Алқашсың | 100 теңге сұрадым | Жоқшылық | Өнер қырандарын кім қаржыландырады? | ЛГБТ насихаттаппыз

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 16 дек 2024

Комментарии • 559

  • @NartayAralbyuli
    @NartayAralbyuli  Год назад +40

    00:00 Басы
    01:04 Таныстыру
    01:03 Директорлық қалай?
    02:30 «Өнер қырандарының» актерлеріне директор ұрса ма?
    03:28 Мықты еректің артында дана әйел тұратыны рас па?
    04:01 Қазір халықтың көңіл-күйі қалай? Қабағынан не оқисыз?
    05:32 Неге халықта күдік көп?
    07:06 Көпбалалы аналар митингке шықты. Аналарды ашындырған нақты себеп қандай?
    09:18 Қатты қиналған кездеріңіздер есте ме?
    11:46 «Бесік алатын ақшамыз болмады. Баланы тазикте жуындырып болған соң, оны сүртіп бесік ретінде қолданып, тербетіп ұйықтататынбыз».
    14:18 «100 теңге қарыз сұрағаным үшін «алқашсың» деді».
    15:27 Өткен жоқшылық күндерді ұмытпау үшін не істейсіз?
    16:01 «Өнер қырандары» діни театр ма?
    18:33 «Сахнаға іш киіммен шықты».
    21:02 Бас мүфтимен неге кездестіңіз? ҚМДБ қаржыландыра ма?
    22:35 Біз қазір не нәрсеге күліп жүрміз?
    24:02 Жеңілтек әзіл өтімді ме?
    26:28 Сіз салған пародияға ренжіп қоқан-лоқы көрсеткен кімдер?
    27:08 Әлемді әзіл сақтай ала ма?
    28:44 Сіздің театрдың маңдайшасына не деп жазу керек?
    29:00 Қазір хиджабтың дауы өршіді. Тіпті елге белгілі аруларға ақша төлеп хиджаб тақтырады деген сөз айтылды. Мұндай сорақы дүниелерді естідіңіз бе?
    29:49 Сахнадағы кей әншілердің біресе хиджаб тағып, біресе шешіп тастауы дінді ойыншық қылу ма?
    31:10 Зейнеп Ахметова: "Хиджаб қазақ тарихында болмаған нәрсе. - Қазақ әйелдері ешқашан жалаңбас жүрген жоқ. Кигің келсе, қазақтың әдемі кимешегін неге кимейсің? Қазақтың кимешегіндей сұлу бас киім жоқ деуге болады" деді. Бұл пікірге көзқарасыңыз қалай?
    35:50 Жағымпаз 3 орынбасарды көрдік Базар бастығы туралы әзілде. "Тақ пен табыттың" иесі болмайды дедіңіз. Соны тақта отырғандар түсінді ме?
    37:43 Базардағы ақсақал неге бірден шындықты айтпады?
    39:27 Жағымпаздар неге көп бұл қоғамда?
    40:47 Өтірік айту. Қоғамдық дерт, емі бар ма?
    45:35 Экскаватор туралы әзіл жарнама ма, әзіл ме?
    47:20 Нартай Аралбайұлына пародия жасап аяқ киімге жарнама жасадыңыз. Бұл кревтив пе?
    49:02 Қазір блогер, әнші бәрі кино түсіріп кетті. Неге бұлай болды?
    51:12 Сыйлық қандай болу керек?
    51:53 7 мамырда алған сыйлығыңыз туралы видео жазыпсыз. “Шұлық беріп алдайды” деп. Бұл жанайқай ма?
    53:11 Ауызбіршілігі жоқ отбасылар туралы шыққан әзіл тіпті сойқан. Баланың отбасылық суретке "бақытты отбасы" деп жазып берші дегені қатты жүрекке батты. Адамдар неге мейірімсіз?
    56:34 Баланың тәрбиесімен кім айналысу керек?
    59:48 Сценарийді кім жазады?
    01:01:24 Қадір Мырза-Әлінің «Өлеңге айтып қойыппын, өмірдің айтпа дегенін» дегені бар. Өмірде айта алмағанды әзілге салып жібермейсіз бе?
    01:04:09 Жиі саяхаттайсыздарма?
    01:04:46 “Дубайда баламызды жоғалтып алдық. Омар деп айқайлап, жылап жүрдік”.
    01:07:18 Жылап отырған видеоңыз тарады. Ауру баласы бар отбасы мен зейнеткерлерге барғаныңыз туралы айттыңыз. Бұл қашан болған оқиға?
    01:11:50 "Харекет" қайырымдылық қоры 915 баспана беріпті халыққа. Біреуге бақыт сыйлау арқылы бақытты болу деген қалай?
    01:13:10 Бақыт деген не?
    01:13:38 "Әке-шешемді жиі қуантамын деп айта алмаймын" депсіз сұхбатта. Бұл қалай болғаны?
    01:15:18 Атырауда гастрольде жүргенде анам қайтты деген хабар келді”.
    01:22:11 "Тыл ардагерінің арызы" соғыстың салдары туралы. ХХІ ғасырда Украина-Ресей соғысы болып жатыр. Адам неге соғыстан сабақ алмайды?
    01:25:27 Дау мен жаудан амансыз ба?
    01:26:12 «Мадияр Серікбаевпен бірге жүрген соң сеніп қалдым». Грузиядан көлік алдырмақ болған астаналық алданып қалып ақшадан айрылдым деп арызданды. Мәселе қалай шешілді?
    01:29:46 "Кезінде әзіл деп жүріп ЛГБТ-ны насихаттаппыз" дедіңіз. Бұл қалай болды?
    01:31:38 Жолдасыңыздың парақшасын жиі қарап тұрасызба?
    01:35:00 Бүгінгі күннің батыры кім?

