Ақсақ қыздың зары , Аяғымай терме_kz

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 29 янв 2025

Комментарии • 339

  • @ҚайыржанБасбақбаев
    @ҚайыржанБасбақбаев 11 месяцев назад +167

    Тик токтан көрмесем бұл термені білмейді екенмін термешінің дауысы жүрекке жетеді екен..

  • @БакытжанИмандосов-п9м
    @БакытжанИмандосов-п9м 9 месяцев назад +10

    Аягым ауырып аягым ай аягым ай деп жатып есиме тусти😢.Кишкентай кезде касетамен тындайтынбыз

  • @alataualatau357
    @alataualatau357 2 года назад +260

    Ел ішінде тарап кеткен қыздың зары, арада біраз уақыт өткен соң жез таңдай әнші әрі сынықшы қазақ жігітінің құлағына жетеді. Ат үстінде алыс сапар шегіп әлгі жігіт қыз еліне келеді. Құдайы қонақ болып, қыз үйінде болған жағдайды түгел әкесінің аузынан естиді. Жылқының сүрленген майымен қыздың аяғын емдеп сынған, қисық біткен сүйектерді түзулеп емдеп жазады. Үш жүздің басы қосылған үлкен бір тойда әлгі жігіт жез таңдай әншілік өнерінің арқасында бас бәйгені жеңіп алады. Аяғы жазылған қыз би билеп халыққа өнер көрсетіп олда бәйге алады.Билеп жүрген қызды көріп, ақсақ қыз теңім емес деп тастап кеткен бай баласы қызды көріп таңырқап тілін жұтып қойған екен. Өмір бойы мылқау боп өткен екен дейді ел ішіндегі аңыз әңгіме. Қыз әкесі әнші жігітке, қызына батасын берген екен.

    • @НептунПланета-к9и
      @НептунПланета-к9и 2 года назад +15

      СІЗ СОЛ АҢЫЗ ƏҢГІМЕНІ ОҚЫҒАНСЫЗБА БІР ЖЕРДЕН. ? МЕНІҢ КӨҢІЛІМ БОСАҒЫШ. АҢЫЗ БОЛСАДА ЖЫЛАЙМЫН. КӨЗ АЛДЫМА ЕЛЕСИЕЙДІ.

    • @alataualatau357
      @alataualatau357 2 года назад +11

      @@НептунПланета-к9и Мен елден естідім, бір ағам төменгі жақтың адамынан естіген екен. Ары қарай терең зерттемедім. Бәлкім оқиға бақытты жағдайда аяқталсын деген болар

    • @АбылайНурмахан-й9я
      @АбылайНурмахан-й9я 2 года назад +6

      Бул орындаушы Ким екен

    • @asadkhan_0772
      @asadkhan_0772 2 года назад +9

      Арты жаксылык куаныш пен аякталыпты Аллага шукр

    • @ОктябрьТусупов-м4ц
      @ОктябрьТусупов-м4ц 2 года назад +9

      ҚАЗАҚТЫҢ ҚАНДАЙДА БІР
      ЕРТЕГІ АҢЫЗ ӘҢГІМЕСІНДЕ ШЫНДЫҚ БАР
      ЕГЕР ШЫНЫМЕН ОСЫЛАЙ
      АЯҚТАЛСА.ЖАҚСЫ.БОЛҒАН.ЕКЕН
      КӨҢІЛІМ..ОРНЫНА ТҮСТІ.

  • @АйгульАлтынбекова-з2ц

    Әнді жүрекпен айтыпты, үні, қыздың зарын жеткіздіғой. Жүрегім ауырып кетті. Рахмет орындаушыға

  • @АдилбекЕралиев
    @АдилбекЕралиев Год назад +46

    Керемет орындап халыққа жеткізген орындаушыға мың алғыс.

