БАҚЫТЖАН БҰҚАРБАЙ: Деколонизация, құлдық санадан арылу, Ресей цензурасы & ағартушылық+БАЙҚАУ

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 28 авг 2024

Комментарии • 258

  • @tomitom645
    @tomitom645 10 месяцев назад +7

    Блогер, әртіс дегендерге қарағанда осындай білімді, білікті азаматтардың сұхбаттарда берері көп! ойын Ашық айта алатын, көрерменге жеткізе алатын саналы азаматтармен сұхбаттар көбірек болса екен! Тимурға осындай эфирлар үшін алғыс білдіремін!

  • @user-oq8rb4bu8w
    @user-oq8rb4bu8w 7 месяцев назад +5

    Бақытжан Бұқарбай - нағыз патриот, сұпхат үшін рахмет

  • @user-oy2eh2xq5p
    @user-oy2eh2xq5p Год назад +5

    Тарихымызды білуге деген құштарлығымды одан бетер оятты👍 Әдемі сұқпат. Ұнады. Рақмет!

  • @Madikaspan
    @Madikaspan Год назад +112

    Маған Бақытжан Бұқарбайдың сөзінің бір ұнаған тұсы - қазіргі 1 қазақ 5 қазақтың жауапкершілігін арқалайды деген тұсы. Осы сөз үнемі мида жүру керек ау барлық қазақта.

    • @khersonskiyarbuzkhersonski2460
      @khersonskiyarbuzkhersonski2460 26 дней назад +1

      Уж точно свободные украинцы, могут рассказать о том что они уже не рабы воюя за интересы Америки, у казахов чьи дети уже в дет.садах учат английский язык - уж точно не являются рабами.

  • @Jazira17
    @Jazira17 Год назад +29

    Керемет сұхбат.Дәрежесі бөлек. Өмірлік ұстанымы ұнады.
    1. Жұмысың өзіне ұнау керек
    2. Өзіңе, Отбасыңа, қоғамға пайда әкелу керек
    3. Акша әкелу керек
    4. Маразматика болмау керек
    5. Карупция болмау керек

  • @user-ov1yu7fn4c
    @user-ov1yu7fn4c 7 месяцев назад +2

    Комментарииларды оқып отсам Бақытжан мырза баршамызга жақсы әсер калдырыпты. Осындай азаматтардың қоғамда көп болганы қандай тамаша болар еді. Тимур мырзага үлкен алғыс🙏

  • @user-og9sy2or4d
    @user-og9sy2or4d Год назад +2

    Мен Бақытжан Бұхарбай қазақша аударып шығарған Аспантау асқан көш кітабын сатып алғам. Қилы қилы тағдырдан өткен шеттегі қазақтар туралы Халифа Алтайдың Алтайдан ауған ел кітабының жалғасындай оқыдым. Мен кітап сатып ала беремін. Жолдасым ұрсады. Аз пенсиямыз кетеді деп. Бар азамат өзіңдей болса еліміздің ертеңі ертегідей болушы еді. Қайтейік, қайсы бірін айтайық. Өздеріңе сәттілік!

  • @MrUalikhan
    @MrUalikhan Год назад +40

    Жақында «ер адам жаспен өспейді, жауапкершілікпен өседі» дегенді оқып едім. Бүгінде міне Бақытжан ағамыздың аузынан әр қазақ мойнына жауапкершілікті алуымыз туралы естіп отырмын. Ал адам жауапкершілік алу үшін, оны сезіну үшін ең алдымен саналы болуы шарт. Саналы болуы үшін өз-өзіне сұрақ қоя білуі,ойлана алуы керек. Ал ой қайдан шығады, көп оқығаннан. Айналып келгенде барлығы осы оқудан шығады. Оқуға қалай қызықтырамыз деген сұрақ туындайды, ол үшін әр адамға бір мәселесінің жауабын беретін кітап керек. Түбінде осы авторларды, баспагерлерді халық болып қолдауымыз керек екен.

  • @user-jj8pc6ic8g
    @user-jj8pc6ic8g Год назад +55

    Наконецто есть личности, говорящие о простых толковых важных вещах страны и просто человека, Супер интервью, спасибо

  • @mairaaitkulova5578
    @mairaaitkulova5578 Год назад +45

    “Коррупция жоқ. Өйткені біз мемлекеттік тапсырыста жоқпыз” 😢😢😢 мемлекет пен коррупция сөздері бізде синоним болы кеткені өкінішті-ақ

    • @user-zj9mb9km7h
      @user-zj9mb9km7h Год назад

      Бірақ коррупция жекеменшік мекемелерде де бар. Бірақ болмау керек

  • @asiya_alihanqyzy
    @asiya_alihanqyzy Год назад +26

    Бақытжан ағаның құлдық сана туралы айтқаны жүрегіме жетті.
    Және бес адамның арманын арқала, бес адамдай бақытты бол, бес адамдай ізденіс үстінде бол.. 🔥енді осындай ұстанымды жасауға тырысамын.

  • @zhadranur2029
    @zhadranur2029 Год назад +5

    Бакытжан Букарбай дын айткан сози журегиме оттi! Асiресе: "Озiмдi белгiciздiкке лактырдым, кунымды бiлгiм келдi!" деген созi.👏
    Сондыктан озiмiздi белгiсiздiкке лактырайык✊

  • @perizatperizat932
    @perizatperizat932 Год назад +6

    Мына кісінің қасында жүргім келеді. Тыңдай бергің келеді екен!!! Ішкі дүниетанымына, миына шексіз ҒАШЫҚ болып қалдым.

