Шортанбай Қанайұлы "Зар заман" аудионұсқасы

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 3 фев 2025

Комментарии • 31

  • @Umid-lr8yr
    @Umid-lr8yr 11 месяцев назад +8

    Зар заман, зар заман,
    Зарлап өткен бір заман.
    Сөздің басы - бисмілла,
    Біз айталық, сіз тыңда
    Мұсылманның тарихын:
    Төрт аяқты хайуан -
    Бұ дүниенің жарығы.
    Бағасы кеткен жігіттің
    Бетінен алар зайыбы.
    Бір алладан басқаның
    Көпті қылған айыбы.
    Кесапаттың кесірі
    Келе ме деп керт басқа,
    Сол себептен қорқамын!
    Әуелгі қорлар зор болды,
    Сондай зорлар қор болды,
    Әуелгі барлар жоқ болды,
    Сондай жоқтар тоқ болды,
    Жөн білмеген жамандар
    Ел билеген бек болды,
    Көтере алмай билігін,
    Ұласқан үлкен кек болды,
    Ниетіне қазақтың
    Тым - ақ тәуір еп болды -
    Заманақыр болар деп,
    Сол себептен қорқамын!
    Қыс көбейді - жаз аз боп,
    Бай таусылды - мал аз боп,
    Ағайыны көре алмай,
    Атаға бала араз боп.
    Әр нәрсенің болжалы
    Келе жатыр жақындап.
    Ағашты тауға үй салып,
    Алды кәпір ақында,
    Елді еркіне қоймады
    Буыршындай тақымдап.
    Дуан басы, болыс тұр
    Кәпірдің сөзін мақұлдап,
    Бейшараның пұлы жоқ,
    Қорыққаннан қақылдап.
    Жарысқа кірген жақсылар,
    Аша алмассың көзің деп,
    Сол себепті қорқамын!
    Елге егін жайылды,
    Байға қоңсы жоламас.
    Алдап-арбап жүрем деп,
    Өз тілегін тілемес.
    Арам сулы балаға
    Атаның сөзі ұнамас.
    Заманақыр боларда
    Алуан-алуан жан шықты,
    Қайыры жоқ бай шықты.
    Сауып ішер сүті жоқ,
    Мініп көрер күші жоқ,
    Ақша деген мал шықты.
    Жарлы - кедей жоқ десек,
    Қорлықпенен күн өтер.
    Таңда махшар күн туса,
    Таразыны аударар
    Жаһаннам деген дозақта.
    Шайтан болар жолдасы,
    Құбыласын білмей құл,
    Сонда тартар жазасын.
    Кешірмейді құдайым
    Бес намаздың қазасын.
    Құрт-құмырсқа жиылып,
    Сонда алады мазасын.
    Жаһаннамның белгісі -
    Жалғанға болар расың.
    Мұқым қылмай құдайым
    Ол залымның тау басып.
    Сақта құдай солардан,
    Сол себепті қорқамын!
    Байлар ұрлық қылады,
    Көзіне малы көрінбей,
    Билер жейді параны
    Сақтап қойған сүрін.
    Заманың сенің құбылды
    Текеметтің түріндей.
    Ойлағаны жамандық,
    Жарадан аққан іркіл.
    Жеті жұрт кеткен қожадан,
    Сен тұрмайсың бүлінбей.
    Қазақ ұлы жиылып,
    Құдайыңа сыйынып,
    Қондыгерге хат жазып,
    Кешіктірмей дат жазып,
    Өлместің де қамын қыл,
    Басың сотқа ілінбей.