  • @maxmudaliev817
    @maxmudaliev817 2 года назад +37

    Ассалаума аликум казак бауырларга каракалпак агайндарыныздан Алла жар болсын сиздерге ериксиз козге жас келеди бир жылаттын бауырым

  • @ТанатарУразов
    @ТанатарУразов Год назад +26

    ҚОНАҚЖАЙЛЫ ҚАРАҚАЛПАҚ БАУЫРЛАРЫМЫЗҒА ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚ ЕЛІНЕН ЖАЛЫНДЫ СӘЛЕМ !
    ӨНЕРІҢІЗ КЕРЕМЕТ !
    ХОЖА ЕЛІ АЛҒА !

  • @bustodrocheralliance6706
    @bustodrocheralliance6706 11 месяцев назад +456

    Тиктоктан келсең лайк бас 😂

  • @gabitkambarbaev1961
    @gabitkambarbaev1961 2 года назад +43

    Осы термені ақынның өз аузынан тыңдап едім 35 жыл бұрын Кенен атамыздың тойында

  • @ulbosnismaylova4096
    @ulbosnismaylova4096 2 года назад +13

    Əн өте мұңды екен.керемет орындау !!!
    Бірақ шын сүйген адам аяғы сынды екен деп тастап кетпеген болар еді менімше.
    Бұл жерде шын махаббат .болмаған.

  • @МанибекБайборан
    @МанибекБайборан 2 года назад +30

    Ақылды қыз екен Керемет!

  • @БағилаСейтмамбетова

    Өз аяғы сынғандай керемет салдау балам сөзім жоқ

  • @ЕркебуланТоксанбаиев
    @ЕркебуланТоксанбаиев 9 месяцев назад +1

    Кушти. ән😢 менде аягым ауырады Алла Тағала шыпа берегорши

  • @ДанаНурмукашева
    @ДанаНурмукашева 2 года назад +49

    Неткен, керемет терме!Омирден алынган, осындай терен магыналы андермен термелерди шыркайбер,бауырым!

  • @ШолпанБайтасова-р7ж
    @ШолпанБайтасова-р7ж 2 года назад +21

    Керемет өлең екен.Жүрегің ауырады екен.Алла күш -қуат берсін.

  • @ГулзираШошабаева
    @ГулзираШошабаева 10 дней назад

    Қарындасыңыз Гульзира Шошабаева сіздің дауысыңызды жан ағам мақтан тутам жәнеде тәнтімін өнеріңізге кішкентайымнан сіздің өлендеріңізді естіп өстім жасыңыз узақ деніңіз сау болсын әумин

  • @Нурдина-й2е
    @Нурдина-й2е 2 года назад +29

    Керемет аға рахмет қайта қайта есітіп жүрмін

  • @nurgaliqurbaniyazov6992
    @nurgaliqurbaniyazov6992 2 года назад +21

    Жанга жагымды ан екен.Сау
    бол оркенин оссин!! Хожелиден
    салем

  • @zumazanibatov5070
    @zumazanibatov5070 2 года назад +17

    Өз қызымның аяғы сынғандай, жүрегім қан жылап отыр! Не деген ән! Шіркін дүние! Жақсыларды аямайсың ау!!

  • @gulzhazirasatybaldiyeva4425
    @gulzhazirasatybaldiyeva4425 2 года назад +18

    Керемет орындау,қазақ термешілеріне мың алғыс

  • @adinkasultanova723
    @adinkasultanova723 2 года назад +17

    Хожели киндик каным тамган киели Отаным, озине деген сагынышым шексиз,бугинде алматы каласында турамыз. Терме оте керемет екен,козге ериксиз жас келед. Термешиге улкен Рахмет

