бөлу керек, телефонның зияны, ана мен бала арасындағы байланыс т.б.
Ал сұраққа келетін болсақ мен осы каналдың подкасттарын көріп жүріп жүктілігім өтті десемде болады. Бірінші бала, ештеңе білместік, іште қорқыныш болды, әрине. Бірақ барлық подкасттарды көріп жүріп, қандай қателіктер болғанын тыңдап, сол қателіктерді өзімде болдырмауға тырыстым десемде болады. Аллаһтың қалауымен өзім толғатып 41 аптада эпидуралкасыз өзім босандым. Дәрігерлер эпидуралканы ұсынғанда өз өзіме сеніп, сәл шыдауымды сұрадым. Қазір міне кішкене ғана бөпемді қолымда ұстап отырып, көріп тастадық подкастты. 😅😊
Күйеуім 6апталық екіқабат кезімде қылқындырып айтпағанды айтып жіберседе,7айға дейін құрлыста жұмысымды істеп,витамин дәрілерімді ішіп,ай сайынғы осмотрма барып, арасында Алматыға қыдырып, жалғыз болсамда фотосессия жасатып, роддомғы сумкамды жыйнап,аман есен босанып алдым Аллаға сансыз шүкірлер 😊Кейде өзіме риза боламын❤
Күйеуіңіз не болды?
Әйелдер все можем
Респект🙌
@@УлбалаТузельбаева ол жүр енді келетін бет жоқ,фейк аккаунттармен менің страницаларымды аңдып
Молодец жаным❤
Егерде мен жүктілік кезіме қайта оралсам-ол кезеңдегі өмірімдегі ең қызықты,әдемі,рахаттанып есте қаларлықтай өткізер едім.
2 баламда да жүкті болғанымда әрбір адамның сөзіне мән беріп,жылап,неге ол мені бүйтеді-сүйтеді,неге мені ұнатпайды,неге мен салмақ қостым деп болмашы нәрселерге көп мән беріппін,өшімнің бәрін күйеуімнен алып,күйеуім болмаса баламнан алып,сондай бір ең керемет кезеңді ең жаман кезеңге өзім ауыстырып жібердім.Қазір сол бір кезеңдерді бастан өткергеннен кейінбе менің қазір уақытша бала көтергім келмейді,демалғым келеді,2 баланы арты-артынан босанғаннан кейін өз-өзімді күтпей,қарамай 16 жастағы қыз 35 жастағы тәтеге қалай айналғанын өзім түсіне алмай қалдым.
1-ші баламды 16 жасымда,ал 2-ші қызымды 18 жасымда босандым,қазір жасым 20 жаста,өмірім әлі алда,шарықтап,жарқырап тұрған кезім,ары қарай отбасы,бала-шаға,карьера,өзімді тұлға ретінде қалыптастыру бәрін бірге жақсы деңгейде орындау үшін барымды салып жүрмін.
Ал енді сол бір кезеңге оралар болсам,өзімді бір ертегідегі ханшайымдай көретін едім,өзімді жұмыссыз,оқусыз жай ғана аяғы ауыр келіншек емес,өзімді бір өөөте үлкен,маңызды проект жасап жатқандай көретін едім,әр күні баланың қолы,екінші күні баланың басы,үшінші күні саусақтары,аяқтары т.б дегендей…
Мен соның бәрін жасап жатырмын,оған қоса ол баламды тәрбиелеп жатырмын,үй шаруасы,күйеуімнің разылығы дегендей,өзіме бір жай ғана үйде отырған адам деп қарамас едім,әрбір айнаға қараған сайын түрім қандай,фигурам қандай болсада өзіме бір генийға қарағандай қарар едім.
Жүктілік кезеңіме оралсам,әрбірінің сөзіне бір мән беріп,өзіме ен қымбат,маңызды нерв клеткаларымды қайдағы бір адамдардың болмайтын сөздеріне құртпас едім.
Толып кетем,күйеуіме фигурам ұнамай қалады демей,не жегім келеді,не ішкім келеді,нені қалаймын,нені қаламаймын бәрін жейтін едім.
Мен 1-ші ұлымда өөөте үлкен сынақтан өткен едім,күйеуіммен жүріп жүрген кезде өзімнің жүкті екенімді енді білдім,жасым бар болғаны 16-да,ішімдегі бала 6 айлық,аборт жасауға мүлдем келмейді,сол тұңғыш ұлыма жүкті екенімді білгенде ішімді ұрдым,өзімді ұрдым,асылып қалуға дейін бардым,өзімді қатты кінәладым,өйткені менің әкем жұмсақ адам емес еді…
Жүктілігімді білмеген кезде де достарыммен ойнап жүріп қыста таудан құладым,Алматы да тау көп білесіздер,сол таудың бәріне шықтым жүктілік кезімде( жүкті екенімді білмеймін) толып бара жатырмын деп неше түрлі арықтайтын дәрілер іштім, күйеуім екеуміз жүкті екенімді білгенде жыладық,күлдік,қалай үйленеміз,ата-ана,туған-туысқан не дейді деп көп депрессия,стресс болды.
Үйленгеннен кейінде арамыз дұрыс болмай,ұру-соғу,ұрыс көп болды.
Бірақ қазір шүкір,бәріне шүкір деймін…
Қазір орамалдамын,күйеуім екеуміз бір-бірімізді ым-жымсыз түсінісеміз.
Ол менің комфортым үшін,мен оның комфорты үшін,ал балаларымда бәрі керемет,денсаулық жағынан проблема жоқ,қазір Аллаға өте үлкен шүкіршіліктер айтамын,сол кезең дәл солай өткенде,тұңғыш ұлымды бір Алла өзі сақтап,қорғанын,таң қаламын Аллахтың құдіретіне шынымды айтсам…❤️
Егер жүктілік кезіме оралсам,сол кезеңде жасаған нәрселерімді жасамас едім
Сыйлықты осы қызға бермесе білмедім енді 😊
Өте дұрыс айтасыз мены улымдада зпр болган аллаға сансыз шүкір мен зрр ге отдым барлык сабилер дені сау болсын жуктылык кезы ең маңызды кез екенын енді түсіндім 0:48
6айга дейин жуктиликти билмеу - это не норма !!!!! Отинем , ендиги : балаларынызга жыныстык сауаттылык уйретиниздер !!!! Коғамда : задержка месячных, методы предохранения при половых актах, ерте жыныстық қатынасқа түспеу, ата-анаңмен сойлесип барып кана, болашак келин-куйеу баламен таныстыру болған соң ғана үлкен омир бастау. Осыны уйретейикши плииииииззззз 🙏🙏🙏
Жаста болсаң біраз нәрсені үйрендім. Менің жас кезде осындай ақылым болса менің де екі ұлым тірі боларма елі. Аллам ұлыңа шипасын берсін.
