Атақты ҚазҰУ-дың жатақханалары жаға ұстатты
HTML-код
- Опубликовано: 9 фев 2025
- Атақты ҚазҰУ-дың жатақханалары жаға ұстатты
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұргүл Тау Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі мен мәслихат депутаттары бірлесіп Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенттік жатақханаларын аралап, олардың жағдайы мәз емес екенін айтты.
Студенттер қалашығындағы ең ескі жатақхана деп таныстырған №9 студенттер үйі «Ұлттық университеттің» жатақханасы деп атауға тіпті ұятты жағдайда. Жатақханада ас әзірлейтін және кір жуатын орын бір жерде орналасқан. Студенттердің айтуынша, кейде кір машиналардан суы ағып, ас бөлмесі көл болады екен дейді депутат.
▪️ҚазҰУ жатақханалары
Қазақ Ұлттық университетінің 6 мыңға жуық орынмен қамтитын 15 жатақханасы бар. Жатақханаларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күзет компанияларымен келісімшарттар да жасалмаған болып шықты. Ішкі күзет деп шақыртқан мамандарының студенттердің өміріне қауіп төнген жағдайда қалай қимыл жасайтыны да белгісіз дейді депутаттар.
☑️Ұлысқа жазылыңыз