Жанашырлық жанқиярлықты талап етті

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 18 сен 2024
  • БІЗДІҢ RUclips АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Жанашырлық жанқиярлықты талап етті. Жамбылдық Мәди Әли жантүршігерлік жол апатында жалын құшқан көліктен 5 адамды алып шықты. Дәл сол сәтте отқа оранған көлік жарылып, күлге айналған. Періштесі қаққан бесеудің ішінде екі апталық шақалақ пен бір жарым жасар сәби бар. Өкінішке қарай, бүлдіршіндердің анасы сол жерде жан тапсырыпты. Ал кісі өлімін азайтып, ерлік жасаған мойынқұмдық орманшы мемлекеттік наградаға ұсынылды.
    13 қыркүйек. Түс ауа сәт. Шу-Мойынқұм тас жолы. Отқа оранған көлік жан біткенді жақындатпайды. Бірақ қызыл жалын ішінде қалғандардың құлын даусы еріксіз ерлік жасатты дейді Мәди Әлиев.
    МӘДИ ӘЛИЕВ, Көкжелек ауылының тұрғыны:
    - Адамдар шырылдап жатқан кезде енді ащы дауыс қой анау деген «Құтқар!» «Шығар!» деген. Шығару керек болды ойымның бәрі. Алып шықтым, алып шыққан кезде атылды ғой. Өзімді де ұмытып кеттім ол кезде. Бір ойым да болды, мен сырттамын ғой, жарылса мені сыртқа лақтырып жіберер, іштегілерді алып қаламын деген.
    Осылайша, мойынқұмдық орманшы бес адамды көліктен алып шықты. Өкінішке қарай, бір әйел ауыр жарақаттан оқиға орнында көз жұмған. Қалғандары ауруханада емделіп жатыр. Ауылдастары, жерлестері Мәдиге алғысын жаудырды. Жұрт мақтаған азаматты облыс әкімі де қабылдап, оны мемлекеттік наградаға ұсынғанын жеткізді.
    Осындай біздің жігіттер. Ер жігіттер, батырлар көп болсын. Міні көрдіңіз ба қандай кадр, қандай резерв бар бізде. Осындай батырлар өсу керек ары қарай.
    Ерлік еріккенннің ермегі емес, дер кезінде қажет шешім шығару қабілет. Мәдидің әрекеті көпке үлгі. Жігіт ағасы екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған әке. Нұрадин Рақай, Дәулетбай Нұрмахан И-Б Жамбылдан.
    ------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/c...
    TikTok - www.tiktok.com...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии • 5