  • @красиваяледи-м7ф
    @красиваяледи-м7ф Год назад +252

    Кезінде 100тг сұраса,сол 100 теңгені еселеп халыққа жинап берген азаматқа Аллаһ разы болсын!❤

  • @ОлжасУристимов-й3щ

    Бұл жұпты шақырған Нартай сізге де Алла разы болсын. Керемет сұхбат болды

  • @baqytzhanabdikarim7414
    @baqytzhanabdikarim7414 Год назад +132

    Дәстүріміз бен рухани құндылықтарды дәріптеп, тек сахнада ғана емес халық арасында мейірімділікті насихаттап еңбек етіп жүрген Қазақ өнерінің нағыз Қырандары!!!

  • @Арай-р4о
    @Арай-р4о Год назад +181

    Мына өмірдің шындығын әзілмен жеткізіп жүрген мықтысыңдар

    • @МираПопова-ы5й
      @МираПопова-ы5й Год назад

      Кәзір Әр-түрлі Діниі сектанттардың фотосын көрген Бір ағамыздың сөзін осында скапировать етіп қояйын.
      Оқыныздар:
      Мына жиылған жұрттың орташа жасы 40~50 шамасында болар, бұлар жастық шағын дінсіз СССР шағында өткізді, азаттық алғалы 30 жылдан бері осы деңгейге жетті, енді ойлаңдар, дінни ақпаратқа тұнып тұрған осы заманда туылып, ержеткендерді елестетіп көріңдер, ешқашан өздеріңмен сол ұрпақты салыстырмаңдар, олар сендер сияқты ес жиғанда дінге бет бұрғандардан емес, есі дінмен бірге кірген ұрпақтар, олар дінде сендерден асып түседі, сендер бармаған, ойламаған шекке жетеді, сол кезде дінді тормоздай алмайсыңдар, қандай мақұлықтарды өсіріп шыққандарыңа өздерің куә боласыңдар, мен дінді құрытып жібереиік демеймін, бірақ жастарды діннен алыс ұстаңдар, ертең өкінгенде кеш болады. бүгін көбейту кестесін емес, тілін құран жаттатқызып шығарғанға мәз боласыңдар, ертең ұлтынан, ғылымнан безген тобыр сендердің қарттық шақтарыңды тыныш өткізуге мүмкіндік бермейді. бүгін көрмеген не бір ағымдарды көріп соған куә боласыңдар.
      АҚШ кеткенде Ауғанстаннан қашып шыққандар түгел кәпірлер емес, олардың 99% өздеріңдей мұсылмандар, шариғат заңдарын дұрыстап оқып шығыңдар, сол заман туып, шариғат ата заңға айналғанда өздерің сол қатаң тәртіпке шыдамайтын боласыңдар. елден біздей қарсы пікір жазатындарды шам жағып таппайтын боласыңдар, зарлау кезегі бізден сендерге келеді. ислам тек біреу, ешқашан Дәстүрлі ислам деген болмаған, бұдан кейінде болмайды, “Дәстүрлі” дегені “Шектелген” деген сөздің әдемі түрі, дін тек шектеуден еркіндікке, шаладан толыққа ұмтылады, биліктің имамдарының пәтуәсі есі дінмен кірген ұрпақтарға өтпейтін болады, үиткені өзгермейтін Кітабі тұрғанда дінді мәңгі еріттеп тұра алмайсыңдар, ертең босап кеткенде саясатқа араласпай қоймайды.
      Сендер әлі діннің шарықтап ұшқан деңгейін көрмедіңдер, егер көргілерің, білгілерің келсе, европаға қашқан мұсылман бауырларыңнан сұраңдар, болмаса RUclips те елінен безген босқындардың берген сұхпаттары бар, соларды білген соң менің неге дінмен жағаласып қалғанымды түсінетін боласыңдар, арабтар елінен қашса тағы 21 араб мемлекеті бар олар таңдайтын, ал Қазақта тек бір ғана ел бар, өзге елге кетсең ұрпағың қайтып Қазақ болмайды.
      Соңында естеріңізге сала кетейін: 75% Ауғандықтар бізбен ұқсас Cуннит, Әһл әс-Cунна уәл-Жамағатынан болады, ал қалғандары иранмен ұқсас шииттер.
      Меніңше Ағамыздың сөзінің жаны бар..

