Жабайы қазақ | Тарихы мен болашағы |

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 18 сен 2024
  • Друзья делитесь этим видео с друзьями!
    ---
    📺 Читайте блог в Инстаграм:
    / zametki.shamana
    ✈️ Телеграм канал:
    t.me/ZametkiSh...
    ---
    #история #интересно #казахстан #читать #тенгри #тюрки #казахи #Бог #религия #загадки #мистика #будущее #meditation #медитация #тенгрианство #казахстан #россия #магия #коран #карма #дуа #хадис #христианство #библия #тора #пророк #книги

Комментарии • 12

  • @БаянТұрсынбай-с5д
    @БаянТұрсынбай-с5д 2 года назад +9

    АРмысыздар қазақтар.
    Таңіріміз жарылқасын, Ата бабаларымыздың ӘРУАҒЫ қолдасын. ӘРУАҚ

  • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
    @Malik_Kazakhstan_Aktobe 2 года назад +8

    ТӘҢІР СЕНІМІ
    Тәңір сенімінде,киелі кітап жоқ,
    Догмаға иландырып,сананы,
    улайтын.
    Тәңір сенімінде,пайғамбар жоқ,
    Ыңғайлы сүре,аяттарды түсіріп,
    алдайтын.
    ---------------------------------------
    Тәңір сенімінде,жұлдыздар жоқ,
    Шайтандарды атқылайтын.
    Әбәбіл құстармен,пілдерді қыратын.
    Тәңір сенімінде мешіт жоқ,
    Ғибадат үйіне жинап,
    Майда тілімен,У,ағызатын қинап.
    ---------------------------------------
    Тәңір сенімінде аят сүре жоқ,
    Келініңді қатын қылатын.
    Тәңір сенімінде мақсат жоқ,
    Туғандар,бір-бірінің қызын алатын.
    ---------------------------------------
    Тәңір сенімінде дәстүр жоқ,
    Бүлдіршін қызды,шалға қатын ететін,
    Тәңір сенімінде ,ғұрып жоқ
    Арсыз масқараға жол беретін.
    ---------------------------------------
    Ұятсыздықты тізе берсең шегі жоқ,
    Жүрегі кісендеулі ғаджемдерге обал жоқ
    Кезі келді,сын көзбен қарайтын,
    Арабтың қаңсығын,таңсық қылма,жарайтын,
    ---------------------------------------
    Тәңір сенімінде тылсым,жұмбақ табиғат бар,
    Табиғатты аялап,қажетіңе жарат деген насихат бар
    Тәңір сенімінде,сені құлым емес, ұлым дейді,
    Көк Тәңірді,Ұмай-жер ананы құрметтеуге үндейді.
    ---------------------------------------
    Тәңір сенімінде жарық дүниені, жалған демейді,
    Ақиқатты іздесең,біліммен,
    ғылыммен ізде дейді.
    Тәңір сенімінде,сананы,керексіз
    іліммен былғамайды.
    Сеніміне қарап,мұсылмансың кәпірсің деп,алаламайды.
    ---------------------------------------
    Тәңір сенімі,салт-дәстүр,
    әдет-ғұрыптан тұрады,
    Ұстанымынан тайсаң,аруақ, оңдырмай ұрады.
    Тәңір сенімі,табиғатпен үйлесімде өмір сүреді,
    Табиғи заңдылықпен үндесіп бір жүреді.
    ---------------------------------------
    Тәңір сенімі,қажылықты парыз етпейді.
    Қыр асып,қара тасқа ақша құй демейді.
    Шайтандарды ату үшін,тас сатпайды,
    Зәмзәм суын,қаржы көзіне айналдырмайды.
    ---------------------------------------
    Тәңір сенімі,бес уақыт намазды міндеттемейді,
    Соғыс пен қысастықты індет дейді,
    Садақа мен оразаны салық қылып салмайды,
    Иман жинамадың деп,жаныңды алмайды.
    ---------------------------------------
    Тәңір сенімі,төртінші иірімде дәуірлейді
    Тәңір ілімі,біліммен,ғылыммен өрлейді,
    Әлем,түбінде ислами санадан құтылады,
    Тәңір сенімі,салтанатты шерумен басталады.
    *****************************************
    Шымкент.қ.02.03.2021.ж.
    Сағат.00.37.
    Туындыгер; Көзшырақ ТОҒАТАЙ
    Фейсбуктағы сіздің тобыңыз :
    facebook.com/groups/308641057072397/?ref=share

