Жанын жаралағым келмеді. Нью-Йорк 7-бөлім | Шетелдегі қазақ балалары

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 27 сен 2024
  • Қазақстандық көрермендер Жаннаны 2013 жылдан бері біледі. Осыдан 10 жыл бұрын түсірілім кезінде ботадай боздап жылаған қазақ қызын халықтың өтініші бойынша іздеп таптық. Осы уақыт аралығында өмірден не түйгенін Жанна өзі айтып береді.
    Ал Дана ұзақ уақыт бойы гимнастикамен кәсіби тұрғыда айналысыпты, музыкалық аспаптарда шебер ойнайды. Өте талантты қыз. Университетке түсуге дайындалып жүр. Дана мен Жаннаны біріктіретін Орал қаласы.
    Салтанат жиырма жаста. Әлеуметтік желі арқылы туған ата-анасын, бауырларын тауып алған. Жақында асырап алған анасымен бірге Қазақстанға келіп, туған-туысымен кездесті.
    Үш қыз туралы көбірек білу үшін «Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасын тамашалаңыздар!
    -------------------------------------------------------------------------------------
    Jibek Joly TV: бізді спутниктік арна арқылы және RUclips, әлеуметтік желілерден көріңіздер. Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар!
    Біздің өзге де бағдарламаларымыз:
    Жаңа түнгі студия: • «Жаңа түнгі студияда» ...
    «Мархабат» бағдарламасы: • Семіздікпен қалай күре...
    Төрлетіңіз! Арман&Ләйлә шақырады: • Біздің ностальгия | Тө...
    Jibek Joly TV: смотрите нас на спутниковом ТВ, в RUclips и социальных сетях. Оставляйте ваши комментарии под этим видео.
    Смотрите наши топовые шоу:
    «OZGER»: • Я уверена в себе. «OZG...
    «Мужской разговор»: • Булат Тургамбаев: как ...
    «Наша история»: • Султан Бейбарс - прави...
    #jibekjolytv #ШетелдегіҚазақБалалары #

Комментарии • 763

  • @Sam-dj1so
    @Sam-dj1so 11 месяцев назад +605

    Елге келсін, бүйтсін , сөйтсін көздерінде мұң бар, деп жазбай ақ қойыңдаршы осы жерде бағып алған американдық мамаларының оқып осындай коментариилерге ренжігенін оқыдым, бұл балалар елге симай кетті, қәзір бағып алған ата аналарымен жаңа елде бақытты өмір сүруде .
    Жандарың ашыса жетімдер үйіндегі балаларды бағып болашағына бағдар беріп көмектесіңдер біреудің қолындағы балаларды әттегенай деп жазбай ! Қазақстанда ана мен балаға жақсы көмек берсе , еркектер жауапкершілікті көтерсе жалған ұят деген ұғымнан қазақ қоғамы айырылса Қазақстанда жетім балалар болмайды Бағып алған ата-аналарға көп рахмет осындай сулу, ақылды балалар өсіргеніне!!!

    • @ДарияКошбанова
      @ДарияКошбанова 11 месяцев назад +37

      Толық сізбен келісемін! Алып қосарым жоқ.

    • @JannaKair
      @JannaKair 11 месяцев назад +24

      100% !!!

    • @gulshara61
      @gulshara61 11 месяцев назад +29

      Өте керемет ата аналар ұлты жұрты басқа болса да жүректері кең жандар екен балаларынан жасырмай қазақ екенін айтып отырған

    • @ЖеделханБектурова
      @ЖеделханБектурова 11 месяцев назад +36

      Анасы кім болғаны белгісіз,біздің санасы төмен,жауапкершілігі жоқ ұлдардың,жылы-жылы сөз айтып,біреудің періштедей сұлу қызының өміріне өшпестей дақ салуларының құрбаны ма,кім білсін.Өз елінен,туған анасынан пана таппаған балаларымыздың бармақтай бағы болсын!!!

    • @S-999Almaty
      @S-999Almaty 10 месяцев назад +16

      Қолдаймын ❗✊🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  • @dani_yes
    @dani_yes 10 месяцев назад +217

    Асырап алған АНАЛАРҒА мың алғыс! Ой өрісі кең, өнерлі, тәрбиелі қыздар.

  • @ДарияКошбанова
    @ДарияКошбанова 11 месяцев назад +470

    Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп... Шетелдіктер сүйе біледі. Нағыз тура жолда жүр осы ата аналар. Жүректерінде иман, тұла бойында адамгершілік. ❤

    • @Асхыч
      @Асхыч 10 месяцев назад +33

      Диннин тукке де керек емес екенин дэлелдеп отыр, динге сенбеитин батыс елдер алга озып отыр, динге сенге биздер али кара жамылып журмиз

    • @АйнагульЖетескызы
      @АйнагульЖетескызы 10 месяцев назад +1

    • @ГулшинайПалымбетова
      @ГулшинайПалымбетова 10 месяцев назад +11

      ия отте дурыс аитып отыр,ал биздиң елде ултқа рууға жүзге болинип жатат

    • @Zhzhzh10
      @Zhzhzh10 10 месяцев назад +17

      Бұл жерде дін емес. Олар өздерімен жұмыс жасап, оқып, білгеннін арқасы. Біздегі білім көп адамдарда тек мектеп пәндерімен шеттеледі. Олар адам жанын түсіну, оны сыйлауды ойламайтын сияқты

    • @lovelaslova
      @lovelaslova 9 месяцев назад +6

      @@Zhzhzh10бәрі дінге келіп тіреледі сірә,болмайды болмайды харам харам деп басып тастаған бізді

  • @Армандарорындалады-о3э
    @Армандарорындалады-о3э 10 месяцев назад +209

    Үйренетініміз көп екен! Бала тәрбиесіне үлкен мән береді екен! Бақтарың бес елі болсын қазақтың қыздары.

