Секен Тұрысбек: «Көңіл толқыны» қайғы-қасіреттен туған күй | Жақсы адамдарым

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 4 окт 2024
  • «Жақсы адамдарым» бағдарламасының бүгінгі шығарылымы дәулескер күйші, композитор, «Ақ жауын» мемлекеттік камералық ұлт-аспаптар оркестрінің жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, композитор Секен Тұрысбекке арналады.
    Jibek Joly TV: бізді спутниктік арна арқылы және RUclips, әлеуметтік желілерден көріңіздер. Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар!
    Біздің басты шоуларды көріңіз:
    Жаңа түнгі студия: • «Жаңа түнгі студияда» ...
    «Ел» бағдарламасы: • Ана жүрегіндегі дақ | ...
    Ләйлә Сұлтанқызымен сұхбат: • Ләйлә Сұлтанқызымен «С...
    #jibekjolytv #Көңілтолқыны #СекенТұрысбек

Комментарии • 93

  • @ФаридаКадырбаева-т1е

    Керемет! Күйшілердің төресін, өнердің майталмандарымен болған ерекше кеш болды. Рақмет, кейінгі жастарға, бүгінгі өсіп келе жатқан өнерлі балаларға жақсы естелік, тәрбие, білім нәрімен сусындайтын бағдарлама болды.

  • @КайшатайБукабаева

    Керемет бағдарлама, недеген жақсы адамдарымыз бар болғанына қуанасың, ереше сүйсініп тыңдаймын Секеннің күйлерін,биіктен көріне берсін, амандық,денсаулық тілеймін!

  • @ЖадраМади-й6я
    @ЖадраМади-й6я Год назад +10

    керемет нагыз талант, бир туар азаматтардын бірі, әрбір туындысы қойылған сайын сондай тебіреніп, мұқият тыңдап, қобалжып отыр, әрбір шығармасы жүрек тебірентеді, осындай өнер адамдары қатары көбейе берсін

  • @РашидаЖурсунова
    @РашидаЖурсунова Год назад +17

    АЛЛА қуат берсін Секен бауырым. Отбасыңа бақыт, құт береке берсін. Зор денсаулық, ұзақ өмір тілеймін!

  • @СакеСаке-м4в
    @СакеСаке-м4в Год назад +7

    Шіркін қандай керемет Секен аға өнердің шыңына өрлей беріңіз денсаулығың мықты болып осындай керемет туындылар дүниеге келе берсін.шығармашылық табыстарға жете берің

  • @МакпалИнабат
    @МакпалИнабат Год назад +11

    Бағдарлама от болды. Рахмет міне жақсы адам студяда отыр. Секен ағамыз аман болсын. 🔥🔥❤️‍🔥

  • @Ақерке-щ6о
    @Ақерке-щ6о Год назад +5

    Керемет,домбыра тартқаны жүрегімді қозғайды,сондай ұнайды Секен аға❤😊😊😊😊

  • @КалимаУсенова-ь1ц
    @КалимаУсенова-ь1ц 10 месяцев назад +4

    Бір тума талант, Аллам өмір берсін, шығармашылығыңыз әрдайым арта берсін, халықтың мақтанышысыз

  • @НескенТусупбаева-е4ъ

    Мықты бағдарлама,керемет жүргізушілер,Секен бауырымның күйіне,әніне өнеріне басымды иемін!Ұзақ ғұмыр тілеймін!

  • @СараМуханова-г2ж
    @СараМуханова-г2ж Год назад +24

    Бүгінгі бағдарламаларыңа мыңда бір рахмет , нағыз жақсы адамдар!!!.

    • @ШайраУалиева-г8э
      @ШайраУалиева-г8э Год назад

      Бағдарлама өте күшті! Рақмет! Менің сүйіп тыңдайтын күйшім Секен Тұрысбек! Сізге Алла разы болсын! Алланың нұры жаусын!

    • @ШайраУалиева-г8э
      @ШайраУалиева-г8э Год назад

      Он саусағынан өнері тамған керемет күйші!

  • @user-yc79sg
    @user-yc79sg Год назад +14

    Қыдыр ағам мен Қарақат жеңгемізге мың алғыс. Қандай мәнді, тәрбиелі бағдарлама. Осындай бағдарламаларымыз көп болса, БОЛАШАҚ ЖАСТАРЫМЫЗДАН ҮМІТІМІЗ ЗОР БОЛАР ЕДІ.

