2009 - 2010 ж.т. жасөспірім қыздар арасында волейболдан аудандық жарыс

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 6 окт 2024
  • 2023 жылдың 2 маусым күні Жаңақала спорт кешенінде Жаңақала аудандық «Jastar» спорт клубының ұйымдастыруымен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 2009 - 2010 ж.т. жасөспірім қыздар арасында волейболдан аудандық жарыс өткізілді.
    ✅Жарысқа қатысқан командалар
    1. М.Жүнiсов атындағы жалпы орта білім мектебінің командасы;
    2. Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің командасы;
    3. №3 жалпы орта білім беретін мектебінің командасы;
    4. Жаңақала ауданының балалар - жасөспірімдер спорт мектебінің командасы;
    5. "Jastar" спорт клубының №1 командасы;
    6. "Jastar" спорт клубының №2 командасы.
    Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Еслямгалиева Ақнұрлы Нұрғалиқызы, Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Танзенов Данял Жұпмағамбетұлы және Жаңақала аудандық «Jastar» спорт клубының директоры Гумаров Жанболат Жасқайратұлы қатысты. Сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Еслямгалиева Ақнұрлы Нұрғалиқызы мейрамдарымен құттықтап, командаларға сәттілік тіледі.
    ✅Жарыстың қорытындысы бойынша
    🥇орын М.Жүнiсов атындағы жалпы орта білім мектебінің командасы;
    🥈орын Жаңақала ауданының балалар - жасөспірімдер спорт мектебінің командасы;
    🥉орын "Jastar" спорт клубының №1 командасы.
    ✅Номинациялар бойынша
    🔹«Үздік ойыншы» Абай Айнара (М.Жүнiсов атындағы жалпы орта білім мектебініңкомандасы);
    🔹«Үздік шабуылшы» Рустамқызы Дильназ ("Jastar" спорт клубының №1 командасы);
    🔹«Үздік байланыстырушы» Сүйеуғали Қарақат (Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің командасы);
    🔹«Үздік шабуылшы» Қуанышқалиева Аруназ (Жаңақала ауданының балалар - жасөспірімдер спорт мектебінің командасы);
    Жарыстың жүлделі орындарға ие болған спортшылар Жаңақала аудандық «Jastar» спорт клубының дипломдарымен, медальдарымен және сыйлықтарымен марапатталды.
    #БалалардыңИгілігіҮшін

Комментарии •