Дін шатағын сынға сал | Шәкәрім Құдайбердіұлы (мерседес молда, тоқал, хор қыздары)

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 6 сен 2024
  • Таза діннің шын негізін
    Ұстаған бір пенде жоқ.
    Дүние толған көп шатақ дін,
    Бәрі бірдей шатпырақ
    Дін тазасын діннен ізде
    Дін шатағын сынға сал.
    Анық айна өзіңізде,
    Айда ақылды қаттырақ
    Шала дінді пән де таппас,
    Дін тазасын ой табар.
    Еркін ақыл тіпті адаспас,
    Кезсе кірсіз жарқырап...
    #ШәкәрімҚұдайбердіұлы #АбайҚұнанбайұлы #Ислам

Комментарии • 79

  • @shamidinoff
    @shamidinoff  3 месяца назад +18

    «Бейiсте бар сұлу жар,
    Мінсiз таза хор қыздар,
    Рахат берер бал кәусар»,-
    Дейдi бiздiң молдалар.
    Айтады да бұл сөздi,
    Арақтан тыйды ол бiздi,
    «Сүйме,- дейдi,- бiр қызды»,-
    Молдекемнiң жыны бар.
    Кәусарың рахат бермесе,
    Мас қылмай iштi кернесе,
    Хорды асық боп көрмесе,
    Несiн мақтап қылдың зар?
    Кәусары болса арақтай,
    Хор қызы болса қарақтай,
    Қоймас па едi жаратпай,
    Бейiске ондай арам нәр.
    Қызына асық болмаса,
    Мастықпен көңiл толмаса,
    Көкейiме қонбаса,
    Бейiсiң маған - мұз бен қар.
    Молдеке-ау, олай емес қой,
    Қыз құшып, жемiс жемес қой,
    Мысалмен айтқан кеңес қой,
    Тәпсiрлеуге миың тар.
    От емес қой дозақ та,
    Дүние iсi жоқ о жақта,
    Барамыз ғой қонаққа,
    Сонда анықтап байқалар.
    Жалықпас, бiтпес рахат бар,
    Азабы оттан қиын, тар,
    Нәпсiге ерген молдалар,
    Қыз құшуға тым құмар.
    Шәкәрім Құдайбердіұлы

  • @beknazarturginbai8621
    @beknazarturginbai8621 3 месяца назад +5

    Бізге Әле көп өзіміз бен жұмыс жасау керек сияқты.

    • @AbdualiMarkhabaiev
      @AbdualiMarkhabaiev 3 месяца назад +2

      ДҰРЫС АИТАСЫН БҰЛ МОЛДА ҰСТАЗ СЫМАКТАР ТЕК ҚАРАҒҒЫЛЫҚА СУИРЕИДІ ХАЛЫҚТЫ

  • @shamidinoff
    @shamidinoff  3 месяца назад +9

    Пайғамбар Мұса жолықса,
    Сөйлесiп көңiлiм орнықса:
    "Адасты жебiрей, - дер едiм, -
    Тәуратты қайта толықта!"
    Дәуiттi көрсем, ән салып,
    Қуанар едiм қарсы алып:
    "Ақында қалды иманың,
    Тағы үйрет, - дер ем, -
    бiр барып".
    Зардөшке айтсам кезi кеп:
    "Үйреттiң ақыл нұр ғой деп.
    Ұға алмай отқа шоқынып,
    Бұзылды елiң боғын жеп".
    Будданың ұстап бiлегiн,
    Айырылмай бiрге жүремiн:
    "Жәдiгөй, бақсы, ламаға,
    Шоқынды елiң, бiлемiн".
    Айсаны көрсем егер мен:
    "Тіріл, - дер едім, - қайта сен.
    Сенi құдай дедi де,
    Айырылды халқың дiнiнен".
    Мұхамметтi көре алсам,
    Сөз айтып, жауап бере алсам:
    "Адасты молда, - дер едiм, -
    Құраныңды үйрет, келе алсаң".
    Бұл күнде дұрыс иман жоқ,
    Шатақ дiн нәпсi тыйған жоқ.
    Ақылы саудың ойына,
    Алдамшы дiндер сыйған жоқ.
    Анықты ешкiм тапқан жоқ,
    Iздемей қарап жатқан жоқ.
    Әлiмдi залым қылатын,
    Шатақ дiндей қақпан жоқ.
    Ақыл да бездi олардан,
    Iз қарап жүр сонардан.
    Байқамай көбi адасты,
    Көңiлге бiрақ сол арман.
    Көрмедi сынап дүние iсiн,
    Бiлмедi құдiрет киесiн.
    Денеге жанды жеңгiзiп,
    Таба алмай қойды Иесiн.
    Затшылдық көзiн байлады,
    Адастырып айдады.
    Жан билемей, тән билеп,
    Ақылдың соры қайнады.
    Ғылым деп уды жегiздi,
    Денесiз зат жоқ дегiздi.
    Дәлелсiз пәнмен перделеп,
    Тапқызбай қойды негiздi.
    Шәкерім Құдайбердіұлы