  • @ШОХАНХАНОВ-к5ч
    @ШОХАНХАНОВ-к5ч Год назад +10

    Рухани демалып ,тәрбие алатын бағдарлама .Өскелең жас ұрпаққа үлгі-өнеге береді.Рахмет Қыдырәлі аға!

  • @ЗауреСандыбаева-н2в

    Жасасын қазақтың Кетбұғасы.! Жасасын қазақтың тылсым күйлері! Секен Тұрысбеков өзгеше бір болмыс!!! Деніне саулық, отбасына амандық тілеймін! Жары Назихан екеуі немере, шөбере қызығын көрсін!! Әндерін естіген сайын, көкірегіңе самал леп соққандай күй кешесің. Ғажап !

  • @shynaresilbaeva6554
    @shynaresilbaeva6554 11 месяцев назад +6

    Оте жаксы багдарлама болды
    Сакен
    Турысбекке узак омир зор денсаулык тилеимин куилерин тындап рахаттандым шаршаманыз

  • @ШынараЖаксылыкова

    Керемет! Қазақ өнері шарыктай берсин! Қазақтың әр үйінде күйлер шарықтап, домбыра болсын🙏Секен агайдай таланттар омирге келе берсин🙏

  • @БаккелдиМырзаматов-р2т
    @БаккелдиМырзаматов-р2т 10 месяцев назад +5

    Қандай ғажап десеңші.Секен аға ұзақ жасаңыз.Сізге мың алғыс.Әльфараби Достық жақта тұрады.Машинасын дұрыс қоймапты алдыртқам орнынан қозғап үйге кіріп кетті.Рахмет ацтқам бірақ кіріп бара жатып танып қалдым.Тоқтатуға ұялдым Секен ағаны

  • @azamatnurmukhan8238
    @azamatnurmukhan8238 Год назад +5

    Алла тағалла Секен ағаға ұзақ ғұмыр берсін!
    Әсерлі күй
    Секен Тұрысбек ағаға
    Дауылдатып, жауындатып,
    Бұлтты төмен бауырлатып.
    Елдің жайы, жердің жайы,
    Арқасына ауыр батып.
    Қолына алса домбыраны,
    Күйге ұласар жаңбыр әні.
    Мұзтаудағы мұзды ерітіп,
    Жазда қарды жаудырады.
    Мөлдіретіп қара көзді,
    Елжіретіп алакөзді.
    Қалғып кеткен Рух оянар,
    Ойнағанда, Дарабозды.
    Артса дағы әр сын жүкті,
    Мықты болып, қалсын мықты.
    Тыңдашы өзің, Боздақ боздап,
    Жеткізіп тұр бар шындықты.
    Мәлғаждары жылдам алға,
    Жүйткісе ерек сыр бар онда.
    Өзегіңді өртке орайды,
    Өкініші тыңдағанда.
    Шашқанда Күн шыңнан нұрын,
    Сезіндің бе сырдан мұңын?
    Күлтегіннің күллі әлемге,
    Тарихты айтып тұрғандығын.
    Қамын ойлап текті елінің,
    Шаға бермес көпке мұңын.
    Жұмбағын кім шеше алады,
    Жалғыз жортқан Көкбөрінің?
    Жанға қатты бататыны,
    Мұңның дәмін тататыны.
    Желмаямен Аруана..,
    Желіп келе жататыны.
    Тыңдай түссең шалқытады,
    Бұлттан биік қалқытады.
    Ақ жауынға шомылдырып
    Көңіліңді толқытады.
    Ардақ тұтып арда жолын,
    Арқа қағып, алған қолын...
    Нұрғиса айтқан, Секен аға -
    "Тыңға түрен салған дарын".
    Азамат Нұрмұхан

  • @bagilasaylaubayeva4232
    @bagilasaylaubayeva4232 Год назад +21

    Шынында да оркестр мықты оркестр екен! Құрмет! Бүгін қайта тыңдадым.

  • @МартбекКузембаев
    @МартбекКузембаев Год назад +6

    Секен аға - бүгінгінің Тәттімбеті ғой! 🎵🎶💥👍

  • @kulyashzhumasheva9780
    @kulyashzhumasheva9780 Год назад +5

    Секен аға оркестірімен Ақтауда болды.Бардық,көрдік,тыңдадық,таң қалдық.