  • @user-gx5ku4em1j
    @user-gx5ku4em1j 11 месяцев назад +2

    Кенесары хан уа сұлтан Сыдық.
    Кітабы кітапханама толықты.
    👍. Оқыдық. ,👍👍

  • @kuralai_universal
    @kuralai_universal Год назад +16

    Кеш жарыыық, Тимур, Бақыижан!
    Бүгінгі сұхбат рухани, қазақи шөлімді қандырды👍🏻. Осындай сүбелі сұхбатқа қысқа қайыру ең кемі "ұят" болады🤗.
    1) Қазақтан шыққан жалғыз антрополог Оразақ атаның
    5 адамдай бақытты болып,
    5 адамның арманын арқала,
    5 адамдай ізденіс үстінде бол
    деген сөзі көп қазақтың жүрегіне жол тартты, біразы түртіп алды👍🏻.
    2) "Құлда жауапкершілік болмайды, құл еркіндікті аңсамайды, ол тек құл иеленуші болғысы келеді" - деген сөзбен құлдық сана сөзіне нақты түсінік берді📌
    3) Дәл қазіргі сәтте қазаққа не керек дегенге " ЖАУАПКЕРШІЛІК" - деп бірақ ауыз сөзбен айтқаны 🏹🎯.
    4) Бақытжанды жанжақтылықтың амбасадоры дер едім. Қарапайым, өз ойын ашық айтып, КОРРУПЦИЯға жоқ деп қана қоймай, іске асырып, шаруасын әдемі атқарғаны ұнады.
    5) Кәсіп таңдаудағы 5 ережесі қатты ұнады. Болашаққа диагностика немесе тест деп айтсам артық болмас!
    6) Бала тәрбиесіндеде құр алақан еместігін білдірді.
    7) Түйін: Бақытжанға қарап, әр қазағы үшін 100 жыл бұрын жанын берген Алаштың элитасының арман, мақсатының ізінің барлығына, оны жалғастыра алатын зиялы жандардың барына, кең ойлап, ауқымды шаруаны қолына алып, дөңгелітіп алып кететін кеудесінде жаны, қайсар рухы, тең жарысқан ар - намысы мен, Бақытжан өзі атап айтып, кітапқа жазған Ер азаматтың 50 қасиетін бойына дарытқан ісімен сөзі келіскен қазақи болмысы бар кең, байтақ даламызда көсіле шапқан батырлардың бар екенін түсіндім!!!
    Бір ғана адам, оның 1 - ақ сағат айтқан сөзі мен дұрыс қойылған сұрақтар қаншама қазаққа ой салып, түрткі болды👍🏻.
    Мен енді терең ойға тағы кеттім... Мен 5 емес 1 адамдай ойланып, армандап, дамып, ізденіп жүрмін бе? Не істеп жүрмін? Сол ісім Бақытжанның 5 тест сұрағынан өте ме? Маған, қоғамға пайдасы барма? Оған мен қуанамынба, бақыттымын ба?
    Жігіттер, Тимур құрдас, Бақытжан, Аллам разы болсын🤲🏻. Жүректен шыққан сөздер жүректерге жол тартып, сұхбат өз апогейіне жетті👍🏻.
    Елім деп есімімен су кешетін жігіттердің барына тағы бір рет куә болдым💪🏻✊🏻.
    Риза болғаным соншалық, сағаттап жазуға дайынмын🤗.
    Бір сөзден, сұхбат 🔥💯 болды!!!
    Тілегім - әр ауданның, ауыл, қалада Бақытжандай азаматы болса, жөн сілтеп, бағыт берер👍🏻.
    Қазағым, тегіс аман болайық!!!

  • @darkhandssx3263
    @darkhandssx3263 7 месяцев назад +2

    Өте ақылды, білімді азамат Бақытжан мырза, мың алғыс

  • @akmaralabjani3410
    @akmaralabjani3410 Год назад +2

    Тамаша әңгіме, терең ойлар. Осындай саналы, озық ойлы қазақтар көбейсін👍

  • @user-ld7nx7qg8i
    @user-ld7nx7qg8i 10 месяцев назад +2

    Өте жоғары дәрежеде, осындай пайдалы подкасттар көбейсе екен. Тимур аға, көбінде әртістерден гөрі ақын, жазушы, ғылым, саясат саласында жүрген тұлғалармен подкасттар көбейсе екен!

  • @user-wo8xv7fo1p
    @user-wo8xv7fo1p Год назад +25

    Жағымпаздық жайлы айтылып өткен ой қатты жаныма тиді💔Расыменде,былай қарап тұрсақ,қазақ жұртында бұл қасиет көптеп кездеседі екен.Кей кездері өз өзімізден де байқауымыз әбден мүмкін.Міне,осы-құлдық сананың көрінісі.Бұл сұхбат несімен маған пайдалы болды.Негізінен құлдық сана деген ұғымды көп кездестіретінмін,бірақ оның түпкі себебін,мағынасын,оған жағымпаздық үлкен әсерін тигізетінін енді түсінгендей болдым.Көзімізді ашып,керемет,тағылымды ойлармен бөліскендерін үшін үлкен алғыс білдіремін!
    Осы тұста Мұхтар Шаханов атамыздың
    “Жағымпаздық бұл заманда басты өнер,
    Шындық оған бола алмай жүр тас кемер.
    Қазіргі бақ қайсар рухты ерді емес,
    Арын сатқан жағымпазды ескерер.
    Дәуірдің де даңқы солар төс керер,
    Оны ойласаң жанарыңа жас келер.”-деген сөздерін еске алған жөн деп есептеймін.

    • @khersonskiyarbuzkhersonski2460
      @khersonskiyarbuzkhersonski2460 26 дней назад

      Уж точно свободные украинцы, могут рассказать о том что они уже не рабы воюя за интересы Америки, у казахов чьи дети уже в дет.садах учат английский язык - уж точно не являются рабами.

  • @user-it7py6zz4p
    @user-it7py6zz4p Год назад

    Өте керемет сухпат, Бакытжаннын постарын ардайым окимын, бакылап журем жане де ишкей куанып журемин, осындай азаматтар елимизде бар екеніне.

