Бітпейтін орынсыз сұрақтар | Қашан туасың? | 1 серия | Конкурс | Сериал 2024
HTML-код
- Опубликовано: 16 апр 2024
- 1-3 СЕРИЯЛАР МҰНДА👉🏻salemsocial.kz/kashan_1tvplus
Мирас пен Әдемі бірнеше жылдық отбасылық өмірден кейін ақыры балалы болатындарын біледі. Енді барлық туған туыстары асыға немерені күтуде. Бірақ шын мәнінде, тест нәтижелері ауысып кеткен. Енді Әдемі жүкті болып үлгереді ме, әлде барлығы шындықты біліп қояды ма?
К сожалению, сервис пока доступен только для пользователей Казахстана.
Жители других стран могут посмотреть новые серии еженедельно на нашем RUclips канале «UIDE»📌
Sәlem entertainment ұсынған басқа да сериалдарды TV+ Kazakhtelecom-дағы Salem бөлімінен тамашалай аласыздар🔥
________________________________________
КОНКУРС🎁
TV+ Kazakhtelecom-нан серияларды эксклюзивті түрде алғашқы болып көру үшін тегін «Жылдық тіркелімді» ұтып алғың келеді ме?
Конкурсқа қатысу үшін:
1. Біздің RUclips каналға тіркел ✅
2. Трейлерге лайк бас❤️
3. Пікірге «Қашан туасың?» деп жаз ✍🏻
Неғұрлым көп комментарий жазсаң, жеңу мүмкіндігі соғұрлым артады🔥
Конкурсқа тек Қазақстан тұрғындары қатыса алады📌
Жазылымды сатып алып, TV+ Kazakhtelecom-нан «Қашан туасың?» сериалының 4 сериясын қалай бірден көруге болатынына видеонұсқау 👉🏻 • TV+ тіркелуге ВИДЕОНҰСҚАУ
_____________________________________
Продюсер: Айнур Ильясова
Қоюшы-режиссер: Айдын Сахаман
Креативті продюсер: Майя Искакова
Екінші режиссер: Айжан Момбаева
Lead сценарист: Майя Искакова
Сценарий авторлары: Мырзахметова Бекзат, Гаухар Кыдырбаева
Аудармашы редактор: Мират Миятов
Қоюшы оператор: Саят Жангазинов
Екінші оператор: Санат Жанғазы
Орындаушы продюсер: Эля Искакова
Монтаж режиссері: Бақберген Атабаев, Бейімбет Сағади, Мади Маканов
Қоюшы суретші: Айжан Тилеукабилова
Киім әрлеушілер: Данияр Жаксыгельдинов, Меруерт Нурмышева
Грим әрлеушісі: Балауса Жайсанбек
Кастинг директоры: Айдана Расулова
Дыбыс режиссері: Каирбеков Кайрат
Sәlem entertainment:
Директор: Ғалым Құлман
Бас продюсер: Рустем Омаров
Продюсер: Игорь Цай
Креативті продюсер: Бибінұр Сәдір
Өндіріс директоры: Алия Камалова
Digital-директор: Кира Амбросимова
PR-директор: Алия Жапакова
Digital-продюсер: Бақыт Тұрсынова
SMM маманы: Аяулым Иманбаева
PR маманы: Аружан Ықласова
Графикалық дизайн:
Made Studio - Ұлан Шаяхмет, Мәден Қуаныш
Креативті дизайнер: Марк Скорик
Моушн-дизайнерлер: Алибек Берниязов, Нурлан Исмаилов
Бас Digital-аналитик: Александр Шеган
Digital-аналитик: Дамир Зиннатуллин
Рөлдерде:
Әдемі - Бақытгүл Серікбаева / bakonay_ks
Мирас - Ермек Шынболатов / ermek_shinbolatovv
Индира - Айнур Ильясова / ainur_ilyasova
Бекзат - Бейбіт Кусайынов / beibut_kussainov
Сапар - Бахытжан Альпеисов
Күлшәт - Райхан Калиолдина / kalioldinaraikhan
Боря - Қуандық Шакиржанов / kuandykshakirzhanov
Гаухар - Шынар Аскарова / shynaraskar
БІЗДІҢ РЕСМИ ПАРАҚШАЛАРҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ:
“Қашан туасың?” Instagram-да:
/ qashan_tuasyn
“Қашан туасың?” TikTok-та:
www.tiktok.com/@kashan_tuasyn...
www.tiktok.com/@qashan.tuasyn...
#қашантуасың #qashantuasyn #sәlem #sәlementertainment - Кино
1-3 СЕРИЯЛАР МҰНДА👉🏻salemsocial.kz/kashan_1tvplus
Мирас пен Әдемі бірнеше жылдық отбасылық өмірден кейін ақыры балалы болатындарын біледі. Енді барлық туған туыстары асыға немерені күтуде. Бірақ шын мәнінде, тест нәтижелері ауысып кеткен. Енді Әдемі жүкті болып үлгереді ме, әлде барлығы шындықты біліп қояды ма? КОНКУРС🎁
TV+ Kazakhtelecom-нан серияларды эксклюзивті түрде алғашқы болып көру үшін тегін «Жылдық тіркелімді» ұтып алғың келеді ме?
Конкурсқа қатысу үшін:
1. Біздің RUclips каналға тіркел ✅
2. Трейлерге лайк бас❤
3. Пікірге «Қашан туасың?» деп жаз ✍🏻
Неғұрлым көп комментарий жазсаң, жеңу мүмкіндігі соғұрлым артады🔥
Конкурсқа тек Қазақстан тұрғындары қатыса алады📌
кашан туасын?
Қашан туасың?
Қашан туасың?
Қашан туасың?
Қашан туасың?