  • @doktordairbek
    @doktordairbek Год назад +88

    Сонау бір кер заманда, кедейдің бір қызына Есқара елінің бай баласы ғашық болған екен.Күндердің күнінде қыр соңынан қалмай, уәделесіп,40 түйе,40 қара, 100 қарасын берген екен.30 күн ойын 40 күн тойы үстінде өзінің Торшай деген атынан құлап кедейдің қызының аяғы 2 жерден сынған екен.
    Сонда байдың баласы кілт өзгеріп: Ақсақ кыз теңім емес, қалың малды қайтар деп дау шығарған екен.Сонда аққудың көгілдіріндей, атағы аймаққа жайылған , келбетті сұлу, сымбатты кедейдің қызы аяғын әлдилеп отырып,әкесіне айтқан зары екен.
    АҚСАҚ ҚЫЗДЫҢ ЗАРЫ
    Ай нұрына шомылтып бейне сәнін,
    Тәні таза арманның ұғып мәнін.
    Бақытсыз бай баласы бағын ашпай,
    Сұлу нәзік қорлапты жан мен тәнін.
    Еліне Есқараның тәлкек болған,
    Ақсақ кыздың жырлайын ақтық әнін.
    Әлди әлди аяғым аяғым -ай , аяғым -ай.
    Ақсүйектен аңдамай жазым болды,
    Жазым болды арманымның назы солды.
    Қайтейін жаннан сұлу жаратқанмен,
    Билігі жоқ кедейдің күні болды.
    Бір сынбаған аяғым екі сынды,
    Көре алмаған дұшпанның көңілі толды.
    Әлди әлди аяғым аяғым- ай аяғым- ай
    Алғыры емес шарт сынды- ау кең даланың,
    Сенен қайтсем опасыз кек аламын.
    Бай жыласа қалың берген қарасына,
    Қарғысымнан соңғы ақтық дем аламын.
    Елі жақсы деуші едім Есқараның,
    Малын берші, жылатпай жас баланың.
    Әлди әлди аяғым әлди әлди аяғым- ай.
    Сезіміне серт болған қылыш қынап,
    Жылдар өтіп жүргені бұны сынап.
    Қалайша алданғанмын айла амалға,
    Ұнатқан соң қайтейін көңілін құлап.
    40 бие , 40 түйе 100 қаранын,
    Қайтарып бер , жан әке , басын құрап.
    Әлди әлди аяғым әлди әлди аяғым- ай.
    Іңкәр сезім жәутеңдеп жанар талмас,
    Әлі алда бар секілді мұңым жалғас.
    Саған ғана ақ сезімім болса дағы,
    Мал мүлкі мен опасыз болды -ау алмас.
    Ақсақ қыздың ақтық сөзін енді ұғар кім,
    Құдайы бар құлдыңда құны болмас.
    Әлди әлди аяғым әлди әлди аяғым- ай.
    Бұл жиынға күн санап толғантып ой,
    30 күн ойын болса 40 күн той.
    Бұздың -ау тағдырымның тас қамалын,
    Теңдесі жоқ қыз едім түзеткен бой.
    Асыма өтінемін Торшамды сой,
    Құндыз бөрік, қамқамды басыма қой.
    Әлди әлди аяғым әлди әлди аяғым -ай.
    Той жалғасып тойына болмады айып,
    Тағы бір қыз айттырды көңілі жайып.
    Қарғап жүр ауыл аймақ бай баласын,
    Жаны бірге жанынан кетті - ау тайып.
    Аккудың көгілдіріндей ел есінде,
    Арман ару өмірден болды ғайып.
    Әлди әлди аяғым әлди әлди аяғым- ай
    Аяғым- ай аяғым -ай!

    • @АлтынкызИзтлеуова
      @АлтынкызИзтлеуова 10 месяцев назад +9

      Менде аксакпын,озiм кемтар сезiнin,,куйеуге кеш шыктым,бip улым бар,менiде тастап кеттi Аллага таубе улым бар.

    • @АкмаралБазарбекова-р5б
      @АкмаралБазарбекова-р5б 10 месяцев назад

      😢🎉🎉

    • @LLMTokenizationID
      @LLMTokenizationID 9 месяцев назад +1

      Қазақ атейст дейді кейбір орысқұлдар. Міне өлеңдерде Құдай деп тұр. Яғни Алла бар, хақ.