Алла тәубе етушілерді жақсы көреді❤
Акерке какая честная, светлая, приятная! Настолько душевный подкаст!❤
Біріншімді босанарда үш күн толғатқам.Өлетін болдым система салыңызшы деп жалынып жылағам.Сол кездегі дәрігердің айтқаны былай болды.Олай системамен босансаң толғақ жиілейді,сосын балаға зияны көпдеді.Бала матка жылдамдық пен тарылғанда,бала келіп жамбас сүйеке соғылабереді деді.Сенің жаның ауырсада,балаңдікі ауырмасын деп бір ауыз сөзбен түсіндірді.Ертең балаң ауырса жаныңды жегідей жейсің деді.Сол апайға алғысым шексіз.21жасымда өмірді түсіндіріп қойды.АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН.❤
Дурыс истепти. Мен де 3 кун аурып толгаттым. Озим босандым. Шукир Аллага. Айтпесе толгак шакыртып, бала дайын емес, басымен согылып кысылып, ауру болып калар еди. Осыны жас аналарга коп айту керек
Масаган сондай даригерлер кобисин сондай оз исинин устасы екен
Дәрігерлердің 80-90 пайызы солай жандарым. Бірақ, өкінішке орай, адам дені сау кезде оны түсінбейді . Енді, толғақ кезіне келетін болсақ, тағы да 80-90 пайыз әйелдер , ішімді кесіп болсын алып тасташыыыы деп айқайлайды (толғақтың ауырсынуына шыдамай) 😂
Ен биринщи жас кезімдегі жүктілігіме оралсам,”Сен ұайымдап тұрған нәрсе,өзі жазылғандай щещіледі,бірақ уайымдай берсен ішіңдегі балаңа көп зиянын тигізеді.Баланы не осы жағдайды танда”дер едім.Әттең сол кездегі лйым бұндай болмады.Енді бәрібір бұл тағдыр ғой.Что не ломает нас,делает сильнее дегендей,басымызға жазылған баламен келген сынақ,бізді тек қана күшейту,ақылға келу,щүкірщіл болуды үйретуге келді деп білемін!Бәрімізге Алла жар болсын,төзіммен сабыр берсін.Балдарымыз жазылып,өз қатарына қосылы кетсін.Күні-түні тілейтін дұғамыз осы ғой🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲
Қызықты подкаст үшін,рахмет❤
Ақерке Арыс ханым 😍 шынайылығы үшін жақсы көрем. Қалай бар солай тарс-тарс еткізіп айтады ғой. Әдемі,көңілді подкаст болды👍🏻
Ал енді, сұраққа келсек, “Жүкті кезіме қайта оралсам, не істер едім?”:
1. Тек позитив ойлар едім
2. Витаминдерді уақытылы ішер едім(әсіресе кальций)
3. Таза ауада көп жүрер едім
4. Сумка в роддом ертерек жинар едім😂
5. ИП-ны ертерек ашып, ақша салар едім😂
6. Курс оқып алар едім, үйде бірнәрсе жасап,кішігірім бизнес жасайтын,екіқабат кезде бастап кетсең жақсы да,босанған соң да тез адаптация болатын деп қоямын жаңағы😂
7. Іштегі бөпеммен көп сөйлесер едім
8. Семейное фотосессия жасар едім
Барынша жүктілік кезінде нерв жүйелерін сақтауым керектігін түсіндім. Әйел адам өзі эмоциальная, жүктілік кезінде вообще жоғары болады ғой. Болмайтын нәрсеге жылап, ашуланып жатамыз. Балаң үшін эмоцияға берілмеуге шыдау керек екен. Болашағыңды ойласаң балаңды жақсы тәрбиелеп, білімді, ақылды, иманды етіп өсіру біздің міндетіміз. Балаларымыз аман болсын.❤
Өте керемет подкаст болды. Рақмет.❤
Қандай қарапайым, ойын жақсы жеткізе білетін адам. Ең шынайы, жеткізген адам деп білемін🥹👍 Алла берген 4 ұлым бар шүкір, 4-уінде кс өмірге алып келдім. Қазір 5-шіме аяғым ауыр, тағы да кс алда. Қатты қорқыныш бар. Бірақ осы подкастты көрген соң түйгенім, ойымнан барлық жаман нәрсені алып тастап жеңіл қабылдауым екен. Мен мықтымын, қолымнан келеді бұйыртса. Бір аллаға ғана тапсырдым🤲 4 ұлды қарап, аяғымнан тік тұрғаныма шүкір, 5-шімде солай болады🤲 Ұлыңыз тезірек сауығып кетсін🤲 Өте керемет әсер алдым сізден💐👍
Аман-есен босанып , бауырыңызға басыңыз
наоборот, көп жерде ұзақ түсіндіреді екен.
Керемет болды. Ақеркенің айтқаны дұрыс екен қыздар қайын жұрт денді мүлдем тыңдамай өзің үшін балаларың үшін өмір сүру керек екен. Кеш түсіндім. Екінші балапанымнан айырылғанда бірақ түсіндім сол кезде поддержка тек өз әке шешеммен аға жеңгелерімнен болды. Тіпті жай таныстарды артық болып кетті. Көп уакыт кайын жұртымды кінәләдім менің баламның түбіне жетті деп, жолдасымды да кінәләдім. Кейн бір имамның видеосын көріп сонда айтты Алла өзі береді, өзі алады деп. Сол сөзден кейін есімді жинап тәубеме келдім. Сол кезде құдайгада сенбедім, қанша жалынып Аллам баламды аман алып қала гөр дегенде де құдай мен үшін жоқ дедім. Бірак Аллаға шүкір кейін түсіндім неге олай болғанын. Сол қиын кезде кімнің кім екенін. Каншама жасқа есейдім. Өмірдің мәнін түсіндім. Қазір Аллаға шүкір ұлым мен қызым бар.
Қыз балада қайын жұрт болмайды. Қыздың түскен жері болады.
Енді мама, папа - деп айтад дегенде, прям жылап жібердім. Ең бастысы балдарымыз аман болсын! Барлық подкастта барлығы мен, өзім деп сөйлейді. Ақерке білсін, көрсін, қателігімді қайталамасын деп, қоғамға барынша пайдасын тигізгісі келетіні керемет ❤ өз жүктілігіме оралсам бәрі жақсы, шүкір, барлық заттан хайыр бар,
Алланың қалауы шүкір дегім келеді. Өткен кетті/ бітті тек алдымдағы затты дұрыстасам екен деймін 🙏🏻 сауығып ел басқаратын азамат болсын, құдай қаласа!
Такая искренняя, женственная. Дай Аллах полное исцеление ее сыну Амин
Ақерке ханым, сіздің подкастыңыздағы сұхбаттан өзіме керемет мотивация алдым, керемет ой түйдім. Шынында да, біз әйелдер тым күйгелек болып, баламызға бірдеңе болса өзімізді кінәлап, мұңның тұңғиығына батып кетуге дайын тұрамыз. Біздің жүрегіміздің тыныштығы, моральдық және психологиялық деніміздің саулығы балаға тікелей әсер ететінін түсінбей жатамыз. Бала біздің жүрегіміз қашан тыныш болады, сол кезде дамиды, жақсы жаққа өзгереді.Менің қызыма 3 жас 6 айдай болды. Енді ғана жайлап сөйлеп келе жатыр. 2 жасқа толмай жүрегім бірдеңені сезгендей жан-жаққа көрсеттім, іздедім. ЗРР диагнозы қойылды.Әр күні қызымның тезірек сөйлеп кетуін тіледім, жүрегім бір сәтке болсын тыншымай, тек сол туралы іздедім, өзімді кіналадым, жан-жағыма өкпеледім, тағдырға ренжідім. Бірақ кейіннен бұдан түк шықпайтынын түсіндім де, баламен айналыса бастадым. Басымдағы мың-сан сұрақты, ренішті жіберіп, дәл осы сәттен қуаныш сезіну керекпін дедім де, қызымның сөйлеп кететініне жай ғана сендім. Қалай менің жүрегімдегі уайым мен мұң кетті, солай қызым сөйлей бастады. Осы сәттен бастап, барлық мәселені қиындататын тек өзім екенін түсініп, өмірге басқаша көзбен қарай бастадым. Бала өзінен өзі өспейді, немесе оның тәрбие құралы- Телефон емес, анасы дер едім. Өткенді қайтара алар мүмкіндігім болса, телефонды балаға беріп, оны көргеніне мәз болмас едім. Жүкті кезіме қайта оралсам, өз денсаулығыма, психологиялық, моральдық жай-күйіме барынша мән берер едім. Дәрігерге дер кезінде барып, ұсынылған дәрумендердің барлығын уақытылы қабылдар едім. Аспан айналып жерге түссе де, жер әлемді қара түнек басса да, ештеңеге уайымдамай, ешкімнің сөзіне мән бермей, бәрін позитивті қабылдар едім. Өмірімде болып жатқан әр сынаққа сынбай, олардың жай ғана уақытша екенін, бұл күндер өтіп, түбінде бәрі жақсы болып кететініне сенер едім. Менің бақытым- дәл қазір менің денімнің саулығы, құрсағыма біткен баланың амандығы екенін түсінуші едім. Сол бақытты өзгеден емес, тек өзімнен ғана таба алатынымды түсініп, бар әлемді жақсы көрер едім. Баламның құрсағыма біткен кездегі 9 айды артқа қайтара алмайтынымды ұғынып, дәл осы кезде ғана болатын, қайталанбайтын сәтті барынша пайдалы өткізіп, көбірек ізденіп, кітап оқитын едім.Себебі мен өмірге әкелейін деп жатқан баланың денсаулығына, ақыл-ойына қазірден бастап әсер ететінімді сезінер едім.Сол кездегі Гауһарға, сен кішкентай болсаң да, бір тіршілікке үлкен өмір есігін ашып бергелі жатырсың, сен мықтысың, керемет әйелсің дер едім. Әйелдің бәрі қай кезде болсын, қай сәтте болсын әдемі, толып кеттім деп өзіңнен ұялма, сен ерекше сұлусың деп айтар едім.
