Аутизм, РАС, ЗПРР | Дефектолог | Мадина Халықберген ‪| Әйгерім Сейфолла

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 24 ноя 2024

Комментарии • 624

  • @ИнкарОмырбай
    @ИнкарОмырбай Год назад +359

    Баламның дамуы 2 жасқа дейін дұрыс болды.Кейіннен тілінің дамымай жатқанын байқадым.Сондада 3 жасын куттим.Куйеуим, ата-анам ,қайын жұрттын да қарсылықтар болды.Меніңде салактыгым болды ,тыңдадым.4 жасқа жақындағанда шыдам бітті.Ешкімді тыңдамадым ,бірак кеш болып жатты.Неврапатолгка алып бардым,балам ұйқыдан жатты көлікте ,алып тусип прёмга келдім.Балам ұйқылы ояу,врач 5 минут карады ЭЭГға тусип келсин деди,қолыма қағаз ьерді, диагноз ЗППР алалия деп берди.Ол сөз таныс,үйге барып интернет актардым.Журегим сезди , коркынышты, мойындай алмадым.Ертеңгі ЭЭГ ны куттим .10-15 мин тусти балам бимазданып ,коркып кетті.Колына тел беріп алдап отырдык.Тунимен ишкен ба врач отырды.Қағаз шығарып берді .Ол қағазды врачка жетпей жатып ,анам жумыс истеп жаткан ауруханадағы невропатолог апшеге жібердім.Окыдым сездім.Ол кісі ертең балаңды әкел деді.Бірақ бір түн ұйқыдағы баламды құшақтап жатып жыладым.Ештеңе кызык болмады.Таң ата шашымды тарап жиналып жатсам самайыма ақ шаштың бірден тускенин көрдим. Қазір түсінемін ол депрессия екен.Ол кісіге бардык , жылайын деп турмын.Баламды әдемі қарсы алды.Сурак койды,балам шамасы келгенше жауап берді,бір іс әрекеттер жасатты ,балам әдемі орындап берді.Сәлден соң врач қағазды көрді,мен түскен ээгның адресін ,маманын көрді.Ол кісі айтты сол мекемеге жіберсем балаларды,текстинде бир өзгерісі жок,жасымен аты жөнінен басқа тура осы мәтін келетінін айтты.Көңілімді жайландырғандай болды.Назначения берди,бирак ол кісінің аяғы ауыр еді декретке кетті, бірақ 3 сағаттық түнгі ЭЭГға жіберді.Тустик балам калыпты уйдегидей,суракка жауап берип,айтканын истеп медбикенин,киімімізді ауыстырып ұйқыға кеттік.Ертесіне результат шыкты, жекеменшік невраптолгка алып бардым ,назначения алдык.ЗРР берді.Тілдің кеш дамуы ,содан бері уакыт өтип жатыр.Балам 6 ға келді.Талай маман талай дефектолгтыда ,кейінірек логопедтіде көрдік .Көп дүние жазғым келеді қыздар.Баламның алғашқы толык сөйлем айтқанын , алғашқы жаттауымыз ,оны жаттап айтып берген сәт.Есімін ұмытпай,жасын айтуы,сипаттауы недеген керемет сәттер . Осы аралықта мен қаншама диагноз естип тастадым.Мамандарға сенімім аз болды,ана жүрегі бәрін сезеді.Егер сіз балаңыз ел катары жүреді, ойнайды,катарластарымен бірге журеді,сабаққа барады десек Алла қолдап солай болады.6 жасатамыз ,жаксы дефектолог әлі де карастырамын.Соңғы барган жерім Телефонды аутизм деді.Мен сенбеймін жолын өзім тапкым келді.Көпшілік ортадан жасыратынмын ол менің ең үлкен кателігім болды, балам үшін өзім істей салатынмын ,аяғын өзим кидірем,киімін өзім шешем,олда қателік екен.Кейінен түсіндім.Дұрыс болмасада бала өзі жасау керек екен . Әрекет ету керек екен .Сонда даму басталады екен.Ьәрін доғардым .Елге алып шыктым ,көп серуендедік,айналаға қызыктыра бастадым, телефон жайына кала бастады .Ауылға өзинен кишкене үлкен ,Катар балдарға жіберемін,жүрек кургыр ауырады.Бірак ойнасын деймин.Бастапқы уакыттар болмады .Куни кеше ғана балам,солармен жарысып фудбол ойнап мәз болып жүр.Өзі киінеді,өзі шешеді .Уйді жина папа ренжиді десең кәдімгідей інісіне жекіп заттарын жинайды .Реттеп қояды бәледей.Бул менің куанышым.Анадан артық баласын білетін жан жоқ.Ол сенің жаның .Өзге адам қанша мықты маман болсада ол өзге адам,ана сиякты баланың жанын тусинбейді.Біреуге сенбей,анау айтты мынау айтты демей әрекет жасайык.Ия каралайык,мамандарға бару керек,Бирак өз баламызды өзімізден артык ешкім білмейтінін ұмытпайык.Катты аяп кетуге,катты еркелетуге,тым катал болуға болмайды .Ортасын устайык . Адамды адам еткен еңбек.Енді біздің алдымызда 1 сынып .Алла каласа оныда жаксы бағамен аяқтаймыз.Сөздік қорымыз жетпей қалып жатыр , ештеңе етпейді.Олда толығады.Аналар біз мықтымыз

    • @ХанифаГелдивна
      @ХанифаГелдивна Год назад +3

      Аллах жардем берсин сиздерге!

    • @sherkhangamer2842
      @sherkhangamer2842 Год назад +10

      Ия менікі қыз 11жасқа келгенде сөз құрастырып өзі кітапты оқитын болды оларға уақыт қажет өз теңіздерден арта болсада жайымен барлығын үйреніп келеді тек сабыр қажымас қайрат қажет анаға баласын анадан басқа ешкім түсінбейді.

    • @Maksatelectric
      @Maksatelectric Год назад +6

      Менде дефектолог маманы болғанмын. Бала, ата анамен жұмыс жасау қиын. Басқа салаға ауысып кеттім. Бірақ көптеген ата аналар елдің сөзімен уақытын өткізіп алады. Баламен жан жақты жұмыс жасағанда Жақсы нәтиже шығады. Невропатолог, дефектолог және Жақсы психолог, лфк. Және бассейн жақсы көмектеседі.