  • @АлияМолдагулова-ж3в
    @АлияМолдагулова-ж3в 3 года назад +2

    🤲🤲🤲🙏🙏🙏

  • @НурланДосов-ж1ы
    @НурланДосов-ж1ы 2 года назад +5

    Теңдесі жоқ Тәңірім - Көк аспанның әмірі!
    Осынау қуғын - қырғында,
    Кетпесін деп құрдымға.
    Түркі-Қазақ халқы жойылмасын, ел болсын - деп
    Әрқашан қолдаушымыз Көк Тәңіріне,
    Түріктің қасиетті жеріне, суына, от - анаға мың Алғыс !

  • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
    @Malik_Kazakhstan_Aktobe 2 года назад +5

    Армысыз. Мынау міне текті нағыз қазақтың нағыз ҰЛЫ ДАЛА ДУНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ (Тәңіршілдіктегі-Қазақшылықтағы) нағыз ұстанымдардары деп осыны айтады. Ата-бабаларымыз дана болған ғой, бәрін білген ғой. Олармен мақтаныш етемін, қазақ болғаныма ризамын. Ал кім, қай қазақ бұндай ұстанымға қарсы?
    ruclips.net/video/_crIqsOyZ8o/видео.html
    "Уа, Тәңірім!
    Төбемізде Көк Аспан, табанымызда Қара Жер,
    Сенің сөнбейтін нұрыңнан жаралғанбыз,
    Алтайдан төрткүл дүниеге таралғанбыз,
    Жұпар Ауадан, тұнық Судан нәр алғанбыз!
    Көк бөріні көкке көтеріп тегім деп білгенбіз,
    Алақанымызды аспанға қаратып жайып, тілек тілеуді сенім деп білгенбіз,
    Ата- бабаның сүйегі қалған төбені жерім деп білгенбіз!
    Ала байрақты аспанға көтеріп, Аруағымызды шақырғанбыз!
    Жау көрсе айбатқа мініп, атойлап арыстандай ақырғанбыз!
    Қырандай биікте қалықтағанбыз,
    Шартарапқа шарықтағанбыз!
    Біз- Көк Түріктен, Он Оғыз, Тоғыз Оқтанбыз,
    Түнде аш бөрідей жортқанбыз!
    Басқалар жаяу жүргенде,
    БІЗ көлікті таңдап мінгенбіз,
    Ат тұяғы жетерде алып- алып басып, алшаңдап жүргенбіз!
    Күміс шарамен қымыз ішіп, алтыннан шырағдан жаққанбыз,
    Болат темірді қортып, сәйгіліктерімізге үзеңгі таққанбыз!
    Басқалар әбүйрін жаба алмай жалаңбұт жүргенде,
    Ақ тәнімізге түйежүн шекпен, бадана көзді сауыт кигенбіз!
    Жомарт жүректерге, көк өрім көңілдерге
    Басымызды игенбіз,
    Тәу етіп, киелі қасиетке сыйынып, Жаратқан Көк Тәңірін сүйгенбіз!
    Санамызды қалыпқа салмағанбыз,
    Ар мен ұятымызды нарыққа салмағанбыз,
    Өтпейтін пышақты шарыққа салмағанбыз!
    Байлықты қолдың кірі деп,
    судай сапырғанбыз,
    Анталап жау келсе, әруағымызды шақырғанбыз,
    Жауымызға жолбарыстай атылғанбыз,
    Өкініш өзегімізді өртесе, өлердей аһ ұрғанбыз,
    БІЗ- Ұмай Анадан, асылда текті жатырданбыз!
    Айғырдай кісінегенбіз,
    Бұқадай бұлқынғанбыз,
    Бурадай жұлқынғанбыз,
    Тереңге сүңгігенбіз,
    Биікке ұмтылғанбыз,
    Құндыздай қыз туғанбыз,
    Бөрідей ұл туғанбыз!
    Басқаға барып соқтығып, тимегенбіз,
    Салтанат құрып сауықта билегенбіз,
    Көңілімізді мұңлы әуенмен күйлегенбіз!
    Жағамызды да алтындағамыз,
    Сабатта салқындағанбыз,
    Жәй отындай жарқылдағанбыз!