    • @АлияСейдалиева-ъ4е
      @АлияСейдалиева-ъ4е 9 месяцев назад

      ​@@АлтынкызИзтлеуоваАлтынқыз сіз қай жерденсіз

    • @zhanarnurzhigit9461
      @zhanarnurzhigit9461 8 месяцев назад

      Кедей ма? Керей ма?

  • @ТокенДауренбеков
    @ТокенДауренбеков 2 года назад +25

    Журек тебрентер ан екен козге жас келип журекпее тындадым орындаган жигитте накышына келтрип жеткиздин рахмет

  • @ЕркинТокпанов
    @ЕркинТокпанов 2 года назад +29

    Керемет ұрпаққа өнеге болар терме екен. Тәрбиелік мәні бар термелерің көбейе берсін. Өнерің өрге бассын.

  • @serikturemuratov1276
    @serikturemuratov1276 2 года назад +22

    Оте тамаша терме. Сол әдемі қыздың зарын мундас адам тусинеди екен. Менде аягымды сындырып алып, тосек тартып жатқанда, осы териени тындап, талай тун жылаганмын. Сол қыздың соңынан бакытты болғанын естигенде қатты қуандым. Сол тойдын ишинде менде жургендей болдым.

    • @НептунПланета-к9и
      @НептунПланета-к9и 2 года назад +1

      СІЗГЕДЕ АЛЛА РАҺЫМ НҰРЫН ТӨКСІН. УАЙЫМ ТҮБІ ЖЕЛ ҚАЙЫҚ ӨТЕСІҢДЕ КЕТЕСІҢ.

    • @serikturemuratov1276
      @serikturemuratov1276 2 года назад +1

      Рахмет айналайын.

    • @ОктябрьТусупов-м4ц
      @ОктябрьТусупов-м4ц 2 года назад

      @@НептунПланета-к9и уайым.түбі
      Тұңғиық.батасыңда.кетесің
      Тəуекел.түбі.жел.қайық
      Өтесіңде.кетесің
      Мақал.мəтелмен.сөйлеген
      Жақсы..бірақ.дұрыс.айт.

  • @iliasmurat5777
    @iliasmurat5777 Год назад +18

    Казагымнын каракоз кыздары жыламасыншы.