    • @АктотыХаным
      @АктотыХаным 10 месяцев назад +1

      Амин

    • @ризасұлтан
      @ризасұлтан 9 месяцев назад

      Ия да биздин казактар кусап алла алла деп отрик тонкаиып жургедтта бирак осындай казактын балдарын асрап алуга журектер тар сеними жок журектеринде ишитери тар корсе жетимди теуп кетеди бирак биз мусулманбыз демди 😂колынан бизнес кана. Келеди акша акша коздегегендери ал акшта енбек ои орисин осиру онип жогары билимен осиреди омир суреди сивилизацияда бир динге катп калмаган и аркимге осы динмен жур демиди каласа барад каламаса бармаид ширкеулерин силамд ия но биздикилер сиакты устаз га кудаидаи жалнбаид😂😂

    • @laurakumcu3426
      @laurakumcu3426 9 месяцев назад

      ​​@@ризасұлтанкарағым, дінімізге тіл тигізбе, ой өрісінің тар, әлі ақ, пен қара не екенін ажырата алмаған, өзінің ой өрісінің тар, көргеніңнен көрмегенің көп, казанды босатып, туалетті толтырып осындай ортада өскенің бұл коменттариден көрініп тұр жаным. Шет елдердегі, адамдар өз дініне өте садық, адамгершілік дегенді жоғарғы сапаға қойған адамдар. Еш болмаса бұл видиоларды көріп, бұл қыздардың мамлесін, ой өрісін, олардың асырап алған аналарының пейілі де саған ешқандай пайдасы болмапты, сен әле өзінің қалыптасып қалған ой өрісінің айналасынан шыға алмай, өзінің көз қарасың мен көріп түсіне алмапсың.менде қазақстан республикасының ұлтымын. Бірақ менің көру қабілетім басқа. Қазақстан да кім қарқ қылып дінінің үстіне жасап жатыр, егерде ислам дінінің үстіне жасап оң солыңызды танысаңыздар еді. Қазақ халқының төбесі көкке жеткен болар еді. Қазактар мақтаншақ, өтірік такаппар,, жауапкершілік туралы дегенді білмеген, өмірінің бәрін босқа өткерген, не дінде жок, не адамгершілік дегенді білмеген халық, елде жақсы дамыған дары да бар, елдің бәрі жаман деп айтсам, бұл қиянат болады жаксы жандар үшін. Мен бұларды жазғаным үшін кешірім өтінемін, бірақ бұл шындық.

  • @Дарига-ю8з
    @Дарига-ю8з 9 месяцев назад +80

    Асырап алған, баланың шыққан тегін жасырмай, аман-есен бағып жетілдірген шетелдегі ата-аналарына мың алғыс!!! Екі Мемлекетті туыс қылып отыр🥰👏🥳👍Жыламай көру мүмкін емес…

  • @Күлтегін
    @Күлтегін 10 месяцев назад +49

    Бұл бағдарламаны Қазақ киномотаграфиясы тарихындағы ең үздік кино ретінде баға беремін рахмет🙏🙏🙏.

  • @ГулимАбусакова-д1к
    @ГулимАбусакова-д1к 9 месяцев назад +71

    Какие же американцы чуткие, добрые, жизнерадостные 😍 Спасибо что спасли этих девочек от трудной жизни в детском доме🌹🌹🌹

  • @ЗухраКунтуарова
    @ЗухраКунтуарова 11 месяцев назад +178

    Барлық қазақ қыздарының аналарына шексіз алғыс білдіремін.Қайда жүрсеңдерде аман болыңыздар.

  • @БобСлей-ь3у
    @БобСлей-ь3у 9 месяцев назад +32

    Огромная благодарность этим матерям, которые смогли дать им любовь, заботу и теплоту!🙏🙏🙏 Пусть эти девочки красотки будут счастливы!

  • @ЖанатАбуова-м3ь
    @ЖанатАбуова-м3ь 11 месяцев назад +23

    Мені мына қыздардың тіл байлығы,парасаттылығы таң калдырды

  • @АрайлымСагынгалиева-с9й
    @АрайлымСагынгалиева-с9й 8 месяцев назад +15

    Бала бағу оңай емес, оның үстіне осындай тәрбие беру бәрінің қолынан келе бермейді. Нағыз баланы ойлайтын адамдар екен, баланы есепсіз сүю, тыңдай білу, дос болу басты назарда тұрады екен. Біз әдетте ел-жұртты ойлап бала-шағамызға мән бермейміз, үнін тыңдамаймыз ғой😢 Шетелдіктердің тәрбие беру әдісінен біраз нәрсе алуға болады.👍

  • @eralife5618
    @eralife5618 11 месяцев назад +20

    Высший Пилотаж мынау 🚀, Барлығы кәсіби деңгейде, 🖼оператордың жұмысы👍🏽 Талғам басымдылығы👍🏽 ,Музыка ,Картинка,Звук 👍🏽тамаша🎉 Бағдарлама ұнады

    • @janarbaisemisova4000
      @janarbaisemisova4000 10 месяцев назад

      Көп рахмет!

