9% ипотека: "ОТАУ" бағдарламасы

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 28 мар 2024
  • БАҒДАРЛАМАНЫҢ ШАРТТАРЫ
    Сыйақы мөлшерлемесі: 9% (ЖТСМ-9,2% - дан бастап);
    Заем сомасының 50% жинақталғаннан кейін заем бойынша мөлшерле жылдық 3,5-тен 5%-ға дейін (ЖТСМ 3,6% - дан бастап) төмендейді;
    Бастапқы жарна: заем сомасының 20%-нан бастап;
    Заемның ең жоғары сомасы:
    •Астана, Алматы қалалары үшін 30 млн теңгеге дейін.
    •ҚР қалған өңірлері үшін 18 млн теңгеге дейін;
    Несиелеу мерзімі - 19 жылға дейін:
    • алдын ала тұрғын үй заемы бойынша: 8 жылға дейін;
    • тұрғын үй заемы бойынша: 11 жылға дейін.
    Тұрғын үй сатып алу, бір банктік қарыз шарты шеңберінде тұрғын үй сатып алу және жөндеу.
    МАҢЫЗДЫ: Бағдарламаға Отбасы банк салымшылары ғана қатыса алады.
    "ОТАУ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУШЫНЫҢ ДЕПОЗИТІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
    Жинақтау мерзімі - кемінде 18 ай (Депозит мерзімі бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде кемінде 18 ай болуы керек. Жинақтау мерзімі одан аз депозиттер бағдарламаға қатыстырылмайды);
    Депозиттегі жинақтың ең аз сомасы: кемінде 1 млн теңге (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтте депозиттегі жинақтың ең аз сомасы кемінде 1 млн теңгеге тең болуы тиіс. Жинақтау сомасы бұдан төмен депозиттер бағдарламаға қатыстырылмайды);
    Тарифтік бағдарламалар: "Табысты", "Жинақ", "Арнау" тарифтік бағдарламаларын қоспағанда, барлық тарифтік бағдарламалар ("Табысты", "Жинақ" және "Арнау" тарифтік бағдарламалары шеңберінде ашылған депозиттер бағдарламаға қатыстырылмайды)
    Басқа тұрғын үй бағдарламаларына қатыспау: Салымшыда "Кейіннен сатып алу мүмкіндігі бар жалға алу" бағдарламасына қатысушы мәртебесінің болмауы.
    Салымшыда инкассалық өкімдер және төлем талаптары түріндегі шектеулердің болмауы: Депозит қолданысына тыйым салу, инкассалық өкімдер және төлем талаптары түріндегі шектеулерден бос болуы керек;
    ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР:
    Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе қандасы мәртебесі;
    Өтініш берген кезде қатысушының жасы 18-ден 63 жасқа дейін (қоса алғанда) болуы керек;
    Соңғы 6 ай ішінде ресми табысының болуы;
    Бағдарламаға қатысушыда және оның отбасы мүшелерінде (18 жасқа дейінгі балалар) соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасы бойынша кез келген жылжымайтын мүлік түрінің болмауы;
    Бір салымшы/отбасы бағдарлама шеңберінде тұрғын үйді бір реттен артық сатып ала алмайды;
    Бағдарламаға қатысқаны және заем алғаны туралы ақпаратты банктің ресми сайтында орналастыруға келісім беру (бағдарламаға қатысушылар тізімінің ашықтығы үшін)
    БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ ӨТІНІМДІ hcsbk.kz/to-get-a-loan/otau/ ПОРТАЛЫНДА БЕРУГЕ БОЛАДЫ.
    ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАШ КАНАЛ!
    • Отбасы банк в Instagram - / otbasy_bank. .
    • Отбасы банк в FB - / otbasybankkz

Комментарии • 17

  • @zhanerke__846
    @zhanerke__846 3 месяца назад +1

    Кеш жарык! Неше жыл осы программа болады?

  • @user-eu2lc7rd9o
    @user-eu2lc7rd9o 2 месяца назад

    Алаяктар сыртынан хакер жолымен рәсімдеп кетсе табуға болама

    • @otbasybank
      @otbasybank  2 месяца назад

      Сәлеметсіз бе! Сұрағыңызды нақтылау үшін, бізге +7 705 925 1301 WhatsApp нөмірі бойынша жазып, операторға қосылуыңызды сұраймыз. Операторға қосылу үшін 7 санын таңдап, * белгісін таңдау қажет. ~Әлия

  • @user-ln4sl3gq5c
    @user-ln4sl3gq5c 3 месяца назад +1

    Заявка бердим кайдан билемиз одобрение бердима ?

