АЛЛА ТАҒАЛАҒА САНСЫЗ МАДАҚ,АРДАҚТЫ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ МҰХАММЕД МУСТАФАҒА//САЛАУАТТАР МЕН СӘЛЕМДЕР БОЛСЫН!

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 25 окт 2024
  • Келiңiздер Пайғамбарымызға ﷺ салауат жолдайық
    Салауат үлгілері ﷺ
    Салауаттың түрлері көп. Ең қысқасы Пайғамбарымыз ( ﷺ ) есімін естігенде «алейһис соләту уәс сәләм» немесе «салла Аллаһу алейһи уәс-сәләм» деп айту. Бұл жөнінде Имам Науауи: Пайғамбарға дұға салауат пен сәлем қоса айтылып жасалады. Бұл «Әй, мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер[1]»,-аятынан алынған[2],-деген.
    Риуаятта сахабалар пайғамбарымыздан (ﷺ): уа, Алла елшісі! Сізге қалай салауат айтамыз?,-дегенде пайғамбар (ﷺ): «Аллоһумма солли ала Мұхаммадин уә әзуәжиһи уә зурриятиһи, кәмә солләйтә ала әли Ибраһимә, уә бәрик ала Мұхаммәдин уә әзуәжиһи уә зурриятиһи, кәмә бәрактә ала әли Ибраһимә, иннәкә Хамидум Мажид»,-деп айтыңдар[3],-деген екен.
    Мағынасы: Аллаһым, Мұхаммедке, оның жұбайлары мен ұрпағына Ибраһим отбасына салауат еткендей рақымет ет. Және Мұхаммедке, оның жұбайлары мен ұрпағына Ибраһим отбасына берекет еткеніңдей береке бер. Расында, Сен Хамид (мақтаулысың) Мажид (даңқтысың).
    Салауаттың ең көп айтылатын түрі намазда оқылатын «Аллоһуммә солли» және «Аллоһуммә бәрик» салауаттары.
    Алл аһуммә салли
    «Аллаһуммә салли ала Мұхаммадин уә ала әли Мұхаммад кәмә салләйтә ала Ибраһимә уә ала әли Ибраһим иннәкә Хамидум Мажид».
    Аллаһуммә бәрик
    «Аллаһуммә бәрик ала Мұхаммадин уә ала әли Мұхаммад кәмә бәрактә ала Ибраһимә уә ала әли Ибраһим иннәкә Хамидум Мажид».
    Пайғамбарымыз (ﷺ): «Әрбір дұға-тілек аспан астында бүркеліп тұрады. Егер маған айтылған салауат келсе дұға көкке көтеріледі[4]», - деген. Салауат айту - дұға-тілектің қабыл болуына үлкен себепкер.
    Салауат айтпау - сараңдық
    Пайғамбарымыз есімі айтылғанда салауат айтпау нағыз сараңдық. Себебі, пайғамбарға бір салауат айтып, есесіне Алла тағаладан он салауат алғысы келмеген адамнан асқан сараң болмайды. Әли бин Хусейн әкесінен (р.а.) риуаят етуде: «Сараң - менің атым айтылған кезде маған салауат айтпаған адам[5]».
    [1] Ахзап сүресі, 56-аят
    [2] Мұхтасар Ибн Касир, 3-том, 141-бет
    [3] Бұхари, Муслим
    [4] Табарани, Аусат, 721
    [5] Ахмед🌿 #салауатайту #love #rek #намаз #ислам #исцеление #коран #коран #islam #сунна #хадис #тафсир #tafsir #тафсиркорана #дуа #дуадлядуши #ислам #hadis #sunnah #bratyaisestry #исламскиевидеоролики #исламскиевидео #мывсоцсетях #братьяисестры #bratiyaiseostri #ислам #islam #имам #ихсан #сунна #muslim #брат #братья #сестра #сестры #мусульмане #рай #ад #молитвы #наставление #насихат #россия #дагестан #мазхаб #судныйдень #Трогательное #видео #ДО #СЛЕЗ! #мольба #пророк #намаз #денсаулық

Комментарии • 4

  • @anarabaekova-ws9xn
    @anarabaekova-ws9xn 22 часа назад

    ❤❤❤❤

  • @AnarKaripbaeva
    @AnarKaripbaeva 17 дней назад

    Аллаһумма салли ‘ала Мухаммәдин уә ‘ала әли Мухаммәд

  • @ТолғанайМурзабекова
    @ТолғанайМурзабекова 5 месяцев назад

    Аллаһумма салли Саиидина Мухаммеддин ин набиул уми алә алихи уә сохбиһи уа саллим!

  • @anarabaekova-ws9xn
    @anarabaekova-ws9xn 18 дней назад

    Салауат айтса пайғамбар түске кіреді деп естідім