    • @БахытХазипанова
      @БахытХазипанова 2 месяца назад

      Менн киналатнм ойлайтын қазақ кыздар басқа ултка шгп өз ұлттың жұрағат ын тамырын акелсн анасын бауырлардың ұмытады гой семьялы болгасын

  • @СаулеАлжанова-ц6ь
    @СаулеАлжанова-ц6ь 9 месяцев назад +53

    Шетелдік ата-аналарға шексіз алғысымды айтып,басымды иемін!Не деген керемет жандар !❤

  • @batyr09
    @batyr09 9 месяцев назад +51

    Ни один фильм невозможно смотреть без слёз. Слёзы смешанные, с огромной палитрой чувств: горечи, сожаления, милосердия, радости, любви и свободы!

  • @Kurylyshy
    @Kurylyshy 10 месяцев назад +85

    Рахмет асырап алған отбасыларға, мынандай ақылды балалар өсіргеніне!👏

  • @aliiivip.77
    @aliiivip.77 11 месяцев назад +73

    Балалар (туған анасына) ешқандай өкпе назы жоқ.
    АҚШ-та асырап алған аналар 💕👍 мейірімді.

  • @zak3389
    @zak3389 11 месяцев назад +92

    Американдықтар тәрбиесі, түсініктері басқадай екен, керемет тәрбие беріпті қыздарға, біздікілер сияқты әнші, биші, блогер, артист емес, маңайындағы адамдарға пайдалы бол, ешкімге қиянат жасама деп үйретеді екен, сондықтан болар дәрігер, соцработник, қоршаған ортаны қорғау сияқты бізде мүлдем непопулярный мамандықтарды таңдайды екен

    • @beckyeralin7407
      @beckyeralin7407 10 месяцев назад +3

      Мен де дәл осы ойдамын.

    • @userzhansultan
      @userzhansultan 10 месяцев назад +2

      Сізбен келісемін дәл айттыңыз

    • @АлияХасанова-ю3ж
      @АлияХасанова-ю3ж 9 месяцев назад +3

      Здоровое общество, где нет двоиных стандартов, дела не расходятся с словами… человек, это богатства для государства, общества, а не пыль…

    • @АсемМуханбеткалиева-э9в
      @АсемМуханбеткалиева-э9в 9 месяцев назад +1

      Дұрыс айтыпсыз

    • @aselomarova6911
      @aselomarova6911 9 месяцев назад +1

      Ия шыныменде солай , кандай керемет.Солардан улги алу керек кой деим .

  • @АйгеримЗарипова
    @АйгеримЗарипова 11 месяцев назад +71

    Осы бағдарламаны үзбей көремін. Және көпшілігінің асырап алған ата-аналары сондай мейірімді, балаларды еркін өсіріп, бәрін беруге, үйретуге ең бастысы мейірімді етіп тәрбиелеге тырысқан. Құрандағы жазылған көркем мінезділік құран оқымай ақ бойларына дарыған мейірімді жандар. Ешкімге кек сақтамай, жүрегіне дақ түсірмей, кіршіксіз етіп тәрбиелеген аналарына рақмет.

  • @aigulkozbakova8144
    @aigulkozbakova8144 10 месяцев назад +122

    Қандай байсалды, саналы, өте тәрбиелі боп өскен балалар ❤ сөйлеген әрбір сіздерінен үлкен даналық сезіледі. Жастарына қарамастан, сондай саналылық көрінеді. Қарап риза болдым ❤ ❤❤

  • @Тургалиевна
    @Тургалиевна 8 месяцев назад +11

    Мәңгі қазақ болып қаласыңдар оны ешнәрсе өзгерте алмайды❤

  • @АйжамалЖандарбекова-х6ы
    @АйжамалЖандарбекова-х6ы 11 месяцев назад +84

    Шет елдегы казак балалары ен ауелы аке шешелерынды сосын дуние кумар билыкты кешырындершы😢😢.Кайда журсендерде аман болындар казактар сендерды жаксы кореды

  • @almaarinova4636
    @almaarinova4636 8 месяцев назад +11

    Салтанат похожа на приемные маму и бабушку. Спасибо им за правильное воспитание девочки!

  • @БотакозСарсенбиева-в2м
    @БотакозСарсенбиева-в2м 8 месяцев назад +25

    Шет елге кеткен балалар өте ақылды, оларға асырап алған ата аналары керемет тәрбие, ақылдылық парасаттылықты үйреткен екен. Қайда жүрсеңдерде аман болыңдар , қандай қиын шет елде ешкімің жоқ аллам пана болсын🤲

  • @Zhadyra-rh2sh
    @Zhadyra-rh2sh 8 месяцев назад +10

    Қанша бағдарлама көрдім .Не деген кең жүректі ,терең ойлы балалар.Өз елімізде ата анасы бола тұра бүйткен өмірің құрсын деп жүрген қанша жасөспірім баланы көрдім.Мына тілімді елімді білсем деген жан жақты балаларды көріп таңқалдым.

  • @БакытгулБакирова
    @БакытгулБакирова 11 месяцев назад +27

    Салтанат америкалықтарға ұқсап кетіпті, бар пейілімен, махаббатпен баққан ғой.

  • @Меруертасанова-з4з
    @Меруертасанова-з4з 8 месяцев назад +4

    Қазақ қыздары бақытты болыңдар, өмір жолдарың ашық болсын, американдық ата-аналарына мың алғыс!!!

  • @Моймир-з3я
    @Моймир-з3я 11 месяцев назад +81

    Асырап алған аналары қандай керемет тәрбие берген. Оларға мыңда бір алғыс. Сол балапандарының қызығын көрсін.

