"ШАПАҒАТ ӘКЕЛЕР" МЕКТЕБІ ЖҰМЫСЫ

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 5 ноя 2024
  • "ШАПАҒАТ ӘКЕЛЕР" МЕКТЕБІ ЖҰМЫСЫ
    2024 жылдың 12 қаңтар күні
    "Бегім ана" бөбекжай -бақшасында "Шапағат әкелер" мектебінің жоспарына сәйкес "Әкем асқар тауым" тақырыбында әкелер сайысы өткізілді.
    Сайыстың мақсаты: Әкелер мен балалар арасында жағымды жағдай орнатып, бір-біріне деген сүйіспеншілік пен тығыз қарым-қатынас қалыптастыру. Балалардың бойына жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды сіңіру.
    Сайысқа "Бәйтерек" мектепалды тобының әкелері қатысып, 6 кезең бойынша бақ сынады.
    💫Таныстыру
    💫«Бәйге»ойыны
    💫Ситуациялық көрініс.
    💫 «Бала үні»ойыны
    💫 «Күш атасын танымас» ұлттық ойындар сайысы
    💫«Менің баламның болашағы» (сурет салу)
    Әр кезеңде әкелер өздерінің мықтылығын, білімділігін, шығармашылығын көрсетіп, балаларға үлгі бола білді. Сайыс арқылы отбасы мен балабақша ынтамақтастығы арта түсті.

Комментарии •