    Дүниені дүрліктіріп, дүркірегенбіз,
    Нөсердей төгіліп сіркірегенбіз,
    Күңіренсек Күндей күркірегенбіз!
    Қарсы келгендерді майып еткенбіз,
    Қасқыр азуымызмен іреп, сойып өткенбіз,
    Қаптаған селдей болып шайып өткенбіз!
    Соққан желдей болып есіп өткенбіз,
    Кедергілерді кездігімізбен кесіп өткенбіз,
    Алтайдан асып, Темір Қақпаны тесіп өткенбіз,
    Байқалдан Балқанға қарай шұбырып көшіп өткенбіз!
    Жалпақ дүниені төртке бөліп, төбесінен қарағанбыз,
    Көзімізді Күнге қадап, басқадан бұрын Жұлдызды санағанбыз,
    Жердің кіндігі болған Алып Алтайдан тарағанбыз!
    Ғаділет пен адалдықты ту етіп, соны жөн көргенбіз,
    Адамның баласын тегіне бөлмей өзімізбен тең көргенбіз,
    Топалаң тигендей қылып ата жауымызды тоқтыдай өңгергенбіз,
    Тұлпарға тұнықтан су ішкізіп, қолымыздан жем бергенбіз,
    " Адам адамға құл болмайды!"- деп, құлды да теңгергенбіз!
    Қара тас та да қасиет бар деп білгенбіз,
    Қара сөзде де қасиет бар деп көнгенбіз,
    Қара қазанды қастерлеп,
    Қара шаңырақтағы қасиетке сенгенбіз!
    Тексізді өзімізге әсте теңгермегенбіз,
    Қандағы қасиетім жоғалады деп,
    жеті атадан бері қыз бермегенбіз!
    Қырық қабырғамыз қақырап,
    отыз омыртқамыз опырылса да дыбысымызды шығармағанбыз,
    Тектілік қаннан деп,
    іргемізден туысымызды шығармағанбыз
    Ұйыған сүттей болып, уысымыздан Ұлысымызды шығармағанбыз!
    Сулы жер- нурлы жер деп,
    қайнарлы көзге тоқтағанбыз,
    Тентектікті қотанға тышар деп,
    тәртіп пен тезге тоқтағанбыз,
    Жібек пен бөзге емес, алтынға емес,
    Аталы Сөзге тоқтағанбыз!
    Тауға қарап өстік, талпындық,
    асқақ мұрат күшті дедік,
    Жер танабын қуырған жылқыда тұяқ күшті дедік,
    Бәрінен де АР биік, Өлімнен де ҰЯТ күшті дедік!
    Уа,Тәңірім!
    Қорқақтың жүрегін берме,
    Әлсіздің білегін берме,
    Жауымның тілегін берме!
    Дұшпанның табасын берме,
    Жетімнің наласын берме,
    Жаманның жаласын берме!
    Қанағатсыздың көзін берме,
    Ынжықтың сөзін берме,
    Төпелесе де көне беретін төзім берме!
    Есердің миын берме,
    Жарлының күйін берме,
    Арамның сыйын берме,
    Келесіз жиын берме!
    Асқақ арманымызға Таудың алыптығын сыйла!
    Өлмейтін жанымызға Күннің жарықтығын сыйла!
    Қарайған көңілімізге Айдың сүттей сәулесін сыйла!
    Семсердей сертімізге бабамның сенімділігін сыйла!
    Қайғы- мұңымызға, қапамызға желдің жеңілдігін сыйла!
    Ар- ожданымызға ағын судың тазалығын сыйла!
    Намысымызға найзағайдың шатырлағанын сыйла!
    Санамызға Ұлы дәуірдің жаңғырығын сыйла,
    Ұлысымыз бен ұрпағымызға ғұмырдың
    Мәңгілігін сыйла!
    Аруақ!!"
    Р. S. Топтарға, адамдарға таратуыңызды сұраймын.
    Фейсбуктағы сіздің тобыңыз :
    facebook.com/groups/308641057072397/?ref=share