    • @Айкерімненпайдалыкеңестер
      @Айкерімненпайдалыкеңестер Год назад +1

      Сенсорный аутим

    • @ЖазираАбдрахманова-о2б
      @ЖазираАбдрахманова-о2б Год назад +6

      Оте керемет, ия аналар гана баланы түсінеді. Менде баламды 8айынан емдеп жүрміз, қазір 2,5жаста. Алдагы уакытта үмітім үзілмейді

  • @AnarZhakasheva
    @AnarZhakasheva Год назад +73

    Біз біргеміз Ерекше баланың ата аналары❤

  • @ННШ-й8б
    @ННШ-й8б Год назад +20

    Менің де қызым қызғалдағым Ерекше бала. Мен Аллаға шексіз тәубе етемін бастысы өзі жүріп өзі ойлай алады. Дүниеге келгеннен бастап дәл қазіргі кезге дейінгі уайымдау, жылау, ойлау, ата-ене, жолдастың қас-қабағына қарау өзіңді кінәлі сезіну айта берсе көп жағдайлардан өтіп жатырмын. Бәрі ішімде. Ешкімге көрсетпей жылап аламын. Үйде ешкім болмаса тіпті жақсы бар даусыммен айқайлап ішімдегіні көз жасыммен шығарып аламын. Дәл қазірдің өзінде жылап отырмын. Жылап алып Аллаға шүкіршілік айтып Алла өзі жолын тауып ем, шипа бере гөр деп тілеймін. Ең бастысы балапандарым аман болсын қиналмасын бақытты ұзақ ғұмыр кешсін.

  • @Рыбалка-щ2о
    @Рыбалка-щ2о Год назад +29

    Шипа беруші АЛЛАҺЫМ балаларыңыздың дерттеріне ізі де қалмастай толықтай шипа берсін.

  • @astanaastana9832
    @astanaastana9832 Год назад +96

    Біздің мектепте РАС, ЗПР балалар 15%. Біз оларды әлеуметтенуге үйретеміз.
    Менің жетекшілік ететін бастауыш сыныбымда екі ЗПР бала оқиды.
    Олар менің жүрегімде мейірімділікті ашты және мен ол балаларды түсініп үйрендім.
    Олар тап-таза, жүректері кіршіксіз.

    • @MarzhanMeshitbaeva
      @MarzhanMeshitbaeva 9 месяцев назад

      Менде бастауыш сынып РАС, ЗПР балдармен жұмыс тұрып жатырмын. Қобалжу қалай болады екен. Бөлісе аласызба. Бұндай жұмыс үлкен жауапкершілік талап етеді

    • @АльбинаСадыкова-д5с
      @АльбинаСадыкова-д5с 8 месяцев назад

      Бізге де сіз сияқты мұғалім келсеғой

    • @АйгеримКанайбек
      @АйгеримКанайбек 4 месяца назад

      Салеметсіз бе қай мектеп​@@MarzhanMeshitbaeva

  • @Seburah
    @Seburah Год назад +41

    Ерекше бала жеңіл болсын, ауыр болсын диагнозы анаға өтер ауыр. 😭😭 әліде арасында жылап аламыз. Ия, неге? Себебі, сенің жаныңды тусінетін жан жарыннан колдау жоқ, бір өзің жугіріп шарсайсын. Содан нервный болмай. Аналар біз мыктымыз, ананы баламен сынамасын. Балаларымыз жазылып, қатарымен журсінш. 🤲

  • @АкеркеБахыт
    @АкеркеБахыт Год назад +30

    Мен жас анамын. 2021 жылы кызымды аман есен омирге алып келдим. желтуха болды бизде 1 ай лампага жаткызып арен кетирдик. ол жатпай жылайтын колики болды бир жагынан басында су бар деди еще врачтар "это норма" деди. сосын аландамадык онша 6 айында кетип калады деди кызым 3 ай токтаусыз шынгыратын. кимылы аз болатын, мени акесин танымайтын козге атына карамайтын еди минези сондай шыгар деп ойладык. 7 айында озимнин мамам бир жери дурыс емес каратшы деген сон невропологтарга бардым бирак ешким ешнарсе демеди. 1 жаска дейн куттик дурысталып кететин шыгар деп. 1 жас 3 айында тагы невропотологка апардык аутизмнын спектры бар деди. развивашка центрге бердик 2 ай барды кушти результат кордик мени папасн танып издеп жылайтын болды, ойыншыктармен ойнап бизбен жай контакт пайда болды, куандык баримиз глазной контакт пайда болды, казир бир жерге бара жатсак менде барам дегендей шкафты ашып жаксы коретин жасыл койлегин крассовкасын алып колыма устатады кигиз деп, сонын ози биз ушин кандай улкен женис! журегим жылап турады кашан жазыласын деп. кудай каласа ташкентке кетемиз осы апта., кишкентай балапаным жазылып кетсинши деп ишимнен тилеп журем, ещкандай балдар ауырмаса екен❤️

    • @АнарМайхиева
      @АнарМайхиева Год назад

      Кешіріңіз ташкентке кімге барасыздар адресін береаласызба….

    • @asellbalmukhanova3972
      @asellbalmukhanova3972 Год назад

      Салематсыз ба?маған да толық адрес,контакты беріңізші

    • @АликТурсынов-з7я
      @АликТурсынов-з7я Год назад

      ​@@АнарМайхиеваСәлеметсизбе Сайдов Жамшид Мухитдинович деген неврапатолог бар елдің барлығы сол кісіге апарады. Жамшидти САНПИ деген балалар ауруханасынан таба аласыз. Бірақ очередь алу мүмкін емес адам өте көп мың адам. Шекарадан өтсеңіз САНПИ больницаға Жамшидке барамыз десеңіз любой таксис біледі апарады.

    • @bauyrzhankyzy9450
      @bauyrzhankyzy9450 22 дня назад

      Ташкенке апардыңыз ба жақсы болдыма

  • @gematolog_beisenova
    @gematolog_beisenova Год назад +165

    Айгерім, сізге өз балаңыздың ерекшелігі бар екенін барша халыққа айту, тақырыпты ашып, талдау - сіз үшін үлкен жетістік !!! Сізге сәттілік тілеймін!!! Жанұяңызға бақыт тілеймін!!! 🙏🏻🙌

  • @АлияМолдахметова-э6г

    Әйгерім ханым вы затронули глобальную тему нашего века, очень интересно слушать такие важные интервью со специалистами. Спасибо вам большое, смотря ваш подкаст многие мамочки узнали больше , расширили свой кругозор , эти темы ни кто не просвещает . Ждём от вас продолжения . Пригласите неонатологов, психологов, реабилитологов! Надо научить наших женщин правильно рожать , дабы избежать родовых травм, для этого пригласите акушера гинеколога, надо наших неонатологов научить в роддоме определять диагнозы , чтоб родители не теряли времени и начинали работать с детьми с первого месяца, и конечно для женщин с особенным ребенком обязательно нужен психолог.