  • @Ханшарусбаевна
    @Ханшарусбаевна 2 года назад +19

    Рахмет анің керемет айналайын менің апам тыңдап жылаушы еді😭

    • @Ханшарусбаевна
      @Ханшарусбаевна 2 года назад +1

      Сол апамның жылағаны есіме түсіп жүрегім ауырып отыр

  • @МейрашМекебаева-б5з
    @МейрашМекебаева-б5з 2 года назад +21

    Керемет орындау. Рахмет

  • @СерикболТаужыгар-м5в
    @СерикболТаужыгар-м5в 2 года назад +36

    Ай нұрына шомылтып бейне сәнін,
    Тәні таза арманның ұғып мәнін.
    Бақытсыз бай баласы бағын ашпай,
    Сұлу нәзік қорлапты жан мен тәнін.
    Еліне Есқараның тәлкек болған,
    Ақсақ кыздың жырлайын ақтық әнін.
    Әлди әлди аяғым аяғым -ай , аяғым -ай.
    Ақсүйектен аңдамай жазым болды,
    Жазым болды арманымның назы солды.
    Қайтейін жаннан сұлу жаратқанмен,
    Билігі жоқ кедейдің күні болды.
    Бір сынбаған аяғым екі сынды,
    Көре алмаған дұшпанның көңілі толды.
    Әлди әлди аяғым аяғым- ай аяғым- ай
    Алғыры емес шарт сынды- ау кең даланың,
    Сенен қайтсем опасыз кек аламын.
    Бай жыласа қалың берген қарасына,
    Қарғысымнан соңғы ақтық дем аламын.
    Елі жақсы деуші едім Есқараның,
    Малын берші, жылатпай жас баланың.
    Әлди әлди аяғым әлди әлди аяғым- ай.
    Сезіміне серт болған қылыш қынап,
    Жылдар өтіп жүргені бұны сынап.
    Қалайша алданғанмын айла амалға,
    Ұнатқан соң қайтейін көңілін құлап.
    40 бие , 40 түйе 100 қаранын,
    Қайтарып бер , жан әке , басын құрап.
    Әлди әлди аяғым әлди әлди аяғым- ай.
    Іңкәр сезім жәутеңдеп жанар талмас,
    Әлі алда бар секілді мұңым жалғас.
    Саған ғана ақ сезімім болса дағы,
    Мал мүлкі мен опасыз болды -ау алмас.
    Ақсақ қыздың ақтық сөзін енді ұғар кім,
    Құдайы бар құлдыңда құны болмас.
    Әлди әлди аяғым әлди әлди аяғым- ай.
    Бұл жиынға күн санап толғантып ой,
    30 күн ойын болса 40 күн той.
    Бұздың -ау тағдырымның тас қамалын,
    Теңдесі жоқ қыз едім түзеткен бой.
    Асыма өтінемін Торшамды сой,
    Құндыз бөрік, қамқамды басыма қой.
    Әлди әлди аяғым әлди әлди аяғым -ай.
    Той жалғасып тойына болмады айып,
    Тағы бір қыз айттырды көңілі жайып.
    Қарғап жүр ауыл аймақ бай баласын,
    Жаны бірге жанынан кетті - ау тайып.
    Аккудың көгілдіріндей ел есінде,
    Арман ару өмірден болды ғайып.
    Әлди әлди аяғым әлди әлди аяғым- ай
    Аяғым- ай аяғым -ай!

    • @БаянИлжанова-й8ц
      @БаянИлжанова-й8ц 2 года назад +1

      Сонғы қыздың жазылып бөтен жақсы жігітке шыққанын бір жиында бай баласы қызды көріп өкінгенін бәрін айту керек еді.

    • @КапияРахметкалиева
      @КапияРахметкалиева Год назад

      @@БаянИлжанова-й8ц сол жеры кинаап тур журегым аурып

  • @КанифаКурмангалиева-й7э

    Өте керемет тамаша сөз жетпеиді теңеуге аиналаиын дауысыңнан сендеи ұлды дүниеге әкелген осы халге жеткізген анаңа мың алғыс балам өнерің өрге жүзе берсін ботам игі тілекпен шын жүрекпеналматы облысы кербұлақ ауданы сарыөзек деген ауылдан қанипа деген апаң боламын ботам!!!

  • @nursaidkamal9290
    @nursaidkamal9290 2 года назад +27

    Керемет орындау, керемет ән. Ейй бауырым жасай бер.

  • @шикомико-ц6п
    @шикомико-ц6п 2 года назад +18

    керемет магыналы олен екен👍👍

  • @kuanishbekbeysenbekov1944
    @kuanishbekbeysenbekov1944 2 года назад +28

    Керемет тамаша даусынан Айналайын Бауыріыыым Аман есен ойнап күліп журебер 💯 жаса кудайкаласа узбекистаннан жалынды сәлем 🇺🇿🇺🇿🇺🇿👍👏👏👏

  • @ШайхыСултанов
    @ШайхыСултанов 2 года назад +9

    Әй сау болың керемет орындапсыз жарайсың бауырым

  • @ОразкулМолдашова
    @ОразкулМолдашова 2 года назад +44

    Мұңлы әуен жүректі жылаттығой қайран 😲қыз 👧көз 👁алдымнан көлбеңдеп өткендей болдығой