  • @АскарЖайлаубаев-г2у

    Әдемі жұп. Алла разы болсын сіздерге!

    • @user01740
      @user01740 Год назад +6

      Ақылы мен әңгімелері, әзілдері жарасқан жұпты тыңдап тамашаладым. Дендері сау болып, еңбектерінің жемісін көрсін! Отбасына амандық, бақ- береке тілеймін! Армандары орындалып, жоспарлары жүзеге аса берсін!
      Керемет сұхбат болды! Рақмет!

  • @user-nenny123
    @user-nenny123 Год назад +53

    Дана десе дана ғой. Мен ризамын осы келіншекке❤. Екі дүниенің бақытын Мадияр екеуіңіз бірге көріңіздер!

  • @nurlybeksamekov374
    @nurlybeksamekov374 Год назад +107

    Алла істеріңізге береке берсін жігіттер. Сәттілік тілеймін. Қазақ еліне қолдарыңыздан келгенше үлес қосып жатырсыздар. Барлық қазақ мүмкіндігінше елге қызмет жасаса ғой, шіркін.

  • @nursuluseidakhmet4200
    @nursuluseidakhmet4200 Год назад +67

    Өте керемет айтылған: "пайдамыз тиер берушілерден болайық"
    Алла нәсіп етсін солардың қатарынан болуға🤲

  • @ГулдарияЕсенаманова

    Құдайға шүкір! Осындай Адамдар көбірек болсын! Өнер кырандары театры өте ұнайды !Сәттилик тилеймин!!!

  • @Shaahnaz
    @Shaahnaz Год назад +1

    Керемет сұхбат 👍👍КӨРКЕМ МІНЕЗДІ КЕРЕМЕТ ЖҰП. Ешкандай хейтеры жоқ ең үздік театр 🎭🎭🎭 Дами беріңдер, халықтың көңілінен шығатын шығармашылық- туындыларың көп болсын 🙌🏻🙌🏻 🌹🌹🌹🌹🌹🌹⭐⭐⭐⭐⭐🌟🌟🌟🌟🌟💯💯💯💯💯💯🔥🔥🔥🔥🔥🤩🤩🤩🤩🤩🤩🤩Ең жақсы көретін театрм- Өнер қырандары 🎭⭐⭐⭐⭐⭐⭐💯💯💯💯💯💯🔥🔥🔥🔥🔥🔥🎉🎉🎉🎉

  • @akylai6410
    @akylai6410 Год назад +14

    Керемет жұп😍😍нағыз үлгі болатын отбасы.Алла Тагалла бізге де саналы,иманды ұрпақ тәрбиелеу нәсіп етсін🤲🤲

  • @shanyrak.
    @shanyrak. Год назад +12

    Жақсымен өткізген жарты сағат жаманның өтіп кеткен ғұмырындай. Керемет. Мадияр мырза Алла жар болсын!!!!

  • @madinasangulova7438
    @madinasangulova7438 Год назад +40

    Қандай керемет жұп, екеуі бір біріне қарап күліп. Бір біріне деген сыйластықтары күшті.

  • @Han009BOIBOKS
    @Han009BOIBOKS Год назад +26

    Нартай ағамызға рақмет, керемет жұптан сұхбат алғаныңыз үшін! Үлгі тұтар жандар! Алла разы болсын!