  • @gulbarshin85
    @gulbarshin85 11 месяцев назад +61

    Туған анасының журегі тастан да қатты болғаны ма? Асырап алған ананың жүрегі қазақтың жайлауы сияқты дариядай кең екен, мың алғыс!!!!❤❤❤

  • @ҚырмызыЕркебалаева
    @ҚырмызыЕркебалаева 11 месяцев назад +39

    Асырап алған аналары сондай мейірімді ерекше адамдар екен

  • @ГазизаКабылова-э5р
    @ГазизаКабылова-э5р 9 месяцев назад +13

    Соны айтам,қаны таза қазақпыз,біз солаймыз да былаймыз деп күпси бермей,шетелдік аналардың біздің балдарға берген тәрбиесін бағалайық,тіпті мүгедек ,ауру балдарды аяғынан тік тұрғызып,оларды да өмірге бейімдегендерін көріп оқып тіпті жүрегім шымырлады,ұяттан да,өкініштен де.Өз қазағымыз аура болды,жағдайымвз жоқ деп балалар үйіне тапсырған балдарды олар қатарға қосып,тағы оларға өскенде шындықты ацтып,қазақ екенін айтып үлкен сауапты іс жасап жатыр олар.Діні бөлек болғанмен тұла бойлары тұнған ізгілік,имандылық,мейірімділік деп мойындап отырмын😢.Бақытты болсын балалар!Асыраған аналарына мың да бір рахмет! Екі дүниенің нығметін берсін Алла!

    • @svetlanaayimbetova6415
      @svetlanaayimbetova6415 8 месяцев назад

      Дурыс гап ондай бундаймыз деп мактаныу орынсыз

  • @МеруертАутанова
    @МеруертАутанова 11 месяцев назад +119

    Бағып алған аналарыңа мың алғыс, қандай жақсы тәрбиелеген, қайда жүрседе аман болсын, ал өз перзентін туып тастап кетіп жатқан қыздарға құдай жазасын өзі берер.

  • @Mlcmax1999
    @Mlcmax1999 10 месяцев назад +43

    Какие воспитанные, красивые девушки.
    Это судьба.

  • @БегимкуловаАйко
    @БегимкуловаАйко 11 месяцев назад +373

    Не деген ой өрісі терең балалар. Не деген мыкты тарбие. Ата аналарына мың алғыс

    • @KyzdarkanBostonbaeva
      @KyzdarkanBostonbaeva 8 месяцев назад

      Ооба Бакан Ата энелерине рахма жакшы тарбия берет экен бирок балдар Оз Ата энелеринда тугандарында коргилерикелип жатпайбы алжакта оздорун башка сезип жатпайбы

  • @ДиДиДиДи-да
    @ДиДиДиДи-да 10 месяцев назад +10

    Салтанат асыраған Анасынан аумайды екен жәныыыым сол бакытты болсын шы 🥰🔥👑🇰🇿

  • @avekazakstan4173
    @avekazakstan4173 11 месяцев назад +32

    Өкініштісі Қазақстан шетелге бала сату үшін барлық жеңілдіктерді жасаған екен.

  • @ДинараНурлыбаева-й3н
    @ДинараНурлыбаева-й3н 9 месяцев назад +19

    Спасибо Вам Родители усыновленных детей,Пусть Аллах даруют Вам высшей степени рай🤲🏻

  • @МайраАскарова-н3ы
    @МайраАскарова-н3ы 10 месяцев назад +7

    Күліп жымиып тұратын сұлу қыздар болыпты бәрі асырап өсірген ата анаға мың алғыс

  • @danaa2520
    @danaa2520 11 месяцев назад +18

    Осы бағдарлама үшін Жанар Байсемізге үлкен алғыс, әрбір бағдарлама жүрек қылын тербетеді.

  • @ailin6626
    @ailin6626 11 месяцев назад +64

    Балалар сондай бақытты. Мәңдәйларына туған ата анасымен бірге өмір сүруді жазбасада асырап алған ата аналарымен бақытты көздері жәйнап тұр. Шет елдің менталитеттері өте керемет. Үйлері кинодағыдай

  • @ИскаковаДанажан
    @ИскаковаДанажан 11 месяцев назад +87

    Шет елдегі қазақ қыздары керемет тәрбие алған, асырап алған аналарына мың алғыс👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻балалар ашық, өз ойларын боямасыз жеткізе біледі, таным тағылымдары жоғары деңгейде

  • @ЖумаханСидуалиева
    @ЖумаханСидуалиева 11 месяцев назад +49

    Әттең -ай жеріміз қандай үлкен болсада болашағымыз балалардың өз елімізге керексіз болып қалғаны -ай! Ішінен еліміздің бір туар қанша қайраткерлері қанша ғалымдары шығар еді!😢

  • @timgarov5358
    @timgarov5358 9 месяцев назад +14

    Какие красивые и умные мамы у девочек. Счастья им.

  • @ЖаннаАхметова-й2щ
    @ЖаннаАхметова-й2щ 10 месяцев назад +12

    Қазаққа баласынан көрі, елдің пікірі маңызды болып түр ғой. Өкінішке орай😢😢

  • @МадинаИсмаилк
    @МадинаИсмаилк 11 месяцев назад +26

    Казак Кыздары Бактылуу болсун Супсулуу Кыздар Салтанат Ото тушунуктуу Кыз экен

  • @МеруертАбуова-ы2п
    @МеруертАбуова-ы2п 11 месяцев назад +21

    Жаным сол қазақша сөйлегім келіп кетті деген сөзі қатты жүрегіме батты 😢

  • @ЛаураМуканова-р1ф
    @ЛаураМуканова-р1ф 11 месяцев назад +56

    Салтанат,Жанна,Дана жандарым сол,кең даламызға сыймай кеткен қарлығаштарымыз,сендер бақытты болуға лайықтысыңдар,біз сендерді жақсы көреміз❤❤❤❤

  • @sonya723
    @sonya723 11 месяцев назад +21

    Dear beautiful parents ❤ thank u for your all care, love ❤️. You are so strong women. Your daughters and Kazakh people are proud of you. From the bottom of my heart, thank u 🙏

  • @АйнурСаметкызы-з9я
    @АйнурСаметкызы-з9я 7 месяцев назад +3

    Алуан тағдыр берілген бұл адамға...
    Қаракөз сіңлілеріміздің жақсы отбасыға түсіп, бақытты өмір сүріп жүргендеріне қуаныштымын. Асырап баққан аналарына рақмет. Туған ата-анасымен, бауырларымен де қауышып, үлкен жанұя болсын!
    Жанар Байсеміз - қазақтың қайсар қызы, сізге алғысым шексіз.