  • @Iceland8888
    @Iceland8888 Год назад +38

    Мықты маман екен👍🏻Аман болсын! Әлемнің барлық балалары ауырмасыншы🙏🏻

  • @ingkaerzarlykhan8560
    @ingkaerzarlykhan8560 Год назад +23

    Әйгерім ханым, мен де жас анамын. Балам Аллаға шүкір, аман-сау дүиеге келді. Өсіп жатырмыз. Бірақ, қоғамда әртүрлі ана, балалар бар.
    Осындай жобаны қолға алып, жарыққа шығарғаныңызға МЫҢ алғыс. Ненің не екенін, қалай пайда болатынын білу маңызды. Біз қоғам болып осындай диагнозбен жүрген балаларға, күресіп, ем іздеп жүрген аналарға демеу бола білуіміз керек. Керісінше, шеттетпей, барынша қолдау көрсете білсек нұр үстіне нұр болар еді🙏🏻💫

  • @АлияЗулпкарова-ч3ю

    Тек айел емес күйеудінде денсаулығы жақсы болу керек.Тек айел денсаулығына байланысты деген келіспеймін😢

  • @astana_molochka
    @astana_molochka Год назад +45

    жаныыым сізбен қоса жыладым❤😢 Айгерім ханым, Алла қуат берсін, балапаныңыз әлі шүлдірлеп жүгіріп жүреді, Жаратушым баламен сынамасын 🙏 ізгі ниетпен, Жұлдыз

  • @АкнурТоимбетова-щ5с

    Айгерим, сіз мықты болуыңыз керек .Менің басыма осындай сынақ келді ,бұл ақ пен қараны ашу ,адал мен сатқындық ты ашып беретін,өзің нағыз кім екенін, қайда ?қалай?кіммен ? бара жатқаныңды ажыратып беретін шешуші сәт ,нағыз мықтылардың сыналып ,құлап тұрып тұруды үйренер сәт .сабыр сақтап алға жүріңіз,бір кем дүние....осы

  • @leilamulkibaeva8948
    @leilamulkibaeva8948 Год назад +75

    Ендігі кезекте, осы диагнозды балалардың аналарынан сұхбат алсаңыз. Маманның пікірін білдік, ал ана жүрегі не дейді...Мен де қызымның "анашым" деген сөзін естуге зар болып жүрген аналардың қатарынанмын! Бұл балалардың аналары да басқа әлемде өмір сүруде., олар да баласымен бөлек әлемде. Әлемі де әлегі де бөлек! Сіздер мықтысыздар! ❤️

  • @sayaayapbergenova5139
    @sayaayapbergenova5139 Год назад +29

    Айгерім ханым, Алла сізге күш-қуат берсін. Балаңызбен сұхбат жасау бұйырсын. Баламен жұмыс жасау бір өнер. Әр анаға құрсақтағы баласын аман сау қолына алуына тілектеспін.
    Рахмет сізге, педогог ретінде біраз ақпарат алдым.

  • @АйнураКенжекулова-щ1э

    Осындай өзінің ісін сүйетін мықты маман әр салада көп болсын! Айгерім ханым сөхбатты бір сарында тыңдадым! Көбінесе әнші, актерларды сұқьатқа шақыра бермей Халыққа пайдалы сұхбат болды.

  • @Айгерим-е2щ
    @Айгерим-е2щ Год назад +34

    😢яяя бәрімізде басында қабылдай алмадық күні түні жылау кәзірде онай емес... Тек қана ерекше балалары бар ата аналар ғана түсінеді ешкімнің басына бермечің... Ешбір бала ауырмасын ерекше балаларымыз жазылып кетсің

  • @ГулжанШайхымбекова-ц6ч

    Қабылдау деген жылау, күні-түні ұйқысыз өткізу, іздену, сол тығырықтан қалай шығу керекгін іздеу. Әр ем-шарадан үміт күту. Мен естіген кезде бір жылап алдым да соңынан дауыстап сөз бердім. Мен қалайда алып шығамын, сап сау бала болады дедім. Аллаға шүкір біз 70-80 % жеңдік. Аллаға тапсырдым, әрекет еттім.

  • @АйданаМендыбаева
    @АйданаМендыбаева Год назад +23

    Барша адамдарға айтарым көшеде көрсе таң қалып аурума не пәле деген сөзді айтпаса деймін😞балада анада кінәлі емес көпшілік қабылдаса деймін.Аналарға оңай емес онын үстіге жығылғанға жұдырық болады.

  • @Zhonsss_88
    @Zhonsss_88 Год назад +22

    😢😢😢ар балапан сауығып кетсін бар жаксыны тілеймін анамен балаларга

  • @МейрамгульСагадатовна

    Өте керемет интервью! Көбірек қаралым болуы қажет, бұл ақпаратты бәріміз білуіміз қажет!

  • @gulizholbarysova9187
    @gulizholbarysova9187 Год назад +11

    Айгерім ханымды телевидение саласында жүргізуші ретінде өте жақсы білемін. Мен журналист жүргізушілердің ішінде осы Айгерім ханымды өте қатты жоғары бағалаймын! Сөз саптауы , өзін ұстауы, шынайылығы, қандай бағдарламаны жүргізсе күшті алып кетеді. Мен өз басым Айгерім қандай бағдарлама жүргізсе соны жібермей көремін ! Айгерімнің шыншылдығы боямасыз жеткізетіні, маған қатты ұнайды! Күшті тақырып көтеріпсің халыққа керек! Балаң сауығып кетсін! Енді білікті деген невропатолог сондай мамандарды сұхбатқа шақырсаң, халық кеңінен мәлімет алар еді деп ойлаймын! Тақырыпқа күшті тұздық болар еді! Бұл жолы кеңінен ашылмай қалды тақырып!

  • @dulatamanzhol4127
    @dulatamanzhol4127 Год назад +38

    Әйгерім Сейфулла ханым, мен толық қарап шықтым. Орысша айтқаным үшін кешірім сұраймын, но очень сильное интервью. Жүректен жүрекке жеткізе алдыңыз, мен оны сезіндім. Алла Тағала құлыншағыңызға қуат берсін. Бұл сұхбат локалды болғанымен, көп адамға көмегі тиеді деп ойлаймын

    • @AigerimSeifolla
      @AigerimSeifolla  Год назад +1

      Рахмет, ұнағанына қуаныштымын! Айтқаныңыз келсін!