Жүктілік кезге оралсам ештене уайымдамай жүрер едім .Подкаст қатты ұнады ертенен бастап балама көңіл көбірек бөлемін дамуына көмектесетін ойындар ойнаймын деп шештім маған қатты әсер етті қызым 2де сотканы сонгы кезде көп беріп кеттім ойындардын барлығын өшіріп тастадым рахмет сіздердерге 😍😍😍😍👍👍👍👍👍👍❤️❤️❤️❤️❤️❤️
Керемет подкаст болды😍. 3 ұлым бар. Кішісіне дайындалып,"осознанно" келген болатынмын. Алдағы екі беременность жайында әнгіме қозғағым келмейді,себебі ол уақытта көп сынақтан өткен болатынбыз. Ал кішісінде осы беременностьтан прямо рахаттанып жүрем деп елестететінмін. Бірақ адамның емес,Алланың қалауы болады ғой. Бірінші триместрда свинка деген ауырумен ауырдым,кейін артынша ветрянка болдым тяжелый😢. Бір апта пластом жаттым қызуым түспеді. Баламнан айырылған болармын деп жататынмын. Судың өзін әрең ішетінмін,тамағыма дейін шығып кетті ветрянка. Содан кейін үй көрмедік қой. Больница да больница. Балаңды алдыртып таста,бәрібір адам болмайды деп срокқа жеткенше қысым көрсетті ауылдық та қаладағы да врачтар. Бірақ жасамадым. Дені сап сау балам келді дүниеге.Аллаға шүкір. Бірақ кейін сөйлемей жүрген соң Зпрр деген диагнозын койды😢😢. Қаншама жүрегім ауырса да мойындауымыз керек қой. Қазір жасы 4тен кетті. Логопедпен дұмыстанып жүрміз. Бірақ уйден өзіміз жақсылап айналысуым керек болып тұр. Бала ауырмасыншы тек. Бәріңізге жақсылық тіледім
Мен жүкті болған кезімде не калдым соны жасадым.
Күйеуімді тастап кетіп калдым. Мамама катты барғым келеді, мамамның жанында болғым келеді төркінне кетіп сонда босандым. Тамаққа тоймайтынмын, қазір ойласам өзінің солай жасағаныма жарайсың деп қоямын😊.
Ешнәрсе өкінбеймін❤
Сұхбат өте әсерлі. Әсіресе Ақеркенің ситуацияны қабылдау туралы айтқаны🥺. Баланың жағдайын жасырып, оны қоғамнан алыстатпау керек екенін өте дұрыс айтты. Мен де Баламның жағдайын қабылдаймын, бірақ срыв болып қала береді(жылау деген құрбымыз болып бара жатыр). Енді бұл бізге берілген сынақ болғандықтан, әрекет бізден, нәтиже Алладан 🤲.
Босанғанша токсикоз болған, мүлдем ұйықтамаған маған,артқа қайтуға желания да жоқ🤪.Бірақ, Жүктілік кезіме қайта баруға мүмкіншілігім болса, ешкімнің сөзін қабылдамай, қажетсіз ақылдарды мимо уши жіберіп, ешнарсені ішіме жинамай, ұйқым келген уақытта дүние төңкеріліп жатса да ұйықтайтын едім және тек өзімді және іштегі ұлымды ойлар едім.
Сұқбат керемет өтті, мотивация, өмірге құштарлық бердіңіз! Менде екінші баламның жүрегі дамымай қалды, ВПР диагнозын қойып жүктілікті 22аптасында үздіртті, мен соның себебін көп іздедім, бәрін кінәләдім, врачтар, күйеуім бәрін. Бірақ қазір түсіндім мен өзімнің ішке сақтауымнан, ештеңені сыртқа шығара алмауымнан, енемнің ауыр сөздерін ішіме сақтай бергеннен, үйден шықпай тек үйдің шаруасын істегеннен болған екен. Қазір шүкір тағыда жүктімін бұл жүктілікте барынша ішіме сақтамауға тырысам, адам бетіне айта алмайм бірақ дәптерге жазып немесе басқада нәрселер істеп көңілімді бөлемін! Шүкір Аллаға қазір бәрі жақсы кішкене сынақтар болғанымен мен еркінмін, мен ешкімнің сөзін көңіліме алмайм, бәрін ұмытуға тырысам және мені қанша төмендеткісі келседе мен ешкімнен төмен емеспін😊 Мен Алла алдында бір тұлғамын ешкімге ұқсамайтын😊
Балаңызды бауырыңзға басыңыз. Алла дені сау ұрпақ нәсіп етсін🤲
Күштіііі мықтысыз
Күшті подкаст болды👍🏻 Менің екіншіме аяғым ауыр 8ші айдамыз, құдай қаласа аман есен өзім босануды нәсіп етсін деп тілеп жүрмін! Сұрақ бойынша, бізде қазақтан надандық барғой әсіресе Советтен қалған түсінік енелерде, ой бәріміз тудыққой өлмей ақ дейтін, поддержка беруді білмейді, тек өздерінің айқаны дұрыс. Мен екінші бөпемді енді көтерген кезде қатты жанжал болды семьямызда, өзіме де балға да көңіл бөле алмадым дұрыстап, біраз нерв кетті көп затқа өзімді кінәлі сезіндім, қазір енді босануға аз қалғанда білдік баланың жүрегінде бір артық қан тамыры бар, ал ол енді бала бойға біткенде өз орнына түсіп бірігіп кетуі керек екен. Мен сол бастапқы сәттерді ашумен ызамен өткізіп алдым, сол кезде көп ашуланып балаға көңіл бөлмегеннен шығар деп ойлаймын соның бәрі, енем байым не дейді деп. Сол бастапқы сәтке орала алсам бәріне қолымды бір сілтер едімде, өз кайфым өзімде жүруші едім, ешкіммен шаруам болмай. Өзімізді баламызды күтейікші, бұл бала біздің аманатымыз, Аллаға жауап береміз осы әр көңіл бөлінбеген сәт үшін қыздар❤️❤️❤️
Осындай шынайы подкастар көөөп болсын люблю вас❣️
Ақерке өте молодец адам екен бәрін ұялмай қалай бар солай ештеңені жасырмай ашық айтатын, өзінің опытымен шынайы бөлісетін, дұрыс кеңестер беріп
Какая молодец ! Прям как есть все говорит , как в жизни , нет не какой наигронности , балапанына шипа берсин !!!!
Ақерке сенің қателігің мендеде қызымды тастап жұмыстан қалдым ақша табам деп шауып жүріп уақыт өтіп барады, ертеңнен бастап демалыс алып 1 айымды өзіме және зпрр қызыма арнаймын деп шештім. Жұмыс-жұмыс деп өзін шала тудым 1300 қылып, шүкір Аллаға кәзір жетістігі көп, мектепке дейін қатарына қосам ба деп жүгіріп жүрмін! ❤ Сізге де соны тілеймін !
Акерке Рахмет! Баланыз сауыгып, мектеп табалдырыгын аман-есен аттасын буйыртсын!
😊😊
Маған өте қатты ұнады подкаст. Мәнжі, мағыналы, пайдалы ақпараттар көп болды. Мен де жас анамын. Айтқан сөздерімен 100% келісемін. Әйел адам аяғы ауыр кезінде өзін және баласын ойлау керек деген сөзге келісемін. Себебі әйел адамның көңіл күйі, денсаулығына байланысты саналы, сау ұрпақ әкелу. Мен де скоро бұйыртса 2 баланың анасы боламын. Сол себепті балаңның болашағы, отбасы деген сөздің мағынасын өте тереңінен түсініп жатырмын. Балаң ең алдымен саған керек сол себепті балаңның жағдайын ойласаң бірінші өзіңді күт дегім келеді болашақ аналарға.❤️❤️❤️❤️❤️
Ақерке шынайы , пайдалы сұхбат бергеніңізге рахмет 👍 Мен жақында 3 баламды дүниеге алып келдім. Өзімнің жүктілік кезіме оралып өзіме беретін кеңесім болса жүктілік кезде телефон көп қарамау , оданда таза ауада көп серуеңдеу, ашу ызалыққа берілмеу, өзіме қатысты да қатысты емес негатив сөздерге аса мән бермеу еді . Тек жақсы ойлар мен баланың болашағын ойлау деп айтар едім.
😢баланың ауырғаныңнан ен жаманы жоқ, оны тек басыңа түсіп біраз қиналғанда түсінесің, барша анаға сабыр, балапандарының денінің саулығын тілеймін❤
Акерке рахмет. Пайдалы контент болды. Менде де балам ЗПРР. Жуктиликти пландамай журдим. Котерген уакыттада журдим вредный заттар жеп. Депрессия, стрессте журдим. Жалгыз озим ишимде сактап барин. Жуктилигимди баринен жасырып. Жалгыз басты анамын. Жумыс жасамаймын, баламен уйдемин. Аке шешеме рахмет. Комек берип отыр. Дефектолог логопед кымбат. 2 ай бардым калды потом. 12 сабак 50 мын. Акшаны катты жейди. Мумкиндик жок жумыс жасамагасын, акша болмагасын. Балам 3 жаска толганда Алла каласа садикке беремин. Развивашкага апарамын. Жумыска шыгамын. Алла сол кунге жеткизсин. Балаларымыз ауырмасын, тезетип жазылсын. Ем болсын балаларымызга❤
ертерек қолға алғаныңыз дұрыс болады
Бір 12сабағын мен толейін апарыңыз
Если че жазыңыз
Плеханов доктор шығар
Пмпк ке барыныз тегін береди дефектолог психолог логопедке
Өте жақсы подкаст болды.