  • @ГульнараЕримбетова-с7м
    @ГульнараЕримбетова-с7м 11 месяцев назад +30

    Үшеуі де ақылына көркі сай әдемі, ақылды, байыпты қыздар екен! Сол қалпыларыңнан таймай бақытты баянды өмір кешіңіздер қандастарым❤ Аналарыңыз сияқты аяулы да ардақты көп балалы ана болыңыздар🥰Сіздерге әрдайым тілекшіміз! Аналарыңыз 💯 жасасын өте керемет жандар екен жүректері мейірімді сондай сіздердей баланы маған сыйлаған туған аналарына көп рақмет деп алғыстарын білдіруде! Менің бір байқағаным ол жақта алғыс айтудың қадірін білетіні қатты ұнады! Әрдайым жолдарыңыз ашық болсын, аман болңыздар!🫶🥰😍💐

  • @tastv4158
    @tastv4158 10 месяцев назад +11

    Американың мәдениеті көзқарастары неткен керемет, алға дамып кетіпті. Ал, біздің мына солтүстіктегі көршіміз шовинизммен ауырып ешкімді менсінбей империя құрамыз деп жүр.

  • @Карла007
    @Карла007 11 месяцев назад +21

    Бекканың мамасын,көрген кезде менде актрисаға ұқсаттым , Американың әдемі актрисалы сияқты екен дедім , Бекка мамасына ұқсап кетіпті , екеуіде әдемі ,семьясы өте керемет жандар екен, қыздарымыз бақытты болсын , өмірден еш жамандық көрмесін, жыламасын.

  • @БакытхульМакышева
    @БакытхульМакышева 11 месяцев назад +32

    Жанар сізге үлкен рахмет.
    Көрген адамға көп ой салатын , ұлтымыз,еліміз үшін маңызы бар хабарыңызға.Үлкен жетістік тілемін.
    Қазақпын деп қол бұлғаған Қыздарымыз сұп сулу,ой өрісі биік,білімді және осындай мәпелеп,мейрімді,ақылды етіп өсірген, Аналарына алғысымыз шексіз.❤

  • @МарияНышанбаева-я2ц
    @МарияНышанбаева-я2ц 8 месяцев назад +4

    Асырап алған аналарына алғысым шексіз ,жақсы тәрбие берген екен, бақытты болсын

  • @AmericaYessir
    @AmericaYessir 11 месяцев назад +27

    Балалардын Бари асырап алган аналарына катты уксайды❤❤❤

  • @Разия-е6ш
    @Разия-е6ш 11 месяцев назад +34

    Неге қыздарды ғана кінәлау керек.қазақтың мисыз жігіттері қайда

    • @Асхыч
      @Асхыч 10 месяцев назад +8

      Казактын жигиттеринин арасында таза котакбастар бар,
      Кызды пайдаланып тастап кететин. Ондай коп, уйленип айели болсада, баска кызга барад, жукти кыладта жогалп кетед. Шшс котакбастар, кесип тастаитн екен шумектерин.

  • @uu4398
    @uu4398 9 месяцев назад +5

    Американдықтар бала тәрбиесине улкен мән береді,ойларын ашық еркін жеткізіп,адамдарды кабылдау,тұлға ретінде дамыту👍

  • @bakytgulbektur8339
    @bakytgulbektur8339 9 месяцев назад +7

    Аналары туралы айтылады. Әкенің рөлі жоқ, ер адамдар жауапкершілік алып үйреніңіздерші өтініш! Ұлдарымызға жауапкершңлікті болуды үйретейік ! Туған аналары, асырап алған аналары аман болыңыздар ❤

  • @AiDaylet
    @AiDaylet 11 месяцев назад +19

    Жандарым Сен ҚАЗАҚтың сулу қыздарысындар!!!!❤❤❤

  • @ГулмираТургынбаева-е3у
    @ГулмираТургынбаева-е3у 7 месяцев назад +2

    Қандай тәрбиелі,сауатты балалар ❤Аналарымен ашық қарым-қатынас,аеалары да өте сауатты түп-тамырын білсе деймін дейді 👍

  • @sol_janym
    @sol_janym 10 месяцев назад +29

    Такие красивые и открытые дети, с большим сердцем, очень мудрые, это все заслуга родителей, которые взяли под своё крыло, ангелы на земле🤍

  • @ЗухраКунтуарова
    @ЗухраКунтуарова 11 месяцев назад +33

    Жаннаны бағып,қағып,керемет тәрбиелегені үшін мың алғыс.

