АЛЛАНЫҢ КӨРКЕМ ЕСІМДЕРІМЕН ДҰҒА ЖАСАУДЫҢ МАҢЫЗЫ//ӨМІРІҢЕ БЕРЕКЕТ ТАПҚЫҢ КЕЛСЕ АЛЛАНЫ ЗІКІР ЕТ!!!

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 10 сен 2024
  • АЛЛАНЫҢ КӨРКЕМ ЕСІМДЕРІМЕН ДҰҒА ЖАСАУДЫҢ МАҢЫЗЫ//ӨМІРІҢЕ БЕРЕКЕТ ТАПҚЫҢ КЕЛСЕ АЛЛАНЫ ЗІКІР ЕТ!!!
    «Және ол (Сүлеймен): «Уа, Раббым! Маған және әке-шешеме берген нығметіңе шүкір етуіме және Өзің разы болатын ізгі істер істеуіме итермелеп, рахымың арқылы ізгі құлдарыңның арасына кіргізе гөр», - деді»
    Ал Әнес ибн Мәлик (Оған Алла разы болсын) бірде Алла елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қасында отырған кезінде бір адам намаз оқып, «Я, Алла! Барлық мадақтың Сенікі екендігі арқылы сұраймын! Сенен өзге құдай жоқ! Уа, Сый беруші! Уа, көктер мен жерді ғажайып жаратушы! Уа, ұлылық пен шексіз жомарттықтың Иесі! Уа, Мәңгі Тірі! Мәңгі Өздігінен Тұрушы!» деп дұға қылады. Сонда Пайғамбар(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Мынау Аллаға дұға қылса жауап беретін, қажет сұраса беретін ең ұлы есімі арқылы дұға қылды», - деген.
    Михжан ибн Әдрағтан жеткен хадисте Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бірде мешітке кіргенде бір кісі намазының отырысында «Я, Алла! Сенің Алла, Бір әрі Жалғыз, тумаған әрі туылмаған, Мұңсыз және теңдессің жоқ екендігің арқылы сұраймын, менің күнәларымды кешіре гөр! Шынында, Сен Аса кешірімшіл әрі өте рахымдысың!» деп дұға қылып жатқанын көріп: «Оның күнәсы кешірілді. Оның күнәсы кешірілді. Оның күнәсы кешірілді», - деп үш рет айтқан.
    Әбубәкір (Оған Алла разы болсын) Пайғамбар(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Намазды айтатын дұға үйретіңіз», - деп сұрағанда ол(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Уа, Алла! Шындығында мен өз-өзіме көп зұлымдық қылдым, ал күнәні Өзіңнен басқа ешкім де кешіре алмайды. Мені Өзі жаныңда жарылқаумен жарылқап, рахым қыл. Расында Сен Аса кешірімдісің әрі Ерекше рахымдысың» деп айт», - деген
    Әлиден (Оған Алла разы болсын) жеткен риуаятта Пайғамбар(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) намазға тұрғанда: «Уа, Алла! Сен Патшасың, Сенен басқа құдай жоқ, Сен менің Раббымсың, мен Сенің құлыңмын, өз-өзіме зұлымдық қылдым, күнәмді мойындадым. Менің барлық күнәларымды кеше гөр. Расында күнәларды сенен өзге ешкім де кешіре алмайды..», - деп айтатын болған.
    Әбу Һурайрадан(Оған Алла разы болсын) жеткен риуаятта Пайғамбар(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) төсегіне жатарда: «Уа, Алла! Аспандардың Иесі! Жердің Иесі! Ұлы аршының Иесі! Раббымыз! Барлық нәрселердің Иесі! Дәнек пен өзекті жарушы! Тәуратты, Інжілды һәм Фұрқанды(Құранды) түсіруші! Өзің кекілінен суырып тартып алатын барлық жамандықтардан Өзіңмен сақтанамын! Уа, Алла! Сен - Біріншісің, Сенен бұрын ештеңе болған емес! Сен - Соңғысың, Сенен кейін ештеңе жоқ! Сен - Жоғарысың, Сенен жоғары ештеңе жоқ! Сен - Төменсің сенен төмен ештеңе де жоқ! Бізді қарыздан арылтып, кедейліктен құтқар!» - дейтін болған.
    #Алланыңесімі #Зікір

Комментарии • 4