  • @КапузаЖаркимбекова
    @КапузаЖаркимбекова 2 года назад +22

    Керемет жүрек тебірентер ән

  • @mmmkkk5575
    @mmmkkk5575 2 года назад +20

    Керемет орындау

  • @ЕрошУбайдуллаев
    @ЕрошУбайдуллаев 11 месяцев назад +2

    Қазағымның осындай термешілерін көтеріп, дауыстарын ұлттық мұра қылып сақтау керек. Болашақ ұрпақ терменің не екенін білсін. Көзіңе жас келеді тыңдағанда. Баяғыда атамның қасында отырып, атам терме тыңдағаны еске түсіп бір жылап алдым,

  • @gulnara69
    @gulnara69 2 года назад +11

    Рахмет , мұңлы ән екен, аянышты, тағдырға амал жоқ😪

  • @АйнагульТаскинбаева-ъ2д

    Өте керемет орындап,көзімізге жас алып көңіліміз босап кетті ау.

  • @АнарНажбенова
    @АнарНажбенова 2 года назад +23

    Басында тусинби алди алди аягымай дегенге кулгем.приколма деп басын тындамагам таксиде.уйге келип осыдан издеп тындап жылагым келип кетти оте мунды зарлы журекке жетти.

  • @АсланИманкулов-ф3п
    @АсланИманкулов-ф3п 2 года назад +12

    Керемет Терме Гиркин тындайтын жастаржокх❤️❤️❤️

  • @СанияКесикова
    @СанияКесикова Год назад +10

    Керемет терме, орындаушы да адеми орындап шыккан,даусы да керемет.

  • @ЖумабекМусагалиев-з2ю

    Керемет. Алла жар болсын рахмет сізге ❤👍👍👍

  • @босагакузма
    @босагакузма 2 года назад +27

    Керемет орындау,мағыналы екен ,дауысыда құлаққа жағымды .

  • @ЖанарМеркибаева-л9н
    @ЖанарМеркибаева-л9н 9 месяцев назад +1

    Қыз жазылып, бақытты болғанына қуандым ғой

  • @Каримов-э7с
    @Каримов-э7с 10 месяцев назад +1

    тик токтан ғо Брат

  • @ЖумагайшаОмырбекова
    @ЖумагайшаОмырбекова 3 месяца назад

    Өленді тындап отырмын Қыздарымды Алла жылатпасын бақыты болсын тілеген тілегіне жетсін Апа ❤❤❤

  • @Бекзат-ж6к
    @Бекзат-ж6к 10 месяцев назад +7

    тик-токтан келдім қазір😂😂😂

  • @НурсулуНурсулуова
    @НурсулуНурсулуова 2 года назад +12

    Жап жақсы аитты рахмет

  • @ОкоктеьезнызнлеялаяпяЕяшечлеял

    Керемет орындау екен😪😪👍👍

  • @ШолпанИхсанова-т5п
    @ШолпанИхсанова-т5п 2 месяца назад

    Керемет орындау рақмет!

  • @БахтиярЫнтыкбаев
    @БахтиярЫнтыкбаев 2 года назад +16

    Ериксиз келет жас тамаша

  • @НуркисаАныкбаев
    @НуркисаАныкбаев 2 года назад +29

    Бейбіт Шошабаев термеші ақын.Жамбыл обл.Луговой ауданы.Жаңатұрмыс ауылы.Аяз Бетбаевтан бата алған ,жастайынан ақындығымен елге танымал болған...

    • @ЕРНҰР-ж4ч
      @ЕРНҰР-ж4ч 2 года назад +2

      Бейбіт осындай əуенмен қазақ əндерін кеңейт жағың талмасын

    • @ДиасЖақыпов
      @ДиасЖақыпов 11 месяцев назад +2

      Қазір Меркіде Асанбай асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектепте жұмыс істейді

    • @sabitibrayev6077
      @sabitibrayev6077 6 месяцев назад

      Дауысыкеремет журекке жеткызып айтады екен

    • @БайгалиЖаксылыкбаев-н1я
      @БайгалиЖаксылыкбаев-н1я 5 месяцев назад +1

      Бейбіт Меркінің жігітіғой

    • @Kazakhstan-ld2hg
      @Kazakhstan-ld2hg 5 месяцев назад

      ​@@ДиасЖақыпов рақмет көп

  • @АйымбекМадиев-п6э
    @АйымбекМадиев-п6э 2 года назад +16

    Әй қазағым ай тектілігінай

  • @ЖамиляАширова-ш2ч
    @ЖамиляАширова-ш2ч Год назад +3

    Өте керемет Аллах разы болсын!!!