  • @klaraalisheva5824
    @klaraalisheva5824 Год назад +9

    Осы хабарды уйымдастырушылар музыканын майын шаккан, халыктын суйикти аншилери, тарынын кауызын алып тастагандай, терип алган музыка саласынын дарабоздарын шакырып, журек торинен орын алган ан, куйлерди тарту етип, корерменге усынып отырулары оте унайды.
    Алде де мазмуны баии туседи деген сенимдимин, шыгармашылык табыс тилеймин!

  • @БотакозБайтуганова

    Секен ағамыздың күйлері мәңгілік

  • @bagilasaylaubayeva4232
    @bagilasaylaubayeva4232 Год назад +8

    Осы бағдарламаның ең үздік хабары! Керемет!

  • @МартбекКузембаев
    @МартбекКузембаев 4 месяца назад

    Кеше Секен ағаны көрдім, жан дүниесі жұмсақ адам екен. Екі сөзінің бірі "Айналайын". Аңыз күйші ғой! 💥🎶🎵👍🇰🇿
    Әйгілі күйші ағамыз жасай берсін! Толағай шығармашылық табыстар тілеймін! 💥🎶🎵👍🇰🇿

  • @РозаБекбулатова-э8ь

    Керемет толқыныс пен тыңдап, демалдым

  • @toidykidayatova2605
    @toidykidayatova2605 Год назад +4

    Бағдарлама өте күшті, кейіпкері дүл-дүл. Мың жаса қазағым.

  • @Ютуб-к4с
    @Ютуб-к4с Год назад +3

    Мықты шығарылған күй! Үнемі тыңдап жүремін.

  • @Маржан-б3л
    @Маржан-б3л Год назад +7

    Керемет күйлер. талант қои Рахмет

  • @Ақерке-щ6о
    @Ақерке-щ6о Год назад +4

    Тамаша😊бас иемін ,домбырв тартып үйренуді мағанда нәсіп етсін❤

  • @КайшатайБукабаева

    Ойй Секеннің күйлері ерекше ғой, жаныңды, жүрегіңді тербейді, өте тамаша, ғажап дүниелер, дархан даламыздай, тыңдай бергің келеді

  • @НайзабековаГульжазира

    Секен ағамыз не деген талант . Жанын беретіні көрініп тұр. Қатты ұнады.

  • @АймагамбетовАйдос

    Агамыздын омир жасы узак болсын. Орындауы бир более.

  • @ШугаШуга-к4ъ
    @ШугаШуга-к4ъ Год назад +5

    Қандай керемет 👍👍👍👍👍💯

  • @aizhamalzhanetova5602
    @aizhamalzhanetova5602 Год назад +3

    Кыдыралы Каракат оте тамаша жоба болды.Жоба гумырлы болсын.Тамаша!!!

  • @АйдынСалигазиев
    @АйдынСалигазиев 11 месяцев назад +4

    АЛЛАХ РИЗА БОЛСЫН СІЗГЕ

  • @ЗухраКунтуарова
    @ЗухраКунтуарова Год назад +12

    Бүгін орындалған Секен ағаның әндерін естіп таң қалып отырмын,керемет,аман болыңыз.

  • @КазбекОзбаев
    @КазбекОзбаев Год назад +5

    Жақсы адамдар, аман есен болсын! Тәңір жар болсын бәріңе!

  • @esbolatotemurat3671
    @esbolatotemurat3671 Год назад +14

    Керемет әндер, күйлер, Секен ағаның күйлерін тыңдаған сайын көңілім босап жылаймын нағыз өнер майталманы, бір тума Секен ағам

  • @ДанизаНуржигитова-з8ф

    Керемет!

  • @kuanyshaleshov
    @kuanyshaleshov Год назад +18

    Ағамыздың күйлері өте керемет .Қазақтың даласындай үлкен ұлы күйлер.Тыңдаған адам жақсы әсер алады 👍👍👍

  • @ШаиркульМуканбетова

    Көңіл толқыны негедир көңілимизге унап улым экеміз тындап жүрген біз, бир кайгы касиреттен туған күй гой деп топшулайтынмын, 2-3 айдан кейін сол жалғыз улымды жоғалтып алдым , жас кетти, кыркына шлайд -шоу жасалып осы күйдү койды, содан бері көңіл толкунын естісем болды улымдын даусын естигендей болам, жүрегім жартылай бірге кетти, сізге рахмет, аман болыңыз😢😢😢

  • @КикТак-ы3б
    @КикТак-ы3б Год назад +9

    Секен ага,амандыкпен жолуга жазсын....

