Ихъя улюмиддин. 43. Дүниеқорлық - Ерсін Әміре Абу Юсуф
HTML-код
- Опубликовано: 5 дек 2024
- Аталған дәрістер 21-ші сабақтан басталады және өткен тақырыптардың аудио жазбалары реттік саны бойынша алдыңғы тақырыптарға қосылып отырады.
Ұстаз - Ерсін Әміре Абу Юсуф.
Ұстаз Ерсін Әміре Әбу Юсуф Ливандағы Ислам университетінің шариғат факультетінің түлегі. Жоғары білімінен өзге Ерсін Әміре Қасиетті Құранды жатқа білетін хафиз, сондай- ақ Құран оқудың он түрлі қырағатының бес түрін: шейх Асим, Әбу Амр әл- Басри, Халафул Әшир, Әбу Жағфар әл- Мәдәни және Яқұб қырағаттарын жетік меңгерген.
Сонымен қатар, белгілі мухаддис Абдул- Фаттах Әбу Ғудданың шәкірті шейх Мәжид Дәруиштен хадис ілімі бойынша ижәзәсі бар. Бүгінгі заманның үлкен ғалымы Уахба әз-Зухайлидің шәкірті болып табылатын Ислам экономикасы ілімдерінің докторы Алауддин Заттаридің шәкірті. Хадис ілімі саласында Ерсін ұстаз шариғат ілімдерінің докторы Әли Букоъидан дәріс алған. Өз кезегінде Әли Букоъи белгілі мухаддис Нуриддин Итрдің шәкірті. Сондай- ақ ұстаз Ерсін Әміре көптеген атақты әрі құрметті ғалымдардан ілім алған.
Алла разы болсын саган Ерсiн Брат, Биссмилях машааллах
Ма шаа Аллаһ
Аллаһу əкбəр Аллаһ қияметте осы іліміңізді риясыз болуын нəсіп етсін сізге Ерсін ұстаз амин
☑
Дүниеқорлықты қайдам, елдер екі қолға бір жұмыс таппай, пәтерақыларын төлей алмай, қайыр тілеп кетті ғой халық! Мынадай ашқұрсақ адамдарға бұл уағыз өте қоймас-ау?! Жоғарыдағыларға барып айтылмаса.