Шыңжаң түсірген қазақ киносі - "Өмір ағысында", 2018 жыл. قازاق كينوسى - "ءومىر اعىسىندا"

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 22 окт 2024

Комментарии • 295

  • @ЗубайраСунгатова
    @ЗубайраСунгатова 9 месяцев назад +64

    Қайран қазағым ай жат елде жүрсе де өз тілін өз ғұрпын ұмытпаған айналайын қазағым ❤

  • @НурланОразымбетов-н6ю
    @НурланОразымбетов-н6ю 8 месяцев назад +32

    Осы киноны районының қазақтары қандай тамаша.шынайы түсірген ,Қазақстан Мемлекеті бола тұра осындай кино түсіре алмадық қой, осылай

    • @phine8822
      @phine8822 6 месяцев назад

      Соны айтам

  • @НұрасКөмек
    @НұрасКөмек 8 месяцев назад +22

    19 ғасырда осы үш обылыс қазақтарымыздан ажырап қалған едік ,бір елді екі империя қақ бөліп отарлап алған еді, ал енді сол қалған бауырларымызбен қауышатын күн туар мекен...
    Аман болыңдар алты алаштың ұрпағы.....

  • @КүнжәнРәзи
    @КүнжәнРәзи 5 лет назад +73

    Жаксы шыгарылган кино. Маган унады. Шыркин арбир казак отбасы осы киноны корсе. Ата-бабаларымды коргендей болдым.

  • @НуржамалМауленова-у4м
    @НуржамалМауленова-у4м 9 месяцев назад +33

    Қандай керемет кино 😢жылап тұрып кордым 😢өмір өз уакытын алады екен😢 қайран қазағым, не кормеген қазағым 😢бір Аллам жар болсын, ар қазағыма

  • @makpalmukasheva8478
    @makpalmukasheva8478 9 месяцев назад +23

    Қазақстанның шекарасы басқа, қазақтардың тұратын жерлері одан кеңірек. Аман болсын қазағым қайда жүрсе де!❤

  • @КудайберлыМырзабек
    @КудайберлыМырзабек 9 месяцев назад +30

    Мағынасы терең, мазмұны көркем, қазақты толғандыратын, жүректі тебірентетін жақсы кино-туынды.

  • @gulnaratostikova
    @gulnaratostikova 9 месяцев назад +21

    Өте керемет туынды,келер ұрпаққа үлгі ретінде көрілсе,нағыз қазақтардың өмір баяны❤

  • @СералыАжибаев
    @СералыАжибаев 9 месяцев назад +14

    Нагыз казактын омирин,салт дастурин корсеткен кино екен,аман журиндер кандастарым

  • @ДулатБершимбеков-е2я
    @ДулатБершимбеков-е2я 7 месяцев назад +8

    Әй қазағым ай .
    Бұл таспада бәрін ұштастырған жан жануардың, құсбегіліктің, табиғаттың, тұрмыс салт және т.б. өте керемет маған ұнады . Біз қазақ жан дүниеміз өте бай білімді текті екенбіз. Қазақ ұрпағы болғаныма мақтан тұтамын🌿🇰🇿

    • @NurlanAdilhanov
      @NurlanAdilhanov 6 месяцев назад +1

      Ия, қазақ табиғатпен үндесіп өмір сүрген

  • @ӨтениязДиханбаев
    @ӨтениязДиханбаев 9 месяцев назад +15

    Ассалаума алейкум қазақ тілді қалқым, өтте керемет, нағыз қазақи өмір түсірлген❤

  • @КүнжәнРәзи
    @КүнжәнРәзи 5 лет назад +36

    Осындай тамаша кино шыгаргандарынызга Рахмет. Отбасымызбен кордык. Риза болдык.

  • @Galaxy-xo2zv
    @Galaxy-xo2zv 5 лет назад +159

    Қайран қазақтар жат ел жат журтта көрмеген жоқ ал қазыр қан жутып аур азап көруде осы қазақтар ушін дуға етеиікші ағаин дуға етеиік тым болмағанда аман есен журуін дуға етеиік 😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭

    • @ЕлдосКаиров-ь3н
      @ЕлдосКаиров-ь3н 9 месяцев назад +22

      Олар Оз жеринде отыр негизи жат елде емес

    • @user-ug9wx4op4w
      @user-ug9wx4op4w 9 месяцев назад +23

      Жат ел емес , ол жер қазақтың жері , Оспан батыр қорғаған жер ☝️

    • @ЗлихаДоскалиева
      @ЗлихаДоскалиева 9 месяцев назад +11

      каиран казагымнын жери ким таламаи жатыр деисин

    • @user-bm8fw4ep2j
      @user-bm8fw4ep2j 9 месяцев назад +9

      Аю мен айдаһар біздің ата қонысымызды тартып алған.