11 жыл естідім осы сөзді, қанша күндер өтті жастықты көл қылған … Шүкір Аллаға Аңсар ұлым бар 2 жас 7 ай ❤, Алла береді тек күту керек сабырмен …
10жыл дан ассада сабырмен күтіп жүрміз. Аллам сүйген құлдарын сынаққа алады. Алла береди. Көп балалы ана болыңыздар
@@user-gh4hj5je2wАлладан сураныз, Алла береди, менин женгем 5 жыл котермей 1 ул туды, сосын 10 жыл котермей 2шисин котерди, июльде буйыртса босанады🙏
😢
❤@@user-gh4hj5je2w
Мен тұрмыс құрғаннан соң 3жарым жыл күттім.Әр задержкада каншама үміт,қалай тест салып көремін солай артынан келіп тұрады.Даже 10 -15 күн задержкада болды вот сол кездегі үміт оты деген ..Солай 3 жарым жыл өтті.Почти 1 айдай задержка бірақ особо мән бермедім үміттенбея койайын деп үзгем ғой үмітті сөйтсем тест екі полоска.Узи 7 апта жуктілік жүрек соғыс бар менен артық Бақытты жан болмады балаңның жүрек соғысын естіген ол айтып жеткізе алмаймын.Аллаға шүкір кәзір ұлды болдым.Алладан үмітті үзбеңдер ❤
Қашан тұрмысқа шығасың? Қашан үйленесін? Қашан туасың? Қашан 2/3/4/5 … бала туасың? Қашан ұл туасың? Қашан қыз туасың? Неге балаң сөйлемейді? Неге балаң жүрмейді? Неге балаң ауыра береді? Осы сұрақтар қояр алдында ол адамға қанша мұң әкеліп қиянат жасайтыңызды ойланыңыздаршы! Осы сұрақтардан құтылайықшы! Әркімге өз басына сынақ беріледі, оны тырмалап қайта қайта еске түсірудің қажеті жоқ! Бәрі бір Алланың қолында🙏🏻
Дұрыс айтасыз
Менде сол балаң 3те алі сөйлемейма деп бесят уже😢
Өте дұрыс айтасыз келісемін
Қыздан кейін торсықтай ұл туу дегені басталады
Кашан туасын, неге балан журмейди, неге арык, неге сойлемейди дегеннен шаршаганмын менде
Дұрыс айтасыз..Адамның көңіліне қарап сөйлеу Имандылық белгісі
Ұл сұрағанға ұл қыз сұрағанға қыз берсін Алла тағала ❤Барша қыз ,әйел аналарымызды құшақтадым❤сіздер үшін дұғадамыз❤
спасибо за сериал 🥹 поплакала от души.
4 года 2 беременности неудачные, сейчас я в положении, дай Аллах чтобы в этот раз все было хорошо 🤲🏼🤲🏼🤲🏼❤️
Дай Аллах 🤲
Аман есен босанып. Балаңызды бауырыңа басыңыз.
Аман-эсен коз жарып алыныз ❤
Ин ша Аллах Аман есен босанып алыныз❤
Амин🤲🏻🤲🏻🤲🏻
Еркек болсамда, Аллаға шүкір 4 бала әкесі болсамда ауыр сериал екен.
Алла бәріне нәсіп етсін
😍😍😍
Әдемі рөліндегі актриса необычно сұлу, бір моментте күліп әрі мұңайып тұрғандай көрінеді... Әлде бұл жүктілікті ұзақ күту процесін өз басымнан өткізген соң ба , образ ерекше жақын болды
Келісемін,ерекше сұлу💫
Бізде тұрмыз құрғанымызға 5 жылдан асты бөпелі болмадық аллам перзент берсінші барлық аналар ана атансыншы
Менің енемде менің жолдасымды 7жыл дегенде босанған. Көтермеуіне себеп болған қатты суықтаған екен.
Сізге Алла қос ұл қос қыз берсін🤲
Бизде 4 жыл болды кутип журмиз кыйын бари айтады кашан деп
😢😢😢 барлыктарвнызга Кос костан ул берсин! ❤
Үмітіңізді үзбеңіз, мен де 5жыл күтіп 6шы жылы ұлды болдым, артынан қызды болдым. Алла тілеуіңізді қабыл етсін
😢😢😢кімге өсек, кімге жүректі езетін сұраққой бұл(((. 9 жылдан соң егіз қыз сүйдік, Аллаға шүкір. Сол 9 жылда алдымыздан талай есік ашылып, жабылған еді. Бірақ екі балапанның "мама, анашым" деп айтканын естігенде сол қиындықтың бәрін ұмытып кетеді екенсің...
Мы ждали ребеночка 6лет, а сейчас доче уже 2годика будет) но вот это давление общества со всех сторон - оно просто невыносимо🙄
Особенно окружающие нас женщины, никакой солидарности и тактичности🙌🏻 казалось бы, должно быть наоборот, только женщина может понять другую, но увы, в нашем обществе, все как раз таки наоборот. Все хотят тебе помочь, во благо итд, но блин, этим вы морально издеваетесь над человеком. Ведь если будет необходимо, совета попросят)
Искренне и от всего сердца, желаю каждой женщине испытать радость материнства🙏🏻 А если у Вас сейчас не получается, наслаждайтесь жизнью, расслабьтесь, ведь у Всевышнего свои планы, и они всегда лучше наших🫶🏻
100%👍
Как хорошо сказали согласно на💯
Барлық әйел заты ана болса екен Е Аллам менің әпкемеде сондай бақыт бере гөр 😢Әрқашан дұғамда
Әмин, әпкеңіз ИншаАлла ана бақытын сезінсін❤️🤲🏻
Ия🎉❤
Аллаһ әпкеңізге балалы болуды, Ана болуды нәсіп етсін! Аумин
Әумин❤
Аумин
Алла қаласа көтермеген келіншектер менің жолымды берсін. Мен сияқты Алла тағалам көп балалы ана атандырсын.
