Шынберген Сүлейменов: Жол апаты/Бір секунд өмірдің құнын түсіндім

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 6 апр 2022
  • Құрметті достар,
    бүгінгі сұхбат белгілі ақын, айтыскер, композитор Шынберген Сүлейменовпен болды. Шынбергенді көп адам Мұқағалидың "Қайран, жеңгем" өлеңіне керемет ән жазғанынан, Еркін Нұржанов айтатын "Беу, дүние" әні, Заттыбек Көпбосынұлы орындайтын "Сүйкімді", "Мектепке сағыныш", басқа да шығармалары арқылы жақсы таниды.
    Қазір Ақтөбеде тұратын ақын 2016 жылы жол апатына түсіп, оған ауыр операциялар жасалды. Қазір ол біршама сауықты, аяғынан тұрды.
    Біз Шынбергенді Ақтөбеге сапарымызда арнайы барып, үйінен іздеп таптық. Бүгінгі шығарылымда ол өмірі, шығармашылығы, туған жер туралы толғанады.
    Ұнаса, лайк басып, пікір қалдырып, видеоны таратуға атсалыссаңыздар, құба-құп.
    Құрметті достар, түсірілім барысында техникалық ақау болды, менің даусым сәл жаңғырып шығады. Кешірім өтінеміз.
    Facebook: / nurbek.amisha
    Instagram: / nurbekamisha
    #ШынбергенСүлейменов#Шымберген#Ауылданадамкеткенмен#Беудүние#Қайранжеңгем#Украина#НұрбекӘмиша#Қаңтароқиғасы#Арал#AmishaTV#Ақтөбе#Сүйкімді#Ауылғакеткімкеліптұрады#Заттыбек

Комментарии • 55

  • @a123best6
    @a123best6 2 месяца назад

    Тәрбиелі өнегелі сұқбат болды, үлкен рақмет

  • @user-up1wp2je1k
    @user-up1wp2je1k 2 года назад +9

    Өте керемет сұхбат менің кластасым Алла деніңе саулық берсін біз сенімен мақтанамыз!

  • @user-nf8py9om8m
    @user-nf8py9om8m 2 года назад +9

    Құлақ құрышын қандырар сәтті сұхбат болыпты, ағаларыма алла амандық пен абырой берсін!

  • @user-sx9gs8fr4r
    @user-sx9gs8fr4r 2 года назад +7

    Алла разы болсын Шәке

  • @user-dm9be2wo3q
    @user-dm9be2wo3q 2 года назад +6

    Шынберген десе казактын Шынбергени омир жасың ұзақ болсын..
    Сиздин казака берериниз көп али...
    Денсаулығың мықты болсын Шын аға...

  • @nurbekamisha6179
    @nurbekamisha6179 2 года назад +8

    Қазақтың талантты азаматы ғой, аман болсын!

  • @user-tu1iv8zp7y
    @user-tu1iv8zp7y 2 года назад +9

    Нар тұрғалы азаматтарымыз аман болсын Біз сіздерді мақтан етеміз

    • @amishatv951
      @amishatv951  2 года назад

      Рахмет көргеніңізге! Аман болыңыз!

  • @amishatv951
    @amishatv951  2 года назад +5

    Құрметті көрермендер, пікірлеріңізге көп рахмет!

  • @Gabit9111
    @Gabit9111 2 года назад +8

    Беу дүние десеңші.... Керемет ән.

  • @perizatnurzhanova8689
    @perizatnurzhanova8689 2 года назад +10

    Қандай сұлу жігіт еді, жастау кезінде. Талай Аралда отырыспаларда өлеңіне, сөзіне, сипатына таңданып жүргенбіз.