  • @gulmira62
    @gulmira62 11 месяцев назад +28

    Осы бағдарлама ерекше мен үшін ❤ Өте керемет жандарды көріп терең ойға түсіп отырмыз 🤔 Балардың жолы қиын болсада , оларға сондай мейрімді қайырлы адамдарға тап болғанына қуанып жатырмыз 👏 Әрдайымда қайда жүрседе жолдары АҚ БОЛСЫН 🇱🇷🙏🇰🇿

    • @amikofly7289
      @amikofly7289 11 месяцев назад +1

      🇺🇸американың туы осы, қателесіп кетіпсіз😅

    • @gulmira62
      @gulmira62 11 месяцев назад

      @@amikofly7289 🙏

  • @nazymkaldybayeva4044
    @nazymkaldybayeva4044 10 месяцев назад +17

    Мына балалардың ой -өрісі кең, түсініктері өте терең, керемет! Амалсыздан ерте есейген балалар өкінішке қарай. Мамалары сондай жақсы тәрбие беріпті! Қайда жүрсе де аман болсыншы! Бақтары ашылсын!

  • @АяжанБайтурсунова
    @АяжанБайтурсунова 10 месяцев назад +9

    Жанымау қанын қазақ болғадықтан,қазақтын бесбармағы,бауырсағы ұнағаны гой.😢

  • @nazymgulakhmetova9110
    @nazymgulakhmetova9110 11 месяцев назад +17

    Кандай адеми де акылды кыздар,мамалары тамаша,жан жакты кылып тарбиелеген екен.

  • @ПаридаЖуматаева
    @ПаридаЖуматаева 9 месяцев назад +3

    Қандай аянышты. Қазақтар өз тілін білмейді. Асырап алған анасына мыңда бір рахмет!Биологиялық анасынан әлде артық. Аман болсын!

  • @Gulnaz-oy9rd
    @Gulnaz-oy9rd 10 месяцев назад +13

    Асырап алған аналары қандай мейрімді ❤

  • @tele3100
    @tele3100 11 месяцев назад +6

    Салтанат пен Дана өте бақытты екендіктері көрініп тұр. Жаннада сәл қиналыс бар ма деп ойлаймын. Үш қыз да өте сұлу қыздар екен.
    Салтанат Өскеменге келгенде анасының жағдайын көріп көңілі түскен сияқты.

  • @ЖанатАбуова-м3ь
    @ЖанатАбуова-м3ь 11 месяцев назад +15

    Жанар ханым,аман жүріңіз

  • @СаягульОралбай
    @СаягульОралбай 10 месяцев назад +4

    Тапқанға ма , баққанға ма деген.
    Аналарына мың тағзым.
    Қандай адам қылып шығарған шақалақтарды. Бақытты болсын қырмызы қызғалдақ қыздарымыз.
    Өз баласынан артық көрмесе , кем көрмей өсіріп , бағып , білім берген Аналарына мың алғыс.
    Алла разы болсын!
    Екі дүниенің бақытын тілеймін!
    Енді бақтары ашылып , жүректерінің сыңарын тауып , үлкен ордалы отбасы болса екен! Аман болсын!!!!

  • @КүнжәнРәзи
    @КүнжәнРәзи 11 месяцев назад +16

    Он сегіздегі қыздың сөзі де Керемет.Анасына көп рахмет ақылды, ой--өрісі кең,ерекше дара тұлға тәрбиелеген.Осы жобаны көп көремін.Кейде шет елдегі қазақ балалар ақылды ма деген ой келеді.Тағдырдың жазуы осы болып тұрса амал не.

  • @Олжасовна-л9г
    @Олжасовна-л9г 11 месяцев назад +35

    Жанна жаным😍😍😘😘 Аман бол😊сол 10-жыл бұрын жылап қалғаныңды көріп,жүрегімнен кетпедің,неге жыладың деп,өзіңді көріп қуанып қалдым😍😘Жолын әрдайым ақ болсын🤲🤲🤲 50:39

  • @СаулеЕржановна
    @СаулеЕржановна 16 дней назад

    Аудармашы жандарға үлкен рахмет.Жүрекке жеткізіп аударып отыр.Дауыстарыда жағымды.Жарайсыңдар Мың рет қараймын осы бағдарлаланы.Бақытты ұл - қыздарды көріп қуанамыз.Елге келіп кетіп жүрсе .Туысқан бауырларымен кездесіп араласады ғөй.

  • @zubirazholbarys6736
    @zubirazholbarys6736 8 месяцев назад +1

    Керемет ақылды қыз аман болсын бір алла жар болсын ❤

  • @АйымАйым-ь3я
    @АйымАйым-ь3я 11 месяцев назад +6

    Сәлеметсіңдерме қыздарым Қазақстанда өмірге келіп шет елге ассаңдар да сендер ең бақытты қызсыңдар себебі сендерді асырап алған аналарың нағыз жүректі балажан ұлты басқа болса да иманды нағыз аналар болып сендерге бар нөмірлерін арнап бар аналық махаббаттарын силады сол себепті сендер де ақылды нағыз қазақ қыздарындағы мейірбандылық қасиеттеріңді баққан апаларыңды туғандай силап екі жақтан туыстарың көбейіп отыр басынан аяғына дейін көріп сендердің бақытты болуларыңа тілектес бола отырып қуаныштан жылап алдым осы хабарды жүргізуші қызым сендерге өсірген аналарыңа миллион рахмет айтам.Әйімбүбі апа.Алматы қаласы

  • @ЖаннаОрынбасарова-ж2м
    @ЖаннаОрынбасарова-ж2м 11 месяцев назад +14

    Керемет әдемі түсірілім, асырап алған аналары қандаё мейрімді, махаббаттвры мол, қыздарды текқана өмірдің жақсы жағынағана тәрбиелеген, Жанар сізгеде көп рахмет, Қазақстан ның балалар ын көріп мәз болып қалдық. 🙏👍😘😘😘