Аумин ИншаАллах айтқаныңыз келсін
Иа мен сияқты куміс алқа иегері болыңыздар , Алла қаласа
Аумин рахмет айтқаныңыз келсін ❤🥺🤲🏻
Аумин маган жугысты болсын
АУМИН 🤲🤲🤲
5 жылда іш киім, ойыншықтар, қырқынан шығарған заттар, тұсау кескендегі жіптер , үлкен әйелдердің бұтының арасынан өткізген, малдың ұлтабарында жегізген не істемеді, не бермеді, бәрінен әлі көтермедің бе деген сөздерден нерв шаршаған күндер бәрі өтті, Шүкір қазір 2 ұлым бар 😊🙏. Алла ойламаған жерден береді екен
Аминь алла тагалам насип етсін сол кунді
Алла көтере алмай жүргендерге қос қостан берсінші 🤲 12 жылдан бері армандап жүрміз, Мариям қоры арқылы тегін ЭКО жасатқам 16 аптада замерщий боп қалып өте қатты қиналғам, ешкім түсіне бегмейтін күйде болдым. Бұйырса қайта ЭКО ҒА дайындық үстіндеміз. Аңасаған сәбиге өте алмағандар Мариям қорына жазыңыздар, үміт береді. Алланың берері таусылмасын
Алла қос-қостан берсін. Жақын арада қуанышты хабармен отбасыңызды қуантуды жазсын.
Аристаниң шилдеси тускен шиғар биреулер 12кейин котерет
Мариям қоры қалай? Ол не?
@@user-uz5pm3ni9x инстаграмға терсеңіз шығады, папақшасында ссылкасы бар
"БАЛА СҮЙГІМ КЕЛЕДІ" дейді көп адам
(жаңғыртып және бір жариялап қояйын, Алла қолдап, керек адамына кез болар)
Біз "Дұға" оқи білеміз бе? Мен бұл қақында сөз қозғайын деп отырғаным жоқ. Оны түсіндіретін өз адамдары бар. Менің ортаңызға саларым, отбасы құрғандар кейде бір балаға зар болады, не кіндігінен ылғи қыз бала өрбіп, мұрагер болар ер бала күтеді, әлде керсінше, ұл балалары барда, қыз баланы аңсайды. Және мені замандастарымның өмір жайлы, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы қақындағы түсінігі қайран қалдырады. Олардың кейбірі үйленіп, ерлі-зайыпты атанса болды, бала өзінен-өзі пайда болады деп қарауы. Иә, Алла береді. Бірақ әлгі түсінік бойынша ер мен әйел баланы пласталиннен, не құйыршық құсатып қамырдан, әлде буратино сияқты ағаштан жонып алардай көрінеді. Ақиқатында адам баланы Алладан тілейді. Алла өзі біледі кім берерін, ұл ма, қыз ба. Дегенмен сол мейірім иесінің өзі үйреткен дұғасы бар, ол кілт. Алтын кілт. Қазір медицина ғылымында айтып жүр ғой, ер мен әйел қатынасына кесте жасап, хромосом есептеп дегендей, яғни бойға ұл, не қыз бітіруді реттеу жайын. Одан гөрі ұлық иеміздің өз сөзі әлдеқайда тиімті, әлдеқайда артық емес пе? Мысалға, мен өз басым "Әл-Ғимран" сүресінің 38-аятын: "Рабби һәб ли мин ләдункә зурриййәтән таййибатан иннәкә сәмиғу-д дұғаи" (О, Жаратқан Иеміз, маған жақсы ұрпақ сыйла, өйткені сен дұғаны естисің!" деген дұғаны оқып жүрдім, өмірге қызым келді. Шүкір ибалы, иманды болып өсіп келеді. Сосын "Сафат" сүресінің 100-аятын ауызға алдым: "Рабби һәб ли мина-с-салихина" (О, Жаратқан Ием! Салихалылардың ішінен маған ұл бер.) Осы кейінгі дұғаның шарапатымен Айбарыс, Елнамыс деген қос перзентім дүниеге келді. Кейін үй болған достарыма да осы дұғаларды бердім, олар да ұл-қызды болды. Әйелім жұмысында отырғанда. Құрбысы мұң шағыпты. Бізде екі қыз бар, үшіншіге ойланып жүрміз, қыз болса, оборт жасататын болармыз, күйеуім ұл керек деп отыр демейді ме, мұны естіген жолдасым дұғаны ауызға алыпты. Содан ол әйелдің күйеуі маған келіп жолықты. Есімі Руслан. Шетел компаниясында істейді екен. Бар шынын айтты. Ұл керек дейді. Мен бір тәуіп, әулие сықылдымын оның пікірінше. Сасып қалдым. Сосын айттым, дұғаны дәрет алып оқу керек, және ішімдіктен аулақ болғаның абзал деп. Ол сөз берем, айнытпай орындаймын деп "Сафат" сүресінің 100-аятын алып кеткен, тура 9 ай 10 күн өткенде шекесі торсықтай ұлды болды. Аллаға мадақ!!! Иә, дұғаны оқудың да шарты бар, таза жүру керексің. Кім болса да бір перзентке зар адамдарға "Әнбииә" (Пайғамбарлар) сүресінің 89-аяты көмек дер едім: "Рабби лә тәзәрни фардан уа әнтә хайру-л-уәрисинә" (О, Жаратқан Ием! Мені жалғыз қалдырма. Сен мирасқорлардың ең қайырымдысысың.") Аллаға қалай сенсең, оның дұғасына да солай сенген абзал. Мен бұларды бір білімім асып бара жатқан соң емес, әлдебір адамдарға жәрдемі тиеді ме, тұйықтан шығуға, қазақ санын сапалы көбейтуге бір шарапаты болады ма деп жазып отырмын. Көбіміз мешітке бармаймыз, имамадармен пікірлеспейміз, ал мұндай мәселе еш жерде діни тұрғыда тағы көтеріліп жатқан жоқтай, сол себеп осыны осы тұсқа жазып көрейін, керек еткен мұсылман бауырларым жазып алсын деп шештім. Бәрі де Жаратқанның қолында. Бұл аяттар Жасағанның құлдарына түсірген ұлы игілігі ғой. Тек біз оны пайдаланбаймыз, аса мән бермейміз. Әйтпесе, дұғамен тау қопаруға болады... Бәрі де Алла-Тағаланың пәрменінде, дәргейінде!