  • @MukhtarTunkatar
    @MukhtarTunkatar 2 года назад +2

    Алла ұзақ өмір берсін Шын ағама✊✊

  • @user-ge8np2ik8j
    @user-ge8np2ik8j 3 месяца назад

    Соңынадеиін тыңдадым аман бол ауырма ақ жол

  • @saniraizekeyeva6637
    @saniraizekeyeva6637 Год назад +2

    Ауылға деген сағыныш па? деген сұрақты 5 рет қойдыңыз ғой 😢 Әрине сағыныштан шығады ән мен жыр 😊❤

  • @salamat4102
    @salamat4102 2 года назад +6

    Мықты

  • @user-wu3xj4ww5f
    @user-wu3xj4ww5f 2 года назад +10

    Аралдыктар алга👍

  • @akancakan6614
    @akancakan6614 2 года назад +8

    Тұлға екен, маладес 👍👍👍👍

  • @user-lv4st2ri4n
    @user-lv4st2ri4n 2 года назад +14

    Сыр елінің Арал теңізі топырағынан шыққан Шынберген Сүлейменовтің шығармашылығына басымды иемін. Шығармашылық табыстар тілеймін! Аралдың арда азаматтары аман болсын!

    • @amishatv951
      @amishatv951  2 года назад +2

      Көп рахмет пікіріңізге.

  • @user-io4ik9pb5n
    @user-io4ik9pb5n 2 года назад +3

    Жақсы сұқпат болыпты👍

  • @user-uv5xr2jo7i
    @user-uv5xr2jo7i Год назад +1

    Шымберген денын сау болып онерын орге орлесын иншаллах амиин

  • @nurbol3649
    @nurbol3649 2 года назад +2

    Шынберген қазақтың біртуар ұлдарының бірі, қаншама хит әндердің авторы болса да лайықты бағасын ала алмай жүргені өкінішті. Қолдау болса әлі де талай әдемі әндерді жазар еді.

  • @user-qj3dn5ex2f
    @user-qj3dn5ex2f Год назад +2

    Тамаша сұқпат досым

  • @user-pf6ti4mv8j
    @user-pf6ti4mv8j 2 года назад +8

    Бауырларым аман болыңдар. Бірлік береке берсін

  • @user-vq1nk1rn5e
    @user-vq1nk1rn5e 2 года назад +6

    звук кана нашар боп калыпты.. айтпесе бари жаксы

    • @amishatv951
      @amishatv951  2 года назад

      Иә, соған кешірім сұраймыз. Менің даусымнан брак болыпты

  • @user-sx9gs8fr4r
    @user-sx9gs8fr4r 2 года назад +6

    Шәкең мен Еркіннің айтысы жақсы айтыс еді

    • @amishatv951
      @amishatv951  2 года назад

      Келісемін.

    • @user-lh7nh5gj4f
      @user-lh7nh5gj4f 2 года назад +1

      Табылама екен тыңдауға

    • @amishatv951
      @amishatv951  2 года назад

      Қазақстан арнасында болу керек

  • @saniraizekeyeva6637
    @saniraizekeyeva6637 Год назад +2

    Жүргізуші, сөзін бөлмей тыңдаңызшы қонағыңызды, ойын бөліп жібересіз ғой 😊😅 СОНЫҢ ІШІНДЕ ШАЙЫР ШЫНБЕРГЕНДІ ❤