  • @НурсулуНурсулуова
    @НурсулуНурсулуова 2 года назад +6

    Рахмет даусыңыз Жақсы

  • @ZhErgaziev
    @ZhErgaziev 5 месяцев назад

    Мына термені, 10ж бурын тындагам ночтан кенлип, уйкысрап😢

  • @sadatdinovna15
    @sadatdinovna15 3 года назад +15

    Молодец рахмет зор

  • @КонурСмаилова-ю1ю
    @КонурСмаилова-ю1ю Год назад +2

    Керемет әнлі керемет орындаушының даусы

  • @НагимаБазаровна
    @НагимаБазаровна 2 года назад +4

    Керемет термеші👍👍👍💐💐💐

  • @НурикНуржан-с7ж
    @НурикНуржан-с7ж 2 года назад +10

    керемет онерин устей берсин бауырым

  • @ТансулуКеримкулиева

    Не деген керемет терме орындаушыға көөөп тахмеет қайта қайта тыңдай бергің келеді әдемі орындау

  • @ШайхыСултанов
    @ШайхыСултанов Год назад +2

    Шымбайдан сәлем Шайхы

  • @Кыпшак-ш3ш
    @Кыпшак-ш3ш 10 месяцев назад +1

    Казактын термеси унайды маган

  • @КуанышалиДосымбетов

    Осы кіснің орындауындағы термені ертеректе 80-ші жылдары теледидардан берген еді ғой.

  • @zhumagulov6473
    @zhumagulov6473 9 месяцев назад +3

    Жалған дүние ай,біреудің зарын біреу түсінема.

  • @РысқұловАбылайхан
    @РысқұловАбылайхан 11 месяцев назад +5

    ҚАЙ ЖҮЗДІҢ БАЛАСЫ ЕСҚАРА , КІМ БІЛЕДІ ҰЯТ БОЛҒАН ЕКЕН💔💔💔

  • @МоляУсенова
    @МоляУсенова 2 года назад +4

    Керемет әдемі терме екен бириншірет естуім 😔😢

  • @КулсараТорғанбекова
    @КулсараТорғанбекова 2 года назад +8

    Керемет аианышты ән екен.Көге жас келтірді.

  • @КуралайРаметова
    @КуралайРаметова 2 года назад +5

    Керемет аллам осы әнің мағынасын ай , өте керемет 👍👍👍👍

  • @ГаухарСаттарова-ц5е

    Керемет айтылган😢

  • @ЖамиляУмбетбаева-х7л
    @ЖамиляУмбетбаева-х7л 5 месяцев назад

    Рақмет үлкен керемет 😊

  • @ШащащақПқпщщп
    @ШащащақПқпщщп 2 года назад +3

    Не деген керемет орындалаган шыркын....😔

  • @ГалымИгибаев
    @ГалымИгибаев Год назад +2

    Керемет домбыра үні, жарайсың

  • @МадинаАйдынкызы-л9т
    @МадинаАйдынкызы-л9т 10 месяцев назад +1

    Осы ән қатты ұнайды керемет ән😊👍👍👍

  • @КойсынЛепеева
    @КойсынЛепеева 2 года назад +6

    Мағыналы екен

  • @КуанкулКосбармахова-б2ъ
    @КуанкулКосбармахова-б2ъ 11 месяцев назад +1

    Керемет тыңдай бергім келеді ❤

  • @asai3730
    @asai3730 8 месяцев назад +1

    😢жүрегім езіліп,жылап алдым.