    • @NurlanAdilhanov
      @NurlanAdilhanov 9 месяцев назад +8

      Қайдағы жат ел, ол қазақтың жері орыс пен қытай қысым көрсетіп тартып алды емеспе қазақтан!!!

  • @seksenbaiorazbayev3895
    @seksenbaiorazbayev3895 9 месяцев назад +40

    Сәлембердік жат елдегі ҚАЗАҒЫМ.Өте жақсы түсірілген,қазақ екенімді сезіндім.Фильмді түсірген және түсірілгендерге көп көп рақмет.Бақытты болыңыздар.ҚАЗАҚ ЕЛІНЕН СӘЛЕМ.

    • @SeBeK-west
      @SeBeK-west 7 месяцев назад

      El jat bolar braq jer özderınıkı.

  • @ДосболКалдыбаев
    @ДосболКалдыбаев 9 месяцев назад +34

    Тамаша туынды!Қайда жүрсе де аман болсын арда Қазағым!!!

  • @ОрынбекКулжакан
    @ОрынбекКулжакан 5 лет назад +29

    Кытайдағы бала кезім есіме түсіп кетті өте керемет дəл осындай кездер өттігой көрген түстей

    • @тонятоня-з2р
      @тонятоня-з2р 10 месяцев назад +2

      ҚАРАЛЫ КӨШТІ ТҮСІРСЕ,ЕЛІСХАН ТУРАЛЫ.КӨП СЕРИЯЛ ҚЫЛЫП.БІЗДЕГІЛЕР ТҮСІРЕАЛМАИДЫ.

    • @sandugashnurahmetova859
      @sandugashnurahmetova859 9 месяцев назад

      Шынымен осы дамыған уақытта көшіп қонып жүрдіңдер ма, сонда балалар қалай жетілді оқымады ма?

  • @УлболсынНурсеитова
    @УлболсынНурсеитова 5 лет назад +32

    Өте тамаша жақсы мағналы қазақтың тарихын көшпенді халықтың тұрмыс деңгейі көрсетіпті

  • @СакеноваАйжан
    @СакеноваАйжан 5 лет назад +17

    Керемет кино магынасы бар .
    Казактарым кайда босада аман есен журсе екен.

  • @TalapMuhamedov-bn9ph
    @TalapMuhamedov-bn9ph 8 месяцев назад +4

    Өте керемет түсірілім, қазағым мықтығой АЛЛА ТАҒАЛА барлық жердегі қазақ бауырларымызды рақымына бөлесін

  • @YASHNARALIBAY
    @YASHNARALIBAY 5 лет назад +40

    Нағыз Қазақ Кошпенды Қазақ ! Жылқы Қазақтың Қанаты !

  • @OljasAliev-t3u
    @OljasAliev-t3u 9 месяцев назад +9

    Мине осындай руханий жангыру кытайказактарына Рахмет ал казакыстан. Калаулым . Жайдарман корип балдарымыз алсиз коркак жалкау намысыз болыпжатыр

  • @ТалгатАбжанов-г1в
    @ТалгатАбжанов-г1в 9 месяцев назад +80

    Неге телдидардан осындай қазақи фильмдер көрсетпейді, мағанассыз түрік, үнді киноларын көрсетіп, соларды пір тұтып. Нағыз қазақ өмірі, қазақи өмір

    • @КуанышДабысов
      @КуанышДабысов 8 месяцев назад +7

      Казахты мангурт кылудын айласыго,билик басында казакка жаны ашитын адал басшы келмей осылай жалгаса береди

    • @АйтолкынТолеутай
      @АйтолкынТолеутай 7 месяцев назад

      Соны айтам

    • @richi-z8e
      @richi-z8e 6 месяцев назад

      ​@@КуанышДабысов дурыс айтасыз! Бирак осы модага салып "го" емес казакша кадимги "гой" деп неге жазбайсыз.

