Мүмкіндігі шектеулі деп атау беріп, Шектеусіз мүмкіндігін көре алмайды!

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 12 окт 2024
  • #саяшақын #айтысмаса #человек
    Елімізде ерекше қажеттігі бар адамдарға қандай жағдай жасалған? Мүмкіндігі шектеулі, мүгедек деп айту қаншалықты орынды? Бұлай айтып олардың сағын сындырғанша, қолдау білдірейік! Бұл арнау мүмкіндігі шектеулі емес, ерекше қажеттігі бар адамдарға арналған. Уатсаппен тарат, адамды алаламай, бағалап үйренейік.

Комментарии • 20

  • @Aitysmasa_saiash_akyn
    @Aitysmasa_saiash_akyn  2 года назад +1

    Біздің инстаграм:
    instagram.com/saiash_akyn?
    instagram.com/aitys_masa?
    Фейсбук: facebook.com/290788874791531/posts/1101334913736919/?d=n
    Тикток: vm.tiktok.com/ZSeMgFyqk/
    vm.tiktok.com/ZSeMgD5oe/

  • @erkinajormanbekowa3864
    @erkinajormanbekowa3864 2 года назад +8

    Бәрекелді, батыл қыз! 😍👍👏👏👏

  • @ДамирАйтжанов-з7з
    @ДамирАйтжанов-з7з 2 года назад +7

    Саяш акын Алла разы болсын осындай батыр апаларымыз көп болсын

  • @НурланБаймбетов-з7з
    @НурланБаймбетов-з7з 2 года назад +6

    Аман бол. Қарындасым жақсы аитың 👍

  • @Қазақстан-ь6и
    @Қазақстан-ь6и 2 года назад +3

    Керемет

  • @АманкелдіЖұмаш
    @АманкелдіЖұмаш 2 года назад +1

    Алла разы болсын.
    Бақытты бол қызым.

  • @НурбакытБегірақым
    @НурбакытБегірақым 2 года назад +6

    Бір алла өмір берсін қаоындасым

  • @aigul3689
    @aigul3689 2 года назад +2

    Керемет 🤘, жарайсың

    • @ГулсараИбрагимова-г8я
      @ГулсараИбрагимова-г8я 2 года назад

      Урод деп айты емеспа Дарига менинде немерем 1 топтагы мугедек деп айтыуга аузым бармайды

  • @КуландаКалмаганбетова-з4ь

    рахмет саган бірақ осы айтылғандарың орындалатынына өз басым сенбеймін аяғы жоқ адамның аяғы өсетіндей боққа аспайтын заң шығарып қойған мен жемқорлардың істеріне тойғанмын жемқорлар тек креслоны айналдырып отырғаннан басқа не істеп отыр жоғарғыда отырғандар мысық қой ештеңе көрмедім деп алдына келгендерге көзін жұмып сөйлейтіндер

  • @Аяулымныңәлемі-з3г
    @Аяулымныңәлемі-з3г 2 года назад +1

    Сәлеметсіздерме қазақ халқым мен Қалқабай Аяулым мен де Саяш ақын сияқты болшақта айтыскер ақын болғым келеді!!!!

  • @ИсламПірім
    @ИсламПірім 2 года назад +1

    ☝👍👍👍🙋‍♂️

  • @МамаПапа-б3х
    @МамаПапа-б3х 2 года назад +1

    Акындарымыз шырылдап барлык мәселени айтыс сайын айтып жур гой,бирак еститин кулак жок кой,Олар казакша тусибейди гой,Айтыс деген төл өнеримиз барын биле ма екен сол кисилер,,,,,,

  • @ҚарақатЖанарбек-л2щ
    @ҚарақатЖанарбек-л2щ 2 года назад +4

    Өлең сөзін қайдан ала аламыз?

    • @Aitysmasa_saiash_akyn
      @Aitysmasa_saiash_akyn  2 года назад +3

      Айтайын бүгін тағы адам жайлы,
      Адамды қорлайтын ел оңалмайды.
      елімізде ерекше қажеттілігі бар адамдар,
      Басқалармен бірдей боп саналмайды.
      Не оларды кемсітіп, немесе аяп,
      Қарапайым адамдай қаралмайды.
      Мүмкіндігі шектеулі деп атау беріп,
      Шектеусіз мүмкіндігін көре алмайды.
      Бөлінген бюджетті «жемсоғарлар»,
      Қалай жеудің жолын іздеп амалдайды.
      Беретін компютер құрылғысын,
      Шынайы қажет еткен жан алмайды.
      Туысы мен туғанына бұра тартса,
      Қазынамыз қалайша тоналмайды?
      Ғимараттарда арнайы жағдай жоқ,
      Ішіне емін-еркін ене алмайды.
      Көшеде де арнайы мүмкіндік жоқ,
      Сарпылтып оң мен солға жол алдайды.
      Арнайы такси бөліп шығарғанмен,
      Ол дағы қолжетімді бола алмайлы.
      Алдын-ала бересің өтінішті,
      Өйтпесе, үйден шығу болар қайғы.
      Тек мекемелреге ғана апарады,
      Театр, Киноға олар бара алмайды.
      Тұрмыстық қиындықты айтпағанда,
      Заманадан ақпарат ала алмайды.
      Жаңалықты білмесең бұл заманда,
      Тартады тұралаған санаң қайғы.
      Арнайы кітапханалар жұмыс істесе,
      Керек жандар қабырғаға қамалмайды.
      Көзі нашар көргенмен кейбір жанның,
      Көкірек көзін ешкім де жаба алмайды.
      Кейбірі дұрыс ести алмаса да,
      Тыныштықта отырып бағамдайды.
      Жүре алмасын, мейлі, ол күле алмасын,
      Бәрібір адам аты жоғалмайды.
      Адамдығын жоғалтқан кемтарлар бар,
      Елді алдап, тонайтын солар қайғы.
      Ойлап жүріп деніңнің есендігін,
      Санаңнан жоғалмасын әсемдігің.
      Жауапты мекемелер осы іске,
      Мұқтаж жанды мұқалтпай көтер жүгін.
      ерекше қажеттілігі бар болғанмен,
      ерекше іспен жасап жүр көп ерлігін.
      Толықтай сезінуге қақысы бар,
      Қоғамның бір мүшесі екендігін.
      @саяш_ақын

    • @АлсерАлсерович-в4х
      @АлсерАлсерович-в4х 2 года назад +2

      @@Aitysmasa_saiash_akyn Еййй шіркін жан Қарындасым, Аман есен, бақытты болшы!!!

    • @ҚарақатЖанарбек-л2щ
      @ҚарақатЖанарбек-л2щ 2 года назад

      @@Aitysmasa_saiash_akyn көп рақмет қаламыңыз мұқалмасын