  • @БекжанАянов-л9о
    @БекжанАянов-л9о 10 месяцев назад

    Шіркін дүние-ай,бір кем дүние
    дей тұрғанмен керемет туынды

  • @ТурарТажибаев-б2д
    @ТурарТажибаев-б2д 11 месяцев назад +1

    Керемет әні екени өте әсерлы 👍🏻👍🏻

  • @kazakhbalasy6613
    @kazakhbalasy6613 8 месяцев назад +1

    Термени орындаган агамызга мын алгыс

  • @ЗакираИхсанова-у7ц
    @ЗакираИхсанова-у7ц 2 года назад +2

    Тамаша.

  • @Kazakhstan-ld2hg
    @Kazakhstan-ld2hg 5 месяцев назад +1

    Қазақтар қолдайық

  • @hlynoob5174
    @hlynoob5174 11 месяцев назад +1

    Керемет 🎉🎉🎉🎉көз жасым тиылар емес🎉🎉🎉

  • @КуанышбекБекишев
    @КуанышбекБекишев 2 года назад +2

    Терең мағыналы терме екен, жүрегім езіліп кете жаздады, термеші ағамызға көп рахмет

  • @ДаригаКуликова
    @ДаригаКуликова 2 месяца назад

    Керемет ,кушти

  • @ЖумабекЕ-б7б
    @ЖумабекЕ-б7б 2 года назад +2

    Ассаламуалейкум Аға рахмет қызметтеріңізге 🤲✋👍

  • @Бахыт-т4ш
    @Бахыт-т4ш Год назад +1

    Керемет соз жок орындаушыга

  • @ҚуанышгүлӘбишова
    @ҚуанышгүлӘбишова 10 месяцев назад

    Өтте.жақсы.айтылған.терме.сау.болыңыз.

  • @ЖанарМеркибаева-л9н
    @ЖанарМеркибаева-л9н 9 месяцев назад +1

    Аяғы ауыратын адам естісе де, қиын екен, боладау

  • @РусланАлимов-ц9м
    @РусланАлимов-ц9м Год назад +1

    Оте тамаша бул жыраушы агамыз бармекен бул омирде

  • @ОктябрьТусупов-м4ц
    @ОктябрьТусупов-м4ц 2 года назад +42

    Керемет.көзге.жас.алмай.тыңдау.мүмкін.емес.дауысыңда..өте..жақсы.өнерің.өрге.жүзсін.

  • @НағимаОразбай
    @НағимаОразбай 8 месяцев назад

    Өте әсерлі орындапты , жүрекке жетті

  • @kalbikeedilbaevna9693
    @kalbikeedilbaevna9693 9 месяцев назад

    Кандай керемет орындау домбыраны шертуде керемет

  • @НурланЖуматов-д7ч
    @НурланЖуматов-д7ч 10 месяцев назад

    Алла жазасын берген екен баи баласына.ал алги сыныкшы жигитке Алла нурын төккен.
    Осы заманның баи баласына
    Көрсетіп коиса

  • @Gulbayra-z9b
    @Gulbayra-z9b 11 месяцев назад +2

    тиктокта мазақ қылғаны өкінішті. бұны толық тыңдаған адамдар мазаққа айналдырмас еді

  • @НурланБекболатов-т3щ
    @НурланБекболатов-т3щ 9 месяцев назад

    Керемет дауысыда Адеми орындады жарайсың бауырым

  • @ДарияНурмаганбетова
    @ДарияНурмаганбетова 2 года назад +1

    Осы әнді тыңдасым Алай дүлей болады жаным .Аяағымай Аяағымай деген жерде Аяағым жазылып кеткендей болады .Орындаушыға мың алғыс .

  • @БауыржанАдилбек
    @БауыржанАдилбек 11 месяцев назад +3

    Тиктокта хит болып жатырго