  • @user-sf7eu5id8n
    @user-sf7eu5id8n Год назад +6

    Біріншіден, сұхбат үшін мың алғыс.
    Бақытжан ағамызды осы арнадан екі-үш подкасстта көргенмін. Сол кезде-ақ сөйлеген сөзі мен айтқан әңгімелерін одан ары тыңдап танығым келген болатын. Бүгін бір уақыт тауып, арнаға кіре қалсам, алдымнан осы интервью шыға келді, еш ойланбастан тыңдауға кірісіп кеттім.
    Барлық айтылған сөздер жүрекке жетіп, артынан үлкен ой қалдырды. Ең соңында айтылған халқымызға жауапкершіліктің жетіспейтіндігін, ең басында айтқан мамандык таңдаумен байланыстыруға болады. Қазіргі жан-жақты салада қызмет етіп жатқан адамдардың көбі, сол кезінде өз балалық арманына құлып қойып, ата-ананың, қоғамның айтақанына еріп, басқа, өзіне ұнамайтын, аса қызықпайтын мамандықты таңдап кетуі. Оқу аяқтала салысымен жастықтың жалындаған отымен махаббаттары кездесіп, отбасылы болып кетеді, отбасыны асырау оңай нәрсе болмағандықтан, өзін іздеуге уақыт таба алмай, сол ұнамайтын жұмысына барып - келумен айналысады. Әрине, істеген ісіңнен рахат алмағасын, оған дел-салды қарап, жауапкершілік деген нәрсені мойнына алмайды. Қызметінде жауапкершілігі аз адам, басқа істе де дәл солай. Сол себепті өзін-өзі іздеп табуды, мектеп кезінен бастап қалыптастырса, мысалы аталған 5 критерий сиықты дүниелерді мектеп базасына енгізсе, ата-ана тарапынан балаға еркіндік беріп, өз өміріне өзі жауаты екенін кішкентайынан құйса, сонда ғана сәл жылжу болады деген ойдамын. Әрине, бұл мәселенің түбі тереңде жатыр. Дегенмен, ел болып, бірігіп, осы сұрақтарды көп көтерген сайын 5-10% нәтиже алуға болады. Ал ол дегеніміз үміт бар деген сөз.
    Қазақ елі дамысын, өссін деп тілеймін!

  • @janiaaubakirova211
    @janiaaubakirova211 Год назад +15

    Ақылды, батыл, білімді, миссиясы бар, көптеген күрделі мәселелер бойынша айқын ұстанымы бар, адал, ашық! Саналы жастарға үлгі.

    • @QaryzsyzQazaq
      @QaryzsyzQazaq Год назад +3

      Жания Яхияқызы, көп рахмет! Сізден мақтау сөздерін естіп, аяғым жерге тимей кететін болды ғой енді 🙂

  • @user-te6td1pv6b
    @user-te6td1pv6b 4 месяца назад +2

    Керемет 👍🏼

  • @EriqueND
    @EriqueND Год назад

    Сұқбат өте керемет! Ұнады! Тимур көп рахмет! Жақсы қонақтарың көп болсын, тоқтама, шаршама!

  • @user-vu2fn6mc4c
    @user-vu2fn6mc4c 11 месяцев назад +1

    Мықты,мықты,керемет 🎉🎉

  • @user-tn4yi8vd9u
    @user-tn4yi8vd9u Год назад +9

    Жақсы сұхбат. "Балаға бақытты сәтті көбірек салып беру керек", "Танымын кеңейту керек" деген пікірлері, бала тәрбиесіне байланысты пікірлері ұнады. Жаңа қазақтың бейнесі осылай болу керек сияқты. Сәттілік тілеймін жұмысыңызға.

  • @Rassul-qp3fe
    @Rassul-qp3fe Год назад +13

    Құлдық санадан арылып, “Қазақтың мүддесі” деген идеологияға көшсек, нағыз Егемендікке жетеміз!

  • @lyazzatkurama3579
    @lyazzatkurama3579 Год назад +7

    Көп-көп рақмет! Жан рақаты болған сұхбат! Түгел ұнады, өз өмірім, мақсаттарым мен ниетіме тағы бір қарап шықтым. Әсіресе ұнаған тұсы - өз қызметін таңдаудағы критерийлер ❤ Көп рақмет 🙌🏼

  • @Rassul-qp3fe
    @Rassul-qp3fe Год назад +20

    Салалары бөлек болса да, деңгейлері тең Қазақтарым!
    Жасаңдар, Жігіттер! 🤝🤝🤝

  • @dinaraussipbekova9458
    @dinaraussipbekova9458 Год назад

    Керемет сұхбат! Басынан аяғына дейін үзбей көрдім!

  • @bayann7920
    @bayann7920 Год назад +3

    Өте керемет сұхбат! Қазақ тілінде таза сөйлеген қандай керемет! Әр қазақ осылай ойлап, осылай әрекет етсе ғой!👍🏻

  • @balymbetov
    @balymbetov  Год назад +28

    Байқау жеңімпазы - Светлана Тлеубаева. Құттықтаймыз! Сыйлығыңызды алу үшін Инстаграм директ арқылы менімен @balukz хабарласыңыз.
    Бақытжанның қолтаңбасы бар кітаптарды алу үшін сұхбат барысында сізге ең қатты әсер еткен ой/тақырып жайлы өз пікіріңізбен бөлісіңіз! Жеңімпазды Бақытжан мырза өзі таңдайды!