  • @bakhytlotus7833
    @bakhytlotus7833 10 месяцев назад +7

    Балалар өсіп ,керемет тәрбие алыпты. Ең бастысы әрқайсысының бойында үлкен адамгершілік бар екені көрініп, білініп тұр. Асырап алған аналарына алғыстар сансыз болсын. Балалар мен Қазақпын . Мен Қазақстанда туылғанмын деп Ұлы Қазақ даласының ұрпағы екеніне мақтанатын сияқты. Ал бірақ шындығында бұл балаларды көп долларларға сатып жіберген сол Ұлы Дала Қазақ елінің ұры билігіндегі алаяқтар. Бала сатып ,байып кеткен шенеуниктер әліде шалқып өмір сүруде. Иә балалар асырап алған отбасында өте бақытты ,өмір жолдары да ашық, жарқын екен тамаша. Ал біздер Қазақтар үшін бұл бала сатқан іс - алаяқтық -саудагерлік үлкен күнә мен трагедия . Құдай алдында кешірімсіз үлкен күнә. Ешқандай жақсылық іспен жуылмайтын -шайылмайтын қара дақ Қазақ сүйегіне түскен, әрбір терең ойлау ,түсінігі бар Қазаққа . Бұл балалар әлі жас болғандықтан көп нәрсеге терең мән берген жоқ әлі. Қазақстанды көргім келеді ,барғым келеді деп мақтан тұтып жүр. Ал Қазақстан мемлекеті қарабет ,сатқын, ( әсіресе бала сатудан алдағы мемлекеттер қатарында дүние жүзінде) екенін түсінгенде ,қандай жиіркеніш тудырары сөзсіз белгілі. Туған шеше бір тастап , (әкелері тірі өліктер немесе алаяқ оңбағандар деп санаймын ) артынан мемлекет сатып байып қалғанын ешкім ұмытпасын ешқашан. Бұл балалар тағдыры -біздің Қазақ ұлтының үлкен қайғысы мен қасіреті деп түсінем. Әй қайдам күнде интернетте айқайлап ,шулап , өтірік күлкі мен мақтауды жақсы көретін , той тойлап жүрген қазақтарды көрсем, жүйкем тозады. Тырақылық пен ысырап ешкімді ешқандай жақсылыққа жеткізбеген бұл өмірде. Бала сатып ,елін сатып ,жерін сатып күнін көрген қазақтардың аты өшсін.

  • @ainagulnursejt2086
    @ainagulnursejt2086 11 месяцев назад +8

    Рухани қандай мықты жандар❤

  • @СакоСалманов
    @СакоСалманов 11 месяцев назад +9

    Алла жар болсын бақытты баянды болсын ең бастысы қазақпын деидіғой😢

  • @КаримаКарима-к9д
    @КаримаКарима-к9д 10 месяцев назад +11

    Асырап алған аналарына басымды иемін. Көп рахмет айтамын.

  • @Kazakhheror
    @Kazakhheror 11 месяцев назад +19

    Көзге жас келді 😢😢😢 🙌🏻🇰🇿 Аман жүріңдер қарындастарым! Жанар ханым сізге көп көп рахмет Аман жүріңіз! Алла разы болсын істеріңізге! 🫶🏻🇰🇿 Әр қазағым жалғызым!

  • @Atika_Askar
    @Atika_Askar 10 месяцев назад +7

    Бірінен бірі өткен мөлдір көздер -ай. Аллах бақтарыңды ашсын . Сендерді тәрбиелеген Америкалық аналарыңа мың алғыс . Сендерді жақсы көретінімізді біле жүріңдер ❤❤❤

  • @АинурТунгатарова-н3ь
    @АинурТунгатарова-н3ь 11 месяцев назад +20

    Салтанат келесі апта Қазақстанға барамыз дегенде жыладым ....😢😢😢😢😢😢😢

    • @АинурТунгатарова-н3ь
      @АинурТунгатарова-н3ь 11 месяцев назад +4

      Ішкі жан-дүнием жылады қуаныштан...Өзім кездесетіндей ...кездескендегі сезімі қандай болды екен?!😔

  • @gulzatkozhamberdieva1309
    @gulzatkozhamberdieva1309 11 месяцев назад +14

    Қандай сұлу қыздар 😍 Алла бақтарын ашып, бақытты болсын🤲 Өте әсерлі күйде жүрмін, сіздердің бағдарламаны көргелі 😢

  • @Dorama_Seryals_Para
    @Dorama_Seryals_Para 10 месяцев назад +15

    Бір мұсылман елінде Қарттар үйі, жетімдер үйі, жөзекшілер үйі, алқаштарды емдейтін үй, нашақорларды емдейтін үй, игромандарды емдейтін үй, бомждар, түрме болса ол ел діннен қатты алыстағанның белгісі дегенді бір жерден оқып едім. Сонда біз қатты алыстап тұрмыз ғой дінден😢🥺🥹😭🤔😔😏💔

  • @СаулеЕржановна
    @СаулеЕржановна Месяц назад

    Мынадай күй табақ біздің елде барма екен.Керемет.Қандай сүйкімді балалар.

  • @Алмагульжетписбаева-щ4д
    @Алмагульжетписбаева-щ4д 8 месяцев назад +1

    Жаксы Адамдар екен

  • @ЖанболатТайшабаев
    @ЖанболатТайшабаев 9 месяцев назад +2

    Жанар, карындасымыз осындай жаксы жоба ашканы,,елымыз ушын улкен женыстык,,,жумысы журеберсын,,жолыашык болсын,,,казах халыкынын кызы,,,коп рахмет,,,,

  • @Ерболат-р3о
    @Ерболат-р3о 3 месяца назад

    Қандай керемет жандар, ішкі таным-түйсігі,еркіндігі мен жан қалауы еркін өсіріп баққан керемет ата-аналарына алғысымыз шексіз....
    Америкадағы балалар биік рухты,патриотшыл болып келеді екен, тек соларды,мейірім мен адалдықпен,және махабатпен туған Қазақ еліне шақырып, бауырымызға басуымыз қажет---деп ойлаймын....