  • @НайзабековаГульжазира

    Ән тыңдағандай болдым. Жанды дауыста.

  • @АбылайКурмангалиев-я5ц

    Казак деген халықа берген улкен казна аброи тарих Алла жасын узак болсаекен рахмет ага олме биз сизбен бакытымыз биздин баилыгымыз сиз ❤

  • @ПеризатМұздыбай
    @ПеризатМұздыбай Год назад +7

    Бұл бағдарлама ерекше болды,ерекше жақсы адамдармен...

  • @Елімменің-ж6е
    @Елімменің-ж6е Год назад +5

    Қарақатты әнші ретінде сүйіп тыңдаймын. Бірақ осы бағдарламаны Қарақаттың ерінің алдына шығып сусылдап көп сөйлейтіні үшін көрмейміз. Секен аға үшін көрдік.

    • @ЗинаСабирова-т5ш
      @ЗинаСабирова-т5ш Год назад +2

      Менде солай оиладым 😂😂😂😂

    • @Абдул-Кадыр-в8и
      @Абдул-Кадыр-в8и 9 месяцев назад

      Теріс-қағыс сөйлемей отырсаңдар іштерің кебе ме.., оу..!!! Қарақаттай болып алыңдар.., сосын оттайсыңдар ..!!!

  • @mairaseitkamzina6264
    @mairaseitkamzina6264 Год назад +3

    Мында бйр рахмет тамаша багдарлама

  • @КелдібайБерлібайұлыҰлжан

    Жақсы хабар екен.

  • @makomak354
    @makomak354 Год назад +3

    Секен ағанығ әзіл аралас әңгімесінің өзі неге тұрарлық. Қандай әдемі, көруге тұрарлық бағдарлама болды
    Секен аға аман болыңыз!!!

  • @blacksmith4906
    @blacksmith4906 Год назад +5

    Секен Тұрысбек нар тұлға! Домбыраны ерекше нәзік шертеді. Құдай сізді жарылқасын!!!

  • @Елімменің-ж6е
    @Елімменің-ж6е Год назад +6

    Секен аға менің ең сүйікті композиторым. Ол кісінің күйлерін қазақ қана емес басқа ұлттар да сүйсіне тыңдағанын көрдім.

  • @ТолкынАбдрахман
    @ТолкынАбдрахман Год назад +2

    Оте.керемет.жасы.узак.блсын

  • @АдалбекКалымкан
    @АдалбекКалымкан Год назад +6

    Тамаша

  • @Shadow_persona
    @Shadow_persona Год назад +3

    Бағдарламаны үстел басында бірге отырғандай сүйсініп көрдік, алғысым шексіз, осындай тұлғаларды көбірек шақырсаңыздар! Сүбелі әңгіме, қазақи сөз орамдарын сусап сағынып қалыппыз, құлағыңның құрышын қандырады.

  • @ЖибекТолебаева-щ6л
    @ЖибекТолебаева-щ6л 8 месяцев назад +1

    көңіл толқынын тыңдағанда балалық шағым, әке шешем есіме түседі. Әттегені ай деген өксік пайда болады. Маған 70 жас балалық шағымды сағынып жылағанымды байқамай қаламын.

  • @МухтарБердигулов-ч3ь

    Секен ағамызды жас кезінен білемін көңіл тоқынын шығарған кезінде үйінде болып едім мен секен ағаның інісі Серік тұрыс бековпен жақын дос болдым өте керемет адам жеңгемізді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес жеңгеміздің үлесіде өте мол оны да ұмытпайық Секен аға мен сізді өте жақсы көремін есіңзде болса Серікжан ініңіздің досы Мұқтар шығармашылық жұмысыңыз алға бассын

  • @АсияПиязова
    @АсияПиязова 2 месяца назад

    Керемет

  • @kyandukorazimbetov7565
    @kyandukorazimbetov7565 Год назад +2

    Ээх айтар сөзім жоқ бір жылап алдым

  • @ErjanLebetov
    @ErjanLebetov Год назад +2

    Секеннин Батыр Баян киносына музыка жазганы туралы аттен айтылмады...