  • @bayanissa9831
    @bayanissa9831 Год назад +27

    Құл еркіндікті аңсамайды, құлда жауыпкершiлiк болмайды, жауыпкершiлiкпен бiз еркіндіктің құнын түсіне бастаймыз..керемет сөз👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏

    • @user-zj9mb9km7h
      @user-zj9mb9km7h Год назад

      Келісемін

    • @khersonskiyarbuzkhersonski2460
      @khersonskiyarbuzkhersonski2460 26 дней назад +1

      Уж точно свободные украинцы, могут рассказать о том что они уже не рабы воюя за интересы Америки, у казахов чьи дети уже в дет.садах учат английский язык - уж точно не являются рабами.

  • @kamilabeibitbayeva4225
    @kamilabeibitbayeva4225 10 месяцев назад +1

    Қандай жақсы, терең ойлы адам❤

  • @user-jt7mm6mv1j
    @user-jt7mm6mv1j Год назад +9

    Керемет сұхбат! Ерекше қонақ🙌 Күміс кітапты қолтаңбамен ұтқан адам, бір марқайып қалары сөзсіз✅
    1 сағат 25 минут ми қорек алды, қазақ тілінде толық сұхбат тыңдаған құлақ рахаттанды. Екі-үш рет тыңдайтын түсірілім, санаға түйіп алар мағлұмат өте көп: құлдық сана🤯 ақпаратты қабылдау % жоғарылату, ер адамның қызды сыйлауы, жағымпаздық, Оразақ Смағұлұлының айтқан сөзі жүрекке жетті “Әрбір қазақ, бес қазақтың арманын арқалап келе жатыр”. Тимур мырза, сізге мың алғыс осындай әсерлі сұхбатқа🙌 Елімізде - көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар, жастар көбейе берсін...

  • @keikibatir1496
    @keikibatir1496 10 месяцев назад +1

    жақсы сұхбат болды.

  • @user-yz5qw2ou7l
    @user-yz5qw2ou7l Год назад +1

    Осы Алаш демократиясын окыгым келип жур, Алаш азаматтарын жалгай алатын урпак бар сиякы. Соны тилеймин казак елине.

  • @asiya_alihanqyzy
    @asiya_alihanqyzy Год назад +11

    Тимур үлкен рақмет осындай қонаққа. Ал, бастадым 😍

    • @balymbetov
      @balymbetov  Год назад

    • @bakytnur
      @bakytnur Год назад

      @@balymbetov sol maqtagan Timur qazaq qonaqtarynan oryssha suhbat alady :-)
      Quldyq sana aitamyz. Ali 50 jyl kerek

  • @user-yz5qw2ou7l
    @user-yz5qw2ou7l Год назад +1

    Осы Алаш демократиясын окыгым келип жур, Алаш азаматтарын жалгай алатын урпак бар сиякы. Соны тилеймин казак елине. Маган оте унаган ой, кулдык санадан арылу керек, жауапкершилик арттыру керек, билим дамыту керек, халыктын сауаты ашылу керек.

  • @Liza-hv9iz
    @Liza-hv9iz Год назад

    Жауапкершілік туралы өте дұрыс!!❤

  • @ainur8968
    @ainur8968 Год назад +5

    Тимур мырза үнемі қызықты қонақпен күшті сұхбат жүргізетінін білемін, сондықтан бірден лайк. Бақытжан мырза да 👍👍👍

  • @user-yz5qw2ou7l
    @user-yz5qw2ou7l Год назад +4

    Осы Алаш демократиясын окыгым келип жур, Алаш азаматтарын жалгай алатын урпак бар сиякы. Соны тилеймин казак елине. Маган оте унаган ой, кулдык санадан арылу керек, жауапкершилик арттыру керек, билим дамыту керек, халыктын сауаты ашылу керек. 1:25:24

  • @akerke_iklasova
    @akerke_iklasova 11 месяцев назад +1

    Оте улкен рахмет! Катты асер етти . Тимур Балымбетов сонында айтканда просто бомба болып жатыр басымда 😍😍😍

  • @user-ys1bq6gv5y
    @user-ys1bq6gv5y Год назад +10

    Бақытжан ағаның арқасында өмірім отбасым берекелі болып келеді.Әлде қайда жеңілдетті өмір сүруді.Жақсылықты ұмытпаймын өз уақыты келеді.Рахмет!

    • @user-no5ec1md6v
      @user-no5ec1md6v Год назад

      Ашыктар айтсаныз отиниш, Бакытжан аганын аркасында деп жазыпсыз. Не туртки болды солай жазуга осы интервью немесе белгили бир китабы?

  • @elmiratursynbek728
    @elmiratursynbek728 Год назад +6

    Бүгінгі сұхбат мен үшін бір шаблондардың жойылуы болды.Және Бақытжан мырзаның “жауапкершілік жетіспейді”-деген өте орынды пікір болды.Ешкімнен ештеңе күтпей,өз өміріңе жауапкершілікті алып,өз сүйікті ісіңмен айналысып,қоғамға үлесіңді қоса білсек біз шыныменде құлдық санадан айырылған сау азаматтық қоғам құра алатын шығармыз.Өмірдің өзі жауапкершілік бәрі расыменде содан бастау алады.Енді кітаптарыңызды оқуға асықпын өзіме көптеген инсайдтар алдым ❤❤

  • @EriqueND
    @EriqueND Год назад

    Таза қазақша, өте керемет!

  • @meruertdolanbekova1430
    @meruertdolanbekova1430 Год назад +5

    Білімді адами капитал дамыту болашаққа қажет деген сөзі әр қазақ жастарының түйсігіне жетсе екен.

  • @kimli1759
    @kimli1759 Год назад +5

    Осындай азаматтарды көбірек шақырсыңыз, пайдалы ақпарат өте көп!

  • @ainur8968
    @ainur8968 Год назад +4

    Сухбат битпесе екен деп тыңдадым🔥🔥🔥🔥🔥

  • @canera_dulugu1109
    @canera_dulugu1109 Год назад +3

    Тимур, сіз бүгін мені жас, талантты , білімді, қазақи озық ойлары бар ТҰЛҒАМЕН таныстырдыңыз. Ана тілінде сөз саптауы тамаша! Көп рақмет!