Мұнайдар Балмолда
Тұрмысқа шыққаныма 3 жылдай болды. Бәрінің де сұрақтары осы. Басында мән бермеуші едім, қазір көңілім түседі. Жолдастарымыздың келіншектері тойдан кейін сразу көтеріп туып жатыр, біреулері уже 2-ші баласына екіқабат н/е туып жатыр, сол кезде көңілім босап кетеді. С белой завистью дейді ғой, сондай менде. Сосын бір баласын туып, болды тумаймын дейтіндерді әзір түсінбеймін, сол кезде ойлайм ғой маған десе жылдап туа беретін едім Алла қаласа тек. Қатты күтудеміз 🤲🏻 барлық сәби сүйгісі келетін отбасыларға осы армандарыңызға жетулеріңізге тілектеспін 🤲🏻🤲🏻🤲🏻
Мен үйленген соң 3 айдан соң кешке қарай əйелімнің көңіл - күйі түсіп кететін. Мен əйелімді басында түсінбей неге ренжіп жүргенін білмейтінмін.Сөйтсем бала көтере алмаймынба деп уайымдайды екен. Кəзір Аллаға шүкір 4 баламыз бар. Алла бұйыртса сізде болады.Тек Алладан сұрап, сосын əрекет етіңіз.
Баласыз омирдин де рахатын корип улгериниз))) Али ак баламен ми ашитыникуниниз келер) журттын созине типти ман бермениз.
❤❤❤
Алла нәсіп етсін ұрпақ бұйырса сізге Алла береді тек қана Алладан сұраңыз🤲
Аллах буйыртса, али ак балалы боласыз. Мен 5 жылдан кейин егиз тауып, казир 4ши балага аягым ауыр. Жугысты болсын деген созге шаршагандардын бири менмин.
Өте керемет, мағынасы зор сериал. Бір жігітті танушы ем бірге футбол ойнап танысканбыз 10 жыл күтіп, жақында ғана балалы болды, каншама шыдамдылық танытып барлық қиыншылықтан бірге өткен жұпты көргенде қатты қуанады екенсің, сезім деген ерекше болды ол жігітте, барлық жұптарға балалы болу бұйырсын🤲
Девушка такая красивая, салам из Кыргызстана ❤
Бала кутип отырган отбасылар ушин бир дуа🤲🏽 озимиз де бираз куттик, казир бир улым бир кызым бар🙏🏽 жугысты болсын
Әйел адамға қашан туасың деген сөз өте мәдениетсіздікті білдіреді. Біз асыққанмен Алла тағала асықпайды. Әр баланың өз уақыты болады өмірге келетін. Кәзирге 1кызым бар 14ке толады. Одан кейін 3рет көтердим 2уі түсип калды 1уі шетинеп кетті. Бракта соны біле көре тұра қашан туасың деген сурақтар болады😮 Шаруасы қанша елдің димла😢 бесит МӘДЕНИЕТСІЗДЕР
Керемет туынды👏
Қашан киеуге шығасың? деген сұраққа осындай туынды шықса, шіркін
Киеуге шығу балалы бола алмау сияқты мәселе емес.Күйеуге өзін сүйетін жан кезіктірсен шығасын,ал балалы болу өзін қалаған уақытта бола салмайды 😢
@@shugyla_ansat Екеуін салыстыруға келмейді. Бірақ екеуіде өзекті мәселе. Өз жаныңа жақын адамды қалаған уақытта кездестіре алмайсың
@@shugyla_ansat Екеуін салыстыруға келмейді. Бірақ қазіргі уақытта екеуіде өзекті мәселе. Өзін сүйетін жанды қалаған уақытта кездестіре алмайсың!
Өз басымнан өткен, көріп бір күліп, бір жыладым. Жұғысты болсын деген сөзден шаршаған мен едім😢 Аллаға шүкір ол күндер артта қалды. Жиналған іш киімдер менде де тұр әлі😊
Менде Алланың қалауымен 5-жылдансоң былтыр ұлды болдым. Аллаға сансыз шүкір❤
"туа бересин екен" дегенди ести берем, тусанда жакпайсын кейбир адамдарга .
Маған да солай дейді
Өлә😢
Солғой сол
Мен 6 жылдан кейн балалы болдым, коп кыйыншылыктан оттик, казир Аллага шукир 🤲
Айтарым оздеринизди киналап, иштей жей бермениздер оздеринизди айелдер кауымы!❤️
2 ұлым бар шүкір. Олардың өзін Алладан күніге дұға тілеп сұрап алғанбыз🥹 Папамыз күніге кешке мешітке барып дұға тілейтін🤍Сонда да қазір қатты ақылды адамдар ҚАШАН ҚЫЗ ТУАСЫҢ деп айтқанда жаныма қатты тиеді😢 Маған әзірге денсаулығыма байланысты болмайды😢 соны біліп тұрып осындай сұрақ қояды. Біреудің өмірі бәріне қызық бәрі ақылды😔
1 күнде 1 миллион просмотр қылып тастайық қыздар💥
Неге қыздар. Ұлдар ше???