  • @user-kj3wm7kp4h
    @user-kj3wm7kp4h 2 года назад +7

    Айтқыш бәле ғо Шәкең

  • @bekbolatbudan11
    @bekbolatbudan11 2 года назад +1

    👍

  • @user-uc6op7xi1k
    @user-uc6op7xi1k 2 года назад +4

    Ап бәрекелді, Нұрбек, мынау керемет қой, адамға үлкен ой салатын, өмірлік мәні бар, мағыналы сұхбат болды. Мың алғыс. Ал, Шынберген ағаға келсем, том- том кітап қой, шіркін. Мен студент күнімде осы кісінің әндерін айтады екенмін да, оның әуені кімдікі, сөзі кімдікі мән бермеппін. Содан өсе келе әннің авторы, композиторы дегенге үңіліп қарайтын болдым. Содан осы Шынберген деген кім деп іздеп, түрін көріп, көптеген сазды, есті әндері бар екенін көріп, таңқалғаным рас. Әуендері құлаққа жағымды, әсем, өзіндік әдемі бояулары бар, жеңіл, тамаша енді. Содан бір күні " Шаншар" көріп отырсам, "Қайран, жеңгем" әнін Таңат айтып жатыр екен. Содан ютубтан қайтадан тыңдадым. Көзіме еріксіз жас келіп, сол кездің қиындығы, өкініші, зары, мұңы барлығын сезініп, сөзі мен әуенінің үйлесуі қатты әсер етті ме, еңіреп жылап алдым. Қайта- қайта тыңдаймын, әр тыңдаған сайын жылаймын. Өте әдемі. Кейін авария бопты дегенді естіп, Алладан шипа сұрадым, Құдай- ай, елімізде зиялы адамдар көптеп кетіп жатыр, халыққа керек, іздейді, мұқтаж осындай кісілерге, Алла шипасын бер тіледім. Жақсы болыпты деп естігенде қуандым. Осы видеоны көріп, бір күліп, бір жылап отырмын. Шынберген аға, аман болыңыз, Алла Тағала күш, қуат берсін, деніңізге саулық берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Үлгі аларлықтай тау тұлғасыз, халыққа керексіз. Әндеріңіз бен әзілдеріңізбен қуантып жүре беріңіз. Нұрбек, сен ағамен бетпе- бет жүздесіп отырған бақытты жан шығарсың. Шығармашылық табыс тілеймін. Бес күн өмірде сыйласып, қадірімізді кетірмей, бір- бірімізді бағалайық. Бар болайық, аман болайық🤗

  • @AkuzakMuratuly
    @AkuzakMuratuly 2 года назад +2

    Шынберген аға , аман болыңыз!

  • @user-cb6pp7kh7m
    @user-cb6pp7kh7m Год назад +2

    Аман болыңдар аралдың азаматтары, жүргізушініңда ауылдын сағынғаны көрініпақ тұр, аралда туып, аралда өскен қыз едім, көзімнің жасын бір сығып алдымго, бөлекко біздің ауылдың адамдары, қайран туған жерім, әкем мен анамның табаны тиген жер

  • @user-dm9be2wo3q
    @user-dm9be2wo3q 2 года назад +9

    Шәке халык алдына көптеп шығып турыныз..
    Сизди халык әрдайым күтеді..
    Сиз халкынызга керексіз....

  • @user-lf9xy5yd8v
    @user-lf9xy5yd8v 2 месяца назад

    Бәрі жақсы.
    Дауысы екі түрлі,
    Жақсы, жаман жазылған.

  • @user-oo9ok5er1b
    @user-oo9ok5er1b 2 года назад +6

    Қаидасың аға шымберген
    Аралдан шыққан ән жырмен
    Таңқалдырып жүрушең
    Тойларда талаи әзілмен.
    Сіз аитқан талаи әзілдер
    Аузында жүр аитып әр елдер
    Сияқты кәзір бұл кезде
    Әзілқои мақал мәтелдер.
    Аса көп болсада
    Жетпеиді сізге оларда
    Құлғы естімес адамды
    Күлдеретін тек сіз ғана.
    Ақын болып айтыста
    Топ жарған талаи сайыста
    Арғымақ ұстап ат баптап
    Ат қосқан талаи саиысқа .
    Аманба аға Шымберген
    Әзілің бөлек бар елден
    Сырқаттанып қалды дегенде
    Уайым да болды бездерден.
    Қазалы деген шахардан
    Болыңыз деп аман әрқашан
    Ініңіз Бақыт бір өлең
    Арнады сізге ағажан.
    Тамашалап тои сәнін
    Әзілмен өлең аитатын
    Артық болмас деп аитсам
    Мың жылда бір туатын
    Өзіңіздеи болсын бір ақын.
    Бақыт. Жаңабаев .
    Шәкең 97 . 98 ші жылдары қазалыда көп жүрді талаи тоиларды басқарды кеиін ақтөбеге көшіп кеткен еді мен бір ақтөбеге ат жарысқа ат апарғанмын 2015 те сонда шәкеңді көргенбіз иппадромнан . Аитаберсең шәкеңнің әзілі бөлек қои ерекше .

    • @amishatv951
      @amishatv951  2 года назад

      Керемет!

    • @user-oo9ok5er1b
      @user-oo9ok5er1b 2 года назад +1

      @@amishatv951 шәкеңе дұғаи дұғаи сәлем де

    • @amishatv951
      @amishatv951  2 года назад

      @@user-oo9ok5er1b ок