  • @Alikhan.Tulegenov
    @Alikhan.Tulegenov Год назад +24

    Соңына дейін тыңдадым. Керемет сұқбат болды. Рахмет ❤

  • @АдилбекЖаркынбек-й1н

    Қазаққа пайдасы тиген азамат.

  • @saparaga
    @saparaga Год назад +15

    Ассалаумағалейкум Құрметті Өнер Қырандары . Алла разы болсын . Бәріңізге Алла берекелі өмір нәсіп етсін . Тек алға . Асыл дінімізді осылай жеткізе беріңіздер . Жүзден асыңыздар .

  • @БакытжамалКолдасова

    Еліміздің маңдайына бақ боп келген жансындарғой өнер қырандары Аллаһ жар болсын сіздерге!

  • @АбайТоғжан
    @АбайТоғжан Год назад +8

    Жаныма азық болар көп нәрсе алдым, рақмет құнды сұқбат үшін 🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  • @АсетСметов-т5ъ
    @АсетСметов-т5ъ Год назад +21

    Біздің елге осындай кісілер өте керек. Еңбегі бағалансын, Алла разы болсын!

  • @A.A.Aizhan
    @A.A.Aizhan Год назад +43

    ТАМАША сұхбат болды. Әрі әзіл,әрі тәрбие. Елімізде осындай азаматтардың болғагына шүкір 🙏👍🏻

  • @jaksylar
    @jaksylar Год назад +3

    Ма ша Аллаһ әдемі жұп әр ойнаған түсірлімдері адамға берері көп. Бахытты болыңыздар.Нартай сізге рахмет 👍👍👍👍👍👍

  • @bati7619
    @bati7619 Год назад +52

    Бул театрга негатив жазудын Ози УЯТ.❤👍🌹

  • @ЖанатРайысова-и1ч

    Мадиярдай азаматқа жар бола білген, азаматының беделін түсірмей, жақсы жар бола білген Данаға рақмет.Көп келіндер өзіңнен үлгі алсын.Азаиаттың беделінің үстем болуы,ойлаған мақсатына жетуі алған жарына да көп байланысты.
    Жар таңдауда Мадияр бауырым қателеспеген екен.Көп нәрсе арадағы сыйластыққа байланысты.
    Өте жақсы сұхбат болды.

  • @Assem.m
    @Assem.m Год назад +4

    Өте күшті, мағыналы сұхбат болды! Екеуі керемет отбасы! Бір-бірін толықтырып тұрады! Айтарлары өте көөөп!❤❤❤😊😊😊

  • @karlyga_1
    @karlyga_1 Год назад +1

    Керемет сұхбат болады рахмет.

  • @ГульнараЖусипова-м8и

    Керемет жұп Мадияр,Дана.
    Тірліктеріңізге тек Сәттілік.Өмірдің бар жақсылығын тілеймін.

  • @gulnurbeknurova
    @gulnurbeknurova Год назад

    Алла разы болсын Мадияр мен Данага🙏Осы Жупты Шакырганынызга Коп Рахмет Нартай Мырза 👏

  • @АрайКалкеева
    @АрайКалкеева Год назад +8

    Керемет сұхбат болды, елінің мұңын тыңдап, халқына әзілмен жеткізіп, күлдіріп тұрып жылатып ой тастар сіздердей театрлар көп болсын 🤲🏻💐👏🏼, жас отбасыларға үлгі болардай өздеріңіздей жұптар көп болсын 🤲🏻💐👏🏼👍

  • @zhanar.kaparova
    @zhanar.kaparova Год назад +3

    Керемет, Нартай,күшті сұқбат болыпты. Сүйікті жұбым еді❤

  • @aimanaiman3515
    @aimanaiman3515 Год назад +6

    Жарайсыздар. Ең керемет театр. Адамдардың рухани жан дүниесі жұталып, адами құндылықтан мүгедек болған қоғамымызға өте зор сабақ берер жеңілдетіп, жүрекке ой салар,ақіретті ойландырар керемет сценарийлерге бай театр, керемет Мадияр оқығаны,ізденгені өте көп.