@@user-hl8lf7tr5e көбінесе әйелдер қарайтын шығар деп ойлағам😊
Ондай жоқ
Ондай болмайды полюбому
Окок
2 жыл күткен мен үшін жүрекке жетіп, сол кундерге, түндерге оралғызды. Қаншама түн жылаумен өткен, сол кезде осы қазіргі күнім тек арман мен қиял ғана еді. Қазір шүкір 2жасар ұлым бар, 2 жетіден соң екіншімді босанамын😍😍
Қазіргі проблема неге балаң сөйлемейді?! Бұл сынақтан да өтеміз👏🏻
Балаңызды баласы көп үйге жйі апарыңыз, не көп сөйлесе беріңіз.Кəзіргі балалар телефонмен отырып тілдері кеш шығып жатыр.МЕн балаларым туа салысымен сөйлесем түсінбесе де, балаларымның тілі ерте шықты
Бақытгүл әдемі қыз екен, тіптен Әдемі есім өзіне жарасып тұр
Бастан өткен жайыт. Менде де осылай болған, көтердіңба деп сұрайтын. Аллаға шұкір 6жылдан кейін сұп-сұлу қызым бар🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻. Сәбилі болу бақыты барлық ата-анаға бұйырсын🤲🏻🤲🏻🤲🏻
"БАЛА СҮЙГІМ КЕЛЕДІ" дейді көп адам
(жаңғыртып және бір жариялап қояйын, Алла қолдап, керек адамына кез болар)
Біз "Дұға" оқи білеміз бе? Мен бұл қақында сөз қозғайын деп отырғаным жоқ. Оны түсіндіретін өз адамдары бар. Менің ортаңызға саларым, отбасы құрғандар кейде бір балаға зар болады, не кіндігінен ылғи қыз бала өрбіп, мұрагер болар ер бала күтеді, әлде керсінше, ұл балалары барда, қыз баланы аңсайды. Және мені замандастарымның өмір жайлы, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы қақындағы түсінігі қайран қалдырады. Олардың кейбірі үйленіп, ерлі-зайыпты атанса болды, бала өзінен-өзі пайда болады деп қарауы. Иә, Алла береді. Бірақ әлгі түсінік бойынша ер мен әйел баланы пласталиннен, не құйыршық құсатып қамырдан, әлде буратино сияқты ағаштан жонып алардай көрінеді. Ақиқатында адам баланы Алладан тілейді. Алла өзі біледі кім берерін, ұл ма, қыз ба. Дегенмен сол мейірім иесінің өзі үйреткен дұғасы бар, ол кілт. Алтын кілт. Қазір медицина ғылымында айтып жүр ғой, ер мен әйел қатынасына кесте жасап, хромосом есептеп дегендей, яғни бойға ұл, не қыз бітіруді реттеу жайын. Одан гөрі ұлық иеміздің өз сөзі әлдеқайда тиімті, әлдеқайда артық емес пе? Мысалға, мен өз басым "Әл-Ғимран" сүресінің 38-аятын: "Рабби һәб ли мин ләдункә зурриййәтән таййибатан иннәкә сәмиғу-д дұғаи" (О, Жаратқан Иеміз, маған жақсы ұрпақ сыйла, өйткені сен дұғаны естисің!" деген дұғаны оқып жүрдім, өмірге қызым келді. Шүкір ибалы, иманды болып өсіп келеді. Сосын "Сафат" сүресінің 100-аятын ауызға алдым: "Рабби һәб ли мина-с-салихина" (О, Жаратқан Ием! Салихалылардың ішінен маған ұл бер.) Осы кейінгі дұғаның шарапатымен Айбарыс, Елнамыс деген қос перзентім дүниеге келді. Кейін үй болған достарыма да осы дұғаларды бердім, олар да ұл-қызды болды. Әйелім жұмысында отырғанда. Құрбысы мұң шағыпты. Бізде екі қыз бар, үшіншіге ойланып жүрміз, қыз болса, оборт жасататын болармыз, күйеуім ұл керек деп отыр демейді ме, мұны естіген жолдасым дұғаны ауызға алыпты. Содан ол әйелдің күйеуі маған келіп жолықты. Есімі Руслан. Шетел компаниясында істейді екен. Бар шынын айтты. Ұл керек дейді. Мен бір тәуіп, әулие сықылдымын оның пікірінше. Сасып қалдым. Сосын айттым, дұғаны дәрет алып оқу керек, және ішімдіктен аулақ болғаның абзал деп. Ол сөз берем, айнытпай орындаймын деп "Сафат" сүресінің 100-аятын алып кеткен, тура 9 ай 10 күн өткенде шекесі торсықтай ұлды болды. Аллаға мадақ!!! Иә, дұғаны оқудың да шарты бар, таза жүру керексің. Кім болса да бір перзентке зар адамдарға "Әнбииә" (Пайғамбарлар) сүресінің 89-аяты көмек дер едім: "Рабби лә тәзәрни фардан уа әнтә хайру-л-уәрисинә" (О, Жаратқан Ием! Мені жалғыз қалдырма. Сен мирасқорлардың ең қайырымдысысың.") Аллаға қалай сенсең, оның дұғасына да солай сенген абзал. Мен бұларды бір білімім асып бара жатқан соң емес, әлдебір адамдарға жәрдемі тиеді ме, тұйықтан шығуға, қазақ санын сапалы көбейтуге бір шарапаты болады ма деп жазып отырмын. Көбіміз мешітке бармаймыз, имамадармен пікірлеспейміз, ал мұндай мәселе еш жерде діни тұрғыда тағы көтеріліп жатқан жоқтай, сол себеп осыны осы тұсқа жазып көрейін, керек еткен мұсылман бауырларым жазып алсын деп шештім. Бәрі де Жаратқанның қолында. Бұл аяттар Жасағанның құлдарына түсірген ұлы игілігі ғой. Тек біз оны пайдаланбаймыз, аса мән бермейміз. Әйтпесе, дұғамен тау қопаруға болады... Бәрі де Алла-Тағаланың пәрменінде, дәргейінде!
