Мұртаза қари Балахмет / Фурқан сүресі 61-77 аяттар

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 21 янв 2022
  • "Әзірет сұлтан" мешітінің ұстазы Мұртаза қари Балахмет
    Тобыл қалалық "Маңдай батыр" мешіті, құптан намазы.
    Оқылған құранның аудармасы Фурқан сүресі 61-77 аяттар.
    Сондай мол игілік иесі Алла, аспандағы жұлдыздардың орнын жаратып, онда бір жарық (күн) және сәуле беруші айды жаратты.(61)
    Ол, сондай үгіт алғысы немесе шүкір еткісі келген кісі үшін түн мен күндізді, бірін-біріне ертіп қойды. (62)
    Рахманның құлдары жерде сыпайы түрде жүріп, оларға білместер тіл тигізсе де: “Сәлеметшілік” деп, дұрыс жауап береді. (63)
    Олар түнді, Раббыларына сәжде қылу, тіке тұрумен өткізеді. (64)
    Олар: “Раббымыз! Тозақ азабын аулақ қыл! Рас оның азабы тұрақты” дейді. (65)
    Шынында ол; орынның да, мекеннің де жаманы.
    (66)
    Олар мал сарып қылғанда, ысрап та қылмай, сараңдық та істемей, осы орталықта тұрады. (67)
    Олар Алламен бірге басқа тәңірге жалбарынбайды. Алла өлтірілуін арам еткен кісіні орынсыз өлтірмейді де зина қылмайды. Кімде-кім оларды істесе, күнәға жолығады. (68)
    Қиямет күні, еселеніп азап болады. Олар онда қор болып, мүлде қалады. (69)
    Бірақ кімде-кім тәубе қылса, сондай-ақ кім иман келтіріп, ізгі іс істесе, міне Алла олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады. Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді. (70)
    Кімде-кім тәубе қылып, түзу іс істесе, рас ол, Аллаға лайықты түрде қайтқан болады. (71)
    Олар өтірікке айғақ болмайды да, бос (пайдасыз) сөздерге кездессе, маңғазданып өтеді. (72)
    Қашан оларға Раббыларының аяттары арқылы үгіт берілсе, оған құлақ салмай, көз жұмып, кете бермейді. (73)
    Олар: “Раббымыз! Бізге жұбайларымыздан, ұрпақтарымыздан көзайымдық бер. Сондай-ақ бізді тақуалардың алды қыл!”,- дейді.(74)
    Міне бұлар, сабыр еткендіктері себепті жоғарғы сыйлыққа бөленеді. Аман-сәлеммен қарсы алынады. (75)
    Олар онда мәңгі қалады. Ол нендей көркем тұрақ, жақсы орын! (76)
    (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Егер құлшылықтарың болмаса, Раббым, сендерді неге бағаласын? Рас сендер жасынға айналдырдыңдар. Сондықтан азапқа душар боласыңдар” де. (77)

Комментарии • 3

  • @user-xm5hv3yv2b
    @user-xm5hv3yv2b 2 года назад +1

    ما شا الله

  • @oilan2789
    @oilan2789 2 года назад +1

    Маша Аллах , как красиво читает с дозволения Аллаха

  • @user-rm7dv6eq4d
    @user-rm7dv6eq4d 2 года назад

    Ёпп