  • @Нұрмахан-э8в
    @Нұрмахан-э8в Год назад +10

    қандай керемет, отбасының қызығы мен шыжығын айтып беріп отырсыздар, жас отбасыларға үлгі өнеге болып отырсыздар, рахмет, Алла разы болсын

  • @toleybyzadiva2724
    @toleybyzadiva2724 Год назад +1

    Мадияр айналайын сідің"Өнер қырандары " театрының еңбегі еселеніп, әрқашанда осы жолдан таймай халықтың жүрегінен орын ала беріңіздер, біз сіздерді өте бағалаймыз, қанаттарың талмасын, өркендерің өссін👍🏻👍🏻👍🏻❤

  • @aidanakatubaeva4078
    @aidanakatubaeva4078 Год назад +2

    Үлгілі отбасы Алла разы болсын ұжымдарыңызға❤️‍🔥

  • @almatkenzhekulov8496
    @almatkenzhekulov8496 Год назад +6

    Алла разы болсын сіздерден!
    Керемет сұхбат👍
    Қаншама пайдалы дүние алдық)

  • @ЖенисЕсенеев
    @ЖенисЕсенеев Год назад

    Өте қарапайым адамдар. Осындай адамдарға өте ризамын. Өмірде бақытты болыңдар. Өнерде жарқырап көрінеберіндер. Теқ қана жақсы жаңалық сіз туралы естіліп тұрсын.😊🎉🎉🎉

  • @Көпсөзбоқсөз
    @Көпсөзбоқсөз Год назад +1

    Азамат,есімі улкен әріппен айтылу керек азамат жігіт!👍

  • @ЖанылдыкОнаева
    @ЖанылдыкОнаева Год назад

    Мына екі жанға рахмет өнерлерің өркендесін Алла сіздер қолдап жүрсін❤

  • @kuztbiii7396
    @kuztbiii7396 Год назад +8

    Неткен керемет отбасы!😍💓. Аллаһ тағала тіл көзден сақтасын❤️🙌🏻

  • @galiyaabildina502
    @galiyaabildina502 Год назад +5

    👍👏👏👏 алла разы болсын!Екі жұпқа мықты денсаулық Творчестволық табыс тілеймін.

  • @НурсулуИманалина
    @НурсулуИманалина Год назад +5

    Жарайсыңдар!, Мадияр келін екеуің бақытты болыңдар! Өнерлеруң өрое жүзсін!

  • @АдилханЖумагалиев

    Тамаша сұхбат болды Алла разы болсын сіздерге рахмет жарасымды жұп Отбасыңа амандық тілеймін

  • @ЖанаргулЕрмуханова-с8п

    керемет сұхбат болды,жастарға үлгі болар лық отбасы.көз тимесін.

  • @МаяМуталиева-е3л
    @МаяМуталиева-е3л Год назад +17

    Өнер адамдары еш уақытта өтірік айтпайы. Мен де өнер адамымын, художникпін. Сөзге, тілге шебер болмасам да шындықты шырылдатып жіберемін. Өкінішке орай, шындықты қоғамның басым бөлігі қабылдай алмайды. Мадиярға, келінге мықты ризамын. Өсіп, өркендей берсін. Алла жар болсын.

  • @asel1611
    @asel1611 Год назад +3

    Алла разы болсын өте жақсы сұхбат болды біраз әңгіме талқыланды.Ар ұят намыс қазақ баласына керек тың әңгімелер айтылды.Аллаға шүкір осындай азаматтардың бар болғанына.

  • @Г760-77
    @Г760-77 Год назад +1

    Нартай сізге жұмысыңызға табыс тілеймін,керемет тәрбиелі жұп осындай жұптар көп болсын,сіз таныстырмасаңыз осындай жұптарды тани алмас едік,керемеет Алла разы болсын сіздерге, бақытты ғұмыр кешіңіздер,біз сіздерді жақсы көреміз,қазағымның тәубалары,аман болыңыздар,бар болыңыздар ❤❤❤😊😊😊

  • @ГазизаКабылова-э5р

    Екеуіңді тіл-көзден сақтасын Алла! Елге елеулі адамсыңдар,еңбектеріңнің тек жемісін көріңдер! Бақытты болыңдар!

  • @ШынгысАбдиев-ъ1к
    @ШынгысАбдиев-ъ1к Год назад +1

    Мадияр жане камандасындагы жигиттерге Алла разы болсын. Иманды акылды жигиттер👍👍👍

  • @user01740
    @user01740 Год назад +1

    Керемет сұхбат болды! Рақмет! Ақылы мен әңгімелері, әзілдері жарасқан жұпқа мықты денсаулық, отбасының амандығын, бақ- берекесін тілеймін! Жоспарлары жүзеге асып, еңбектерінің жемісін көрсін!