Мен ең бірінші рет 18 жасымда ана атандым . Ол кезде бала болдым көп нәрсені түсінбедім . Қалай жүкті болдым солай неше түрлі ауырулар шықты. Оғанда мән бермей жүре бердім . Кейін екінші баламды көтеріп қойдым ол кезде кішкене витаминдер іштім бірақ тоже неше түрлі ауырулар . Қазыр екінші балам 4 те. Менде енді түсініп жатырмын бала көтерер алдында дайындалу керек екеннін ,жалғыз сен емес әкесіде дайындалу керек! Басыңнан төмен қарай . Тісіңді емде, көзіңді емде гемоглобин көтер . Ауыру анадан ауыру бала туады сау анадан сау ана туады . Ақерке ханым дұрыс айтады бай болғың келсе денсаулығыңды сақтау керек . Осы жылдарда денсаулыққа қанша ақша кетті млндап кеткен шығар . Бала деген ол өте үлкен жауаркершілік мен оны осы 24 ке келіп түсініп жатырмын . Бірақ мен ойлаймын әліде кеш емес . Әліде көп өткізіп алған нәрсені дұрыстап алуға болады . Ақерке ханым балаңыз тез жазылып кетсін . Бұл өмірде ешбір ананы баламен сынамасын .
Бәріңізге тек жақсылық тілеймін ❤
Ъ
Ақерке ханым ия дұрыс айтасыз. Барлығымен ұрыссаңда қырылсаңда ашылып барлығын айтып тастаған жақсы бір жеңілдейсің зато бір біріңе деген өкпе реніште болмайды. Аллаға шүкір менің мінезімде дәл солай бірақ сол мінезімді көтере білетін аяулы жарым бар. Сол жарымның барына қуанамын.
Мен өзім бала тәрбиесінде шыны керек бұрынғы өзімнің балалық шағымды еске алып, кезінде не үшін анамыздан ұрыс еститініміз не үшін ашуландыратынымызды енді балалы болғанда түсіндім. Өзім жасым 29да шүкір 5баланың анасымын. Аллаға шүкір балапандарымның денсаулығы жақсы. Соңғы жүктілігім қиын болды шыны керек баламды 1жасқа дейін жүріп кеткенше көтеріп алып қараттым ешқайда да қашпады ия кейде сол өкініштер болатыны рас. Бірақ күйеуім жұбататын мойыма бәрі жақсы болады деп. Сол күндерде өтті шүкір кәзір баламның денсаулығы жақсы. Негізі ия балаға көп телефон берудің қажеті жоқ біздің үлкеніміз ерке болды 1шісі болған соң еркелеттікпе әлде қателігімізбе соткаға көп қарайтын еді даже біз ұйықтап жатқанда да қасымыздан алып кетіп қарайтын үстіне жамылғы жауып алып қарайтын еді. Содан біздің қыз мектепке барды содан зрениесі нашар болды казір алысты көрмейді. Даже кейде ұйықтап жатып ұйқысынан оянып жағалап жүріп очкиін іздейді сол момент ана үшін ең қиын сәт балаңның сол жағдайын көру қиын. Апармаған жерім жоқ 18жасқа дейін балаңыз очкимен жүреді одан соң операция жасатасыз деді. Бұйырса осы кезеңді жеңсем екен баламның болашағы үшін Алаңдаймын ана болған соң қыз деген жарт жұрттық өзге жерге үйге барғанда қалай болар екен деп осы қызым 9-10жасар қызыма алаңдаймын. Алладан сұрайтыным сол балапандарымыз аман болып, қасындағы жолдастары жақсы боолса екен деп тілеймін. Аллам баламен сынаған аналарға күш куат берсін Аллам тек балапандарыңызды ауыртпасын. Өмірдегі ең қымбат байлықтарымыз аман болсын бар болсын.
Қазақта мақал бар, ақылды жасы үлкеннен емес, көпті көргеннен сұра деген, соның көрінісі болып отыр Ақерке. Мен де баламды декретке шығатын уақытым, өтіп кетіп, жумыс істеп жүріп сол, сол ковид жұқтырып өзім, баламды ерте босандым, өзі кішкентай болып, әлі күнге дейін аурушаң, дамуы туралы да қазір ойланып отырмын, кері қалып жатқан жоқ па деп, тексертем деп отырмын осы подкастан түйгенім. Рахмет сіздерге
Шынай, маскасыз, как она есть айтатын қыз.Алла шипасын беріп,ХанАлиі тез сауығып кетсін.Бақытты бол Ақеркежан!Өте керемет жан. Түскен бар кинолары, ваиндары ұнайды 👍👏🏼👏🏼👏🏼💐
Қайырлы кеш, түнгі 00:40 уақыттан сұхбатты тыңдадым. Біраз катарластарға түртіп алатын жері бар екен, біріншіден өзіңді сыйлау, өзіңе жаның ашу, екі қабат кездегі айелдің психологиясы, өзін күтінуі, елпілдеп жүре бермей. Екіншіден аутизм баламен қалай жұмыс жасау керектігін ашып айтты, қайда барыр емдетіп жатыр, балаға қалай көмектесу керек. Ең маңызды керек мәліметті берді.Қазіргі проблема ата-ана аутизм баланы қайда апарып емдетерін білмейді. Осыған қуандым. Рахмет. Балаға көңіл бөлу, қыдыруды азайту, уақытты өзіңе пайдалану туралы ойлары ойландырды. Бәріміздің деңгейімізде әңгіме айта білді. Өте қарапайым. Дубай, қымбат сыйлық, ақша туралы әңгіме болмады. Молодец
Осы подкастты басын бастап, соңын көрмейтін едім, Ақеркені көріп соңына дейін көрдім. Керемет сұхбат болды және өте жақсы подкаст 👍
Ия мен де
“Құдай-ай неге маған осындай сынақ бердің” демей. “Менің сынағымнан басқа аналар сабақ алса екен, менің қатемнен үйренсе екен” деген Ақерке молодец. Өте дұрыс сыйлық, қазір күн салқын далада көп жүре бермейді балалар. Гаджетте отырғанша сол ойыншықтармен ойнасын. Менің балам 1 жас 7 ай . Балама көршілер “Ұлы дала баласы” “Маугли” деген ат қойған өйткені күн демей түн демей, ауа райына да, мезгілге де қарамай далада жүретінбіз. Далада еңбектеп бүкіл тасты теріп, шалшық суға ойнайтын. Тізесіне наколенники кигізіп жіберіп қоятынмын. Далала еңбектеген баланы бірінші рет көрдім дейтін елдер. Шалшық суды шалпылдатып отыратын , өткен адамдар жаман қарайтын. Бірақ өткендегі аяздарда далаға шықпай қалдық, сол кезде телефон беріп едім , тез үйреніп алды. Подкастты көрмей тұрып, инстаграмнан үзіндісін көріп, телефон бермеймін деп шештім. Үй тірлігемен қоса баланы ойнатып шауып жүрмін 40 тан ассам да😄. Екі қызымды ақ колготки кигізіп әдемі қылып жүруші едім. Ұл ол тәртіпке көнбеді. Бірақ бала солай дамилы деді ғой Ақерке
Қайырлы күн!
Менің есімім Аружан, жасым 25 те, бір баланың анасымын. Қызылорда қаласынан боламын.
Сіздердің подкасттарыңызды тыңдап жүріп үй жинап, ыдысымды жуып, жаңа серия шыққан сайын үзбей қарап отырамын.😄
Осыдан 4 жыл бұрын, өзімнің кішкентай кезімде бірге ойнап өскен көрші жігітке тұрмысқа шықтым.
Бәрі бірден керемет, бақытты бола салам деп ойлайтын Аружанның басынан түрлі қиындықтар өтті.
Бірақ сол қиындықтарды қазір ойлап отырмын, өз қолыммен жасап алыптымғой деп..😄
Кінәлі емес адамдар кінәлі болып, күйеуім екеуміздің арамыздағы сезімді сөндіріп алғаныма қазір өкінемін.
Жүкті екенімді білгенімде, ішімнің сол жақ трубасында киста бар екенін білдім. Ол уақытта аса қорықа қоймадым. Узи-ге барған сайын сол киста баламен бірге өсіп келе жатқанын айтатын, мен уайымдап, балаға зияны тиіп кетпейма деп ойлана бастадым. Сол үшін енеммен ұрысып, өзімнің үйіме кетіп қалатын күндерде болды. Сондағы, мен ана кистаны алдырып тастаймын деймін, енем алдырмай ақ қой, ертең баланы туғанда артынан кистаң өзі түсіп қалады дейтін..