  • @gulzairakeldygulova2120
    @gulzairakeldygulova2120 Год назад +8

    Керемет сөз жоқ, ұзақ ғұмыр ағамызға денсаулық

  • @СакеМаке-е4р
    @СакеМаке-е4р 8 месяцев назад +1

    🙏🙏🙏🙏🙏👍👍👍👍☝️❤️❤️

  • @АдилбекНургалиев-ц1ц

    Нағыз өнер адамы-Секен Тұрысбеков! Өзіне ешқашан жарнама жасамаған, халық өзі мойындап, өзі сүйген адам. Бір баспадан оқып едім, Қытайда гастрольде болғанда керемет таңқалыпты орындау шеберлігіне. "Ақжауын" күйін қазақ күйі дейді екен, байқайсыздар ма, бір жарым миллиард халқы бар Қытай бұдан он жылдан артық уақыт бұрын мойындаған өнерін. Бірақ ешқашан мен сондаймын деп мақтанғанын еш жерден оқымаппын. Қытай телевизиясы "Ақжауын" күйін он жылдан бері ауа-райы болжамын көрсетерде ойнатады екен. Қалай мақтанбаймыз!

  • @РимаКалимжанова
    @РимаКалимжанова Год назад +2

    ❤❤❤👏👏👏💯💯💯👍👍👍

  • @symbatsaken4396
    @symbatsaken4396 Год назад +1

    👏👏👏

  • @БолатХайраш
    @БолатХайраш Год назад +7

    Күйдің құдыреті күшті ғой. СЕКЕН ТҰРЫСБЕКОВ сияқты бір туар таланттарды барында бағалап, құрметтеу керек. Күй қазақтың мұңы, тағдыры, жыры, өмірі, қуанышы, бақыты ғой. Бұл ұлттық өнеремізді ұрпақтан ұрпаққа қалтырып, жалғастыра беру керек. Көптеген үйірмелер, күй мектебін ашып, коллеж, консерваторияны аша беру керек!

    • @ЗухраКунтуарова
      @ЗухраКунтуарова Год назад

      Жойылып кете жаздаған аспабымыз ғой домбыра.Орыстар "одна палка,две струны"деп қорлаған заманда болған.

  • @bekenzhantoleptegi8875
    @bekenzhantoleptegi8875 Год назад +2

    Ассаумайкум😊

  • @БалхияМаткаримова
    @БалхияМаткаримова 8 месяцев назад +1

    Кешегі Тəттімбет, Құрманғазылардың бүгінгі жалғасы.

  • @Toha2324S
    @Toha2324S 6 месяцев назад

    Ақ жауында, ямаха басқа бірдеңе ойнап кеткен сияқты әсер қалдырды

  • @ЖибекЖибек-я9о
    @ЖибекЖибек-я9о 5 месяцев назад

    Қыдыралы ішіп алған сияқты, сөйлегені бір түрлі.

  • @БалхашДосымова-ш1т

    Қарақат ел алдында еріне сөз бермей біттіғой ,үйінде қандай екен бұл

    • @Абдул-Кадыр-в8и
      @Абдул-Кадыр-в8и 9 месяцев назад

      Қарақаттай болып ал. сосын сөйлейсің..! Көре алмастар, не үшін көресіңдер..?! Өрең жетпесе өңешіңді созба..!!!

  • @куанышалиев-и9е
    @куанышалиев-и9е Год назад +2

    Осылар Жана передача ойлап таба алмайды

  • @Ютуб-к4с
    @Ютуб-к4с Год назад +2

    Қыдырәлі аға қартайыпты, сөзі әрең шығады. Жастарға орын беріп, өзіңіз басқа істермен айналысқаныңыз жөн болар. Кешіріңіз, бұл тек өз ойым ғой әрине

  • @JumaUtenov
    @JumaUtenov Месяц назад

    Абк

  • @АлиСагиев
    @АлиСагиев Год назад +2

    Ъ

  • @Ютуб-к4с
    @Ютуб-к4с Год назад +3

    Мықты шығарылған күй! Үнемі тыңдап жүремін.

  • @zhamilatolegenova7431
    @zhamilatolegenova7431 Год назад +3

    Керемет 👍👍👍

  • @АттаАтата
    @АттаАтата Год назад +6

    Керемет!