    • @user01740
      @user01740 Год назад +1

      Инвалидность туралы айтқаны да дұрыс болды. Нағыз мүгедектердің сол айтқандай ақшаға сатып алуға мәжбүр болатынын бірнеше адамнан естіп, "Не деген сұмдық!"- деп жағамды ұстадым ..
      Комиссияда отырғандардың жүрегі бар ма екен? Олар бұл тірлігімен мүгедек жандардан да бұрын өздерiне өздері қиянат жасап жатқанын білсе ғой!

  • @Make-ih3wd5dh08x
    @Make-ih3wd5dh08x Год назад +10

    АЛЛА ӨМІРЛЕРІҢІЗГЕ ДЕ,ӨНЕРЛЕРІҢІЗГЕ ДЕ БЕРЕКЕ БЕРСІН. ЖАСАЙ БЕРІҢІЗДЕР КЕРЕМЕТ СҰХБАТ БОЛДЫ.

  • @МихаилБаратов-в6ш
    @МихаилБаратов-в6ш Год назад +14

    Әссәләммү әләйкүм. Қудай деген адамдар. Осындай адамдар әр бәріміздің жанымызда болсын. Аллаһ бәрімізге осындай дос, аға, іні нәсіп етсін.

  • @БақытБедер
    @БақытБедер Год назад +14

    Күліп отырып жылататын , жылап отырып күлдіретін қырандардың қанаты биікке самғсаын .
    Мадияр бауырымызға мың алғыс !

  • @СейтжанАбутаев
    @СейтжанАбутаев Год назад +1

    Күшті сұхбат болды рахмет Алла разы болсын

  • @meruertspabekova3666
    @meruertspabekova3666 Год назад +2

    Жақсы айтты Мадияр мырза.Ел алдында жақсы қойылымдарыңызбен көрініп жүре беріңіздер❤

  • @НурзадаЕсперова
    @НурзадаЕсперова Год назад +2

    Нартай рақмет сізге.Керемет сұхбат болды!

  • @ГулнарЖанбосынова-г4с

    Алла разы болсын!Өне қырандарына!Аман болсын,бай бақуатты болсын!Өте ризамын!Аллам қолдап қорғап жүрсінші осы театр ұжымын!!!!

  • @Qazaq0675
    @Qazaq0675 Год назад +15

    Мадияр өнерлерің өрге бассын. Менің бір айтарым тіл тазалығына мән беріңдерші, сіздерге көп жастар еліктейді, сіздерге қарап бойларын дүзейді. Тіліміз дүзелсе көшімізде дүзеліп қаладыма деймін.

    • @user-jh8vx2tn9c
      @user-jh8vx2tn9c Год назад +3

      Түзейді, түзелсе, түзеліп.

    • @dinaraussipbekova9458
      @dinaraussipbekova9458 Год назад

      Дұрыс айтасыз! Парсы, араб кірме сөздерін қолданбай!

  • @НурзадаЕсперова
    @НурзадаЕсперова Год назад +3

    Нартай мың алғыс.Бүгінгі сұхбат керемет болды.Айтар ойы бар,астары терең Өнер қырандары сіздерге творчестволық табыс тілеймін!

  • @РаушанМухамеджанова-б3у

    Керемет адамдар онерли журектери Кен ❤❤❤ дендери сау, жастары узак болсын. 🎉🎉🎉

  • @АбдумажидМаликов-з3л

    Маке ризамиз сиздерге. Айелинизгеде Алла риза болсын. Артта келе жатқан жас урпактарга өрнек болып журебериниздер. Өнер қырандары театры мың жасасын

  • @Bilgichbek
    @Bilgichbek Год назад +4

    Сүбелі сұқбат үшін, көп рақмет!!!

  • @AQ.NarTauekel
    @AQ.NarTauekel Год назад +3

    Алла жар болсын несібесінен әр пенденің алары мол болсын. Дүниеге емес негізгі құндылықтарды керемет күшті жеткізе білді. Бақытты ғұмырлы болыңыздар. Алла абырой берсін. Нағыз қазақи салт санадағы қоғам болу үшін біздің еліміздің мәдениет пен салт дәстүрімiзге мүмкіндігінше қолдау қорғау қажет. Соны жат ағымға бұрып алып кетiптe жатқан жәйттары белең алған. Қадағалау қажет үкімет тарапынан, Депутаттар 1 жыл дағы жарты жылдық қорытынды талап ететін заңдық түсіндірме норма енгізу арқылы жүзеге асырылатын аудиторияның жұмыстары мен бағдарламалар тәртіпке сәйкес келетін шараларды қолдау қажет.

