Арақ сатушы үлкен күнәлар қатарына жатады ма? Ұстаз Жарқын Мырзатай ᴴᴰ

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 21 июн 2023
  • Ұстаз Жарқын Мырзатай ᴴᴰ
    Ішімдіктің салдарынан - ажыраған отбасы, тiрi жетiм­дердiң көз жасы, мүгедек туылған сәбилер. Мем­лекеттердiң көпшiлiгiнде мас­күнемдiктi емдеудiң жолдары қарастырылған. Әрине, теледидар, баспасөз беттерiнде iшкiлiктiң зияндығы туралы сөз болатыны рас. Бірақ iшкiлiктi насихаттау ісі одан да күшті. Бұған дәлел - жарнамалар. Қысқасы, әлемдегі ең зиянды зат арақтан құтылудың жолын шешкен - Ислам шариғаты.
    Алла Тағала «Маида» сүресінің 90-91 аяттарында айтады:
    يَأَيُّهَا الَّذِينَ آامَنُوا إِنَّمَا الْخَمْرُ وَ الْمَيْسِرُ وَ الْأنْصَابُ وَ الْأَزْلَامُ رِجْسٌ مِّنْ عَمَلِ الشَّيْطَانِ فَاجْتَنِبُوهُ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُنَ . إِنَّمَا يُريِدُ الشَّيْطَانُ أَن يُوقِعَ بَيْنَكُمُ العَدَاوَةَ وَ البَغْضَاءَ فِي الْخَمْرِ وَ الْمَيْسِرِ وَ يَصُدَّكُمْ عَن ذِكْرِ اللَّهِ وَ عَنِ الصَّلَوةِ فَهَلْ أَنْتُم مُنتَهُونَ
    «Ей, иман келтіргендер! Арақ ішу, құмар ойнау, пұтқа табыну, оқпен бал ашып бәсекелесу - шайтан ісі, жиіркенішті қылықтар. Бақытқа жетем дегендер шайтан ісінен аулақ болыңдар. Сол арақ, құмар ойнау арқылы шайтан сендердің араларыңа дұшпандық-ғадауат тудырады, сендердің намаз оқуларыңа кедергі жасамақ болады. Тәңірді естеріңнен шығаруға тырысады. Арақ пен құмар ойнаудан сонда да безбейсіңдер ме?»-деп, бұл жамандық атаулыдан аулақ болуға шақырады.
    Міне, бұл екі аятта Алла тағала арақты жоғары дәрежеде харам деп әмір етуде. Арақ құмар ойыны, пұт және бал ашумен қатар бірге айтылған. Бұлардың барлығын ең лас нәрсе деп қайтаруда. Ең лас (рижс) сөзі Құранда тек сорақылығы шектен шыққан және жамандығы жұртқа мәлім нәрсеге айтылған. Бұл аят бойынша арақ - шайтанның ісі. Ал, шайтанның ісі - бұзықтық пен харам. Аятта арақтан алшақ жүруді әмір еткен. Сондай-ақ, бұл кесірден алыс жүру адамды бақытқа жеткізетін жол. Сонымен қатар, әлеуметтік зияны ретінде туысқандық қарым-қатынастың «ат құйрығын кесіп» араласпай кетуге апарып соғатынан айтуда. Арақ ішетін және құмар ойнайтын адамдар арасында сөзсіз дұшпандық пен өшпенділік туындайды. Ал, рухани залалы - пендені діни міндеттемелерінен тоқтатады. Намаздан, оразадан және т.б. құлшылығынан қайтарады. Аталған аят соңында Аллаһ тағала адамдарға бұйыра «...сонда да безбейсіңдер ме?» деп сауал қойды. Сонда осы аятты естіген сол кездегі мұсылмандар: «Раббым! Біз түбегейлі тиылдық», - деп жауап қатты.

Комментарии • 2

  • @abdulla3346
    @abdulla3346 4 месяца назад +1

    Аханды КЕЗИНДЕ БИРАЗ силтеген-ау...

  • @user-df9gd3zy4l
    @user-df9gd3zy4l 8 месяцев назад

    Молда коппп ангме айтады екен