  • @whoismins
    @whoismins 2 года назад +13

    3:54

  • @Umid-lr8yr
    @Umid-lr8yr 11 месяцев назад +3

    Мына заман қай заман?
    Азулыға бар заман,
    Азусыз тар заман.
    Тарлығының белгісі:
    Жақсы - жаннан түңілген,
    Жаман - малдан түңілген,
    Мұның өзі - зар заман.
    Зарлығының белгісі:
    Бір - бірлерін күндеген,
    Жай-жайына жүрмеген,
    Мұның өзі - тар заман.
    Тарлығының белгісі:
    Мұсылманнан хал кетті,
    Тәңірім болғай деместен.
    Анты жұқпас бойына,
    Әр не түсер ойына,
    Жалмауыз болды үлкенің,
    Қазақ, сенің сорыңа.
    Арқадан дәурен кеткен соң,
    Қуғындап орыс жеткен соң,
    Тіпті амал жоқ, қазақтар
    Енді сенің торыңа.
    Орыс - бүркіт, біз - түлкі,
    Аламын деп талпынды,
    Орыстан қорлық көрген соң,
    Отырып билер алқынды.
    Мың-мың жылқы айдаған,
    Сары қазы шайнаған,
    Қымызын судай сапырған,
    Ішіп мас боп ақырған,
    Арқаның жазын қашырған,
    Жылқының етін жемес - ті,
    Жағаласқан мына жау
    Кетірер сонда сиқың.
    Қолыңды қойса айдарға,
    Жарар сол да жылқыңды.
    Бұхарға жетер күн болса,
    Тыншытар ма едің ұйқыңды?
    Қанар кәпір халықты
    Көп жасады неліктен?
    Көтерілді керемет
    Бұл асылық, асқан заманда,
    Ұл туады атаменен егесіп,
    Қыз туады анаменен теңдесіп,
    Баласы кетіп тыюдан.
    Масқаралар таймайды
    Жас сыйласып тұрудан.
    Адал зада баланы
    Таба алмассың рудан.
    Ұлың киді дүрия,
    Ұстараның жүзіндей
    Аударылған дүние
    Қызың киді биқасап,
    Тергеп кимей байқастап,
    Кешкітұрым болғанда
    Құлан менен бұландай
    Үйде тұрмас ойқастап.
    Қыз, жігітте әдеп жоқ,
    Үшбу күнде халықтың
    Домбыра болар шерткені,
    Зина болар қылғаны,
    Деген екен бұрынғы
    Ол бір өткен сапасын,
    Бұрынғының сөзінің
    Бір қатысы болсаңшы!
    Дәулет, бақтан әуелден
    Жесір қатын, жетім ұл
    Бір қараны сан қылып
    Айдаған бұ дүниеге тойсайшы!
    Қартайғанша мал дейді,
    Өлгеніне жан дейді, -
    Бұ дүниенің қызығын
    Көңіл шіркін қоймайды

  • @makoo6765
    @makoo6765 4 года назад +12

    Сол сабаққа керек еді,улкен рахмет!

  • @kako2151
    @kako2151 2 года назад +2

    Өте мағыналы екен, өте керемет 👍🏻👍🏻👍🏻

  • @magzhanzhumabai1234
    @magzhanzhumabai1234 3 года назад +2

    Рахмет сізге сабақ керек еді

  • @bird9117
    @bird9117 4 года назад +4

    Рахмет сізге

  • @AkonyaKabdenova
    @AkonyaKabdenova Год назад

    ҰБТ ға керек еді көөп рахмет ❤аманда бақытты болыңыз❤

  • @new2024_year
    @new2024_year Год назад

    Сабаққа керек еді, үлкен рахмет

  • @era_yt9134
    @era_yt9134 2 месяца назад

    Сен

  • @ЖанельКайраткызы-д2ц
    @ЖанельКайраткызы-д2ц 2 года назад +3

    Керек кезде тындағанға жаксы брак оғығаны жаксы емес

  • @АружанИсабекова-э6о
    @АружанИсабекова-э6о 3 года назад +4

    Түсініксіз ештенке не мнау

    • @coolchanell6946
      @coolchanell6946 3 года назад +5

      Қазақ ақыны Шортанбай Қанай ұлының зар заман өлеңі

    • @БауыржанНурсейтов-м3щ
      @БауыржанНурсейтов-м3щ 2 года назад +2

      19-ғ патша үкіметінің қазақ еліне зобалаң жасап , қазақ хандығын құртып,ел діңгегін шіріткен заман-зар заман заманы .Қазақтың зар заман ақындары: Дулат Бабатайұлы,Шортанбай Қанайұлы,Мұрат Мөңкеұлы . Шортанбай қазіргі заманды болжап айтып кеткен өлеңі бұл "зар-заман" өлеңі.

    • @АқниетАйтмұқан
      @АқниетАйтмұқан Год назад

      СЕН ТОПАС БОЛҒАННАН КЕЙІН ЕШТЕҢЕ ТҮСІНБЕЙСІҢ.САУАТСЫЗ,ӘДЕБИЕТСІЗ

    • @Orazaly-ju2bh
      @Orazaly-ju2bh Год назад

      ​@@АқниетАйтмұқанолә жәй

  • @Ponkohok
    @Ponkohok 2 года назад

    Қазақ демейді неге Казах дейді?

    • @ҚуанышБахтберген
      @ҚуанышБахтберген 2 года назад

      Сол кезде орыстар бәріне қазақ емес казак дегізді

    • @Ponkohok
      @Ponkohok 2 года назад

      @@ҚуанышБахтберген Казак емес Казах кітапта Қазақ деп айтылған оқып қарасаңыз

    • @Azhoka-b1z
      @Azhoka-b1z 2 месяца назад

      Сен сұрасын деп

    • @BerikNarikbay-hk1iu
      @BerikNarikbay-hk1iu 2 месяца назад

      Ұнамаса тыңдама

  • @thegreitof
    @thegreitof 2 года назад

    3:54

  • @масштабныйдед
    @масштабныйдед 8 месяцев назад

    3:55

  • @AsemaiBatyrkhan
    @AsemaiBatyrkhan 2 месяца назад

    1:25