QARAKESEK & TONY-AZ QALDY |2020|

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 29 сен 2024
  • (text)
    Part QARAKESEK:
    1. Жәймен ойланып қарадым,
    Ай мен осы, қайда кетіп барамын деп.
    Өз өзіме сұрақтарды үйіп төгіп жауап бере алмай,
    Отырған түріме қараш!
    Қараш, қарашада ұлым көзің ашты,
    Адам болу керек тезірек көзімді ашшы.
    Жылдар бойы адасып, уақыттардан кешіккем,
    Азан шақырып жатыр досым, жүр кеттік мешітке.
    Жүр, жарыққа қарай барайық
    Жүр, Ол жақта бар екен досым, жаңға шипа.
    Бар екен ол жақта тазалық, тазаланайық,
    ТӘҢІРІМ ахыретте басымыздан сипа.
    Кешір бізді кешіксек, көп нәрсені ұқпадық,
    Уақытында - Таң, Бесін, Екінті, Шам, Құптанның.
    Бізді шақырдың, біз бармадық
    Қуып кеттік артынан, қу дуниелік арманның.
    Енді жүрміз айралмай ақ пен қараны
    Жүрек қап қара, сана - қап қараңғы.
    Қаншама дертті, жұқтырып алдық қараш(ы)
    Исламнан басқа не емдейді, енді сенің жараңды?!
    Кері қайт, әлі тірісің
    Жердесің, уақыт тоқтамад, тоқтамады тынысың.
    Үміт бар, үміт ете аласың, үміт ет.
    Уақыт аз, күн өтеді - түн өтеді , бітеді.
    Бәрі бітеді, Аспан күтеді
    Ақыретің басталад, емес ертегі
    Өз көзіңмен көресің
    Ертең ертең ертең!!!
    Part TONY: Жасыңды тығып ұста, шама келсе өтірік күл
    Анадан басқанын бәрі, шынында өтірік гүл.
    Сенен де мықтымын деген көбінде көкірек тұр
    Алдыма келгеннің бәрі орнынан секіріп тұр.
    Жағдайың жақсарса, іздейтіндері сан мәрте
    Қайғылы жағдайда, хәлімді сұрап жаныма кел.
    Іштегі толы ыза, бітпейтін әнім Әке
    Көргенді айта берсем, адамдар жалығад білем.
    Түбінде сары алтын, қара сабырдың
    Ойланып қарадыңба суық қара қабірді
    Сенімің берік болса, қара шамың жағылды
    Барлығы кеткен сайын, жұлдыздар ағылды.
    Шыныңды айтшы, кім жырлауыңа себепкер
    Тығылып тыңдап жатыр, ұрғашы төбеттер
    Бәрі қалатын нәрсе, шынайы сабыр сақта
    Уақыттар өтсін одан, Құраннан сүре жаттап...

Комментарии • 2

  • @okumurarin232
    @okumurarin232 4 года назад +7

    qarakesek - ке жетер рэпер жокко

  • @АлибекКамбаев-ц2д
    @АлибекКамбаев-ц2д 2 месяца назад

    Каракесек билгем сенин иманын бар екенин аз болсада