    • @КуанышДабысов
      @КуанышДабысов 6 месяцев назад

      @@richi-z8e
      Ар созге жабыспай, магынасын тусинсен болдыго, емтихан тапсырып жаткан жокпынгО.

  • @Ғасырбек.Ғанйұлы.95
    @Ғасырбек.Ғанйұлы.95 5 лет назад +6

    оте.орынды.ой.салар.кино.екен.оте.асерлы.ерекше.естелык.кино.екен.казактын.кен.байтак.даласын.бар.байлык.бакытын.булжытпай.насйхаттап.айкындап.корсете.былген.улкен.рахмет.жанеде.кошпенды.малшылардын.омырын.мукыят.менгерып.корсете.былген.казак.кйносы.коп.болсын.узагынан.болсын.кандай.кен.жайлау.кол.тау.орман.жазык.дала.таза.ауа.йя.ерекше.оте.адемы.галамат.👏👏✊👍☝👍❤✋❤✋❤✋❤✋👏👏🌹🌷🌹🌷🌸🌷.!.

  • @ГулжаханИс
    @ГулжаханИс 9 месяцев назад +22

    ӨТЕ КЕРЕМЕТ ТҮСІРГЕН МАҒЫНАСЫ МОЛ ҚАЗАҒЫМ АМАН БОЛСЫН👍🫶

  • @ГулжанИбраимова-е6у
    @ГулжанИбраимова-е6у 9 месяцев назад +6

    Азаттың келіншегі сұлу әйел екен нағыз Қазақтың жары кигені ұзын басында орамалы Ата бабамыз айтқанғой орамалың арыңдеп 🙏🏽👍🏾

  • @aidanamedenova2235
    @aidanamedenova2235 5 лет назад +16

    Казир жасанды омир сурип жатырмыз.Кайран ел,Жермиз туган,таза ауа,тазаомир еди...Алтайым...

  • @ЖадыраМурат-о4щ
    @ЖадыраМурат-о4щ 5 лет назад +15

    Керемет әсерлі кино екен, туған жерім ай (

  • @FARIDATaskenbaeva
    @FARIDATaskenbaeva 9 месяцев назад +20

    Маған қатты ұнады жеті қазынаны ерекше суреттеген

  • @kcellkrivenko8391
    @kcellkrivenko8391 9 месяцев назад +7

    Өте әсерлі жақсы түсірілген мағынасы зор екен

  • @KasipaWaken
    @KasipaWaken 9 месяцев назад +4

    Недеген таза қазақы өмірді бейнеленген осындай керемет фильмді неге біздің теле арнадан көрсетпейді

  • @МаратЖанекенов-ц2у
    @МаратЖанекенов-ц2у 9 месяцев назад +5

    Өте керемет фильм мағынасы үлкен терең тәрбиені көрсетеді

  • @ERBOLAT_SAMARA
    @ERBOLAT_SAMARA 9 месяцев назад +3

    Алла разы болсын 🤲 керемет фильм! Қазағым аман болсын қай елде жүрседе

  • @жақсыалғақазақалға
    @жақсыалғақазақалға 5 лет назад +13

    قازاق ەلى العا
    қазақ елі алға
    оттапсың қытай ,қазақтың жері үш облыс Іле қазақ облысы ,Тарғабатай облысы,Алтай облысы.

  • @КуандыкТрапов
    @КуандыкТрапов 9 месяцев назад +5

    Қанша көрсемде қызығып көре бергім келеді!!! ❤❤❤

  • @Baikadam1987
    @Baikadam1987 3 года назад +27

    Канша Казагым бар Кытайда сол Казактын бари Казакстанга келиндерши.150мындык калаларымыздын санын котеру ушин.Солтустик онирлердеги халык санын котеру ушин.Казагым ай журегим аурат аман болындаршы жандарым сол.

    • @bolathan_1985
      @bolathan_1985 9 месяцев назад

      Үмітсіз шайтан деген, Қытайда қазақтар барлығы қалмай көшіп келіп алса, қытайда қалған қазақ жері қайда қалады, ата-бабамыз сол жер үшін қаншама қан төкті бодау берді, ол жақтада қазақтар болғаны жақсы, күндерінің бір күні сол жерде қазаққа қайтар, ол жақтағы қазақтар бырақ көшіп кетсе Қытайлар қуанар еді олай қазақ жерін тастап кеткен дұрыс емес

    • @azatbektursunov8408
      @azatbektursunov8408 9 месяцев назад +2

      Қазақстанда нестит олар оданда бекер қайғырат кедей болып өмір сүрема

    • @ЖанатАлпанбаева
      @ЖанатАлпанбаева 9 месяцев назад

      Керемет казактын халкы

    • @PolatMusilov
      @PolatMusilov 8 месяцев назад +2

      Казагым елиим журтым деп келген казахтарды шекарада бир тонап ел журтка келдиктеп куанган казахтарды оралман деп корлап я жумыс жок я жан ашитын казах жок еки жакта не истерин билмеи сансыраган казагым

  • @ЖаксылыкБейсекеев
    @ЖаксылыкБейсекеев 9 месяцев назад +6

    Керемет.🎉
    ҚАЙРАН ҚАСИЕТТІ САЛТЫҢНАН АЙНАЛАЙЫН ҚАЗАҒЫМ СОЛ.АЛҒА ҚАЗАҚТАР.❤

  • @ЖанболатБекет-ч1з
    @ЖанболатБекет-ч1з 9 месяцев назад +8

    Ассалаумалейкум қазақ елі, ңағыз қазақтар Қытайда, біздерші орыс болып кеттік, өркениетті ел болушын, басқа амал жоқ шығар, бірақ біз осындай даналы ақсақалдарымыздан айырдылдық, батырымыздан, ерлерімізден айырдық. Коммунистер болмағанда 70% халқымыздан айырлмай өзгеріске абай-абай жететін етедік, халқымыздың санын сақтап 20 емес 60 миллионға. Қайран қазағым аман бол, бір ☝Алла қолдасын елімізді, жерімізді, қазақтың жауы көп әр заманда.

    • @AsulgulBabasova
      @AsulgulBabasova 9 месяцев назад

      қорада өскен жылқыны уйір қоспайтвны секілді,жынұрғаннан жұғын қалады ,,деген аталарымыз,қанша бауырға тартқанмен- қытайға тән мінездері басым

  • @ЖанибекҚасымбаев
    @ЖанибекҚасымбаев 9 месяцев назад +6

    Бәрекелді міне нағыз Қазақтың тарихы осы Қазақы мінезді дәстүрлі салтымыз ұмытылмасын біз Қазақпыз Қазақ 🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿

    • @Shahudg-h5n
      @Shahudg-h5n 9 месяцев назад

      Бұл жерлер өзіміздің жер .орыс пен қытай бөліп алған1920сыншы жылдары

  • @burkenskat2742
    @burkenskat2742 9 месяцев назад +4

    Жақсы түсірілген кино , тамашалап қарадым !!!

  • @ЖибекЖанакулова
    @ЖибекЖанакулова 9 месяцев назад +5

    Керемет туынды!!!!Аман болыңыздар

  • @ruslankarakeev199
    @ruslankarakeev199 9 месяцев назад +5

    Екінші мәрте көруім, керемет ой салатын туынды

  • @_altynai_
    @_altynai_ 7 месяцев назад

    😢😢😢керемет түсірілген кино екен рахмет 😘 міне нағыз қазақ осындай болған, киім үлгілері салт дәстүрі тіпті орындалған әуендері бәрі 😢😢көзіме жас алып көрдім ғой, қазақстандықтар дәл осылай кино түсіре алмады қандай тамаша кино ❤

  • @kalimbektulegetayev2859
    @kalimbektulegetayev2859 5 лет назад +14

    Аттын жалында туенин комында откен заман ай

  • @АханОрынбек
    @АханОрынбек 9 месяцев назад +8

    Түрік үнді киноларнан мың есе артық 👍👍👍қытай қазақтары мықтығой дәстүрді жақсы сақтап

  • @НурсулуБейсенова-п1м
    @НурсулуБейсенова-п1м 9 месяцев назад +66

    Жат елде жүрген жоқ біздің жеріміз қытайға өтіп кеткен 😢

    • @bbbkipchak2262
      @bbbkipchak2262 8 месяцев назад

      Не деп сандрақтап отырсыз?

    • @АлматыАрматура
      @АлматыАрматура 8 месяцев назад

      ​@@bbbkipchak2262кезінде Алтай тауының ар жағы да бабаларымызтікі болған шекара сызылғанда Алтайдың ар жағындағы тұрған қазақтар Қытай жақта қалып кеткен

    • @esengulaitnur6698
      @esengulaitnur6698 6 месяцев назад

      Шын ғой​@@bbbkipchak2262

  • @АстанаНурсултан-н1с
    @АстанаНурсултан-н1с 9 месяцев назад +1

    Өте керемет туынды көркем филім.бізге қатты унады.Астанадан қандастарыма дұғай СƏЛЕМ. 😊👍👏👏👏👏

  • @NsnndnJshdhd
    @NsnndnJshdhd 9 месяцев назад +5

    Бір бірін бауырына басқан Қазақ Атаа бабамыз..❤❤❤❤❤❤

  • @OljasAliev-t3u
    @OljasAliev-t3u 9 месяцев назад +9

    Казахстанда осындай тарихи кинолар шыгарукерек теле арналардан корсетукерек кайдагы ыржын тыржын женил желпи

  • @karavankaravan1043
    @karavankaravan1043 9 месяцев назад +3

    Салт дәстүрін ұстаған ақсақалдар керемет міне нағыз қазақ

  • @ЛазатКабжапарова
    @ЛазатКабжапарова 7 месяцев назад

    Не деген құнды дүние. Қаншама еңбек. Қазағым аман болсын. Өте әсерлі кино екен, рахмет түсірушілерге

  • @alashprayt7908
    @alashprayt7908 9 месяцев назад +3

    Қазақ ұлты халқы тілі жері елі мәңгілік ел болсын аумин

  • @ЛаззатРатова
    @ЛаззатРатова Месяц назад

    Керемет түсірген киноны .Нағыз ҚАЗАҚТАР деп осы кісілерді айту керек .Бар журегіммен көрдім

  • @МаксатТолекулов
    @МаксатТолекулов 9 месяцев назад +4

    Айналайын Қазағым Тарыдай шашырап жүрсіңдер әр жерде

  • @ЖАМИЛАОразбай-д5ш
    @ЖАМИЛАОразбай-д5ш 5 лет назад +5

    Өте керемет түсірілген филім екен ! 👍👍👍😢😢😢

  • @ДаниярТурежанов-б5ж
    @ДаниярТурежанов-б5ж 6 месяцев назад

    Кандай кушти , асерли кино Адамнын журегин ауыртып диберди гой , Казагым ай 😢

  • @КөКТәңір
    @КөКТәңір 5 лет назад +51

    қытайдағы 5милион қазағмай осылай талай көшты бастан өткыздык қой алтаймен іле тарғабатай бйык шыңдарын қар қырсаулаған қайран қазақтың даласай 😭😭
    وتكەن كۇندەر اي،
    жалпы қазақ елі қазақ аман болсыншы

    • @анониманоним-э1л
      @анониманоним-э1л 5 лет назад +2

      Уже5миллон ба?

    • @КөКТәңір
      @КөКТәңір 5 лет назад +9

      @@анониманоним-э1л 1984жылығы халық санағында 1.450000 мың еды қазақтар қытайдар қазақтың нақты санын әлы айтқсы жоқ ұйткены ұш аймақ төңкерсын жасағандар қазақтар Оспан батыр көткрліснен қорқып қалған қытай кұны бұгын дейын қазақтан қорқады қысым тұсырып қазақтың қаймағын сыпырп жатыр дәл қазір

    • @keikibatir1496
      @keikibatir1496 5 лет назад +6

      ҚАЗЗАҚТЫҢ САНЫ 2010 ЖЫЛЫ ІШКІ САНАҚ БША 4 600 000 АДАМ БОЛҒАН

    • @КөКТәңір
      @КөКТәңір 5 лет назад +3

      @@keikibatir1496 қытай ұш обыстағы алтай іле тарғыбатай дағы қазақтың санын айтқсы келмейлы шйнжаңның 60%паизын алып жатқан қазақ аз болғанда 5-6милион тулақтай қашқар қотанда жатқан ұиғыр ұлты 20милион сонда қазақтың санын не себепты қытай айтқысы келмейды

    • @БектұрғанНұрсейіт
      @БектұрғанНұрсейіт 3 года назад +4

      @@анониманоним-э1л бес млион казак бар уш облыс таза казак казактың жеры ыле алтаи тарбагатаи

  • @adilet8876
    @adilet8876 9 месяцев назад +5

    Фильм өте жақсы түсіріліпті !!

  • @nursultanserik657
    @nursultanserik657 9 месяцев назад +5

    Өте манерли казакы дуние туынды керемет

  • @Руслан-ы9о4ч
    @Руслан-ы9о4ч 11 месяцев назад +5

    Жайылымга жетететин жер жок. Оте магыналы кино.

  • @РахматуллаАлпысбаев
    @РахматуллаАлпысбаев 9 месяцев назад +4

    Ширкинай арказак жалыгызым деген соз бар. Бирак олар оз жеринде жур будандандык ол бастан билеген укметтин кателиктери бул. Елди казакилыкты тек шетте журген кандастарымызгана журегимен тусине алады.!😢

  • @Perfecto2024
    @Perfecto2024 8 месяцев назад

    Уа, Аллам Қазағыма жар болагөр ! Керемет мағынасы терең екен ! Рахмет сіздерге осындай дүние шығарғандарыңызға !

  • @МархабаКалекенова
    @МархабаКалекенова 8 месяцев назад

    Ассалаумағалейкум ҚАЗАҒЫМ!Өте керемет кино.Жастық шағымды есіме түсірді.Үлкен Рахмет.

  • @marhabatyelsin7067
    @marhabatyelsin7067 5 лет назад +12

    Керемет.

  • @darkhannagyzbekov4723
    @darkhannagyzbekov4723 9 месяцев назад +1

    Ех шіркін керемет дүние екен .Атам бабамыздың өмірлерінің қалай болғанын жаксылап көрсетіпті.жарайсыздар киноны түсірген қауым.

  • @SabitZhumahev
    @SabitZhumahev 6 месяцев назад

    Керемет фильм🎥🎬👀 екен бурынгы бала кезым есыме тусты 👏👏👍

  • @ЖупарКараулова
    @ЖупарКараулова 5 лет назад +17

    Балалык кезим коз алдыма келди осылай кошип журип едик талай .

    • @Yerkin-Q
      @Yerkin-Q 9 месяцев назад +1

      Қай жақта? Қай жылдары? Әлі де солай ма?

  • @СандуғашЫдырышева
    @СандуғашЫдырышева 8 месяцев назад

    Өте керемет түсірілген рахмет сіздерге көп-көп!Қазағым жасай берсін ❤

  • @қазаққазақ-ы8ъ
    @қазаққазақ-ы8ъ 5 лет назад +15

    қазақтың ата дәстурі осымен аяқталды деген кино екен ғой

    • @КөКТәңір
      @КөКТәңір 5 лет назад

      әлы осылый кошеды негізі көрнштер көш көрныснен алнған

    • @_altynai_
      @_altynai_ 7 месяцев назад

      Ия 😢өте мағыналы бір киноға әдемі сыйдырған

  • @Yeskatgame
    @Yeskatgame 5 лет назад +5

    Өте керемет фильм, қайран Қазағым ай

  • @ИндираКулкеева
    @ИндираКулкеева 6 месяцев назад

    Өте керемет мағыналы фильм екен.Фильмнен алған әсерімді айта алмадым .Тамаша

  • @simbat468
    @simbat468 9 месяцев назад

    Керемет жылап отырып кордим.Биздин казак тура осылай омир сурген кезинде заман ай десиши казир баска заман гой.Сол уакыттагы заман кайта маган унайды.Казир не ......

  • @АкмаралБатанова-н7л
    @АкмаралБатанова-н7л 7 месяцев назад

    Жат жерде журсе де тілін дінін устап қалған айналайын қазақтарым аман болыңдаршы біз азбыз ғой жандарым қазақтарым әрбір қазағым менің жалғызым

  • @ИндираКулкеева
    @ИндираКулкеева 6 месяцев назад

    Осындай мағыналы қазақфильмдер эараннан көбірек берілсе нұр үстіне нұр болар еді

  • @Akonbai
    @Akonbai 9 месяцев назад

    Керемет.Жылағым келді қатты.Сондай тамаша түсірілген.Бұл біздің тарих.

  • @ЕлдосЖумагалиев
    @ЕлдосЖумагалиев 7 месяцев назад

    Керемет түсірілген, екі өмірдің бейнесі...

  • @EpkiH
    @EpkiH 9 месяцев назад +2

    Керемет фильм! Қазағым аман болсын

  • @МуратКантаров-о9б
    @МуратКантаров-о9б 9 месяцев назад +5

    Әдемі фильм екен!