Балам 30 апта болғанда, ол кистаның 15см өскенін естіп, күйзеліске түсіп кеттім.
Күнім жұмыс істеумен, түнім жылаумен өтетін. 34-аптаға жеткенде өзімнің ауданымдағы поликлиника сізді біз босандыра алмаймыз деп бастарын ала қашты, содан не керек, Алматыға шықтық күйеуіміз екеуміз..
Алматыдағы біраз частный роддомдар біз басымызбен жауап бере алмаймыз, ертең операция кезінде бірдеме болып қалса, біз кінәлі болып қаламыз деп бізді біраз роддом шығарып салды.
Ол уақытта енем екеуміздің арамыз нашар, ешкімді көргім келмейді, жылай беремін.
Уақыты жақындаған Аружанды «ана мен бала» роддомына тықты.
Ішім өте үлкен, ырсылдап жүретінмін, будто 4-5 бала бар сияқты деп күлетін қасымда жатқан келіншектер.
Ол киста 30 см болып өсіп, кесерова болып, баламды аман есен алып, операция уақытында ішімдегі киста жарылып, оны қырып, операция уақыты ұзарып қатты қиналған едім…
Қазір сол кездерді есіме алып күлкім келеді, бір жағынан қатты ызам келіп жылап аламын. Сондағы түйгенім, жаңағы Ақерке айтып отырғандай ешкімді тыңдамай, ешкімге ренжімей тек өзіңді ойлап, тек өзіңе уақыт бөлу керек екен. Сонда бәрі дұрыс болады… Сен балаңнан басқа ешкімге керек емессің, өзіңді күтін деп айтқым келеді сол уақыттағы өзіме.
Қазір бәрі жақсы, Аллаға шүкір, күйеуім, балапаным үшеуміз бөлек шығып, Алматы қаласында тұрамыз..☺️ Ең бастысы ешкімнің көңілінен шығуға тырыспаймын, енемменде арамыз жақсы..🙏🏻
кайфовая, настоящая и такая искренняя!❤️
Ар выпускты кутемин мамамский ангиме енг кушти подкаст , Аллах разы болсын сиздерге. Акерке кушти конилди актриса
Какая искренняя, открытая, эмоциональная, прямолинейная ♥️♥️♥️! Очень понравилась, Акерке🫶🏻! Многое откликается👍🏻. Не знала ее до этого выпуска. Спасибо, что открываете таких героинь ✨✨✨
Мамские әңгіме подкастын бірінші рет көріп, тыңдап отырмын. Ақерке өте тамаша, ашық, шынайы жан. Айтып отырғанының бәрі тұп-тура. Әдемі әңгіме болды. Алла баласына шипа беріп, аман-есен сауығып кетсін.❤
Кушты мотивация рахмет Акерке жылап алдымгой кайта котерсемде Алланын калауы деп туар едым кайта мумкындык берсе де мен жуктылыгымде былдым ерекше екенын жане мен баламнын диагнозын кабылдадым Алланын тагдырына бой усындым жане Алла ушын жаксы корем баламды ешкашан бас тартпаймын.Все что не случается все к лучшему.
Родной-1-ді тырқылдап күліп отырып көрдім, өте керемет фильм👍Өзіме күшті өтті приколдары😂Шыны керек Ақерке мен күйеуі болып ойнаған жігіт алып шықты ғой киноны👏👏👏👍👍👍
Ютубка шықты ма
@@АйданаТортбаева-о1о ия
@@АйданаТортбаева-о1оиа шықты
Жүктілік кезіме қайта оралсам, туу уақытына қайта оралсам, өзіме "Ауруын жасырған аңдамай өледі"демекші бәрін жасырмай, соңғы мазалаған денсаулықтағы өзгерістерді врачтарға хабар беруім керек еді. Сонда менде прэкламсияға өтіп кетпеуші еді деп ойлаймын. Поздний гестоз басталғанын іштей біле тұра шара қолданбадым. Алла сақтап аман қалдық егіздеріммен. Аллахқа шүкір және дәрігерлерге мың алғыс💐 Тез арада бәрін реттеп, туғызып алды❤
Қандай шынайы сұхбат. Қыздарға өзіңді күт деп айтқан ақылы өте дұрыс. Дүние деп баланы ұмытатынымыз рас. Ақеркені шақырғандарыңызға рахмет. Арнайы іздеп қарадым
Ақерке шынайы, таза пейіліңізге рақмет!!! Қаншама қызға үлгі болып қаншама құнды ақпарат айттыңыз өте керемет! Адамның ойын жақсы жаққа бұрдыңыз қаншама рет қаншама адамнан естісемде просто қабылдау керек деген сөзді дәл сіздікіндей өтпеген еді рақмет ❤️❤️❤️🫂 Жүктілікке келер болсақ ия менде дәл сіз секілді сразу көтергенмін ол нәрсеге дайын болмадым күйеуім екеуміздің арамыз дұрыс болмай түсініспеущілік арамызда өте көп болған қаншама реніш өкпе менде жинала берді менде уақытынан ерте босандым бірақ шүкір Аллаға сразу жылап омырау алып кетті!!! Шүкір қәзір отасқанымызға 3жылдан асты 1ұлым бар 2жас 5айға кетіп барамыз сіз айтқандай сотка телевизор көп бермеуге тырысам құрсағымда жатқанда бере алмаған махаббатымызды қәзір беруге тырысып келеміз, бәрі ұмытылады екен өкпе де реніште)) сол жүктілік кезде көп жүріп серуендеп өзіммен өзім болып баламен связьді жақсы ұстау керек екен өзіңе қарап сау ана-сау бала деп бекер айтпаған екен өте көп нәрсені ұқтырдыңыз рақмет сізге және сізді шақырған Айнұр ханымға рақмет! Ұлыңызға Алла шипасын берсін, аурудың ізіңде қалдырмайтындай етіп берсін ❤❤❤
Ақерке ханым өзіңіздің қолыңыздан ұзатылып едім, өте шынайы, қарапайым, аурасы өте жағымды келіншексіз😍 мен де қиын кезеңнен өтіп жатырмын, сөз сын көтере алмаймын, тұрмысқа шыққан соң бүкіл ауруым шығып өзімді жоғалтып алдым, Алладан әр түні сұраймын, күш қуат бере гөр, перзент сүйгізе гөр деп былайша айтқанда өмірдің сынағын көріп жатырмын, өте керемет сұхбат болды 🎉
Тура керек кезінде тыңдадым, бәрін бүге шігесіне дейін айтқаныңа рахмет. ❤
шзшшшхщшлжжжшжж
Сондай шынайы ержурек кыз,Ырысбала екеуинизди Аллам халык ушин жараткан гой,екеуинизгеде сынак берген,сол сынакты котерип жатсыздар,алдагы уакытта балапандарыныз сайрап,бииктен коринсин,шынайылыгынызга риза болдым,тек озинизди ойламай,билгенинизди халыкка айтып жатырсыз,омирге керек манызды сухбат болды,билмегенди билип журемиз,менде жумыска шыксам деп асыгып журген едим,мына ангимеден кейин коя тур дедим озиме,асыкпа биринши баланы ойла,сосын дуние болы жатар деп,рахмет баланыз сайрап кетсин,акылды,билимди азамат болсын❤🎉
Бірден бір әңгімені қалдырмай көремін❤ өткен шаққа оралар болсам, бала көтере сала әрбір ана баламен тілдесіп, көп көңіл бөлу керек. Аяғым ауыр кезде мен көп кітап оқып,спортпен шұғылданып, аяғы ауыр келіншектерге арналған дайындық курстарына барып, Алланың 99 есімін жаттар едім
Өте керемет сұхбат😍 қазақша қандай әдеміі қазақ қыздары. Ақерке ханымды басқа қырынан бүгін таныдым😊 Бәрі жақсы болсын, аман-сау бақытты болыңыз🤲🏽 өзіме керемет ұнады бәрі шынайы, жақсы әңгіме❤
МашаАллах, керемет раһмет,өте дұрыс айтасыз,тіке ,шындықты айтасыз, Аллаһ разы болсын сізге!
Керемет өмірлік тәжірибелен алынған ақыл кеңес болды. Ұйымдастырушыларға мың алғыс! Жүктілік кезінде ең алдымен эмоциялық тыныштық пен бірқалыптылық маңызды болар. Бәрі де ананың көңіл күйіне байланысты. Сондықтан қыздар дүние айналып ортасына түсседе көңіл күйлеріңіз жоғары болсын. Белгілі уақыттан кейін қолыңызға алып, көкірегіңізге басатын шынайы бақыттарыңызды ойлаңыздар. Қалғанының барлығы уақытша, өткінші маңызы жоқ өмірдің уақ түйек өткелдері. Аман болыңыздар болашақ аналар!!!!