    • @АрхатМухаметказыев-ь3л
      @АрхатМухаметказыев-ь3л Год назад

      Онай емес оте кыйын.Менин улым 9да сойлейт.Дамуы 5,6жастагы ой ориси тусиниги артта.Кишкентай балалармен ойнайт Оз катары озинен 1,2жаска киши балалар тиседи.

    • @АрхатМухаметказыев-ь3л
      @АрхатМухаметказыев-ь3л Год назад

      Арасында даретин жиберип кояды.

    • @marzhan_01
      @marzhan_01 Год назад

      @@АрхатМухаметказыев-ь3лменің де інім солай.10 жас болғанмен 6 жас сияқты.Сабақ қабылдауы қиын.Балдармен ойнап жатқанда оны мазақтап жатқаныс көрсем жүрегім ауыарады, ол оны түсінбейді де балдар омен ойнағанына мәз😢

    • @marzhan_01
      @marzhan_01 Год назад

      @@АрхатМухаметказыев-ь3л7-8 жасқа дейін көбіне түнде солай сиіп қоятын.Бірақ сол кетті өсе келе аллаға шүкір.Күнде түнде жатар алдын 33рет фатиха сүресін қосып қоятынбыз.Шынымен сол көмектесті күнде прям тоқтамай қосып,ем болады екен.

  • @АкмаралРамазанова-и5и

    Менің жүктілігім қызым туылғанша еш ақау болмады бәрі нормада болды,бірақ роддомда после прививки откат кетті ,содан 11жыл болды қызым не сөйлемейд,8жасқа дейін журмеді,эпилепсия ,Онр,алплия целый букет,ерекше бала бағып ,қарап отырған аналарға сабыр күш қуат берсін,балапандарымызға АЛЛА шипасын берсін,Айгерім ханымға көп рахмет осындай білікті маманмен сұхбат жүргізіп,көзімізді ашқанынызға😢😢

  • @fatosh2021
    @fatosh2021 Год назад +11

    Айгерім,Мен сізді бұрыннан ерекше жақсы көремін.Алла жылатпасын сізді, мықты болыңыз❤бәрі жақсы болады,Алладан дұға тілеймін сіз үшін.

  • @ГульназТ-у4ш
    @ГульназТ-у4ш Год назад +11

    Керемет сұхбат. Қазыргі кездегі үлкен проблема. Аналар баламен жалғыз қалуда осындай проблемамен. Мемлекеттенде көмектер болса, жақсы мамандар аз. Алла күш қуат берсін сізге. Өз мамандығының шебері екен Мадина ханым!

  • @АйкумисМырзалиева

    Сәлеметсіздер ме, Өте мықты бастама. Қазіргі кезге нағыз керек ақпараттарды алуға болады екен осындай сұхбаттардан. Әйгерім ханым, құдай қаласа күндердің күнінде міндетті түрде балаңыздан сұхбат алатыныңызға сенемін.

  • @Saule_14
    @Saule_14 Год назад +6

    Мадина Халыкберген кущты маман, карапайым тилмен барлыгын тсунтирип берди, ракмет сухбат ушин👍💐

  • @АлияМамиханова-ъ3ч

    Әр балаға денсаулық тілеймін ,ешкім ауырмасын.

  • @nazgulnauryzova1795
    @nazgulnauryzova1795 Год назад +8

    Әйгерім ханым өз басым сіздің 1001 түн бағдарламаңызды жақсы қарайтын едім. Өзекті тақырып қозғадыңыз. Бауыр еті балаңыз сауығып кетсін. Балалар ауырмасын 🤲

  • @АлияОнайбаева-ъ4т
    @АлияОнайбаева-ъ4т Год назад +3

    Апырай бул такырып Казакбаспасозинде коп козгалмайтын еди,- озимдей аналарга да коптеп магулматтар берилди. Рахмет сихдерге❤

  • @YerzhanMyrzabayev
    @YerzhanMyrzabayev Год назад +37

    Сәттілік сізге, Айгерім! Міндетті түрде бір күні балаңыздан сұхбат аласыз! 🙏

    • @AigerimSeifolla
      @AigerimSeifolla  Год назад +1

      Рахмет

    • @АйяКазбекова-м4с
      @АйяКазбекова-м4с Год назад

      Амин

    • @ГабитЕрмеккалиев
      @ГабитЕрмеккалиев Год назад +1

      ​@@AigerimSeifollaАйгерим Алла тагала ози жар болып сауыгып кетуин тилеймиз аман есен баланыздын. Барлык бала ауырмай тауир боп кетсинши тек. Зппр туралы айтпадыго, маман жаксы екен Алла жар болсын.

    • @ААА-э2ъ4д
      @ААА-э2ъ4д Год назад

      Оте дурыс айтасыз үміт үзілмесын Айгерім ханымда ❤

  • @АлмагүлАлдабергенова-у5в

    Сұхбатты толық тыңдап шықтым. 17 жыл осы салада жүріп, психиатрлардың 5 емес, 2-3 минутта диагноз қоюын талай көрдім, талай қарсыластым дәледеумен. Дегенмен біздер психологтар диагноз қою құқығымыз жоқ. Сондықтан дұрысы ПММК-дан өту. Ол жерге де өте білікті мамандар алынуы қажет. Онсыз да ата-аналар ПМПКдан өту үшін де қанша кезекте тұрып, әзер жетеді, қанша уақыт кетеді. Аутизм диагнозының бірден бір симптомы да осы бәрі қалыптыдан кенеттен 1,7-1,8 айдан кері кету. Дегенмен аутизмнің белгілері ерте көрінетін түрлері көбірек. Бірақ бұл салада еш хабарсыз адам оны байқай бермейді, қалыпты санайды. Қарапайым 1 ғана мысал: баланың өзге адамды жатырқамай, бәріне бара беруіне қуанады. Ой, ол жатырқамайды дейді. Ал негізінде балада ол эмоция жоқ. Жатырқау-болуы керек процесс. Міне менің анам, міне менің әкем, сен бөтенсің деп жылауы қалыпты. Бірақ елемейді. Айта берсек көп. Пікірімді ұзақ болып кетті. Айгерім ханым өз саласының нағыз маманымен жүргізген сұхбатыңызға көп рахмет. Осындай білікті, оқыған әрі практикалық тәжірибелі мамандар көбейе берсін

  • @ЖанарКенжалиева-э3ь

    Қандай сүйкімді дәрігер,тартымды!Сөздері өте түсінікті!Білімді,білікті өз маманының білгірі екені көрініп тұр!Алла разы болсын Мадина ханым 🤲

    • @Акмарал-с3в
      @Акмарал-с3в Год назад +4

      Дефектолог дәрігер емес, онсызда әйелдерді кінәләйтін қоғамда кінә әйелден деуімен келіспеймін. Балалар невропатологы бар мықты Асия Ризвановна сол кісімен орыс тілді болса да сұқбат болғанда ғой. Қазіргі таңда педагогикалық білімі барлар дефектолог болып кетті

    • @ГулзейнепМавлянова
      @ГулзейнепМавлянова 10 месяцев назад

      Дефектолог/логопедттер Педагогтар!Олармен Мед.ВУЗды бітірген врачтың білімін салыстыруға болмайды!

