Еліміздің солтүстігінде елу миллион теңгеге салынған скейт-алаң жарамсыз болып қалған

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 30 сен 2024
  • БІЗДІҢ RUclips АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Еліміздің солтүстігінде елу миллион теңгеге салынған скейт-алаң жарамсыз болып қалған. Үш жыл бұрын саябақ ішінен ашылған орын суға толып, қирап жатыр. Соған қарамастан қараусыз қалған жерге балалар барып ойнайды. Ал ұл-қыздарының қауіпсіздігіне алаңдаған ата-аналар алаңды жабу керек деп талап қойып отыр.
    РУСЛАН ЖАСҰЛАНҰЛЫ, тілші:
    - Петропавлдың орталығында орналасқан скейт алаң қараусыз қалған. Бюджеттің 50 миллион теңгесіне салынған жердің сиқы адам шошырлық. Алаңның бетон қабаты жарылып, астындағы арматуралары бетіне шығып жатыр. Сондықтан бұл жерде сырғанау адам өміріне қауіпті дейді ата-аналар.
    ВАЛЕРИЙ ДЕРГАЧЕВ, Петропавл қаласының тұрғыны:
    - Скейт алаңында қауіпсіздік ережелері сақталмаған. Ал, балалар болса әлі ойнап жүр. Бұл дұрыс емес. Бір жерін сындырып алса немесе қайғылы жағдай болса ешкім жауап бермейді.
    Тұрғындардың айтуынша, жаз мезгілінде осы жерге келіп, скейтпен сырғанайтын жастардың қарасы көп болады. Дені мектеп жасындағы балалар. Сол себепті ұл-қыздар жарақат алмас үшін алаңды мүлдем жауып тастауды талап етеді. Өйткені суға толған орынның пайдасынан зияны көп дейді жұрт.
    ЛЮБОВЬ ХРУСТОВА, Петропавл қаласының тұрғыны:
    - Мына жердің тас-талқаны шығып жатыр. Жаңбыр жауған сайын суға толады. Суағар жүйесі орнатылмағанның кесірінен бәрі. О баста дұрыс жасалмаған.
    Ал жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, үш жыл бұрын салынған скейт-алаң құрылысының кепілдік мерзімі аяқталған. Сондықтан оны қайта жөндеу үшін бюджеттен қаражат қарастыру керек деп отыр.
    НИНА ШЕРСТОВА, Петропавл қалалық түкш бөлімінің баспасөз хатшысы:
    - Жобалық-сметалық құжат бойынша суағарлар қарастырылмаған еді. Сол себепті жобадан ауытқу болған жоқ. Ал жұмыстың сапасына келетін болсақ ол басқа мәселе. Яғни, су жиналған сайын оны тазалап тұрамыз. Жөндеу жұмыстарын қарастырамыз.
    Тұрғындар сапасыз скейт алаңды салған мердігерлерді де жауапқа тартып, қара тізімге енгізу керек деп есептейді. Руслан Жасұланұлы, Азамат Елубаев, Информбюро, СҚО.
    -----------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/c...
    TikTok - www.tiktok.com...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии •