АРЫСТАН (ӘҢГІМЕ) ЕРҒАЛИ БАҚАШ.
HTML-код
- Опубликовано: 6 фев 2025
- Арыстанның шарауасы біткен. Тіпті, бос қоя берсең қаланың бұралқы иттеріне жем болуы мүмкін. Күдірейген жалы басылып, отты жанарында ұшқын да қалмаған. Иегі салбырап, қу сүйегі қалған. Қуғанын аттатпайтын, дала қожайыны мына тұрысында мысық құрлы айбар көрсете алмайды. Оның бұл аянышты халін көрсе өзге хайуандар не ойлайды екен, ә? «Патшамыз ғой», - деп, мүсіркей ме, әлде басынан аттап, мазақ ете ме? Мүмкін табалайтын шығар. Бірақ бәрібір оның алапат айбарынан, орып түсетін қайратты тісінен қорқар еді. Оның рухы тіссіз-ақ өзін асырайды, бәрінен бұрын оған адамдардың қиянаты қатты батты.
@Khabilet