  • @user-ly5yk3if7x
    @user-ly5yk3if7x 24 дня назад

    Керемет !

  • @user-rh1ou7hw7s
    @user-rh1ou7hw7s Год назад

    Бұл сұхпаттан "кітап білім бұлағы, білім өмір шырағы" деген мақалды терең екені. Жәй мектепте жаттау емес.
    Білімді елде жауапкершілік, сана, жақсыға ұмтылу, жағымпаздық, еркіндік деген сияқты адам бойындағы қасиеттерді көп жұмыс істемей-ақ туа біткен, қанмен келген болар еді.
    Әлі де кеш емес білімді болсақ, ұрпақта білімді болады❤
    Рақмет үлкен. Кенесары туралы кітапты жазда балалармен оқу керек деген ой келді🎉

  • @user-rm8cp9rm4j
    @user-rm8cp9rm4j Год назад +7

    Керемет сұхбат болды. Рахаттанып тыңдадым👍

  • @aidamametkanova7686
    @aidamametkanova7686 6 месяцев назад +1

    Отличный гость, развитый во всех смыслах, гармоничный человек. Тимур, предлагаю вам сделать короткие видео- shorts, о том, как Бахытжан воспитывает дочерей- это было бы очень полезно для молодых отцов, да и в целом для общества.

  • @Togzhan1987
    @Togzhan1987 Год назад +2

    Тимур мынадай Адамды Танытқаныңыз үшін үлкен рахмет! 👍👍👍 Бақытжан сізге тек жақсылық тілеймін! Алла түзу жолмен жүргізсін🤲

  • @user-jr3sr6yj4i
    @user-jr3sr6yj4i Год назад +6

    Жарайсыңдар, жігіттер👍Ешқандай агрессиясы жоқ, әдептен аттамаған, берері көп, өте сауатты сұхбат болды!

  • @ardakhsakhabek2457
    @ardakhsakhabek2457 Год назад +2

    Жауапкершілік жалқаулықты жеңу.

  • @mmir_b
    @mmir_b Год назад

    Бүгінгі сұхбат өте керемет болды. Бақытжан мырзаның сөздерімен толықтай келісемін.
    5 критерий:
    1. Жұмысың өзіңе ұнап, пайда әкелу керек;
    2. Отбасыңа пайда;
    3. Қоғамыңа, мемлекетіңе пайда;
    4. Маразматиканың болмауы;
    5. Коррупцияның болмауы.
    Бүкіл шартқа сай келген мамандығың ол-сенің миссияң. Қазіргі таңда ата-анасының айтқанымен, өз заманының “сәнді” мамандығын таңдап соңында дымсыз қалып жатырғандарды көріп жатырмыз. Жапондықтар айтқан икигайды тауып, коғамға бір кірпіш болып қалану үлкен жетістік.
    Осыған байланысты менің ұсынысым- профориентация жұмыстарын мектеп қабырғаларында барынша көптеп жүргізу. Бұл дегеніміз мамандық таңдауға көмектесіп, бағыт-бағдар көрсету. Әрине, аталған әдіс 100% қатысушының бәріне көмектесіп, лезде мамандығын таңдап кетеді деп айту қиын, бірақ процесті ертерек бастап, жеделдету мақсатында “катализатор” болатына сенімдімін.
    2. Жауапкершілік
    Қоғамнан өз орнын тауып, өзінің кім екенін түсінген адам жауапкершілікті де сезінеді. Өзінің, отбасының, мемлекеттің мүддесіне адал еңбек етіп, миссиясын білетін бір қазақ 5 қазақтың жауапкершілігін арқалайды, 5 қазақтай бақытты болады, 5 қазақтай армандап 5 қазақтай ізденісте болады.
    3. Орта класс
    5 шарттың алтын ортасын тауып, жұмыс жасасаң материалдық жағдайың да дұрыс болады, ал бұл орта кластың өсуіне алып келеді. Бәріміз білетіндей мемлекеттің негізгі құраушысы-орта класс.
    4. Зорлық зомбылық.
    Зорлық туралы жаңалықты оқысаң барлығы жәбірленушіні киімінің қысқалығы, ашықтығы бойынша кінәлайды. Қарға қарғаның көзін шұқымайды, бірақ жоғардағыдай пікір қалдыратын адамдардың ішінде әйелдер қауымы да бар. Зорлайтын адам қабат-қабат болып киінсең де иттігін жасайды. Мәселе киімде емес.
    5. 50 тыйым.
    Ерлерге арналған 50 тыйымды оқып шықтым, заманға сай жазылған тыйымдар. Қарапайым есі-дені дұрыс адамның жасамау керек нәрселеріғой. Бар қызық коментарийлерде: “феминист адам жазған, қыз жазған, қызтеке жазған, ер адам түздің адамы сондықтан еркін болу керек” деген пікірлер. Керек десең бұл тыйым сөздер дінде де көрініс табады. Ал қызға келгенде 40 тыйымның бәрін түгендеп алғанда қандаймыз ә!
    Мысалға, менің қызым болсын делік. Қырық жерден тыйып отырған қызымды бір жерінен де тыйылмағанның қолына ұстатып жібермес едім. Тең-теңімен, өзің қандайсың сондайға жолығасың.
    Сондықтан өзіңді дамыт, еңбектен. Бұл қайтып бірінші пунктке келеді. Солаай…бәрі бір-бірімен тығыз байланысты.
    Бүгінгі сұхбат тамаша. Бәріне сәттілік. Әрекетке берекет. Назарларыңызға рахмет!

