Ақмола облысының әкімі Ақкөл ауданына жұмыс сапарымен барды

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 13 окт 2024
  • Ақкөл ауданында отандық және шетелдік компаниялардың қатысуымен «JańaDala/Green Day-2024» атты көрмесі өтті. Онда заманауи ауыл шаруашылығы технологиялары, өсімдік және мал шаруашылығының селекциялық жетістіктері, жоғары өнімді техниканың үлгілері көрсетілді. Көрмеге 20 елден 200-ден астам компания қатысты. Сондай-ақ, 500-дей фермер келді.
    Көрменің Ақмола облысында өтуі бекер емес. Аймақ - аграрлы өңір. Облыста еліміздегі ауыл шаруашылығы тауарларының 15 проценті шығарылады. Жоғары сапалы бидайдың 1/4 осы өңірде өседі. Республикадағы құс етінің 30, жұмыртқаның 16 проценті ақмолалық өнім. Алдағы уақытта 130 миллиард теңгеге 79 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспары бар. Облыста машина жасау саласы да дамып келеді.
    Марат Ахметжанов, Ақмола облысының әкімі:
    - Машина жасау бойынша 5 жылда өсім 10 есе асты. Ауыл шаруашылығы техникасын жинау 7 есе ұлғайды. Нәтижесінде машина жасау саласының жалпы өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі артты. Комбайндардың республикалық өндірісінің 51 проценттен астамы Ақмола облысына тиесілі. Демек, алқапта жүрген комбайндардың әрбір екіншісі біздің өңірде шығарылады.
    «Jibek Joly» телеарнасы ұсынады! Теледидардан 7-ші кнопканы қосуды ұмытпа!
    Бізді RUclips, әлеуметтік желілерден көріңіздер. Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар!
    Jibek Joly TV: Смотрите нас на ТВ, в RUclips и социальных сетях. Оставляйте комментарии под этим видео!
    Watch us on satellite TV, RUclips and social networks. Leave your comments under this video!
    #JIBEKJOLYNEWS #ҚазақстанЖаңалықтары #НовостиКазахстана

Комментарии •