Мұнайдар Балмолда
Аумин айтқаныңыз келсін апше Аллаға сіз көрсетті ие деп коямын оқып отсаныз Алла разы болсын сізге
Әйелдің рөлінде ойнаган актриса мыкты актриса,керемет👍🏻
Ойбай, барлығы әйелғой!
@@user-zx2pu6ui6o😂😂😂
Иа басты рөлдегі келіншек Әдемі боп ойнаған кушты,мықты актриса❤🎉
Перзент күтіп журген барша аналар балалы болса екен Аллаһым сабыр мен төзім керек бұйырса шаңырақтарыңызда іңгәлаған сәбидің даусы тезірек естілсін Аминь өзім 1 жыл 2 ай дегенде көтергем сол ушн бул жағдай оңай емес😊
Аумин
Әумин 🤲
Қашан туасын деген реально самый идиотский сұрақ деп оилаим ол Алланың қолында
Баласыз ақ адамдар бақытты өмір сүріп жүр
Молодцы братья и сестры казахи🤝
Бала ансап журген аналарга ауыр кино болды ау 😢 Барлык айел ана болып саби суюди насип етсин Алла ❤
АЛЛАДАН СУРАЙ БЕРИНИЗДЕР СЕНИП.МЕНИН БИР ДОСЫМНЫН АЙЕЛИ 11ЖЫЛДАН СОН УШЕМ БЕРДИ 2 УЛ 1КЫЗ.МЕНИН ДОСЫМ АЙЕЛИН КОЛДАП КОРГАП .БАСКА АЙЕЛ АЛ ДЕПТЕ АЙТКАН ЕКЕН.БИРАК ОЛАР БИРГЕ ЕШКИМДИ ТЫНДАМАЙ БАКЫТТЫ ОМИР СУРДИ.БАРЛЫК БОБЕК СУРАЙТЫН ЖАНДАРГА НАСИП ЕТСИН🤲
Өте керемет туынды!!! Әсерлі күшті киноо🥹🥰 сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес простоо буйырса 24сағатта 2-3милион болатындайй бар ендыы🎉
Ермек пен Баконай өте жақсы ойнайды, бір біріне үйлесіп жарасып тұр.сериал жақсы екен
Шынайы өмірде жұппа?
@@nargiznabieva4141 ия
@@nargiznabieva4141 жоқ сияқты
Красивая пара!!! Глобальная тема затронута нашего менталитета дабы успокоит всех и вся!!!👍👍👍
Бізгеде сәби сүю бақытын сынақ арқылы сезіндік. Дәрігерлер бедеулік деген диагноз қойды. Жолдасым екеуміз көне алмай жүрдік. Бірақ Алланың құдіреті шексіз аяғым ауыр екенің ұзақ күтпей білдік. Бәрі Алланың қалауында
Мен 2008 ж тұрмысқа шықтым.Алғашында 1-2 жыл күйеуім тарапымнан сосын ата-ене,қайыңәпке,қайыңсіңілі және тума-таныстардан кетті небір әңгіме,небір көңілге тиерлік сөздер,әлі күнге дейін бастан кешіріп келем.Алғашқы 2-3 жыл ішінде гинеколог,емшілерге бардым.Барлығының айтары,сенде бәрі дұрыс.Сомен бір емші күйеуіңді шақыр дегенде бармады,кейіңірек тағы бір емші де шақырып алдап кіргіздік.Сомен әйтеуір 2011 ж қатты ұрысып үйіме кетіп қалдым.Ол сол кезде врачка қаралып, ұрығының %-н төмендігін және кешенді емге көшкенің айтып артымнан кеп қайта қосылдық.Сомен басында болған аз ғана 13% ұрығын (оның ішінде соқыры бар) көбейтеміздеп небір ем жасап, көрдік.Түйетауық пен бөдене жұмыртқасы,маралдың қаны,араның ұясындағы бал кете береді.Сомен ақыры не керек ұрық тіптен жоқ болып кетті.Алматыдағы ИРМ-ге барып 2 жыл емделіп,күйеуіме микротеза атты ота жасатты.Яғни жұмыртқаны кесіп ұрық алады.Ол да сәтсіз шықты.Сомен өмір зырғып өтуде.....Әрине көңілге тиеді барлығы,әсіресе жақынсымақтардың ауыр сөздері.Жазықсыз бедеу деген сөз есту ең жаманы екен.Ешкім басына түспей білмейді.
Куйеуинизден минус екенин билгенде туыскандары калай уялмады екен Алла саби берем десе процент карамай береди 🥹🤲🏻
Луше ажырасып кетіңіз ондай қайын жұрт керек емес
Біреудің отбасына жекелеріне кіруге болмайды соны анық түсірген!Бәріңізде бала бақытын сыйласын алла тағалам
Перзент сурап жургендерге Алла кос костан татти балапандар насип етсин! Биз де 7 жыл дегенде кызды болдык, артынша улды болдык. Аллага шукир!
Аумин
Әрбір нәзік жандыларға ана болу бақытын тілеймін🙏 Өте керемет сериал👍🏻
Керемет сериал айта алмай жур едім осы статуска салмасам
Алла барлық бала тілеген отбасыға сәби үнін есту нәсіп етсін!🤲🏻
Аумин 🤲🙏
3 жыл ешкім қоймапты ондай сұрақ күйеуім ата енем артық сөз айттырмады ешкімге но қайдан білсін 2 рет түсіп қалғанын Ораза ұстап жүріп көтергенімді білдім қуануға қорықтық 😢 шүкір қазір 4аймыз Аллаға шүкір ❤❤❤😊
Кәсби әрі мәнді сериал екен👍🏻 осы неге телеарналарға сатпайсыздар.
Отандық телеарналарда көрсетіп жұрген сериалдардан 100000 есе артық!