  • @Nazerke9898
    @Nazerke9898 Год назад +10

    Ерекше балаларға сабақ бердім. Ол балалар мені сабырлыққа, төзімділікке, мейірімділікке үйретті. Бастапқыды жылайтынмын. Кейін олардың ерекшелігін қабылдап үйрендім. Түсінгенім оларды қабылдай алу және ұзақ уақыт бойы дамыту, өзің дамыта отырып даму…

  • @АсемКонысбектеги-м6е

    Ерекше баланы біріншіден Ана,оның отбасы қабылдауы тиіс. Ортадан,қоғамнан ұялу,оны жүк көру,жасыру бар бізде. Ата-ана,әулет біріншіден баланы мойындай білсе деймін

  • @jainaibrahim5900
    @jainaibrahim5900 Год назад +8

    Салеметсиз бе.Маман өте мықты! Алла разы болсын! Сіздің балапаныңызға Алла жар болсын! Сізге күш-қуат берсін!

  • @lyailymkhairetdinova3601
    @lyailymkhairetdinova3601 Год назад +5

    Батыр аналар, Алла сіздерге сабырлық, күш-қуат берсін! Алла шипасын берсін балапандарыңызға!

  • @ШынарЕ-м1ц
    @ШынарЕ-м1ц Год назад +5

    Айгерім! Сізге Алла күш қуат берсін,сіз мықты екенсіз, бұл балалар туралы бізде көп айтпайды. Балаңыз дан сұхбат алу күні бұйырсын сізге,балаңыз дың тілі шығып сөйлеп кетсінші, қатарынан озып кетсін Алла қаласа! Менде көзіме жас алып отрмын,көріп менің де жиенім 3 жаста,сөйлемейді, бірақ бәрін түсінеді.Күндіз түні сұраймын Раббымнан балам сөйлеп кетсін ші деп!
    Рахмееет саған Айгерім!

    • @AigerimSeifolla
      @AigerimSeifolla  Год назад

      Сәлеметсіз бе!
      Пікіріңізге рақмет!

  • @АйнураБисембиева
    @АйнураБисембиева Год назад +7

    Менің де балам 1,5 жаска дейн норматипичный болды, 1,5 жастан кейін откат кетті прививкадан кейін. РАС, ЗПРР неше турлі диагноз койды. Казир жасы 6 да Аллага шукір казір тусінігі бар, соилеп келе жатыр. 2 жастан 6 жаска дейін баріне апардым, сонын аркасында барін жендім Аллага шукір 😢

  • @g.quangaliqyzy
    @g.quangaliqyzy Год назад +3

    Айгерим Сейфоллақызы өте өзекті мәселе менде зпр диагнозы бар ерекше бала тәрбилеп отырган анамын. Менің ойымша зпр ,зрр ,рас диагноз бар балаларга әлеуметтік көмек тағайындау керек деп ойлаймын. Өйткені бұл диагноздар коррекция жасалатындықтан. Ал коррекция жасау үшін қанша қаражат керек бір маманмен тек логопед маманмен жұмыстануга айына 100 мын керек. Өйткені қазір елде өзекті мәселе болғандықтан мамандарда оларды кәсіпке айналдырды десекте болады. Орта айлықпен мен қазір мен тек бір маманга гана апара аламын. Ал зпр балаларға комплекс леченье қажет. Психолог, деффектолог, логопе және бассейн мысалы. Ал ол мамандарга апара алмай жүрген ата- аналар қанша? Диагнозды мойындамай жүрген ата- ана тіптен көп…

  • @karligashomarova4326
    @karligashomarova4326 Год назад +5

    Елімізде өз ісінің маманы білікті, білімді, ізденімпаз пациентке жаны ашып қарайтын мамандар көбейе берсін деп тілейміз қай салада болсада. Мадина Халықберген докторға рақмет осылай жұмыс жасап жатқанына әрі қарай өсіп дами беріңіз кәсібіңіз берекелі болсын.

  • @Жаколёк
    @Жаколёк Год назад +18

    Барлық аналарға тілерім балапандарыңызбен сынамасын Алла. Жазылып кетсін барлык балапандар🤲🤲🤲🤲

  • @gaisha85
    @gaisha85 Год назад +8

    Акенын денсаулыгына байланысты емес дегены тыптен кулкылы (урык-омир салты, гаджеттер, энергетиктер, темекы, арак, наша, тамактану барыне байланысты, ананын денсаулыгы да) медициналык былым мен коп зерттеу керек, тек дынге гана сылтеу жасамай.

  • @АйымгульТохтарова

    Айгерім ханым, баланыздан интервью алғаныңызды сүйіншілеп сұрайтын күнге жетуыңізге тілектеспін!

  • @АнельЕрлановна-м2к

    Айгерім ханым жаксы такырыпты қозғадыңыз. 16 апта жүкті кезімде генетик маган бала дұрыс емес деп алып тастаймыз дегенде мен алдырмадым. Бірақ психологический депрессия да болып Алла тағаладан көп сұрап аман есен босандым. Шүкір казір балам үште дені сау. Біздің елдің мамандарына сенуден қалдым. Сізге сәттілік барлығын жеңесіз

    • @gulnarabdrazakova1982
      @gulnarabdrazakova1982 Год назад

      Саламатсыз ба?! Қанша жаста босанған едіңіз? Және қандай гинетикалық диагноз қойған еді?

  • @ГализаШайхы
    @ГализаШайхы Год назад +5

    Әйгерім ханым , керемет сұқбат, мықты дефектолог маман екен. Балаңыз ой өрісі дамып , қалыпты бала болады. Аллам сізді сүйіншілетсін

  • @АйгульБактыгереева-ш6о

    Менинде кызыма койды диагноз Детский Аутизм. Тоже норм дамып келе жаттыда 1 тан кеткенде кетти артка. Жолдасым екеумиз карап жылап аламыз неге именно быздын кыз деп.Өте ауыр алла калап аман есен жазылып кетсе екен тилеуим тилегим сол!

  • @АйшакулДюсембина
    @АйшакулДюсембина Год назад +23

    Дертті берген Алла,шипасын да берсін деп тилеймін!!!!

