🥞БОМБА ҚҰЙМАҚ🥞

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 18 сен 2024
  • 🥞БОМБА ҚҰЙМАҚ🥞

    Аяқ асты тәтті пісіру керек болса осы құймақты пісірем, мені ешқашан ұятқа қалдырған емес😍.

    💣Құрамы:
    Сүт - 1 стақан
    Жұмыртқа - 2 дана
    Шекер - 5-6ас қасық (қантын аз салып жасауға да болады)
    Қопсытқыш (разрыxлитель) - 1 шәй қасық
    Ұн (көз мөлшермен)
    Қайнаған ыстық су - 1 стақан (кипяток)
    Сұйық май -6-7 ас қасық

    💣Дайындалуы:
    1) Жұмыртқа мен шекерді жақсылап венчикпен араластырамыз немесе миксермен, үстіне сүтті құямыз
    2)қопсытқыш пен ұнды аздап сала отырып араластырамыз (құймақтың қамырындай болу керек қою)
    3) Қайнап тұрған ыстық суды құйып араластырып сұйық майды құямыз, араластырамыз (ыстық суды құйғанда сұйықтанады қамыр)
    4) енді табамызды майлап, пісіріп аламыз ( әр пісірген сайын табаны сүртіп отырамыз) 5) Қалаған салмаларыңызды салып жеуге болады,
    Нутелла жағып, банан салып, қаймақ, тосап, сүзбе, ет...
    Ас болсын!
    Видео авторы: Аяулым Талғатқызы

Комментарии •