  • @ZereBeckinsale
    @ZereBeckinsale Год назад +2

    Қазаққа жауапкершілік жетіспейді дегенмен келісемін. Қызмет көрсететін көптеген жұмысшылар өз сөзінде тұрмайды, кешігіп жүреді, келісілген уақытта келмейді, хабарлассаң телефонын көтермейді. Уақытылы өз жұмысын орындаған адамды көрсең құдайды көргендей риза боласың.
    Жалпы өте мәнді, мағыналы сұхбат болды. Қазақстандықтардың 1% ғана ақпаратты толыққанды алады деген дерек өте қатты таңғалдырды. Расында, бәріміз ағартушылықпен қарқынды айналысуымыз керек, қолымыздан келгенше.

  • @gulnarnurlybekova1631
    @gulnarnurlybekova1631 Год назад +11

    Керемет қонақ! Кезінде 3-ші баланы дүниеге әкелуіміз бірінші құдай, екінші - демограф Мақаш Тәтимовтың арқасы деп білемін. Қазақ ұлт болып қалыптасу үшін әр қазақтың үйінде кем дегенде 3 бала болу керек: 1 бала әкесінің орның басады, 1 бала - шешесінің, тағы 1 бала келесі ұрпақтың жалғасы болады. Ал осы сұһбаттаң түйгенім: 1 қазақ 5 адамдай бақытты болу керек, 5 адамдай жұмыс істеу керек, 5 адамның жауапкершілігін арқалау керек! Керемет ұстаным, және қолданысқа алар дүние деп білемін!

  • @user-fj5fs2ql8p
    @user-fj5fs2ql8p Год назад +13

    Меніңше қазақтарға "құлдық сана" деген жат нәрсе. Біз әуел баста уәдеге берік ұлтпыз, 1920-1922 және 1932-1933 жылдары болған ашаршылық ұлтымыздың 70% жуығын жойып жіберді. Содан кейінгі 1861 жылға дейін жері түгіл баспанасы жоқ, білімсіз, басыбайлы крепостнойларды, одан қалды жүзден аса өзге этнос өкілдерін қазақ жеріне жер аударды. Ол аз дегендей тың игеруді желеу етіп тағы да босқындарды әкеліп төкті. Қырық жыл атом бомбасын жарды... Сөйтіп өз жерімізде жойылып кетуге шақ қалдық. Ендігі жерде жоғары технология, мультфильм, өнер т.б.қазақ тілінде дамыса екен деп тілеймін.
    Сол үшін еңбек етіп жатқан Бақытжан балама тек сәттілік тілеймін. Тимур балам саған да көп рахмет. Немерелерім қабаттасып ойым қайта қайта бөлініп кетіп жатыр. Қате кетіп жатса кешірім өтінемін.

    • @gulzhan164
      @gulzhan164 Год назад

      Дұрыс айтасыз, негізінде бұл ұғым бізге жат. Бірақ өзіңіз жазып өткендей болған жайттар (аштық, отарлау саясаты) бізді осындай дәрежеге жеткізді. Өйткені совет империясының мақсаты сол болды. Көзі ашық, көкірегі ояу қайраткерлерімізді құртты, ал қалғандары өмір сүру үшін жағымпаздана бастады. Түсінді, жағымпаздықтың арқасында жақсы өмір сүре алатынын, мансапқа, тб ие болатынын. Бұл жағдай ғасыр бойы жалғасып келеді. Халық соған үйреніп алды, системаны солай құрып қойды. Әлі де арыла алмай келеміз.

  • @user-dp1zx6xb5r
    @user-dp1zx6xb5r Год назад

    Оте жаксы сухбат тущымды ия казактар билимди болу керек билимди адамнын санасы котериледи бар маселе санага баиланысты атам казак аиткандаи бала берсен санна бер деген

  • @user-bm1ws4vy4p
    @user-bm1ws4vy4p Год назад +3

    Бір қазақ қазір 5 қазақтың жүгін көтеріп жүру керек дегенге келісемін ең алдымен өзімізден және отбасымыздан бастаймыз. Қазақ тілді білімді азамат болу қазіргі біздің міндет екеніне тағы көзім жетті. Өзім және өз баламның білімге деген құштарлығын оята отыра бес есе мықты жұмыс жасауға тырысамын 🫰 Ой сала білгендеріңізгп рақмет Тимур және Бақытжан 👏

  • @user-fo7be2wx7f
    @user-fo7be2wx7f Год назад +1

    Керемет сұбхат, жарайсындар қазақ халқының азаматтары🙌

  • @user-ow7qg3fd4r
    @user-ow7qg3fd4r Год назад

    Кушти сухбат, Рахмет сизге 👍🔥

  • @gulzhan7018
    @gulzhan7018 Год назад +7

    Мың лайк Бақытжан үшін! Көптен бері тыңдап, зор сыйлаймын осы азаматты.

  • @amina-adim
    @amina-adim Год назад +5

    Ер адамдардың тәрбиесі жөнінде өте жақсы айтты Бауыржан. Осындай ер азаматтар ғана басқа ерлерді тәрбиеге шақыра алады.

  • @agat1579
    @agat1579 Год назад +6

    өте маңызды, мағналы және пайдалы сұхбат болды 👍

  • @meruertdolanbekova1430
    @meruertdolanbekova1430 Год назад +1

    Өте мұқият тыңдау қажет, жақсы пікірлер бар, тұжырымдары күшті. Білімді адам мыңды жығады деген осы. Тамаша!

  • @gulnazab5859
    @gulnazab5859 Год назад

    керемет сұхбат!

  • @marzhansarsenbayeva7062
    @marzhansarsenbayeva7062 Год назад +3

    Мына сұқбатты әрбір қазақ көруі тиіс 👏🏻

  • @user-qj3id7fk5s
    @user-qj3id7fk5s Год назад +6

    Тимур, рахмет! Керемет сухбат болды! Әсіресе құлдық сана туралы және жауапкершілік туралы айтканы катты ойландырды.

