Таласбек Әсемқұлов- Көкбалақ күй /Talasbyek Asemkulov- Kukbalak /

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 5 янв 2025

Комментарии • 9

  • @zaure2013
    @zaure2013  4 месяца назад

    «Көкбалақ» күйдің шығу тарихы :
    Абылайдың жиырмадан жаңа асқан кезі. Үлкен бір шай­қас­та Шарыш батырды өл­тіріп қалмақтың сағын сын­дырған, бұлғақтаған жас сұлтанның әскердегі беделі үлкен екен. Кәрі-жа­сы бар, қол бастаған батыры мен қа­тар­да­ғы ала­маны, барлығы: «Ендігі ханы­мыз Абы­лай болса екен», деп арман­дапты…
    …Қоңыр күздің басында, Абылай жанында екі жүз нөкері бар аңға шы­ға­ды. Неше күн аң атып, ойын-сауық­пен келе жатқан албырт топ қал­мақ­тың жер қайысқан әскеріне жолы­ғып­ты. Аяусыз ұрыста нөкерінің бәрі қы­рылып Абы­лай, жанында Маддақия деген батыр, екеуден екеу ғана қа­лып­ты. Қалдан Сереннің ұлы Лама Дор­жы деген ба­тыр: «Ә, жолым бол­ды, басқа емес, қақпанға Абылайдың өзі түсті», деп сырнайлатып-кер­ней­летіп еліне қай­та­ды…
    …Шарышты өлтірген Абылайды кө­реміз деп бүкіл қалмақ жиналыпты. Сонда жұрттың алдына Ша­рыш­тың шешесі Күнсайын ханымша шы­ғып, Абылайға айтты дейді.
    - Ей, иттен жаратылған… Менің Ша­рышымды қай жерде өлтірдің? Асы­лымның, ардағымның қанын қа­лай төктің, кәні, айтшы, - деп. Сонда Абылай тұрып: «Мына қо­лым­мен шеңгелдеп тұрып талай қал­мақ­тың қанын ұрттап едім. Сенің ба­лаң сияқты қаңғыған қалмақтың басы қай шидің түбінде жатқанын мен қай­дан білейін», - депті.
    Күнсайын Қалдан Серенге айтты дейді: «Қалдан, осы адам тірі кетсе, мен ешқашан кешпеймін сені. Бүкіл малымды, бар дәулетімді ал, тек мы­на Абылайды қолыма бер. Осының қа­нын ішкенде ғана кегім қайтады», - деп.
    - Не айтасың? - депті Қалдан Се­­­­рен Абылайға қарап.
    Абылай айтыпты: «Мен Ша­рыш­ты ту сыртынан атқам жоқ. Ұйықтап жатқан жерінде өлтіргем жоқ. Мен оны жекпе-жекте жеңдім. О заманда, бұ заман, майданда жауды өлтіру қа­шаннан бері қылмыс саналатын бол­ған. Заң­дарың қызық екен, қалмақ», - деп.
    Содан соң, Абылай мен Мад­да­қия­ны қамап тастап, қалмақтың ноян­дары мен тайшылары кеңес қылады. Бар­лы­ғы бірауыздан: «Бұндай көк­жалды қоя берсек ертең опық жейміз. Бұл - қал­мақтың сорына жаратылған қанішер, сондықтан өлтіру керек. Тө­релігін өзің айт», дейді Қалдан Серенге.
    Бірақ қалмақ та соғыса жүріп қа­зақ­тың ерлігіне бас иген халық. Қал­дан Серен Абылайды өлімге қи­мап­ты. Тек ханның, қазақтан тұт­қын болып келген күңінен туған ұлы Лама Доржы әкесіне кек сақтап кетіпті. Ша­рыш­тың шешесі Күн­сайынға келіп: «Әкем алжыған екен. Абылайды қор­­ға­ды. Осыны өзіміз-ақ өлтіре сал­маймыз ба?» дейді.
    Абылайдың артында қалған елі бол­ған жайға қаныққаннан кейін, өл­гендерді арулап жерлейді. Арасында Абылай мен Маддақияның жоқ екенін біліп, олардың тұтқында екеніне, тірі екеніне көз жеткізгеннен кейін, арада бір жыл салып қалмаққа елшілік жібереді. Мәмілегерлерді Ақшора деген би бастап барады. Сонда елшілер: «Сұл­танымыз тірі болса көр­се­тіңіз», - депті. Қалдан Серен ала­қа­нын шарт еткізіп Абылайды ордаға алдырады.