    • @ФаридаФарида-д2г
      @ФаридаФарида-д2г Год назад +1

      Өте керемет сұхбат болды,бақытты болыңдар айналайындар ! Еңбектерінің жемісін көріп,халықтың ризалығына бөлене беріңдер

  • @zhanaluk5264
    @zhanaluk5264 Год назад +5

    Кереметтттт. Өнер кырандарын көрген сайын бір рахаттанып қаласың

  • @baglan8180
    @baglan8180 Год назад +1

    Кандай керемет келиншек, Мадияр бауырымыздын багы бар екен. Бакытты болындар!

  • @madikurba4623
    @madikurba4623 Год назад +4

    Ассалаумалейкум бауырлар. Аллах разы болсын Мадияр бауырымызга. Елге, жерге истеген кызметтеринизге Аллах улкен сауаптан жазсын. Мадияр бауырым елдеги жемкорлык биздин тубимизге жететин болды.

  • @ГУЛДАНАСИСЕНОВА-ш7ь

    Керемет жандар😍 керемет сұхбат!!👍👍

  • @қонжық
    @қонжық Год назад +2

    Керемет рухани сұхбат болды👍 осындай әңгімені кейбір қарияларда айта алмайды

  • @КалибекКапар-б4н
    @КалибекКапар-б4н Год назад +14

    Алла разы болсын жыгттер

  • @gulsim.aitmahan
    @gulsim.aitmahan Год назад +2

    Өнер қырандарының 2016 жылғы қойылымын залда тырп етпей 3-4 сағат, түн жарымына дейін көрдім. Сол жылдан бастап дінге көзқарасым өзгеріп, ораза ұстай бастадым. Ұжымға шығармашылық табыс тілеймін!

  • @kairatermaxanov4574
    @kairatermaxanov4574 Год назад +3

    Алла разылығы болсын

  • @erbakitkadirbekov8671
    @erbakitkadirbekov8671 Год назад +1

    Ең керемет сұқпат болды. Және негатив пікір айтылмаған сұқпат деп 100% айта аламын

  • @Adai_1987.
    @Adai_1987. Год назад +20

    Керемет сұхбат болды. Кәзір кейбір әртістер қатын болып сахнаға шығады. Ал сіздер ол төменгі қатардан емессіздер 👍👍👍👍✊️✊️✊️👍

  • @СымбатпенМедина
    @СымбатпенМедина Год назад +2

    Керемет сухбат, нагыз отбасы,карап,козимиз де, конилимиз де тойып отыр 😍

  • @temirjankarimov3934
    @temirjankarimov3934 Год назад +41

    Алла берекесін берсін. Әзілдің өте қиын жағын таңдаған екенсіз. Өте жақсы жолды таңдаған екенсіз.

  • @БибигульКурбанбаева

    Керемет жуп керемет сухбат Казактын жигиттери Мадиярдай болсын Аман болындар

  • @KurmetKhanov
    @KurmetKhanov Год назад +1

    өте жақсы сұхбат❤

  • @botakozazilbaeva3349
    @botakozazilbaeva3349 Год назад +2

    Мадияар аға өмірде өте жұмсақ сабырлы жан Дана тәтеге келсек өмірде өте сұлу ақылды ашық жан ❤❤❤

  • @АйжанКарымсакова-ы4ю
    @АйжанКарымсакова-ы4ю 8 месяцев назад

    Маладес Алла разы болсын🎉🎉🎉🎉🎉🎉😂😂😂😂😂😂😂😂😂😂😂😂❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤

  • @AvatarWorldTocaBoca.
    @AvatarWorldTocaBoca. Год назад +2

    Булай сухбаттарды сонына дейн кормейтын едим, бирак бул оте тамаша сухбат болды, кулдик те козге жас келген жериде болды, Аллага шукир осындай адамдарды бизге корсетип койган, осылар аркылы тусинбеген жерлеримизди тусиндирип койган

  • @glmigrm
    @glmigrm Год назад +2

    Өте әдемі жұп сіздерді көріп көп нәрсені түсіндім рухани дүниелерімізді көп айттыңыздар. Өте керемет

  • @ГазизаКабылова-э5р

    Мадияр жасаған қайрымдылықтарың тек сауапқа жазылсын!

