Камала Харрис Дональд Трампты жеңе ала ма?

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 17 окт 2024
  • АҚШ саяси тарихында бұрын-соңды болмаған оқиғалардың куәгері болып отырмыз. Өткен демалыста ел президенті Джо Байден президенттік бәсекеге түспейтінін мәлімдеді. Тарихта алғаш рет праймеризде жеңіске жеткен кандидат өз еркімен жарыстан бас тартты. Джо Байден Америка халқына үндеуінде демократияны құтқару үшін жеке амбицияларды ысырып қойып, жаңа толқынға, яғни жастарға жол беру керек деп мәлімдеді. Байден АҚШ вице-президенті Камала Харриске қолдау білдірді.
    Ендігі кандидат сол болатын секілді. Камала Харрис президент сайлауына түсетінін мәлімдеп те үлгерді. Бірақ алдымен партия съезінде оны кандидат ретінде ресми бекітуі керек. Съезд 19 тамызда өтеді. Съезден 5 қарашадағы сайлауға дейін екі жарым ай ғана қалады. Осындай қысқа мерзімде сайлауалды науқанын өткізіп, өзінің бағдарламасын таныстырып үлгеруі қажет. Трамп пен Харрис арасындағы алғашқы пікірталас 10 қыркүйекте өтеді деген хабар тарады. Бір қызығы, бұған дейін Трамптың негізгі саяси риторикасы «Байден - президенттікке түсуге тым қарт, 4 жыл ел басқаруға оның күш-қуаты жетпейді» деген сыңайда болған. Енді бұл сөздер Трамптың өзіне қарсы қолданылуы мүмкін. Өйткені 78-ге келген Трамп Америка тарихындағы президенттікке кандидат ретінде тіркелген ең кәрі адам ретінде еніп отыр. Камала Харрис одан 18 жасқа кіші. Ол президенттік науқанға бір күнде 81 млн доллардан астам қаражат жинады. Бұл Америка тарихындағы бір тәулікте жиналған рекордтық сома. Оның 60 пайызы саяси науқанға алғаш рет жарна аударып отырған жаңа адамдардан түскен.
    Теледебаттағы Байденнің сәтсіздігі мен Трампқа жасалған қастандықтан кейін сайлауда айқын фаворит көріне бастағандай еді. Енді жағдай өзгеруі мүмкін. Бір жағынан Камала Харристі қалың бұқара көп танымайды. Екінші жағынан, онда Трамптыкіндей антирейтингі де жоқ. Трамптың Ақ үйге оралуына қарсы топ Харристің төңірегінде жұмыла алса, оның президент болып сайлануына ықпал етуі әбден ықтимал.
    Telegram Qaz - t.me/QazAqparat_kz
    Telegram Rus - t.me/kazinform_news
    Instagram - / @kazinform_kz
    Instagram - / @kazinform
    Facebook - / @Kazinform
    Facebook - / @Казинформ
    Jibek Joly online: jjtv.kz/kk/live
    Cайт - kaz.inform.kz/
    #kazinform #қазақпарат #Жаңалықтар

Комментарии • 7

  • @Han.covenant
    @Han.covenant 2 месяца назад +3

    Kamala Harris 👍

  • @ArmanAimaganbetov
    @ArmanAimaganbetov 2 месяца назад +3

    Камала болса екен президент.бибітшілік орнатады.

  • @Мира-ф2с
    @Мира-ф2с 2 месяца назад

    Ер адам болганы жаксырак кой негизи

  • @Талгат-э8ц
    @Талгат-э8ц 2 месяца назад

    Ешқандай теке тірес болмайдыЕкеуінің арасында үлкен алшақтық бар