  • @symbats2264
    @symbats2264 Год назад +1

    Мен интервьюды изи платформасынан көріп, арнайы сізге пікір қалдыру үшін ютубқа кіріп отырмын. Бақытжан аға жайлы көп естімеппін, қазір интернетте кімге жазылған болсақ, соны ғана көретін замандамыз ғой. Интернет воронка дейміз ғой. Сөз саптауы бай екен. Ақырында айтқан жастарға, тыңдармандарға кеңесі өте қатты ұнады. Кейде өзіме көп алып қоямын ба деп жатамын. Шын мәнінде біздің борышымыз да сол екен. Отбасы құндылығын да қолдаймын. Ағам екеумізді анам жалғыз өзі өсіріп, аяғымызға тұрғызды. Әйел адамдар өздерінің арқаларына көп жүкті алады ғой. Енді анамыздың жас кезіндегі арманын, өзімнің арманыммен орындап келе жатырмыз. Отбасымызбен саяхаттап, мәдениет танып, жылдап басқа елде тұрып, өзіміздің елге деген патриоттық махаббатымыз артып, одан ары қалай септігін тигізсек екен деп біз де жаңа оймен, жаңа адам болып келіп жүрміз. Негізі адам шетелге шықса, жалғыз тұрып көрсе, өмірге деген көзқарасы қатты өзоереді екен.
    Өте сапалы интервью болды! Бір бастағаннан, аяғына дейін жібермей қойды бұл выпуск. Кітаптарды өзім сатып аламын Алла қаласа, сәті түсіп жатса қолтаңбаңызды да алып, болашақта жобаларыма сәттілік беретін энергияңызды аламын деп сенемін! Құнды мағлұмат, өзекті тақырыптар қозғалды. Өте қуаныштымын.
    Тиындарға коллекция жасайтын едім, ондай кітапшаны қайдан алсам болады? Кішкентай кезімнен анам өзінің апасына шәкіртақысын айлап жіберіп отырған екен, соны кетірмепті. Рубльмен жинаған ақшаларын тауып, үтіктеп, кішкентай кезден әр түрлі қағаз ақшалар мен тиындарды жинауды сонда бастаппын.

  • @user-mr7ve8rf6w
    @user-mr7ve8rf6w Год назад

    Мәнді де маңызды сұқбат болды. Сабақ алатын ойландыратын ойлар салатын. Жауапкершіліктің төмендігін атап өтті👍 жауапкершілікті көтеру үшін сауаттылықты жоғарлату керек екенін түсіндірді.

  • @MadinaBekbauova
    @MadinaBekbauova Год назад +1

    Құлдық сана демекші, 10 адамның біреуі орыс болып орысша сөйлессек мейлі ғой, біз 3 адам бас қосып, үшеуі де ҚАЗАҚ, бірақ соның біреуі орыс тілді қазақ болса (қазақша да сөйлей алады шындап келсе), сонымен орысша көпіретін қазақтармыз ғой. Өте өкінішті

  • @user-pq4bc2sj4b
    @user-pq4bc2sj4b Год назад

    Бақытжан нағыз азамат! Саясатта да білімді, жастарға да берері бар! Осы уақыт сіздердің біздердің уақыт! Аллам қазақты сақтасын, дамытсын, өсірсін!

  • @user-tj1eg5to7n
    @user-tj1eg5to7n Год назад +2

    Эх шіркін десейші осындай Бақытжан Тимур сияқты жігіттер көп болса қазақ қоғамда қазақ бір жерден шығвр еді ғой.Бірақ өкінішке орай біздін қоғам надандықтан шығармай жатыр.Коментерияларды оқысаң неше түрлі темаларға әйел жайлы болсын келін жайлы болсын отбасы дін білім жайлы жағаңды ұстап қаласың.Рахмет сіздерге Бақытжан мырза Тимур мырза . Жастарға үлгі болатын жігіттер бар болғанына да Аллаға шүкір.Мүмкін осындай контент көп болған сайын жастар да үлкендер де көріп көздері ашыла берер.Үміт үзбейік

  • @ramazankurmanbayev2394
    @ramazankurmanbayev2394 Год назад

    Алдымен өте керемет сұхбат үшін алғыс білдіремін!
    Осындай дара тұлғалармен сұхбат көбірек болса екен.
    Ең ұнаған бөлігі қонақтың білімге деген ізденушілігі және жастарды соған үндеуі.
    Құлдық санадан арылып өзімізге жауапкершілік алу үшін әрбіріміз өзіміздің және айналамыздағы жандардың білімін арттырсақ 50 емес 20 жылдың ішінде елеіміз жаңарады деген үміттеміз

  • @aizhanarinova6950
    @aizhanarinova6950 Год назад

    Не деген сұхбат! Қонақтың қазақша сөйлеген дәрежесі таңқаларлық. Бірден оқитын кісі екені көрініп тұр. Өте өзекті тақырыптар талқыланды. Ерекше әсер алдым.

  • @silkway2347
    @silkway2347 Год назад +2

    Сіздердей саналы, білімді, ойланатын азаматтарымыз көп болғай! Қоғамда ең басты ұғым білімге және еркіндікке ұмтылу болса, бұл жауапкершілікті тудырады, құлдық санадан айырылады. Өзім байқағаным-құлдық сананың бір белгісі жалтақтау((

  • @ASNMoigod
    @ASNMoigod Год назад +1

    Керемет сұхбат болды! Қандай ақылды, ойлы адам Бахытжан. Шіркін осындай ойлы, білімді, саналы ер адамдар көп болса екен. Қазақшасы қандай әдемі😍. Сұхбат мен үшін өте тез өтті. Тимур рахмет!

  • @user-ph5iu1hr7g
    @user-ph5iu1hr7g Год назад +2

    Керемет сұқбат! Үлкен раһмет Бақытжанды шақырқанызға!

