Ән-Аға

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 21 сен 2024
  • Сәкен Қалымовтың орындауындағы Ибрагим Исаевтың сөзіне жазылған Қалдыбек Құрманәлінің әні "Ән-Аға!"

Комментарии • 3

  • @РыскенМусабалинова
    @РыскенМусабалинова  11 месяцев назад +1

    Жетті ғой осы күнге ән болып есімің де,
    Тербеттің ғашықтарды махаббат бесігінде.
    Аққулар арасында әнің жүр барасың ба,
    Бір сұлу мұңаяды Арыстың жағасында.

    Ән аға, жан аға
    Сені аңсап шарқ ұрды шағала.
    Каспийдің толқыны
    Соғады жағаға,
    Жағаға жан аға, ән аға.

    Еліңе мәңгі ұнатқан нәр бердің ән бұлақтан,
    Жетеді іңкәр әнің Теріскей Тамды жақтан.
    Ән болып ұшарыңда аққуға ұқсадың ба,
    Гүл болып үлбіредің бақыттың құшағында.

    Ән аға, жан аға
    Сені аңсап шарқ ұрды шағала.
    Каспийдің толқыны
    Соғады жағаға,
    Жағаға жан аға, ән аға.

    Шалқыған жалын жастар,
    Тойларда әнің бастар.
    Толқиды әуеніңмен,
    Ақ маңдай қарындастар.
    Тұрса да дала гүлдеп,
    Өксиді дала бірге.
    Ескегін қайығыңның,
    Қалдырдың аға кімге?

    Ән аға, жан аға
    Сені аңсап шарқ ұрды шағала.
    Каспийдің толқыны,
    Соғады жағаға
    Жағаға жан аға, ән аға.
    Каспийдің толқыны,
    Соғады жағаға
    Жағаға жан аға, ән аға.

  • @Әшірбек
    @Әшірбек 2 месяца назад

    Қайран Шәмші өткен ғасырдың аңызы, вальс королы. Әрбір қазақтың арманы сағынышы.

  • @РыскенМусабалинова
    @РыскенМусабалинова  11 месяцев назад +1

    Қайран, Шәмші!
    Аққуменен тілдескен,
    Гəккуменен үндескен.
    Пенделікті білместен
    Періштедей күн кешкен -
    Қайран, Шəмші!
    Мұз жүректі жібіткен,
    Тас жүректі үгіткен.
    Шаңырақты əлдилеп,
    Аруақты тірілткен -
    Қайран, Шəмші!
    Арқадағы Ақаннан,
    Айлап жүріп бата алған.
    Ханнан да асып атағы,
    «Əн патшасы» атанған -
    Қайран, Шəмші!
    Мынау жарық жалғанда,
    Арманда емес жан бар ма?!
    Есі кетіп Естайдай,
    Ғашық болған «Қорланға» -
    Қайран, Шəмші!
    Жұмақ іздеп жырақтан,
    Жан-жүрегін жұбатқан.
    Тұран қызын аялап,
    Сыған қызын ұнатқан -
    Қайран, Шəмші!
    Езді таптап табанға,
    Ерді мақтап əманда.
    Желтоқсанда жастарды,
    Алып шыққан алаңға -
    Қайран, Шəмші!
    Исраил Сапарбай