КҮЙЕУ қоржын, ҚҰДА қоржын. «Қоржын сөгу», «Қоржын апару» салты
HTML-код
- Опубликовано: 2 окт 2024
- Қоржын - түрлі қуанышқа байланысты қос қалтасы сыйға толтырылып апарылатын бұйым түрі. Бесік тойдан басталып үйлену тойына дейін апарылатын қоржынның бүгінде сан алуан түрі бар: күйеу қоржын, құда қоржын, қыз қоржын, бесік қоржын, т.б.
Қыздың ата-анасына, яғни құдаларға әкелінетін қоржын түрі бірнешеу. Солардың бірі - құда қоржын мен күйеу қоржын. Екі қоржын да арнайы кәдесыймен толтырылып, қыздың отбасына апарылады. Басты айырмашылықтың бірі күйеу қоржын қыздың үйінде қалады. Ал құдалар әкелген қоржынның іші кәдесыйға толтырылып кері қайтарылады.
Қоржынның екі қалтасы бір-бірнен ажырамай, бірге тігіледі. Бұл құдандалас болған екі әулеттің достығын, ажырамас беріктігін білдіреді. Сондай-ақ шаңырақ көтерген екі жастың жұбы жазылмасын деген мағына береді.
Қазақта қоржынға қатысты «Қоржын апару», «Қоржын сөгу» секілді салт түрлері бар. Бұл сәтті қыз-келіншектердің асыға күтеді, солай ма қыздар? Себебі қоржын сөгі - той-томалақтың ең қызықты сәттерінің бірі.
#БахаргүлТөлеген #Қоржын #СалтДәстүр #Қоржынсөгу
Керемет түсіндірдіңіз рақмет
АРмысыздар Қазақтар!
Біз Қазақтың салт дәстүрін көп насихаттау керек
Осы оютардын шыгармайтыны жок екен
Газ, бензин таусылып қалса , қайтадан түйемен ,жылы мініп жүру заман келуі де мүмкін ғой.
Келеді. Жақын.
😂😂😂
Сіздікі адеміемес
Қоржынға еттің қандай мүшелері салынады
Жамбас
Екі қабырға
Белдеме
Алла қаласа ертең қоржын апарайын деп жатырмын.
Қоржынға ет салынады ма?
@@kitchenfighter6462 ия салынады.
Көп рахмет, айналайын. Қай өңірденсің.
Тамаша
Рахмет
Керемет