  • @НурланДосов-ж1ы
    @НурланДосов-ж1ы 2 года назад +4

    Қазақ - Тәңірдің ұлы, бабаларының ұрпағы екенін біліп, әрқашан адал болып, соларға лайық болуға тырысқан. Тәңірге сенім, адамның адал болуын, ар жолымен жүруін талап ететін.Қазақ ешқашан қорқыныш жүгенін қажет етпейтін. Өйткені ол , Тәңірдің баласы екенін біліп, қорыққаннан емес, сүйгендіктен адал болуға тырысқан. Өзінің алдында, құдай алдында, халық алдында үлкен жауапкершілігі бар екенін түсінетін. (З.С)

  • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
    @Malik_Kazakhstan_Aktobe 2 года назад +8

    Армысыз. Қазақтың дәстүрі Тәңірге табынып, ата-баба әруағына сиынуы.
    Арабша сайрап құдайдан, өзі түсінбейтін тілмен тілек тілегенше, өз тіліңде Тәңірден тіле тілеуіңді.
    Арабтар қазаққа жаны ашып, ислам дініне кіргізген жоқ. Ол отарлау саясаты. Орыстар қалай отарласа, арабтар да солай отарлаған. Дінмен жаулап алған. Қазақты соғыспен алуға құдіреті жетпей, Хорасаннан миссионерлерді жіберіп, дінін тарату арқылы басып алған.
    Қызылорда обл. Жаңақорған ауданынан бастап, Жамбыл обл. Талас ауданы мен аралық Қоқан хандығына қарап, салық төлеп отырған. Бұл деген бодан болу деген сөз.
    Қазақты ислам дініне кіргізіп алдап қойып, Отырар кітапхананасын тонап кеткен. Керуен-керуен қылып тасыған. Бір керуен қарақшылыққа ұшырап кітаптар қолды болып, содан дәл қазір Баку қаласындағы кітапханада, Отырар кітапханасының мөрі басылған бес кітап бар. Европа ғалымдарының зерттеуі бойынша сол уақытта қолды болған, кейін кітапханаға өткізілген деп жазады.
    Қазақтың бар ғылым-білімін, өркениетін ұрлап кеткен арабты, неге сонша төбелеріңе көтересіңдер.
    Қазір де келіп жатыр, миллиярттаған қаржы бөліп, сонда солардың қазаққа жаны ашып келіп жатыр дейсіңдер ме? Жоқ миллиярттап бөліп жатқан қаржының артында, жымысқы саясат жасырынып, бұғып жатыр.
    12-13 ғасырларда Араб халифаты, осы діннің арқасында жарты әлемді басып алып, салық жинап отырған.
    Бұл деген отарлау саясаты.
    Бұл ислам діні тәтті сөздермен, ғылымның жетістіктерімен, керемет сөздері бар аяттармен қаруланған дін. Еріксіз жаныңды баурап, жүрегіңді жаулап алатын сиқырлы, магиямен қаруланған.
    Аңғал қазағым, аңқау қазағым, құранмен, тозақпен қорқытып, жұмақтағы 72 хор қызына қызықтырып қойған магияға алданып келді.
    Ол уақытта ислам дінін зерттеуге ешкімнің мүмкіншілігі болған жоқ.
    Ал, қазір ислам дінінің барлық құпиялары мен қылмыстары ашылып, дәлелденіп жатыр.
    Бұл ислам дініне Мекке халқының өзі қарсы шығып, ой бостандығын, сана бостандығын талап етіп Патшаларына жолдау жасап жатыр.
    Меккеліктер қарсы болғанда біз кімбіз. Біз араб емес Түркі халқымыз. Біз қазақпыз.
    Біз ата-бабамыздың ақ жолына түсіп, ежелгі қазақты идеологиясын қалпына келтіруіміз керек.
    Сонда ғана санамыз араб құлдықтан тазарып, санасы таза, көкірегі ояу, еркін де егеменді ел боламыз. Егер олай болмаса, тіліміз арабшаға немесе орысшаға, қытайшаға айналып, мықты елдердің көмейіне жұтылып кетеміз.
    Қазақ , қазақ болып қалу үшін, ата-бабамыздың ақ жолына түсуіміз керек. Араби идеологияны тоқтатып Қазақтың төл идеологиясы Тәңірді қолдайық бауырлар.
    Тәңір жар болып, ата-баба әруағы қолдасын Қазағымды!
    Керімбек Ахметов.
    Фейсбуктағы сіздің тобыңыз :
    facebook.com/groups/308641057072397//