  • @shamidinoff
    @shamidinoff  3 месяца назад +8

    Таза діннің шын негізін
    Ұстаған бір пенде жоқ.
    Дүние толған көп шатақ дін,
    Бәрі бірдей шатпырақ
    Дін тазасын діннен ізде
    Дін шатағын сынға сал.
    Анық айна өзіңізде,
    Айда ақылды қаттырақ
    Шала дінді пән де таппас,
    Дін тазасын ой табар.
    Еркін ақыл тіпті адаспас,
    Кезсе кірсіз жарқырап...
    Шәкәрім Құдайбердіұлы

  • @shamidinoff
    @shamidinoff  3 месяца назад +8

    Бұл күндегі үйрену ескі медреселер ғұрпында болып, бұл заманға пайдасы жоқ болды. Мұндағылар ұзақ жылдар өмір өткізіп, ғылымды пайдасыз ұзақ таластармен күнін өткізіп, тіршілік дүниеде надан бір ессіз адам болып шығады да, ешбір харекетке лайықтығы жоқ болған соң, адам аулауға, адам алдауға салынады. Көбінесе мұндай ессіздердің насихаты да әсерсіз болады.
    (Абай Құнанбайұлы, 38 қара сөз)

  • @shamidinoff
    @shamidinoff  3 месяца назад +8

    Бейiс, дозақ молда айтқан сияқты емес,
    Ақылды адам оны анық сондай демес.
    Құрсақтағы балаға осы өмiрдi
    Ұқтыр десе, айтар ең қандай кеңес?
    Сол сияқты мысал ғой ұқтыруға,
    Дәл осындай қыз құшып, жемiс жемес.
    Бiрақ қатты қуаныш не кейiс бар,
    Дәлелiм - ұждан, зұлым бар тетелес.
    Сондықтан бiр тексеру болмай қоймас,
    Мұнымды әдiлетпен ойла да шеш.
    Егер Құдай барлығы анық болса,
    Тең болмас ақ жүрек пен сұм залалкес.
    Бұл сөзге күндей ашық дәлелiм көп,
    Не дiнмен, не ақылмен қылсаң да егес.
    Соқыр ойлы, өзiмшiл бiр езуге
    Қанша ғылым бiлсе де кiре алмайды ес.
    Шәкәрім Құдайбердіұлы

  • @kazah_7
    @kazah_7 3 месяца назад +9

    Дінбұзар молда көп. Саналары қандай таяз еді

  • @alibikuatbekov8793
    @alibikuatbekov8793 3 месяца назад +3

    Арақ - ақыл‚ мастық - ой, жар - ХАҚИҚАТ‚
    Жан - нәпсі, шатақ иман - дін қиянат.
    Маскүнем‚ әйелсүйгіш‚ дінсіз ғой деп,
    Сырым білмей сыртымнан қылма ғайбат.
    ХАҚИҚАТТАН басқаға бас ұрмаймын,
    Дәлелсізге нанам деп болмаймын мат.
    Бастағы көз‚ құлаққа сенімім жоқ,
    Терең ой мен ақылға айтамын дат.
    Пайғамбар, әулие айтты десе-дағы,
    АҚЫЛ қабыл алмаса, ол маған жат.
    Шатақ дінге, әдетке не білгішке
    Ноқталатпай ойымды қылам азат.
    «АҚЫЛҒА БИЛЕТПЕГЕН ПЕНДЕ - АЙУАН»‚
    Десем де бола қоймас сөзім ағат.
    Құранның шын мағынасын шатақ ұғып,
    Молдалар маған қоймақ кәпір деп ат.
    «АҚЫЛЫҢА СЫНАТ,- ДЕП,- ДӘЛЕЛ АЙТҚАН»
    Құраннан табылады талай аят.
    Тәпсір деп қасиетін талқан қылып,
    Бұзғанмен Құран болмас адасқан хат.
    Жарық нұрдан жаралған Күн жоғалмас,
    Бетіне перде жапсаң неше қабат,
    Құран сырын ұға алмай бұзса-дағы,
    Жасырылмай жарқырап тұр кәрәмат.
    Жаман тәпсір жайылып жер жүзіне‚
    Дін десе тұра қашты есті азамат.
    Бар обалы олардың тәпсіршіде,
    Адасып нұрлы аятқа жағыпты тат.
    Ол қатені түзеткен әлімдер көп,
    Соның сөзін оқысам, боламын шат.
    Қиянатың бар болса‚ иманың жоқ,
    МАҒАН ДЕСЕ, МЫҢ ЖЫЛДАЙ ҚЫЛ ҒИБАДАТ.