  • @АрайлымҚарамендиева

    Мадина Халықберген өз саласын жақсы көріп жұмыс жасайтыны көрініп тұр.Нақты жауап берді әр сұраққа.,👍👏🏻

    • @СандугашМажитова-щ4м
      @СандугашМажитова-щ4м Год назад

      Коррекционный центр ларды маман аз негизи аутист зпр балаларды сырттан емдеу оте киын остеопат жаксы комектеседи

  • @Oind131
    @Oind131 Год назад +4

    Көп көп рахмет сізге Айгерім ханым, осындай диагноз туралы айқайлап айту керек, себебі сау қоғам адамдары ерекшелігі бар балаларды қабылдау керек, улкендер ерекше балаларды көргенде қадалып қарап қашпауы керек . Сызге көптен көп рахме 🙌. Алла ананың тілеуін қабыл ететініне сенемінін , балаларымыздын болашағы жарқын болсын 🙌❤

  • @АлтынгулКамысбаева-г5х

    Сәлеметсіздер ме Айгерім ханым өзекті мәселе қаралып жатыр екен сәттіліік тілеймін. Менде ерекше баланың анасымын жүректі елжіретеді баламның келешегін көп уайымдаймын. Алла сабыр берсін бәрімізге . Мықты мамандар көп болса екен. Балдарымызды қатарға қосатын.

  • @ГулназНагашыбаева-л1ж

    Айгерім ханым, жылаттыңыз! Жүрекке жетті. Сізді бұрын ұнатпаушы ем, қазір ойым өзгердііі❤

    • @АктотыХаным
      @АктотыХаным Год назад

      Айгерім ханымды ұнатпау мүмкін емес ❤
      Сөзді бөлмейді, әдемі жүргізеді❤

  • @АлуаАхметжанова-ш3я

    Мен де осы әлемде баламмен жүрмін... Өте ауыр аллам сабыр берсін , сізбен біздерге... Балапандарымыз ел қатарына қосылып кететіне 26:46 26:47 26:48

  • @ЕрболБайсариев
    @ЕрболБайсариев Год назад +1

    Айгерім ханым, Айтуға әрине оңай, Алла Күш Қуат Берсін. Балаңызға Алла Шипасын Берсін….

  • @АсылтасБерлибаева

    Барлық балларға Аллам шипасын берсін.

  • @ФутболФутбол-ы9ы
    @ФутболФутбол-ы9ы Год назад +6

    Айкерім ханым балаңыз сауығып кетсін. Барлық ата аналарға балапандарыңыз сауығып кетсін деп Тілекшімін. Меніңде балам сауығып кетсе Ин шаа Алла

  • @gumi1988
    @gumi1988 Год назад +13

    Ең бастысы қабылдағанда, ұялмай менің балам осындай ерекше деп тамағыма өксік тығылмай айталатын болдым. Біз эпилепсия мен күресудеміз. 😊

  • @НагимаСпанбетова
    @НагимаСпанбетова Год назад +15

    В наше время в поликлинике был кабинет здорового ребенка,где проверяли у ребенка развитие моторики,сенсорики,обучали массажу,гимнастике,я сама работала некоторое время,рассказывала молодым матерям про кормление,докормы прикормы,это было в 90 ые годы,тогда про аутизм мы не слышали,потом закрыли этот кабинет.Сейчас мамочки не делают и не знают про комплексы массажа и гимнастики детям до года.Болезни Дауна,аутизм,Дцп стало очень много к большому сожалению

  • @Gulbanu-c2t
    @Gulbanu-c2t Год назад +2

    Батыр аналар,неден өтіп,қандай жолдармен жүріп,қай есікті қағып,қандай табалдырықтарды тоздырғандарыңызды өте жақсы білемін,түсінемін,соның жемісі ретінде Аллаһым соңында үлкеееен сыйын берсін біз бен сіз күтпеген әмин

  • @ЖаннаМолдабекова-л2я

    Керемет сұхбат. Рақмет көп көп. Осындай сұқбаттарыңыз көп болса екен, ең болмаса, осындай жақсы мамандармен танысу арқылы да ерекше балдармен жұмыс жасау сәл бооса да алға жылжуымызға себепкер болып отырсыз. Рақмет, Алла разы болсын.

  • @АнарбековаГульжанат

    Баланызды жетилдируге, Аллам Сизге куш Куат берсин.

  • @asemizmuratova4982
    @asemizmuratova4982 Год назад +3

    Тұңғышым 2017жыл босандым.Нақты диагнозын білмедім,ЗПР деп айтады барған жерлер.Ана болғасын жанымызға батады баламның жай күйі бәрі.Мектепке барса қандай болады қалай қабылдайды. Алланың құдіреті шексізғой.Қатарымен бірдей дәрежеде болса деймін

  • @А.м.Г-л1х
    @А.м.Г-л1х Год назад +15

    Тек аналар кінәлі емес!!!!! Не сұмдық. Қайдан шыққан ақпарат дәлелі аз ақпарат. 50/50

    • @altynzhan4748
      @altynzhan4748 Год назад +2

      Солго, оз басынан отпей бул дефектологтын билмейди. Озине реклама кетип отырго. Мектепке дайындап жатырмыз деп.. коп мыжын ангиме...мен мен деп отыр

  • @АлуаАхметжанова-ш3я

    Керемет сұқбат.... Көп аналардың көкейінде жүрген сұрақтар... Сол психдиспансорлық мамандардан еш комек болмады. Коп аналар қайда барарын білмей сандалуда.

  • @АлияНохаева
    @АлияНохаева Год назад +2

    Менің ең жақсы көретін журналис Әйкерім ханым Алла сізге күш қат берсін балапаныңыз қатарынан қалмай Қазақстанның менмін деген азамат болсын.Менің де тура сіз сияқты мұңым бар тәтті немерем жарық дұниеге ерекше болып қоян жырық болып туылды төрт айында қиын отадан өтті одан бір жасында оданда қиын отадан өтті, әлі екі ота күтіп тұр бірақ мен наркоздан демалсын деп апармай отырмын өзіңі сияқты бір жасқа жеткіздік одан екі жасқа жеткіздік, әлі кішкентай деп жүріп үш жасқа жеткіздік қазір төрт жаста дәл қазір менде үйқы жоқ осы немерімді ойлап кірпік қақпай ойлап жатамын көп несе таң атады өйткені немерем сөйлемейді онша түсіне бермейді быраз жерге апардық бірақ нәтиже жоқ.Енді бар ақшамды буып түйіп Ташкентке жиналып отырмын бар арманым қатарынан қалмай сөйлеп апа дегенді естігім келеді сөз қоры уақтылы шықпаған соң немерем нерный болып жынданып кетеді сол дәрігер аутизім белгісі бар деп ем домын жасап жатыр бірақ нәтиже жоқ төлемі де өте қымбат дәрігердің алып жатқаны қымбат болсада ең бастысы балапан сөйлеп кетсе деп күтудемін бірақ нәтиже көрмей отырмын енді Ташкентке апарамын үмітімді ағайынды өзбек дәрігерлерінен нәтиже көрсем арманым жоқ еді...