Какая красивая девушка в главной роли 😍😍 так и сияет Нуром
Осындай мән мағынасы бар сериалдар көбейе берсін чем комедия
❤
Осындай мағынада керек бірақ комедия бәрібір №1 Қазақстан да
Күліп те алдым, жылап та алдым! Керемет түсірілген👏🏻👏🏻👏🏻 жалғасын күтеміз😍😍😍😍😍
Соңында басты рөлдегі жігіт жын ұрып кетпесе болды. Кім жаман келін жаман деп)
😂😂😂
😂😂😂
😂😂
Керемет🎉 күшті сериал! Осындай әлеуметтік проблемалар бар тақырыпты алып түсіргендеріңізге көп рахмет! Әйтпесе комедия, той, құдалық деген сценарийлар жалықтырып жіберді!
Менде де осы жылы 4 жыл бірақ қазір қасымда 20 күндік тәтті қызым бар шүкір 3 жыл өмір почти осылай болды қашан деген әңгіме туыстар жақтан болмады бірақ жаңағыдай ырым тиым жұғысты болсын деп берген кезде жүрек ауырып кететін жаныңа батып солай жинап қойғанмын 1 пакет болып тұр менде де тілекші болып тұрған шығар деп қоямын , барша бала сұраған әйелдің етегін бос қайтармаса екен Алла
Осы актриса красивая мне очень нравится ❤❤
Бәрі өз ретімен, өз уақытында болады екен. Асығып, шыр-пыр болғаннан пайда жоқ. Одпн да Алладан сұрап, дұға жасап, Алланың беретіні көп болсын. Өзім де 9 жыл күттім. Аллаға шүкір қызым мен ұлым бар. Әр қыз ана болсын!
Жеке шекараны бұзады нервың шығады осындай сөздер.Біреудің өміріне арадасып қайтеді.Қашан байға тиесің? деп нервке тиетін маған
Кашан туасын 😢 осы сериал корып озымнын омырымды коргендей болдым 😢😢 тоже 4 жыл болды бызге
Уайымдамаңыз мен жеті жыл куткем, жеңгем 11жыл куткен...... казір барлығы жақсы балам 2ге келеді жақында
Кашан туасын? Деп айтпасын алы туа алмай журген айелдерде бар! 😢 Трейлеры кушты болыпты енды 2серияны кутемыз 1-2 лям га жетыныздер ❤❤❤ 🎉
Бізде 11 жыл. Әлі бала жоқ. Осы жағдайлар басымыздан өтіп жатыр. Күйеуім қыз қалайды.😢😢😢Прям жылағым келді.😢😢😢
Бәрі болады. Экоға барыңыз уақыт жоғалтпай. Эконың да көмегі болмай қалатын да жағдайлар болады екен. Мен уақыт ұттырып алдым. Амг түсіп кетті
Бізге 12 жыл болды, Мариям қорына жазып көріңіз, мен сол қор арқылы көтердім, бірақ 15 аптасында замерщий боп қалды 😢енді қайта жасайды, тегін
@@banditka_makos ондай қорды білмейді екенмін. Сәтті болсын.Тек басынан өтіп жатқандар түсінеді ғой өзі
Бізге 14 жыл. Неше сәтсіз эко. Қиналып кетесің. Бірақ,үміт үзілмейді шіркін
@banditka_makos ол қалай?
Шүкір Аллаға 4 балам бар.Бопеси жоктарга буйырсыншы...🎉
Қашан туасың деген сөзді естіп естіп, туып алдық😂
😂
Біргеміз 🎉😂
9 лет вместе с мужем ❤
9 лет в ожидании чуда 🙌😞
Дай Бог хороших новостей,главное не сдавайтесь.
Не опускайте руки. Все будет Иншаллах🎉
Нам 14 лет😢 не сдаемся. Верим что получится
Болады, Алладан үміт үзбеңіз🤲🏻
Аллаһ, сізге ана болу бақытын нәсіп етсін.
Менде 13 жыл бойы күтіп, медицинада емделіп нәтиже болмаған соң, комплексно психологиялық терапияда жанымды емдеп, дұға тілеп ұлды болдым, шүкір. Қалай дипломды психолог болғанымды байқамай қалдым. Қазір бала көтере алмай жүрген әйелдермен жұмыс жасаймын.
@assem_utemissova инстаграмм парақшам,жүктілікке байланысты пайдалы ақпараттар бар.
Біздің қоғамда ҚАШАН сөзі алынып тасталады екен..Ниетіміз түзу деп асықтырып,соңы ұзақ күрес күйзеліске ұласып өмірді жоғалтып аламыз.Өте керемет туынды жылап күліп алдық👏
Мына мирасты дәстүрден кейін мынандай ролде көру біртүрлі
Соғо 😂
Керемет туынды👍🏻Кино болса да жүрекке батады екен🫀Аллам әр отбасына бала нәсіп етсін🤲🏻🤲🏻🤲🏻
Осындай жағдайда әйел адамға өте қиын болады екен.Или мен қатты депрессияға түсембе білмеймін даже.Бірақ АЛЛДАН ЕШҚАШАН ҮМІТ ҮЗБЕЙМІН. Менде 6жыл болды бөпелі бола алмай жүрміз. АЛЛА қаласа барша бөпелі бола алмай журген кыз келіншектер бөпелеріңіз көп болсын ИНШАЛЛАХ 🙏. Барлығын АЛЛАҒА ТАПСЫРЫП ДҰҒАДА БОЛАЙЫҚ🙏👍.
Аллаһ, сізге ана болу бақытын нәсіп етсін.
Менде 13 жыл бойы күтіп, медицинада емделіп нәтиже болмаған соң, комплексно психологиялық терапияда жанымды емдеп, дұға тілеп ұлды болдым, шүкір. Қалай дипломды психолог болғанымды байқамай қалдым. Қазір бала көтере алмай жүрген әйелдермен жұмыс жасаймын.
