Қонақтың неше түрі бар???

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 19 окт 2023
  • ҰЛТТЫҚ ПАРАҚШАНЫ қолдап, жазылып қойыңыз✊
    Қонақтың қанша түрі бар?
    Сырым батыр үйіне қонып отырған қадірменді қонағы Төленді биден:
    - Биеке, қазақтың қонағы неше түрлі болады?, - деп сұрапты.- Қазақтың қонағы төрт түрлі болады:
    біріншісі - арнайы қонақ,
    екіншісі - құдайы қонақ,
    үшіншісі - қыдырма қонақ,
    төртіншісі - қылқыма қонақ.
    - Ал оны қалай айырамыз?, - дегенде:
    -
    Арнайы қонағымыз, алыстан арнайы келген жақын туыс, нағашы, жиен, құда, күйеу, қайын сияқты жекжатың немесе сүйікті достарың, жақсы жолдас-жораң.Міне, бұл - нағыз сыйлы қонағың.
    Құдайы қонағымыз, өзің танымайтын, білмейтін шалғай елден, алыс жерден жолаушылап жүріп, ат басын тірей қалған тосын да бөгде қонақ.Міне, бұл - нағыз сауап қонағың.
    Қыдырма қонағымыз, ерігіп те желігіп үйден-үйді, ауылдан-ауылды кезіп, сөз аңдып, өсек теріп, қымыз ішіп, ет жеп жүрген сандалма қонақ.Міне, бұл - нағыз далбаса қонағың.
    Қылқыма қонағыңыз, үй арасындағы, ауыл ішіндегі түтіні түзу шыққан үйді торып, өзінің құлқыны үшін аузына тигенін қылқытып жіберіп, басы ауған жаққа тарта беретін көлденең қонақ.Міне, бұл - нағыз сұғанақ қонағың, - депті, көпті көрген көне би Төленді қарт.
  • ВидеоклипыВидеоклипы

Комментарии •