Мен жүктілік кезіме оралсам. Жалпы жүктілікке дайындалар едім. Көп нәрсені өткізіп алдым. Көп нәрсе назардан тцс қалдырдым. Менің аяғым ауыр болған кез карантинмен тұспа тұс келді. Білмеген заттарым көп болды. Алғашқы жүктілік болғандықтан ба. Ай күнім жетпей ерте босандым. 45 күн больницада жаттық. Қәзір шүкір Қызым 3 жастан асты осы уақыт дейін біраз еңбектендік шүкір. Ақерке ханым өте дұрыс айтты. Балаға көп көңіл бөлу керек. Кәзір ойласам шүкір уақытында қимылдап қолға алғаныма деп. Балалар ауырмасын🤲
Жаныыым жаным Маша. Бір күліп алдым, бір жылап алдым, ойға түйетін біраз нарсе білдім, керек кеңестер көп айттың. Алла ХанАли патшаға шипасын берсін, үлкен азамат болсын. Ертең менің балам деп мақтанып марқайып отыратын жігіт болат. Айдай сұлуың хас сұлудың бірі болат. Керемет сұхбат болды. ❤❤❤❤❤
Ұлың құлан таза сауығып, улкен беделді азаматтардың қатарында журсін🤲🤲
Ештеңені жасырмай толық ашық сұқпат болды өзіме түртіп алатын жерлерім көп болды рахмет
Жуктілік кезіме оралсам ең бастысы баланың денсаулығын ойлап және болашағымды ойлап барынша сабырлы болуға тырысар едім,жуктілікке алдын ала дайындалып стресспен уайым қайғыдан өзімді аулақ устар едім.
Өте керемет жансыз.Барлығын шынайы тусіндіргеніңіз ушін алғысым шексіз.
Кеш түсіндік😢
Жүктілік кезіме оралсам,өз ойыма,өз тіліме қақпақ болар едім.Ештемеге мән берместен,әр затты,әр дүниені жатып алып ойланбас едім.Өз денсаулығыммен баламның денсаулығына бей-жай қарамас едім.Мүмкін жас болғандықтан болар,мүмкін алғашқы жүктілігім болғандықтан болар балам жарық дүниені көрмей кетті.Алланың берген сынағы шығар деп қабылдадық.Бірақ іштей қиналасың,себебі, токсикоз болып қиналып,кейіннен балаңның өлі екенін біліп,балаңды қолыңа алмау ол өте ауыр дүние екен.Барыңды бағаламау деген рас екен.Ол кезде әрине бақыттымын деп айтпадым,ал қазір ойлап қарасам ең бақытты кезім,ең бір қызық сезімдер сол жүктілік кезім екен.Ақерке әпшеміздің айтқаны рас.Бай болғың келсе өзіңді күт деген.Құдайға шүкір әлі талай палуандармен,тәтті ханшайымдарды өмірге алып келуге күшім жетеді Аллаға шүкір денсаулығымыз бәрі жақсы,әлі жаспыз,өмір алда.Бірақ міне,қазір күйеуім екеуіміз толықтай денсаулығымызға көңіл бөліп,емделіп,қаралып жатқанымыздың өзіне бірталай ақшамыз кетіп жатыр.Шүкір Аллаға осы өмірімізге шүкір
Өте шынайы подкаст болды😍😍😍 Инша алла балаңыз әлі-ақ сайрап кетеді. Ешқандай бояусыз, керемет! Отбасыңызға бақыт, байлық, денсаулық тілеймін👏👏👏
Әңгімеңізге көп рақмет!!! Барлығы шынайы болды. Қазіргі нағыз проблемаларды дөп айттыңыз. Мен де солай ойлаушы едім. Мысалы адамдардың не болса соған, болмайтын нәрсеге жиналып, бас қосуы. Бір біріне қымбат сыйлық беруі. Өтірік ақша үшін араласуы. Т.с.с.
Менің қазір аяғым ауыр. Көп ашуланған кездер болды. Сіздің әңгімеңізді естіп, ашуланған кездеріме өкініп отырмын. Босанатын уақытым келсе де толғақ жоқ. Қалай босанады екенмін деп уайымдап отырмын. Алла жеңілінен берсе екен деп тілеймін. Бәрі жақсы болса екен. Сіздің де балаңыз жақсы болып, жазылып шықсын. Барлық бала ауырмаса екен. Аналардың уайымы аз болса екен. ❤
Жеңіл босанып алыңыз, балаңызды бауырыңызға басыңызға тілектеспін
Салем барлыктарынызга!!!! Екинши балага аягым ауыр болғанда таттини коп жейтинмин, казир сонын сорын балам корип жатыр 😢. Ишимдеги эмоциямды таттимен шыгаратынмын. Соган катты окинемин. Шукир казир ишкен тамакты катты кадагалаймыз. Омирдин кез келген кезенине дурыс,укыпты карау керек екен. Мамский әңгіме сиздерге үлкен респект ❤❤❤
Алла риза болсын керемет ангиме молодцы!!!
Мен кыргызбын сиздердин интервьюларынызды корип казакша тусинип уйрене бастадым осы Акерке маган оте унайды кушти аткарады ролдерин бугунги сухбатын корип озимди коргендей болдым мен да жукти болган кезде депрессия болдым тынбай жумыс истедим босанганда оте кыйналдым балам да жыламай дуниеге келди сосын 1 жас 5 айында тагы жумус истейм деп баламды бала бакшага бердим балам мулдем конил бурмай шакырса карамай койды уйдегилерге корсетейли десем кээ быр балалар кеш суйлейди жаксы уаймдама деди урусуп согысып атып баламды озим алып барып корсеттим калага сосын аутизм деген диагноз койды😓 менин устиме биреу муздак суу куйгандай болды барлык нарседен конилим калды омирге кызыгуу деген сосын жыйналдым баламды тузетуум керек балаларга косуум керек деп истеген жумусумду тастадым балам ушин казир баламды кунде логопедке алып барамын маган эш ким комектеспейди озим барин орындауга куш топтай алдым балам суйлей бастады Аллахка шукур мен да сиздей ойлагам Аллах маган болды жумус деп тытына бермей балана кара деди мекен деп бирак та балам осындай деп эш кимге айта алмайтын эдим калай кабылдайды деп бугын сизден оте кушти мотивация алдым рахмет сизге бугынден менде баламды аутизм экенин айта алам алументтик желеге сала алам осы балам аркылы минезим озгерди адамдарга деген коз карасым озгерди балам сондай ак конил мээйримди эш кимди жаман ойламайды биреу оган кулсе де ренжимейди😦 биз аулда тургандыктан развивающий оюншук тапмаймын менин балама оюншугунызды берсенгиз кубанар эдим биракта калай бересиз мен Кыргызстанда болсам😕 эрекше балалары бар барлык аналарга Аллах куш кубат берсин келешекте баламды мыкты спортсмен алем чемпионы кылгым келеди
Кыргыз халкын жаксы корем ,бизде шымкентте коп Кыргыздар, оте тыныш адамдар, карапайым саудаларын жасап журеди, турлериде озимизге уксайды сойлегенде Гана тилдеринен билесин кыргыз екенин, Рахмет😊
Саламатсызбы баланыз канча жашта
Менин да кызым аутизм ЗПРР РАС АУТИЗМ
Лечение кыласыздарбы
@@Элиза-х9д балам 6 жашта 2 жыл лечение кылдык андан кийин кучтуу профессор невропатологко корсоттум эле эч кандай дары укол жардам бербейт только заниматься логопед дефектолог деп айтканынан азыр логопедке каттайбыз
Рахаттанып отырып тыңдадым. Ақкөңіл, ақжарқын, ашық қыз, алғаш шыққаннан ұнайды. Ұлыңыз сауығып кетсін!
Айнур ханым мынадай сұхбат жасап жатқаныңызға өте керекті маңызды тіпті аса маңызды ақпараттар айтылып жатыр. Ақерке ханымға ашық әңгімесіне рахмет . Ұлыңыз ер азамат болып өсіп бір кезде ұлыңызды үйлендіріп осы подкасты есіңізге алып отырыңыз
после фильма “Родной”я ее полюбила,еще “Келінжан”да ойнаған(эпизодта), Классная,Харизматичная девушка,актриса❤️
Айнур Ильясова спасибо вам большое, что ведете такой полезный подкаст будущим мамам. Ақеркеге үлкен рахмет, барлық затты ашық айтып, қандай қателіктерді жібермеу керек екенін айтып жатқанына
Саламатсыздарма,бугинги подкаст оте керемет отти!!!Менде озимнын историяммен болиским келип отыр.Еки баланын анасымын ,есимим Ляззат.Ен биринши баламды 2021де босандым ,толгагым келмеди ,гинекологым 41аптада плановый жатуын керек дегесин барып едим,вызывающий салды,онымен барибир раскрытие болмай КС жасалды,сол кезде озиме айтар кенесим ,Оз толгагымды кутуим керек еди,бала Ози дайын болганда шыгады,асыктырудын кажети жок,жукти болып манги калмайсын деп) Екинши баламда Аллага шукир 2023 жылы Оз толгагымды кутип 42 аптада озим босандым ❤
Меніменн аттас екенсіз ,меніңде есімім Ләззат,менде 21де баламды 40аптасында өзім босанып едім,23жылы қызымды 40аптасында босандымАллағв шүкір..