  • @gulnarnurlybekova1631
    @gulnarnurlybekova1631 Год назад +5

    Өте дұрыс айтылған сөз: білімді арттыру қажет.

  • @user-zz9kv9uc9o
    @user-zz9kv9uc9o Год назад +1

    Құлдық сананың сипаты мен салдары, маркерлерін дәл тауып айтқан екен. Азамат ердің бір басына жетерлік әңгіме айтты. Көбірек шақыру керек басқа да интервьюерлерге кеңес. Осындай жігіттер насихаты көп болу керек. Осындай адамға ұқсап бағу керек.❤

  • @madiyarshrazdin4871
    @madiyarshrazdin4871 Год назад +1

    Маған, "Демократия мен білімнің байланысы" жайлы айтқан ой пікір ұнады. Шындығында білім өте маңызды. Егер біз білім беру және білімді алу мәселесін шеше алсақ. Яғни спикер айтқан ақпаратты дұрыс талдау жасай алатын азаматтар мен азаматшаларды көбейтсек. Басқа мәселелердің барлығы өзі ақ біртіндеп шешілер еді.
    Сол үшін әр адам ең алдымен өзін-өзі тәрбиелеп білімін арттырып отырса және қасындағы отбасымен не достарымен үнемі өздерін дамытып отырса. Білімнің маңыздылығын түсіндіріп жүрсе. Біз дамыған және білімді қоғамға айналар едік. Ал дамыған қоғам ешқашан авторитарлық жүйеге төзбейді!!

  • @azamatkamalbekov696
    @azamatkamalbekov696 Год назад

    Керемет 👏🏼👏🏼👍🏻

  • @roza_1984
    @roza_1984 Год назад

    Керемет сұхбат🚀

  • @Liza-hv9iz
    @Liza-hv9iz Год назад

    Көп рахмет!👍🏻

  • @gauharzhuman6999
    @gauharzhuman6999 Год назад

    Өте керемет сұхбат! Бала тәрбиесіне байланысты айтқан сөзі ұнады. Балаға бақытты сәттерді көп салып беру керектігі, танымын, ой-өрісін дамыту маңыздылығы туралы атап өткені керемет! Шынында Қазақстанның кең жерінің бәрін араламаса да, өз облысынын аралап шыққанның өзі ерекше әсер мен естеліктер қалдырады. Әкемнің берген тәрбиесіне әрқашан алғыс айтып келе жатқандықтан, осы сөздері сондай жылы болды маған. Бір кішкентай оқиға ойыма келіп қалды, кішкентай кезімде ауа-райына байланысты свет сөніп қалып, папаммен мамамның көк плащынан үйшік жасадық, мен және сіңілім үшеуіміз, сосын фонарикпен ішінен жаққанда, көк плащь аспан сияқты көрініп, папа содан бізге космос туралы бар білгенін айтып берген (өзі жаратылыстану маманы емес те еді). 15 жылдан астам уақыт өтсе де, осындай қызықты сәттердің көп болғанына, бірге уақыт өткізгеніне қатты ризамын♥️

  • @user-hp4xp2ok4s
    @user-hp4xp2ok4s Год назад +1

    Керемет болды

  • @user-yt9ye1zn7e
    @user-yt9ye1zn7e Год назад

    Саламатсыз ба Тимур. Бакытжанды шакырганыз ушин рахмет. Бул автордын бир китабын окыдым, унады, ойландырады.
    Котерилген такырыптарыныз да унады. Екеу аранызда сапалы диалог болды. Конак оте накты, четко, внимательный, заинтересованный, ашык, еркин болды. Шынымен де менин образымдагы когам белсендиси деген атка толыктай сыйады ойткени аткарып журген жумыстары бар, танысуга, коруге болады. "Меньше слов, больше полезных дел человек" ретинде впечатление калдырды.
    Аман болсын, амалдары коп болсын.

  • @user-os6eq2pu5z
    @user-os6eq2pu5z Год назад +1

    👏👏👏 Бақытжан Бұқарбай - президент/премьер министр болуға лайықты

  • @meruertdolanbekova1430
    @meruertdolanbekova1430 Год назад +2

    Құлдық сана жағымпаздық, туған тілін силамаған құлдық сана. Осы әңгімені қозғап отырған сіздерге рақмет.

  • @Daniii25
    @Daniii25 Год назад +2

    Сұхбат керемет болды. Осындай көзі ашық көкірегі ояу азаматтар көп болсын❤

  • @user-hn6lq8dk7k
    @user-hn6lq8dk7k Год назад +1

    Тимурдың сұхбаттары бәрі қызықты өтеді, бірақ бұл сұхбат Жыл сұхбаты болды! Керемет! Осы әңгімеде халқымыздың, еліміздің барлық мәселесін шешіп тастайтын жауаптар бар ЕСТІГЕН ҚҰЛАҚҚА, ТҮСІНГЕН САНАҒА!!!❤

  • @honeyaah3054
    @honeyaah3054 Год назад +2

    Тимур мырза, мен үшін, әдеттегідей өте сапалы, жоғарғы деңгейдегі сұхбат! 👍🏻👍🏻👍🏻

  • @kuanysh2927
    @kuanysh2927 7 месяцев назад

    Рахмет

  • @batyr_gamer
    @batyr_gamer Год назад

    Керемет сухбат! Мига азык! Инсайттар коп! Токтамай, казах когамын алга тарта беринизиздер оз салаларынызда! Тек алга! Канаттарыныз талмасын!!!!!!!!!

  • @user-kq5gm8zi9s
    @user-kq5gm8zi9s Год назад

    Осы сұхбаттаң керемет әсер алдым, ризамын осындай қазақ азаматтарының барына

  • @user-ls6hw7rw8j
    @user-ls6hw7rw8j Год назад

    Керемет сұқпат болды, рақмет 👏👏👏