  • @НурболПошанов
    @НурболПошанов Год назад +2

    Жақсы сұхбат болды бір жарым сағат бөліп көргенге тұрарлық.Мәке жарайсыз ,қазақтың қарапайым жанашыры)))

  • @ЕрмекМынболов-о3ы
    @ЕрмекМынболов-о3ы Год назад +8

    Алла разы болсын

  • @sauletbatyrbekova8595
    @sauletbatyrbekova8595 Год назад

    Мадияр балам сен туралы көп естідік,көрдік,қайырымдылық жасап талай от басына көмек бергендеріңдіде естідік,осы жақсылығың алдыңнан шықсын,көмекке мұқтаж жандар көпқой,Алла тек қолдасын сендердей жандарды.

  • @akzharkynabuova1379
    @akzharkynabuova1379 Год назад +1

    Қайырлы күн!
    Менің ойымша адамды жоқшылық шынықтырады. Бүгінге дейін қазақтар байлықтың үстінде тұрса да. Бай болып өмір сүрген ел емес. Бүгінге дейін қазақтар мейірім, шапағат, қанағат аясында өмір сүрді. Қазақ елі қандай қиын заманды басынан өткерді. Сол заманда да қазіргідей сандалып, дал болып адасқан жоқ. Қазір адамдарда қанағат жоқ, бір атан жарыстың соңында. Психологиялық ауытқуға жақын.
    Екінші мәселе біздің елде, басшылардың сорақылығы. Ел мен билік арасы алшақтап кетті. Жаман үйдің қонағы билейді дегендей, өзге ұлттар елімізде тоқшылықта, ал қазекең жоқшылықта. Жоқшылық жеті ағайынды дегендей жан-жағынан бас салды. Мансаптық баспалдақ жоқ. Тамыр-таныстық белең алған. Осы мәселелер бір жолға түспей келеді.

  • @almasssalmass8266
    @almasssalmass8266 Год назад +6

    Өте бір үлгілі адамдар, үлгілі семья!👏👏👏👏👏👏👏👏👏

  • @adiljabbar9323
    @adiljabbar9323 Год назад +15

    Ең күшті сухбат!!!!

  • @zhanaluk5264
    @zhanaluk5264 Год назад +1

    Керемет айелі Дана ханым өзіне керемет жарасады. Ойнаган рөлдеріде өтеееееееен кереметттттттт. маганннн қатты ұнаидыыыы. Өнер қырандарыыыыыы. Сіз сияқты орамалға келу бізгеде нәсіп етсіг😊

  • @МелдебекКуниш
    @МелдебекКуниш Год назад +6

    Мəшə Аллаһ əр қазақ осындай жанұя болсағо

  • @Yerassyl_
    @Yerassyl_ Год назад +1

    Өте өте керемет сұхбат👍

  • @МаржанСазанбек
    @МаржанСазанбек Год назад +3

    Осы жұптың тәрбиесіне қызығамын❤

  • @НуралыТулегенов-з8ф

    Алла разы болсын.
    Нартай аға осындай тұлғаларды шақырсаңыз пайдалы ақыл кеңесін айтып кететін.

  • @Manarbek_Kayupov
    @Manarbek_Kayupov Год назад

    Жақсы сұхбат болды Мадияр баурыма разы болам. харекет корына .укімет бермеген уиды харекет корынын уиымдастырумен берып жатыр .

  • @МайраМергенова
    @МайраМергенова Год назад +7

    Өнер қырандары мықты театр, керемет сұхбат болды 👍👍👍

  • @БагланРахымберди

    Ассалаумағалайкум Нартай мырза Мадиар бауырымыз бен жақсы сұпаттасу болды. Өзиме жасақ рухани тәлим тәрбие алдым сиздерге көп рахмет 👍👍👍👍👍👍💪💪💪💪💪💪🤲🤲🤲🤲🤲🤲

  • @aiaulyzhumabek1612
    @aiaulyzhumabek1612 Год назад +3

    Осындай азаматтарымыз барына Аллаға шүкір! Көргенде көз тойатындай отбасы, елдің болашағына қам жеп жүрген азаматтарымыз аман болсын!

  • @abylai9050
    @abylai9050 Год назад +12

    Құндылық туралы пікіріңіз өте тамаша айтылды

  • @АнельЕлемесова-к6о

    Керемет сухбат болды🤩, жасап журген енбектеринизге рахмет💐👏🏻

  • @мадимади-ю7ф
    @мадимади-ю7ф Год назад +1

    Риза болдым Алла риза болсын әрбір өнер адамдары осылай болса екен Нареке жұмыстарыңа сәттілік