Айтып жатқаным аттас әрі бір жылда босаныппыз деп таң қалып жатырмын 😊😄
Танысканыма куаныштымын 😊
Оте пайдалы подкаст болды ! Менын кызыма басында РАС деп айткан сомен кызымда казыр ЗР . 2 жыл болды жумыстеп берылмей женып келе жатырмыз кудайга шукыр 🤲🏼 айтып жаткан создерынызге келысемын! 👏🏻🌸👍🏼
Спасибо за интервью, сразу включила как увидела описание «зпрр» у моего сына тоже зпрр. И да очень тяжело вначале принять этот диагноз.
Если бы я вернулась в свою беременность, как и было сказано, я бы везде проверялась, пила витамины, не стрессовала из-за внешних раздражителей (мужа, родственников итд). Я столько нервничала из-за каждого слова, а сейчас думаю «зачем?» страдаем в итоге я и сын.
Еще я бы кайфовала и наслаждалась беременностью, ходила бы на фотосессии, много разговаривала бы с малышом, думала о приятном, ходила бы в красивые места, путешествовала бы. Лучше все эти деньги которые трачу на лечение, потратила бы на беременность и хорошее самочувствие.
Зпрр это ведь излечимо? Подскажите пожалуйста
@@mybigfamilykz здравствуйте, да лечится, главное терпение 🙌🏻 занятия ежедневные, наладить питание, и много заниматься физически( бассейн афк) но будет долго 🙌🏻
Қайырлы күн!
Подкаст үшін рахмет!
Өткен жүктілік кездегі өзіме кеңесім:
-дұрыс тамақтану
-таза ауада серуендеу
-уақытында витаминдерді ішу
-барынша іздену (толғақ, босану дем алу) дайындалу
-ең бастысы тек босануға ғана шектелмей, өмірге перзент келгеннен кейін барлығына дайын болу (колики,ұйқысыздық,баланы емізуді дұрыс білу)
-дүниеге келмей тұрып жақсы педиатр, неврапотологқа жазылу себебі жақсы дейтін врачтардың запистери өтее көп, жазылып қараламын дегенше 3-4 ай өтеді…
Жуктилик кезге оралсам озиме кенес:Кандай жагдайда да шукиршилик,жуктилик кездеги киыншылыктарды сабырмен алып журсен онын Хайыры Алланын саган берген сыйы осы балапанын,озинди журегинди таза тыныш устасан баланнын да дени сау болып туылады.сол ушин озинди жане даригерлерди тында😊❤
1 ші балама жүкті кезіме оралсам, "Фариза өзіңді балаңды ойла, ат сияқты шапқылай берме, өзіңді күт, бәріне үлгересің. Сенің дәл осы жүктілік кезіңде 1 тұлғаның өміріне жауаптысың басқасы бос" деп айтар едім. Қалған 3 жүктілігім Альһамдулиллаһ керемет өтті🙏
Керемет подкаст болды, ризамын Ақеркеге!!!👍👍👍 Жас қыздарға тыңдайтын подкаст, бірінің артынан бірін туа беретіндерге, өзіне-балаға қарау керек, көңіл бөлу керек, артынан осындай жағдайға тап болмас үшін. Себебі қиналатын өзі және баласы((( Ақеркенің әр айтылған сөзіне қосыламын
Керемет жас аналарға ең маңызды ақпаратпен бөлістіңіз!
Мен бірінші жүктілігім есіме түсіп отыр,жас келінмін,шыны керек ол кезде анау керек деп күйеуіме айта алмаппын даже.Даже дәрі,витамин ішіп, дәрігерге бару дегенді дұрыс орындамаппын Акерке ұқсап мән бермеппін жүктілігіме. Әттең уақытты кері қайтара алмаймыз! Шүкір қазір 3 баланың анасымын. Бірақ тұңғышым сол себептерден деп ойлаймын тілі кеш шықты. Жас келіндерге кеңесім жүктілікке қатты көңіл бөліңіздер дәрі, витаминдерін уақытылы ішіп, дәрігердің нұсқаулығын орындаңыздар.
Подкаст ерекше болды, Акеркенин шынайы ангимесине рахмет😘Турли аурумен куресип жаткан балапандары бар аналарга демеу болды деп ойлаймын🫶🏻Маганда коп комеги тиди, баламнын уршыгы жетилмегенин кештеу билип, кабылдамай, жолдасымды, озимди киналадим. Мамам, жолдасым коп комегин тигизди, озимди колга алып балага жауапкершиликти толык сезиндим. Тамактануын, массажын кадагалап косымша витаминдер берип 1 жыл уакытта натижесин корип жатырмын. Алланын козимди ашканына шукир деймин. Казир жугирип журген баламды корип ризамын. Жукти кезде ойымнын барлыгы жумыс истей алмадым деген мазасыз ой болды, айналам соны маган айтып тургандай сезилетин. Миым болек денем болек омир сурген екен. Жуктиликке дайындалуды да колдаймын, зато дайын агзада жуктилик женил отеди деп ойлаймын.
Балаларымызга Алла узак ғұмыр мыкты денсаулык берсін! Бизде улкен баламның жагдайы жаксарды Аллага шукір, катарына косылып!
Мяяяя керемет подкаст болды!!! Тура Әпшемнің әңгімесін тыңдағандай болдым ғой, осындай қарапайым тілмен айтылған подкастты жақсы көрем ше, өзімнің жүктілік кезіме оралатын болсам, бірінші жүктілікте жақсы күтінгем ше, бүкіл витаминді ішіп ұйықтап демалып, екінші жүктілікте стресс өтеее көп болды, оны еще өзіме өзім жасап алғам ғой😅, онлайн жұмыс деп ше, сондағы тапқан тиыным көп те болған жоқ, соның көп зардабы шықты, екінші баламда өзіме неге жатпағам демалып, неге азрақ жұмыс істемегем, неге неге деген жерлер көп болды, бірақ бір құдай сақтап қалды ғой, аман есен туып алдым, уақытынан ерте болса да, сәл шсла туылды бірақ бір жасқа толғанша көп ақшамыз кетті баланың денсаулығын реттеуге🙏🏻. шынымен байығың келсе денсаулық керек екен, рас әр сөзіңізге басымды иіп отырдым!
Ақерке апше Супер 😊
Аликош жазылып өз қатарына қосылып кетсін Алла қаласа.
Өте шынайы,ешнарсе жасырмай өз өміріңізден алған сабақты өзгелер қайталамасын деп айтып жатқаныңызға рахмет ❤
Жақсы өтті, ой түйер әңгіме бар екен. Менде 2 баланың анасымын бірнен кейін бірін туып ал өсіп кетеді деген өтрік әңгіме қосыламын екеуінің арасы түра 1жас 9 күн. Біріншімді туып келген соң бірінші бала біздікі екіншісі сендердікі деп баламды сркзу қызғана бастадым соңдай айтқан адамдар көп болды жүректі ауыртып. Баламды алып өздері иемдегісі келді басында кейін мен депресияға қатты түстім💔 ешкім жанымда болмады өкінішке орай . Баладан құтылғым келген ойда болды тұншықтырғым келді болмағаны артық деп әзер әзер өзімді қолыма алдым . Сіздерге айтарым сол ешкімді тындамау керек босанып келдіме қолдау көрсету керек сразу бас салмай. Ажырасқымда келді өз отбасым қабылдаса ажырасып кетер едім.
Екіншімде жеке шығып кеттік ата енеден содан көп байқалмады. Бірақ арасында көмек керек болды. Аллаға шүкір сол кезде маған соңдай сынақ бергеніне күш бергеніне 🤲бірақ бұл сынкқ ауыр болды 💔әлі тұрмыстамын отбасым аман есен. Кішкее ақыл тоқтатып тұрмыс құрса сол дрұс сияқты. Сол менің тұңғышыма 3 те болсада толық қанды сөйлемейді сол стресстің әсері ғой негізі үндемейтін едім бәрін іште сақтап😢 ! Аяғым ауыр кезде екеуінеде шүкір жақсы өтті токсикоз болмады.