  • @user-ds9rm6uy2m
    @user-ds9rm6uy2m 3 месяца назад +1

    Пәк болып қала береді 😂,тек іш киімнен артыла бермей жүр ақыл сана.

  • @user-tw5bm1jf9k
    @user-tw5bm1jf9k 3 месяца назад +2

    Ассалаумағалейкум,, Дәуренбек,,сыз тек молдаларды ,дын жолындағы аламдарды зерттей берменыз,,,себебы олар пайхамбарлардын мерасхорлары,,,, Алланың дининен баска көп нарселер бар солармен айналыса бервныз,,, ертең аттеген ай деп калманыз???

    • @user-cb7wi7gs6i
      @user-cb7wi7gs6i 3 месяца назад +2

      ШЕТЕЛДІК ДІНИ ҰСТАЗДАРДАН ДӘРІС АЛЫП ЖҮРГЕН БІР АДАМ АЙТАДЫ БЫЛАЙ БІЗДІҢ МҮФТИЯТТЫҢ БІЛІМІ ТӨМЕН ДЕЙДІ.

    • @user-cb7wi7gs6i
      @user-cb7wi7gs6i 3 месяца назад

      ТАҒЫ БІР ҚЫЗ АЙТАДЫ НҰРМҮБӘРӘК УНИВЕРСИТЕТТІНДЕ БІР АПАЙДАН ҚҰРАН ОҚУДЫ ҮЙРЕНІП ЖҮР ЕКЕН.ТАЛАЙ ДІНИ КІТАПТАР ОҚЫҒАН.МАҒАН АЙТАДЫ ҚАЗІРГІ МОЛДАЛАРДЫҢ БІЛІМІ ТӨМЕН.БҰРЫНҒЫ ТАТАР МОЛДАЛАРЫ СИЯҚТЫ ДЕЙДІ.

    • @user-cb7wi7gs6i
      @user-cb7wi7gs6i 3 месяца назад

      НҰРСҰЛТАН ҰСТАЗ АЙТАДЫ ЖӘННӘТТӘ ҚОС АНАРЫ ТОЛЫҚСЫҒАН ХОР ҚЫЗДАРЫ БОЛАДЫ ДЕЙДІ. АЛ БҰЛ НЕ МАСҚАРА.

    • @user-cb7wi7gs6i
      @user-cb7wi7gs6i 3 месяца назад

      МАҒАН ТЕК ЕРСІН ӘМІРЕ ҰСТАЗДЫҢ БІЛІМІ ЖОҒАРЫ СИЯҚТЫ.

    • @Todd_Govard
      @Todd_Govard 2 месяца назад

      ​@@user-cb7wi7gs6iАл Исрафил Бегейше?

  • @nurddinkerimkul163
    @nurddinkerimkul163 3 месяца назад +3

    Надан адамдарды публикадан емес қасыңыздағы жақын адамдарыңызға жақсырақ қарасаңыздар көресіздер

  • @user-fg1lj6fi7s
    @user-fg1lj6fi7s 3 месяца назад

    АССАЛАУМАЛЕЙКҮМ ҚАЗАҚ ЕЛІ . ҚОҒАМ ДАМЫДЫ СОҒАН ОРАЙ БІЗДІҢ КЕЙБІР АТАУЛАРЫМЫЗ ДА ӨЗГЕРДІ БҰРЫНДАРЫ МОЛДА ДЕСЕК КƏЗІР ЗАМАНАУИ ТІЛДЕ ҰСТАЗ ДЕП ОТЫРМЫЗ . МОЛДАНЫ АЙТПАЙ АҚ ҚОЯЙЫҚ .ҰСТАЗДАРДЫҢ ӨЗДЕРІ ДЕ НЕ БОЛСА СОНЫ АЙТЫП КЕТТІ ЕМЕСПЕ . ƏРИНЕ ЖАРАП ТҰРСЫҢ БƏРЕКЕЛДЕ ЖАҒДАЙЫҢ ТЫМ ТƏУІР ЕКЕНДІГІ АНЫҚ БАЙҚАЛЫП ТҰР . АЙТЫП ОТЫРҒАНЫ ТАҒЫДА ТОҚАЛ МƏСЕЛЕСІ КҮЙІ КЕЛГЕНШЕ ҮШЕУДЕН НЕ ТӨРТЕУДЕН ТОҚАЛ АЛСЫН ДЕЙІК ОҒАН БҰЛАРДЫҢ КҮШІ КЕЛЕМЕ ЕКЕН . ЕКЕУДЕН АЛУ ДЕГЕН БҰЛ ІСКЕ АСПАЙ ҚАЛАТЫН НƏРСЕ ҒОЙ . КҮНДЕРДІҢ КҮНІНДЕ ТОҚАЛ ТАУЫҚ АУЛАҒА ЖАС ƏТЕШТЕР СЕКІРІП ТҮСРЕЙМЕ СОНДА ҚАЙТПЕК . СОЛАРДЫ ҚОРИМЫН ДЕП ЖҮРГЕНДЕ САУДАСЫ БІТІП КЕТПЕЙМЕ
    МЫНДА ПАЛУАН БІЛЕДІ ДЕП ҚОЯДЫ . ОЛ ПАЛУАН ҚАРТАЙМАЙ МА СОНДА ЖАҒДАЙ НЕ БОЛМАҚ .

