НИШ есептері. Өзен ағысына байланысты есептер
HTML-код
- Опубликовано: 8 фев 2025
- 1 - сабақ. Қозғалысқа байланысты есептер
• НИШ есептері. Қозғалыс...
2 - сабақ.Өзен ағысына байланысты есептер
• НИШ есептері. Өзен ағы...
3 - сабақ. Концентрацияға байланысты есептер
• НИШ есептері. Концентр...
4 - сабақ. Қатынасқа байланысты есептер
• НИШ есептері. Қатынасқ...
1. Өзен бойындағы екі қаланың арақашықтығы 120 км. Теплоходтың меншікті жылдамдығы 27 км/сағ, өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ. Теплоход бір қаладан екінші қалаға өзен ағысының бойымен қанша уақытта жететінін анықтаңыз.
2. Моторлы қайық 48 км қашықтықты ағыс бойымен 3 сағатта, ал ағысқа қарсы 4 сағатта жүзген болса, өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.
3. Қайық өзен ағысымен 4 сағ, ал өзен ағысына қарсы 2 сағ жүзді. Осы уақыттың ішінде ол 78 км жол жүріп қойды. Егер өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ болса, онда қайықтың меншікті жылдамдығын табыңыз.
4. Өзен бойындағы екі қаланың арақашықтығы 170 км. Теплоходтың меншікті жылдамдығы 39 км/сағ, өзен ағысының жылдамдығы 5 км/сағ. Теплоход бір қаладан екінші қалаға өзен ағысына қарсы қанша уақытта жететінін анықтаңыз.
5. Өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ. Катердің меншікті жылдамдығы 41 км/сағ. Егер катер ағысқа қарсы жүзсе, 3 сағатта қанша жол жүреді? Ал ағыспен жүзсе ше?
6. Катер ағыспен бірге 120 км жүзіп, кері қайтты. Катердің меншікті жылдамдығы 16 км/сағ, ал ағыстың жылдамдығы 4 км/сағ болса, катердің барлық жолға қанша уақыт кетіргенін анықтаңыз.
7. Қайық 60 км қашықтықты ағыс бойымен 3 сағатта, ал ағысқа қарсы 5 сағатта жүзді. Ағыстың жылдамдығын табыңыз.
8. Қайықтың меншікті жылдамдығы 26 км/сағ, ағыс жылдамдығы 2 км/сағ. Қайық ағысқа қарсы және ағыс бойымен 1,5 сағатта қанша жол жүреді?
9. Моторлы қайық ағыс бойымен 4 сағат, ағысқа қарсы 4 сағат және тынық суда 1 сағат жүзді. Моторлы қайықтың меншікті жылдамдығы 20 км/сағ болса, онда қайықтың қанша км жүзгенін табыңыз.
10. Катердің ағыспен жүрген жылдамдығы 19,2 км/сағ, ал ағысқа қарсы 14,8 км/сағ. Ағыс жылдамдығы нешеге тең?
Күшті,👍
👍👍👍👍👍