Казир бірінші балаңыз қасыңыздама?Әлде ата енеңіз алдыма
Басынан аяғына дейін бір деммен көріп шықтым🥰 Ақерке өте қарапайым жан екенін білгенмін, онымен қоса шынайы екен, бәрін бүкпесіз айтып бергеніңе рахмет❤ көп аналарға өздері үшін бір түйіп алар ой сала алдың деп ойлаймын👏👏👏
Лайк за искренние жизненные советы. Барлыгын дурыс айтасыз! Ракмет!
Жаным Ақеркежан бәріне адал еңбегімен өз өнерімен бәріне жееткен қыз аман болсын бала шағасының қызығын көрсін бәріне лайық қой ❤
Мен уакытымнан ерте тудым. Шыны керек дүниеден өлгендей, үйде отырып алмайтын активист болған соң ба балам 2жаска жеткенде жумыска шыктым. Жұмыста жүріп көтеріп қойдым. Көтермей тұрып денсаулық дегенді ұмытқанбыз ғой. Содан жүктілік өте қиын өтті токсикоз 6 ай, одан грипп, жөтел, укол, система. Содан болар катты стресс болдым. Одан күйеуім сен ғана екіқабат әйелдердің қатарынансың ба деген сөздерден қптты қиналдым. Одан елдердің де сөзі шаршатады. Ой не бір бала туа алмай жүрсің ба деген. Жұмысқа дейынгі жол бәрі шаршатып жіберді ма. Психологический стресс мені жеп қойды ма әбден қиналдым. Содан 34апталық кыз бала туылды. Туа сала реанимациядан бірақ шыққан қызым менің. Мен туа сала қызымды алып кетті. 2сагаттан соң көресің деді, ойламаппын сонда кызым кювезде жатады деп. Реанимация есігін ашқаннан аузыма тығылған жүрек менің аяғымды қызыма жеткізбей қойғандай болды. Қызымның сан түрлі сымдар мен трубкаларга ораулы көрем деген ой мүлде болмапты. Сонда ғана маған санама жетті е менің қателігімнен бала осында жатыр, Алла берген сынақ деп. Егер мен жұмыстан шығып, стресске жол бермей күтінсем мен мынандай жағдайда қызымды көрмес едім деп. Аллаға сансыз шүкір деймін. Бүгін қызыма 10ай болды. Алла Тағала екі дүние бақытын нәсіп етсін 🙏. Сансыз шүкір деймін. Аналар, әйелдер өз өзімізге күтім жасайықшы🙏🙏🙏. Күйген дүние күйіп кетсе де
Егерде мен жүкітілік кезіме қайтадан оралсам - ешкімнің сөзіне мән бермей, өмірге өкпелемей, негативтің барлығын ұмытып, тек позитивно жүретін едім.
Менде солай айтатынмын.Қазір 3-ші жүктілігім,постоянно стрессте жүрмін.Балаларым жылауық,себебі жүктіліктерімде нервпен жүретінмін
3 балам бар Аллаға шүкір. Екінші жүктілігім қиын болып шала туылды. Өсе келе оның да қиындығын көрдік, кеш дамыды, кеш сөйледі. Бірінші Алла, екінші қаншама мамандарға апарып жүгіргенімнің арқасы бүгін баламның жағдайы жақсы, сөйлейді, түсінеді. Жүктілік кезіме оралатын болсам, күтініп ашуланбай жүру керек екенін түсіндім. Бәрі уақытша қиындықтар екен, баланың денсаулығынан артық ештеңе жоқ екен
Меніңде жуктілігім қиын болды, 9 ай токсикоз, узақ схватка еще басын қысып туганмынго киналып. Баламды 1,5 жас кезинде байкап бастадым, рас зпр койды,государсвамен емдеп журдим пмка барып, потом тусиндим, они не помогут. Содан оренбургта 5 рет , уш ай сайын, одан ташкентте 7 рет 3 ай салып, остеопад,жане ава логопед жумыс жасап, Аллага шукир балам казир диагнозды алып тастады! Жаным барин тусинеди , сайрап жур, Арманым орындалып 1 класска жибердик! Баламды садикке еш кайда жиберместен колыма алып жумыстандық! Так что сынбаңыздар, бари жаксы болады! Главное во время емдеу керек! Паразиттерден тазалап, жетіспейтін витамин, дарилерди беру керек! 2-3 ай салып, тмс, рефлекс терапия, баракамера алу керек! Үміт үзбеңіздер! Көмегім тиіп қалар деп , басымнан өткенімді жазып жатқанымго!
Паразит тазалау неден бастадыныз?
Бара камера Кай жерден оттиниз? рефлекс терапия тоже Кай жерден
@@islamaidos10 соңында ташкентте емделдик, сол жакта барин комплекстно алдык , еки ай сайын бардык, 10 кун ем, потом дарилер!
@@islamaidos10 паразит ташкентте тазаладык биринши, потом лечения бастадык
@@islamaidos10 негизи казакстанда бар, но барлыгы ар жерде, астана , алматы, баракамера атырауда да бар
Ақеркемен ең пайдалы, ең шынайы подкаст. Алла разы болсын, шынайылық үшін, ашық мінезіңіз үшін. Сіздің өміріңізден өзімді көрдім. Керемет мотивация беріп, адамды жігерлендірдіңіз❤
Самая настоящая , искренняя, Акерке молодец 👍 ❤
Айнұр ханым қонақты дәл тауып шақыратыныңыз үшін РАҚМЕТ!!! Ақерке ханым қым қуыт тіршілік арасында уақыт тауып келіп, ашығынан бірін мыжымай тарсылдатып как есть барлығын айтқаныңыз үшін мың алғыс!!! Балапаныңыз Алланың қалауымен, Сіздердің еңбегіңіздің арқасында жазылып, сауығып кетсін🤲🤲🤲 Балаларыңыздың қызығын көріңіз!
Айнура ВКО forever!!Сіз өте керемет жансыз!!!Осындай подкаст жасап,бәрін жақын тани отыра,пайдалы ақпарат алудамыз.Керегін алып,қателектерінен сабақ алып,жасамауға тырысудамын❤Айнура вы супер!!!
Ақеркенің әңгімесінен кейін 1-ші жүктілігімді дұрыс өткізгеніме қуанып отырмын. Аяғым ауыр екенін білген бойда ата-ене бәрін тастап кеттім өмірге дені сау баламды дүниеге әкелу үшін без опытная мама болсамда, көз тиюден сақтау үшін жүктілігімді ешкімге көрсетпей жасырынып босандым. Жолдасым соңымнан еріп келді чтобы аяқ киім киюде қиын болад деп аяқ киімімді кигізіп беретін. Жүктілігімді ешкімге көрсеткен жоқпын. Босанғаннан кейінде қонақ жайып әуре болған жоқпын. Тек қана баламмен ғана оңашада болдым. Ата-енеге бала 1-жасқа толғанша пысқырыпта қараған жоқпын. Келіндік қызметтен қаштым балам үшін тек балама көңіл бөлдім. Енді 2-жасқа толады сөйлеп кетсе деп отырмын.
Ал апам бәріне ұнаймын деп балалары зрр, зпр болып мектепке барудан кешігіп жатыр тым кеш. Лучще эгоист болған дұрыс екен. Аяғым ауыр кезде ата-енемді шетке итеріп жібергенім дұрыс болған екен деп қуанып отырмын. Бізге бала керек қалғаны нафига бала біздің жемісіміз. Егер ата ене деп бәріне келінмін деп жүгіргенімде қазір балама қиын болатын еді. Кейін баланың психологиясына зиянын тигізеді деп күйеуімді де шетке ысырып жібердім. Себебі, босанған соң кейбір еркектер өзгеріп кетеді. Декретте үйде баламен отыр деп өзіне еркіндік сайлап, ал мен сауық-сайран қыдырамын деп бас ауған жаққа кетеді. Қиын кезде баламен үйде жалғыз қалдырып кеткен еркек ешкімге керек емес тапқанын далаға шашатын болса
Кушти подкаст, ен катты унаган осы болды! Алла жар болсын! Баланыз тезирек сауыгып кетсин!!! Озиме жуктилек кезге оралсак, коп кенес берер едим!!!! Коп Нарсе окы! Озинди дамыт! Сенин кателегим тек роды га дайындалып сосын омир Жоктай.
Жок! Керисинше! Жана омир басталады. Сол ушин окып жаткан кыздар болса, сиздерге жане озиме кенес! Кыздар коп окындай, калай
Бала дуниеге келеди, сосын не истеу керек, 1 ай да калай дамыйды, 2ай калай. Айтатьыт Нарсе коп. Сыйлыгынызды утоп алайк🙏🏻🫶🏻 буйырсын.