    Қалдан Серен сонда былай депті: «Бұдан былай қалмақты шапқанды қоясың. Абылайдың аман болуы қа­зақтың тыныш болуына бай­ланысты. Сұлтандарыңды аман көремін десең, жаулығыңды қой, қазақ», - деп. Тағы да айтты дейді: «Бір жыл беделінде Әбілмәмбет ханның ұлы Әбілпейіз сұл­танды осында аманатқа алып келіп қана, Абылайды ала аласыңдар», - деп.
    Елшілер қош айтысып қайтып кетеді. Сонымен жылжып жыл өтеді. Айтылған мерзімде Әбіл­пейіз сұл­тан­ды алып, мол тарту-таралғы көтеріп қа­зақ­тың елшілері келеді.
    Қалдан Серен өзінің Қоша Мерген деген бір биінің қызын Абылайға әйел­дікке беріпті. Бұл Қасым сұлтан­ның шешесі, Саржан мен Есенгелді, Кене­сары мен Наурызбайдың әжесі Топыш еді. Сонымен елшілер Әбіл­пейіз сұл­тан­мен қош айтысып, Абы­лайды алып елге қайтады. Жолда келе жатып Абылай бірнеше мазар кездескенде сол жерді Көк­балақ тұлпарымен айнала шауып ай­қай­лап, содан соң жерге етбетімен жа­тып еңі­реп жылапты. Ешкім еш­теңе демепті. Себебі, бұл Абылайдың екі жүз нө­ке­рінің жатқан жері екен. Кейіннен Абы­лай айтты дейді: «Кезінде қалмаққа көз жасымды көр­сет­пейін деп жыламай кетіп едім. Мен үшін, мені қорғап өлген қайран дос­тарым ит-құсқа жем болып қала берді. Міне, сол жерге келгенде соларды жоқтап жылап едім», - деп.
    - Абы­лай ханның атын бағатын жыл­қы­шы келіп:
    - Хан ием, сіздің Көкбалақ тұл­па­рыңыз өлейін деп жатыр, - дегенде, Абы­лай, жеке тігулі үйде басын со­ғып өмірмен қоштасып жатқан Көк­ба­лақ­тың жанына келіп, басын сүйеп, қа­мығып:
    - Е, дүние, қалмаққа тұтқын бо­лып кеткенімде жанымда Маддақия мен осы Көкбалақ тұлпарым ғана бо­лып еді. Қиын күндері, тағдырым қыл үстінде тұрғанда, Көкбалағым басын кеудеме қойып, оқыранып дем беруші еді, - деп көзіне жас алған дейді.
    Ертеңіне ханның тұлпарын, бө­ре­неден биік алау жағып өртепті. Кейіннен Абылай айтты дейді: «Сендер көрдіңдер ме, от азайғанда Көк­ба­лақ­қа қанат бітіп орнынан тұрды. Содан соң аспан қақ айырылып баяғы менің екі жүз нөкерім, кіл қанатты ат мініп, ұшып келіп Көкбалақты өздерімен бірге ертіп алып кетті», - деп.
    Иесі Абылаймен тұтқында бірге болған, одан соң тұяғынан от шашып талай ұрыс-соғысқа кірген Көкбалақ тұлпар осындай аңыздық тұлға. Кейіннен ханның күйшісі Байжігіт әй­гілі тұлпарға арнап күй шы­ға­рыпты. «Көкбалақ» деп аталатын бұл күй қа­зақтың ішінде әлі күнге дейін тар­тылады.
    Күйдің тарихын жеткізуші : Таласбек ӘСЕМҚҰЛОВ

  • @СерикШакиров-т7н
    @СерикШакиров-т7н 6 лет назад +2

    Жүнісбай атақты домбырашы...соның жиені ері шәкірті Таласбек мықты домбырашы көкбалақ тарихы терең

  • @ЖанарАКаримова-р6н
    @ЖанарАКаримова-р6н 7 месяцев назад

    Керемет

  • @СерикШакиров-т7н
    @СерикШакиров-т7н 6 лет назад +3

    Мықты

  • @СанатКабиев-с4с
    @СанатКабиев-с4с 3 месяца назад

    Делебен козады осы куйден,пах ширкин нет неткен куй

  • @ersultanbalgabaev6465
    @ersultanbalgabaev6465 6 лет назад +2

    Сойлетеди бизде осылай ойнайалсак кой ширкин

  • @amanelaman3616
    @amanelaman3616 6 лет назад +3

    керемет

  • @МунгушКөк-жатык
    @МунгушКөк-жатык 6 лет назад +1

    Мыкты орундоо