    • @AigerimSeifolla
      @AigerimSeifolla  Год назад

      Cәлеметсіз бе?!
      Сабыр берсін. Сіз мықты жансыз!

    • @bauyrzhankyzy9450
      @bauyrzhankyzy9450 21 день назад

      Ташкенттен ем болдыма

  • @Zaure-x4o
    @Zaure-x4o Год назад +2

    Дұрыс айтасыз ,оңашада жылаймыз,күйінеміз,бірақ ол баланы жақсы көреміз,сонымен өмір сүріп жатырмыз,тек Алла сабыр берсін,От басымен қабылдадық,Келінімді қолдап,ұлымды да баламен айналысу керек деп айттым,Аллаға шүкір жақсы резултаттар бар,Олүшін Келініме мың алғыс,Соның еңбегінің жемісі барлығын түсінеді,анасы жұмсап үй шаруасына көмектеседі,тек сөйлемейді демесек

  • @Кенжегуль-ш5ф
    @Кенжегуль-ш5ф Год назад +2

    Аллам барлық ерекше бала бағатын аналарға сабыр берсін!😢😢😢😢өте қиын менің ұлым 14жаста жер басып жүрмегеніне 😢сойлейді ,бәрін түсінеді ,тамақ өзі жейді ,бірақ белден төмен болып тұр жағдай 😢😢😢 белін ұстай алмайды

  • @gumi1988
    @gumi1988 Год назад +7

    Еххх, ерекше балалардың Ерекше мықты Аналарымен менде біргемін. Дефектолог деген не жейтін затпа деп сұрасаң ия😮, Психолог, Психиатр, Невропотолог, педиатр, нейрохирург, логопед нәтижеге жету үшін қаражат керек ең бастысы.

  • @смм-е7д
    @смм-е7д Год назад +2

    Аман есен жазылып кетсин деп тилеймин,озимде ерекше улдын анасымын.Барлык созинизди,сезиминизди оте тусинемин Алла шипа берсин барлык ауырып жаткан адамдарга.

  • @Диас-м7ч
    @Диас-м7ч Год назад +5

    Осындай білікті мамандарды ң болғаны қандай керемет. Сондай мамандардың қатары көбейсе екен деп тілеймін

  • @Maya_kuat.
    @Maya_kuat. Год назад +3

    Мен Жезқазған қаласынанмын,осындай маман бар екенін сіздің бағдарламаңыздан білдім❤

  • @АкботаСихымбаева-з8д
    @АкботаСихымбаева-з8д 9 месяцев назад

    Мен оңтүстіктенмін.... Мен екі бірдей ерекше баламен осы жолдан өттім. Өтіп жатырмыз.. Барлығы Алланың қолында. Алла барлық балапанға шипа берсін🤲

  • @АрхатМухаметказыев-ь3л

    Еркектерде айелдин бир жагынан шыгу керек енелер де кабылдап,комектесу керек бир жагынан

  • @АлтынайМедеубаева

    Әйгерім ханым мықты әйел екенсіз. Сонша жүкпен күлімдеп елдің алдына шығасыз. Басымды идім. Бәрі жақсы болсын!!❤❤

  • @kulezabateinkyzy83
    @kulezabateinkyzy83 11 месяцев назад

    Айгерім ханым сәттілік сізге🤲 көп рақмет🌷 Алла әр тілегіңіздің орындалуын нәсіп етсін🤲

  • @МадинаТойбаева-л2о

    Мен осы саладағы маманмын, осындай интервью алатын, өте мықты мамандар бар және коп, әр маман өз маманына лайықты жауаптар беріп сұхбат жасатсаныз, анаға байланысты деген факт ол дұрыс емес.

  • @АЙГУЛЬКАЛБАЕВА-з9г

    Менде ерекше бала тарбиелеп отирмын Аллам шебер ози солай жаратты, биз кабылдадык❤ Айгериим ханым мыкты болныз, балапанынызга Аллам шипасын берсин ❤❤❤❤❤ биз сизди жаксы кореремиз❤❤❤❤❤

  • @ҒабиденСулейменов

    Әйгерім ханым, мықты болыңыз! Балаңыз тез жазылып кетсін!

  • @AksauleKalmirzaeva-su1mz
    @AksauleKalmirzaeva-su1mz Год назад +1

    Осындай Ана мен балаға байланысты, видео көп шықса екен.

  • @МейрамЗейнел
    @МейрамЗейнел 8 месяцев назад

    Айгерім ханымға рахмет Мәдина өте мықты маман екенсіз аман болыңыз .

  • @Rysty_____
    @Rysty_____ Год назад

    Мына ханымды денсаулық министрі етіп сайлау кекрек екен өте сауатты доктор министр болса елдегі денсаулық дүзелер еді👍👍👍🙏🙏🙏🙌🙌🙌❤️❤️❤️🌺🌺🌺

  • @ШолпанАмзебек-й1у
    @ШолпанАмзебек-й1у Год назад +4

    Салеметсыздерме Ата аналар.Комментариялардын копшылыгын окып шыктым.Быз быргемыз .Мыкты болаиык дегым келеды .Журегым ауырып кетты ,Ар бырынызды тусынем.Менде коп жылаитынмын ,алыде шер таркатсам жылап алам. Я коп адамдар тусынбеиды ол шын. Менын 2баламда ЗПР болды .Улкеным калаи заниматься еттык 3жаста ,солаи Шукыр жаксара бастады .Казыр жасы 7де .Биыл 1сыныпка барады Аллага сансыз шукырлер деимын.2Баламмен уже туылганнан бастап былдык , заниматься еттык ,бырак натиже кормедык . 4жарым жасында Гана тусынык паида бола бастады .Быздын атымызды аита бастады ,Жан жагына караи бастады .Казыр 5тен асты ,2...3. Создын басын коса бастады .Осы 2апта болды Садикке барып жур.Созы оиы 2жасар баланыкы сиякты .Осы куныме шукыр етып отырмын .Букыл алемды жаратушы Аллага сансыз мадактар болсын.Аналар аиткым келгены Алладан сурап Арекет етыныздер.Коп коп коп сураныздар Алла улык сыздерды естиды .Мен былтыр Инстаграмнан autism.komek деген паракшаны кордым ,окыдым .Мыкты ана деп сол баланын анасын аитар едым ,менын оиымша .Окып керек жерлерын туртып алыныздар ,ол кыссы мены танымаиды да ,бырак ол анага ризамын . Айгерым ханым моиыманыз .Тек алга .Алла улык!