  • @МирасАхметов-ш9р
    @МирасАхметов-ш9р 9 месяцев назад +2

    Рақмет сізге 👏

  • @ЖанатАбдикова-и3ж
    @ЖанатАбдикова-и3ж 8 месяцев назад

    Осындай елін жерін қорғаған,😢😢😢 жер ана үшін уайымдайтын,😢кәзір қалмады ғой,,құлқындарын ақша тескен,😢,,,не деген керемет түсірілген кино, басынан аяғына дейін жылап калдым,,әр қазағым байлығым,,еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын,ұрпағымыз кыйыншылық көрмесін 🤲🤲🤲

  • @КарлыгашУзенбаева-ж9т
    @КарлыгашУзенбаева-ж9т 9 месяцев назад +2

    Керемет тусирилим

  • @Daulet-1989
    @Daulet-1989 9 месяцев назад +2

    Атамды еске алып Ауылды Сагынып кеттимгой Алла разы болсын корерменге Мол болсын

  • @КаламкасМухаммедкулова
    @КаламкасМухаммедкулова 8 месяцев назад

    Кош коликти болсын.кайран казагым.Кай жерде журсениздер аман болыныздар..Казакстанга коштин басын бурыныздар.Еринбегенге тирлик жетеди

  • @ЭлдиярАквлбекоа
    @ЭлдиярАквлбекоа 6 месяцев назад

    Нагыз казак киши осыны айтат баур казак аман болундар.

  • @ЕрболатРсимбетов
    @ЕрболатРсимбетов 9 месяцев назад +2

    Керемет түсірлім рақмет

  • @консжеңыс
    @консжеңыс 5 лет назад +4

    керемет кйно екен

  • @РасулТабалдиев-л4м
    @РасулТабалдиев-л4м 8 месяцев назад

    Хурметуу Казак элим кай жерде болбогула аман болгула. Башынардан ак калпак тушпосун. Кыргыз менен Казактын башында ар дайым ак калпак ьолгон. Биз бир тууган элбиз.

  • @Толганай-х4н
    @Толганай-х4н 9 месяцев назад +3

    Керемет түсірілген

  • @ainur_tokbayeva
    @ainur_tokbayeva 6 месяцев назад

    Ер адамның берен мылтығы, қыран құсы, шабар аты болмаса несіне еркек дейсің ғой!👏👏👏👏

  • @ЕрболТелибаев-р9п
    @ЕрболТелибаев-р9п 9 месяцев назад +1

    Айналайын казагым оте керемет

  • @akosyazh3815
    @akosyazh3815 5 лет назад +5

    Өте әсерлі. 👍👍👍

  • @TolikXojanov
    @TolikXojanov 6 месяцев назад

    Жартылай кордим ортасынан бастап жылап кордим кайран Казагым😢 Аман болындаршы.

  • @Alimbeeek07Smailov
    @Alimbeeek07Smailov 9 месяцев назад +1

    Оте керемет тусирген кино

  • @АкимаАбуова
    @АкимаАбуова 8 месяцев назад +1

    Оте керемет фильм❤❤❤

  • @АксаулеБоранбаева
    @АксаулеБоранбаева 9 месяцев назад

    өте керемет сомдалған кино екен жылап отырып көрдім ақылды қария ақылды ана сомдалған

  • @ШымкентШымкент-п8й
    @ШымкентШымкент-п8й 8 месяцев назад

    Керемет,улгили,ғажап сөз жок унады 5

  • @tursunaihanum7503
    @tursunaihanum7503 8 месяцев назад

    Міне қазақты қалай шығрған рақымет.жарайсың дар.

  • @osha00071
    @osha00071 6 месяцев назад

    Өте шынайы шыққан екен, керемет әсер алдым❤

  • @Alimbeeek07Smailov
    @Alimbeeek07Smailov 9 месяцев назад +3

    Оте асерли кино жаксы тусирген

  • @Сексеуіл-т7ф
    @Сексеуіл-т7ф 8 месяцев назад

    Мынадай нақты шығарылымдардың қазақ үшін бағасы шексіз.
    Иә өмір деген бір ақ тұтам. Бүгінгі құндылық ертең де бағалануы үшін ұрпақтық байланыс болуы шарт. Әдет-ғұрып, салт-дәстүр, тіл мен діл деген ұғымдар тұтастанып жатқанда ғана ел боламыз.

  • @ТилекКадиров-ш8и
    @ТилекКадиров-ш8и 7 месяцев назад

    Қандай керемет кино