    • @otbasybank
      @otbasybank  3 месяца назад

      Сәлеметсіз бе! 1. 01.03.2024-30.04.2024 аралығында банк салымшылары Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталына онлайн қатысуға өтінім береді (otbasybank.kz). 2. 01.05.2024-14.05.2024 аралығында салымдарға есептелген сыйақы бойынша қатысушыларды іріктеу болады. Қосымша артықшылығы - балалары бар отбасылар. Банк тізімді ресми сайтта жариялайды. 3. 15.05.2024-14.07.2024 аралығында қатысушылар банкке кредиттік өтінімдер береді, төлем қабілеттілігін бағалаудан өтеді, қарыз алуға мақұлдау алады. 4. Қарызды мақұлдағаннан кейін қатысушыға Баспана базар платформасында онлайн тұрғын үй таңдау үшін 6 ай беріледі. Тұрғын үй құнын банк алдын ала келіседі. 5. Қарыз беру жүзеге асырылады, қатысушы тұрғын үй сатып алады. ~Әлия

  • @user-kn9bz1wn1o
    @user-kn9bz1wn1o 3 месяца назад

    Менде заңды неке күәлігі бар өзбекстанда өткеміз, 2012 жыл көшіп келдік Ташкенттен үш баламыз шығып тұр базада, некені көрсетпей тұр база отауға өтініш бермекші едім, осыны айтыпжереспе рахмет

    • @otbasybank
      @otbasybank  3 месяца назад

      Сәлеметсіз бе! Сұрағыңызды нақтылау үшін, бізге +7 705 925 1301 WhatsApp нөмірі бойынша жазып, операторға қосылуыңызды сұраймыз. Операторға қосылу үшін 7 санын таңдап, * белгісін таңдау қажет. ~Әлия

  • @user-lr7lm4hw6o
    @user-lr7lm4hw6o 3 месяца назад

    Қызылорда қаласы бойынша жер үй ала алмвймыз ба бұл бағдарламамен

    • @otbasybank
      @otbasybank  3 месяца назад

      Сәлеметсіз бе!"ОТАУ" бағдарламасы бойынша Алматы, Астана, Шымкент және облыс орталықтарында тек бірінші нарықтағы үйді, оның ішінде Қазақстандық тұрғын үй компаниясы кепілдігімен үлестік қатысу шарты бойынша сатып алуға болады. Барлық басқа елді мекендерде екінші нарықтан тұрғын үйді сатып алуға болады. Бағдарламаға қатысушы бірінші нарықтан тұрғын үйді Баспана маркет порталынан ғана сатып ала алады (otbasybank.kz). ~Әлия

  • @KlaraKasymbekova-z2y
    @KlaraKasymbekova-z2y 5 дней назад

    Басында кредит болса әсері болады ма болмайды ма?

    • @otbasybank
      @otbasybank  4 дня назад

      Сәлеметсіз бе! Несие тарихы қаралатын болады. ~Әлия

  • @user-wv1to8bx9q
    @user-wv1to8bx9q 3 месяца назад

    Біреуге гарант болсаң қалай болар екен. Өтініш тапсырып қойып едім.

  • @ljlj4511
    @ljlj4511 3 месяца назад

    Декретте отыргандарга болады деп еды енды табыс козы болу керек дейды,😏

    • @otbasybank
      @otbasybank  3 месяца назад

      Сәлеметсіз бе! Табыс көзін растау барысында соңғы 6 (алты) айда Еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыстың болуы керек. ~Әлия

    • @ljlj4511
      @ljlj4511 2 месяца назад

      @@otbasybank Отау, Умай, Шанырак багдарламасымен декретте отырган кысылер ипотекага квартира расымдей алады деген сыздердын кызметкер, сонда енды Ол отырык болып турма? Декретте отырган кысылерге кандай усыныстар бар Уй алуга?

  • @user-qo9xu1zn7e
    @user-qo9xu1zn7e 2 месяца назад

    Уйде кезекте тургандарга пацызы томенболадыма

    • @otbasybank
      @otbasybank  2 месяца назад

      Сәлеметсіз бе! Барлық қатысушыларға бірдей талаптар болады. "Отау" бағдарламасының қарыз шарттары: 20% - дан бастап - бастапқы жарна; кредит бойынша мөлшерлеме- 9% (СЖТМ 9,2% - дан бастап); кредит мерзімі 19 жылға дейін.~Әлия