@assem_utemissova инстаграмм парақшам,жүктілікке байланысты пайдалы ақпараттар бар.
Бұйырса сүйінші сұрап бөпелі боласыз❤
Әумин айтқаныңыз келсін 🙏🤲
Әмин Алла сізге қос қостан нәсіп етсің🤲
@@indiraendibai4479 әумин айтқаныңыз келсін рахмет 🙏👍
Біреудің жалғыз ұлы болса,ол әрине ұрпақты болу керек,алла береді деп аллаға итеріп,алланың мойеына іліп қойғанша өздері көп нәрсемен шұғылдану керек спорт,упр,хиджама,сүлік,
5,5 жыл күткенбіз береді. Осылаи сұрақ қойғандарға жауап ретінде кашан саған ми кіреді деп сұраңдар
Мен 2 жыл болды котере алмай жургениме, всегда больно ждать надеяться не могу передать всю боль морально
Сұрақ қойғыштарға жауап ретінде күшті шығарыпты
Айнур ханым, кушти сериал екен!))) Кунде коретин боламыз, сизден мыкты сериалдар кутемиз, вы лучшая!Жаным курбымда 5 жыл кутуде.Алла каласа болады❤Ешкашан бул темада сойлеспеппип😢😮
Ия кашан туасын, биреудин трусин ки, бесиктеги, тусау кесердеги жугысты болсын деген создер асиресе аиел адамдар вроде жаксы аитып жаткан сиякты бирак жанга катты батады издеваться еткендей Аллага шукир егиздерим бар балаларым аман болсын Алланын берери таусылмасын
Алла барша жұбайларға сәбилі болуды нәсіп етсін! Әмин! Әмин! Әмин!
вааау😍😍😍кушти сериалл, тез дамуына тылектеспыз ❤🎉
Көп адам бала таба алмай қиналып жүр, ал менің енем мен күйеуім неге көтересің қазір, тума деп айттым деп, баламды туылмаған, катты мені ренжітті, қазір есіме түскен сайын жылағым келеді. Қызымнын амандығын тілеп.
Бала сүйе алмай жүрген жандарға егіздерден бұйырсын. Әмин🤲. Жүрегім ауырып кетті.
Топ дами берыныздер тек алга канша куттым осы киноны!!!!
Бақытгуль Серікбаевна теперь моя любимая актриса.
🥹🥹🥹🫶🏻
Желаю всем семейного счастья! Наверное, мне этого не понять, когда ты рожаешь двоих прекрасных мальчиков, а их отец не проявляет никаких эмоции, не помогает, не поддерживает.Как я могла, выбрать такого отца своим детям.😢
Аумин🫂
Кашан тусын деп сурай беретин алланын калауымен еки ул босандым казымды ойда жокта котерип койдым аралары еки жылдан боп кетти журттар сенне тагы еки кабатсынба дегенде жыным устайтын адамнын сурагы битпейди екенгой ❤ ар Бир айел сабили болсын ананы баламен сынамасын балалар бакытты болсын ❤
КАЗАКСТАНДА осындай сериялар бола берсын🙏
Керемет сериал 😍😍😍
Барлық Әйел бақытты болуға лайықты, көңілге қарап сөйлеуді үйренейікші
❤❤❤
Басмнан отип еди тап осы жагдай. Эти дни басталганда кунде танертен жылайтынмын. Биреудин кишкентай балдарын коргенде даже жыным устайтын дурыс емес екенин билип турсамда. Казир кудайга шукир 3 балапаным бар🙏🏻🙏🏻🙏🏻🙏🏻🙏🏻
Қашан туасың деп олай айтпау керек Адам денсаулығына құртады 😢басқа аты қоюға болмай ма?
от дизайна серий, что сделали похожим на календарь Мес.цикла посмеялись 🤣🫶🏻
Қашан туасың?
Қазір туам - дейма😂
10жылдан бері осы сөзді естіп келем…мына сериал 👍
🫂🫂🫂
Менің де есімім Әдемі. Және 4 жыл көтере алмағам😂😂😂
өте қызық екен маған өте қатты ұнады „Қашан туасың?“ сериялы
Бастан өткен жайт 5 жыл куттік бізде Аллаға шукір қызымыз бар так что уміт узілмесін Алла тағала өз уақытты мен береді перзент кутіп журген барлық жұп қа әке-ана атануын тілеймін 🤲🏻 көңіл куйді тусірмейміз бөпелі болған соң куліп еске аласыздар әлі всем удаче
Алла әр әйелге ана атану бақытын нәсіп етсін әмин!
Біз болсақ бірінен кейін бірін көтеріп қоймасақ екен деп уайымдаймыз, каждый задержкага күтіп ашуланып. Тумасаң бәле, бірінен соң бірін туа берсең де бәле денсаулық та балаларға внимание ресурсың да жетпейді. Не деген ирония бұл иә?
Ұл десек ұл қыз десек қыз берген Раббыма шүкір сансыз. Шынында жұғысты болсын дегеннен шаршаған келіншектерге расында жұғысты болсыншы әмин 🤲
Аумин
Как актеры превосходно играют ❤
2ші бөлім күтетіндер лайк басып кетші 💖💖
Жақсы кино.Менің де өткен өмірімді есіме түсірді.5-жыл қаралмаған жерім жоқ, құдайдың көзі түзу болсын,3- балалы болдым.Қазір үшеуі ді өз жанұялары бар.Енді солардың тілеуін тілеп отырмыз.
Соонун сериал экен❤ эн жаман нерсе ушу баары андый беришет ,качан -качан, деп. Анан 3-4 торосон айтышат ,кечке эле торой бересин ,деп. Менде азыр ушундай болуп атат .
Скороя помощь тагы Кыз гои прикольный
Часто бывает что те люди которые так ждут малыша, не получается правда жизни
Алла береді. Тек сабырмен күтіп Алладан сұрау керек 😊