  • @gulbanukozhaeva3105
    @gulbanukozhaeva3105 9 месяцев назад

    Керемет сұхбат Айгерім ханым эпилепсия балалар жайында сұхбат жасаңызшы

  • @БахытгульМаулен
    @БахытгульМаулен Год назад +3

    Жыламыныз синилим барлыгы Алланын колында.Алладан кундиз туни сурайтыным балалар ауырмасыншы деп.Ананы баламен сынамасыншы деп🤲🙏🤲🙏🤲🙏

  • @aigulalmaty1302
    @aigulalmaty1302 Год назад +2

    Алла жеңілдік берсін ,сәбйлер ауырмасын ,тез жазылып кетсін ,кейде аяқ астынан ауырып қалатын балаларға көз тію де болады

  • @ЖаркынАйдаровна
    @ЖаркынАйдаровна Год назад +2

    Жақсы сұхбат!Генетика сыры мен сыны көөп дүние ғой!Жалпы ана мен әке денісаулығы мықы болсыншы!

  • @БатимаШырын
    @БатимаШырын 2 месяца назад

    Аллам шипасын берсін,жазылып кетуіне тілектеспін.

  • @ЛаураАлмаханова-б7щ

    Айгерім ханым, сізге Алла сарқылмас күш-қуат берсін.

    • @AigerimSeifolla
      @AigerimSeifolla  Год назад

      Рахмет!

    • @Диди-к6к
      @Диди-к6к Год назад

      ​@@AigerimSeifollaАлла шипасын берсін! Менің інім де. Екіден асқанда. Қатты температура беріп ауырып, дцп болып қалды. Ауыраяқ кезде, туылғанда бәрінде жақсы болған. Жаман ештеңе айтпаған. Жұлыннан жидкость алған екі рет содан көреміз

  • @БануЕрболовна
    @БануЕрболовна Год назад +5

    Мықты маман екен, жалғасын күтемін

  • @АлияОнайбаева-ъ4т
    @АлияОнайбаева-ъ4т Год назад +1

    Кандай жаксы маман, бундай мамандар коп емес. Сондыктан осындай бугинги куни оте озекти хабар жии болдыосаныз екен,- тилеймин соны

  • @ЖаннурМухамади
    @ЖаннурМухамади Год назад +31

    Неврополог, психиатр, психолог мамандар ата-ананы кінәләйді! Ата-ана ешқашан баласына жаман болсын демейді. Неге бұл диагноз күрт көбейіп кетті? Себебі неде? Емі қандай? Осы сұрақтарға бірде бір маман жауап бере алмайды. Бірнәрсені қайталайды бәрі. Диагностиканы 1 рет балаға қарап жүргізе береді! 2-3 апталық курстарды оқып алып МАМАНДАР қаптап кетті. Мемлекет бұл мәселемен айналысып жатқан жоқ! Тек жүгіріп жүрген байқұс ата-ана!

    • @ГульнарИманбаева-э9с
      @ГульнарИманбаева-э9с Год назад +2

      дұрыс айтасыз қаңғырғанымызға сегіз айдай болды. Қазақстанның врачтары бір сөзді қайталай береді . Өздері қымбат алады . Нәтиже жоқ .

    • @Zaure-x4o
      @Zaure-x4o Год назад

      Дұрыс айтасыз!Өте қиын жағдай,бізде де бар .....Алла көмектессін балапандарымызға,

    • @Zaure-x4o
      @Zaure-x4o Год назад

      ​@@ГульнарИманбаева-э9сВрач іздеп қаңғымаңыз,Баламен заниматься етіңіз,орталықтарға беріңіз,Менің Немерелеріме резултаттар көп,Аллаға шүкір.Плавания,центрлер,атқа мінгізу,сабақ үйрету,сурет салдыру,пластелинмен жұмыс тб көп қой

    • @danakuanova
      @danakuanova Год назад

      Дұрыс айттыңыз, нақты калай емделудің жолын айтпайды. Қаратыңыз балкім біреуінің емі қонар деген не сөз димда.

    • @Bilimmen2022
      @Bilimmen2022 Год назад

      Неге кінәләйді себебі, баланы пландап,емделіп, тексеріп туу керек
      Қазіргілер декретке миллионмен шықсам болды дейді.Бірақ балада бұзылыс болуы әп сәтте

  • @didarmahymut3900
    @didarmahymut3900 Год назад +8

    Баланың денсаулығының жақсы болу тек анаға байланысты деу қалай? Қазір қоғамда кім өз денсаулығын 100% жақсы деп айта алады, әрі иммунитеті де күшті деп

  • @saltanatuyabekova4023
    @saltanatuyabekova4023 Год назад +1

    Өте керемет сұхбат болды, осындай мамандарымыз көп болсын, балдарымыз ауырмасын, Айгерим ханым сіз сияқты аналарымызға Алла жар болсын, балдарыңыз жазылып кетсін 🙏

  • @НүргілӘлпаева
    @НүргілӘлпаева Год назад +6

    Менде жылап отырып көрдім.Менің балам да 1 жарым жасына дейін керемет болды.Содан кейін бәрі өзгеріп,әлемі басқа болып кетті.

    • @Jado0986
      @Jado0986 Год назад

      Кешириниз прививка алдыныз ба бир жастан аскасын

    • @raushan_a.t.
      @raushan_a.t. Год назад +1

      Менің де қызым сөйтті. Қазір 3 жас 8 ай , әлі сөйлемейді. Арманым осы қызымның денсаулығы.

  • @АсельДаржанова-щ3п

    Айгерім өте маңызды тақырыбты қозғадың😢😢😢 жарайсың!

  • @Жжж-в2ю
    @Жжж-в2ю Год назад +8

    37:38 Балаң тәуір болып кетсін Әйгерім! Барлық аналардың баласы ауырмасын!

  • @aigerim_k1992
    @aigerim_k1992 Год назад +2

    Басынан аяғына дейін қарап шықтым. осындай маман,осындай аналар барда ғана жетістік болады

  • @АктотыХаным
    @АктотыХаным Год назад +2

    Барлық бала Алланың қалауымен жазылып кетсе екен