    • @БауржанМакешев
      @БауржанМакешев 2 года назад

      Керемет, қолдаймын! Тәңір жарылқасын баршамызға, ата-бабаларымыздың аруақтары қолдасын түркі-қазақ елін!🙏

  • @user-ve8by6xm5h
    @user-ve8by6xm5h 2 года назад

    Біз Тәңірденбіз

  • @Malik_Kazakhstan_Aktobe
    @Malik_Kazakhstan_Aktobe 2 года назад +4

    Армысыз. Еркін, биік рухты, ойланатын, санасы ашық, намысты мен адалды қазақтарға арналған өз Ұлы Дала дүниетанымымыз Қазақшылық - Тәңіршілдік жәйлі интернеттегі мәліметтер:
    Күлтегін жыры. Еркін әдеби нұсқа. :
    adebiportal.kz/kz/news/view/kultegin_zhiri_erkin_adebi_nuska__1488
    (Ішінде санаңызшы "Тәңір" деген сөз бабаларымызбен неше рет келтіріледі (аталады).
    Қазақтың ұстанымдары:
    m.facebook.com/story.php?story_fbid=821386908809894&id=100028157763288
    Қазақ қалай амандасады?
    adyrna.kz/post/40760
    Ютубта:
    ruclips.net/video/zQiG24afrPc/видео.html
    Тәңір мен Тәңіршілдік деген не?
    m.facebook.com/story.php?story_fbid=788920335389885&id=100028157763288
    Тәңіршілдердін қағидалары менен түсінігі:
    m.facebook.com/groups/308641057072397/permalink/543327393603761/
    Блог. Тәңірлік танымға қатысты сұрақ-жауап:
    blog.qutty.kz/menin-blogym/s-ra-zhauap?hitcount=0
    Тәңіршілдік туралы:
    ruclips.net/video/D_GVTFKMqsI/видео.html
    КӨНЕ ТҮРКІЛЕРДІҢ ДІНИ НАНЫМ-СЕНІМДЕРІ (мектепте қазыр солай оқытып жатыр):
    itest.kz/kz/attestation/qazaqstan-tarihy-4148/v-tarau-vi-xiii-hasyrlarda-qurylhan-memleketter-etnikalyq-zhane-sayasi-tarihy-men-madenieti/lecture/kone-turkilerding-dini-nanym-senimderi
    Тәңіршілдік һәм қазақ халқының ұлттық миссиясы:
    abai.kz/post/57737
    Тәңіршілдік:
    jasgalym.kz/studentterge/dintanu/283-tanirshildik.html
    Түркілердің исламға дейінгі ұстанған діндері. Жалпы ғылыми қысқаша ақпарат: ikaz.info/kone-turkilerdin-dini-nanym-senimderi/
    adyrna.kz/post/15356
    adyrna.kz/post/12810
    adyrna.kz/post/39251
    adyrna.kz/post/39074
    Ең нақты қысқа Тәңіршілдік түсініктер:
    www.atalarmirasi.org/211-kone-turikterdinh-nanym-senimderi
    abai.kz/post/39210
    Ең мықты Тәңіршілдік жайлы аңыз әңгімелер жинағы. Алтын Қалам иегерінің толық мақаласы: www.akalam.kz/kk/lyrics/5787
    Тәңір - қазақтың құдайы ма, әлде ескі дәуір тарихы ма?:
    informburo.kz/kaz/tr-azaty-dayy-ma-lde-esk-dur-tarihy-ma-.html
    Тәңір дүниетанымы қайдан пайда болды. Ақеділ Тойшанұлы:
    abai.kz/post/7775
    Фейсбуктағы сіздің тобыңыз :
    facebook.com/groups/308641057072397//