  • @ПеризатМинапова-у3е
    @ПеризатМинапова-у3е 10 месяцев назад +5

    Тәрбиесі мыкты екен бакытты болыңдар балапандар

  • @ДинаАбдукахар
    @ДинаАбдукахар 8 месяцев назад

    Не деген ақылды қыздар!!! Мың да бір алғыс бағып алған аналарына!!! Тағдыр шығар, бәрі Алланың қалауымен болады ғой….. Жанар ханым Сізге мың алғыс осындай керемет дүние жасағаныңызға, үлкен жүрегіңізге қазақ деп соққан!!! Кешеден бері үзбей көріп отырмын, көзге еріксіз жас келеді, барлық балалар ақылды, білімді, өз ойларын ашық айта алатын балалар, тәрбиелі, бірақ барлығының көкейінде не үшін тастап кетті деген сұрақ…..

  • @aminaibragimova91
    @aminaibragimova91 10 месяцев назад +7

    Какие они хорошие, счастья вам!

  • @Shokendi
    @Shokendi 11 месяцев назад +10

    Керемет тәрбиелері! Алып кеткендері жақсы болған екен - әйтпесе осындай ақылды, бақытты болып өсулері екі талай. Осы "балдарды сатып жатыр, тиым салу керек!" деп жазып жатады бірақ өзім Қазақстандағы балалар үйінде өскендерінен көрі, он жерден шетел ассада, жағдайлары осындай болғандарына қатты қуанып отырмын - әрі үйлері бар, жақсы көретін аналары бар, оқыған тоқыған, керемет тәрбие білім алған... Одан артық не керек?! Бізде асыранды түгілі туған бауырларының балдарын шеттетіп жатқандар да бар, соарды ойлағанда мыналар нағыз Адам екен!

    • @zhansayas870
      @zhansayas870 11 месяцев назад +3

      келысемын, Казакстанда жетымдео уйынде оскенше керемет емеспа Америкада былым алып дамыгандары

  • @ErdenZaksylyk
    @ErdenZaksylyk 11 месяцев назад +32

    Өмірлері қанша жақсы болса да көздерінде мұң бар 😢.Ата-ананың “Айналайын” деген бір ауыз сөзін естіп жүрсеңдер соның өзі мың бақыт болар еді 😢
    Аман болыңдаршы Айналайындар!
    Жанар сіңлім сен үшін мақтанамын, теңдесі жоқ жоба. Мықтысың! Денің сау болсын көкем! 😘

    • @rakiya_karmysova
      @rakiya_karmysova 11 месяцев назад +2

      Жанар қызым, бауырым, сен өтте адал жансың, бақытты болшы, жаным, сенің істеген жобаң өтте керемет👍❤, Алла разы болсын саған⚘️🌷⚘️. Ісіңіз алға бассын көкем❤❤❤ 50:39

    • @aigulkozbakova8144
      @aigulkozbakova8144 10 месяцев назад

      Бұны тек мұңмен ғана ұштастырмай, даналық деп қарап көріңіз. Кім айтасада, балалардың махаббатта өскендері көрініп тұр. Бұл сөздер асырап алған аналарына ауыр тиеді, сондықтан әр сөзімізге мән берсек екен.

  • @ЖибекАйтуарова
    @ЖибекАйтуарова 9 месяцев назад +3

    Асырап алған ата аналарына мың алғыс! Қандай ақылды,әдемі,сұлу қыздар!

  • @НаурызханБітірбай-и8ф
    @НаурызханБітірбай-и8ф 11 месяцев назад +4

    Ең өкініштісі асырап алған балалардың өзге дінде болғаны ішті күйдіртеді.

  • @ДулатНысанбаев-и9к
    @ДулатНысанбаев-и9к 11 месяцев назад +7

    Осы балалардың тағдырын көре отырып, егемендіктің алғашқы кезеңіндегі алмағайып өмір көз алдымнан өтеді. Өйткені осы балаларды туған ата-аналары менің замандастарым екен. Ол кез расыменде өте қиын кезең болды. Дәл осындай тағдырлар ашыршылық жылдары болған ғой. Ашаршылық жылдары менің әжем кішкентай бала болған екен. Марқұм әжем бізге өз басынан кешкен кейбір сәттерін айтып беруші еді. Мына байлардың ата-аналарына сондай қиын-қыстау жағдайда қалған ғой. Еліміздегі сол саяси қиын ахуал қаншама тағдырлары сындырып, қанша асын ел асырып жібергенін енді көріп егіліп жүрміз. Алла барша адам баласының жүрегіне сабыр берсін

  • @АааМмм-в1о
    @АааМмм-в1о 11 месяцев назад +8

    Ия Алла разы болсын ата аналарына улкен рахмет өсіріп баққан .

  • @ЖанарБайшуакова-п2х
    @ЖанарБайшуакова-п2х 10 месяцев назад +4

    Қандай әдемі қазақ қыздар! Асырап алған аналарына мың да бір рахмет! 🙏🌹🌺🌹

  • @ОксанаСериковна
    @ОксанаСериковна 11 месяцев назад +9

    Жанна оз асырап алган анасына катты уксайды екен.