  • @mamirkerei4556
    @mamirkerei4556 3 месяца назад +1

    Нәбсі құмар адамдар тыңдаиды айналаиын ұжымақ осы дүниеде сондықтан еңбек істе білім ғылым осы өмірде ұжымақ жасаисын ……

  • @----------bx4tk
    @----------bx4tk 3 месяца назад +8

    😂😂😂😂😂МЫНА МОЛДЕККЕ ЖАРДЫҒО МЕРСЕДЕС МОЛДА ДЕП

  • @user-xc9ln6ed1g
    @user-xc9ln6ed1g 3 месяца назад +4

    Негізінде құранда 4 әйел алуға рұқсат бар оған қарсы келу дұрыс емес, ол аяттар бүкіл құранға иман келтірген мұсылман адамдарға қатысты. Бірақ бұл жаппай 4 әйел алу керек деген сөз емес ол аяттар, ол аяттар терең білім қажет етеді және әділ болу керек оңай шаруа емес 4 әйел алу

  • @hellhelo9806
    @hellhelo9806 3 месяца назад +3

    бұрында имамдарды көп тыңдайтынмын сосн билікке арласпай биліктің фитнасын көріптұрым дым демейтін, и осындай саналары таяз болғансоң тыңдаамйкеттім.

    • @Todd_Govard
      @Todd_Govard 2 месяца назад

      Исрафил Бегейдің саудаға айналған дін деген видеосын қарап қараңыз.

  • @arim0107
    @arim0107 3 месяца назад +5

    Сырт тазасы не керек,іш тазасы болмаса.
    Айтқан сөзің шын болса
    Ішің толған жын болса
    Жүрегіңде мін болса
    Айтқан сөзің ем емес деген екен бұрынғы өткен бабалар

  • @yousarmat---3946
    @yousarmat---3946 3 месяца назад +4

    Исламистер ертегісі шаршатты. Соған өздері сенеді иә? Надан ба деп қаласың

    • @user-mc8bk4bz4e
      @user-mc8bk4bz4e 3 месяца назад +2

      Айтпа, бурынгы заманмеү омир сургенимизди калайды, жолды байлап.... Болашаққа апармай

    • @user-rb1pz3pp6b
      @user-rb1pz3pp6b 3 месяца назад +1

      Ия,сен надансың.....
      Надан сөзін тыңдаған
      Қысатын жеріңді қыста тыңдама
      Не өз өзіңнен әбіржіп шаршап жүрсің....

    • @Todd_Govard
      @Todd_Govard 2 месяца назад +1

      Сіз осы автордың екінші арнасындағы мысырға байланысты құран мұғжизасын қараңыз. 97 бөлім.

  • @B423FG-78
    @B423FG-78 3 месяца назад +1

    Ассалаумағалейкум ағай паранджа жайлы не ойлайсыз?

  • @toqtarbaltabai9792
    @toqtarbaltabai9792 3 месяца назад +12

    Бүкіл ғылым мұсылмандардан бастау алды ал оны атеисттер мойындағысы келмейді

    • @hellhelo9806
      @hellhelo9806 3 месяца назад +5

      ал қазіргі молдалардың жүрісі мынауғо дамудан еш хабары жоқ.

    • @toqtarbaltabai9792
      @toqtarbaltabai9792 3 месяца назад

      @@hellhelo9806 Қазақстанда бар жоғы 2750 ғана мешіт бар ары кетсе 3000 дай молда бар ал қалған 19 миллион 700 мың адам не істеп жатыр дамып жатырма технологиялар олап тауып жатырма, әлде әлемді аузына қаратып жатырма?

    • @yousarmat---3946
      @yousarmat---3946 3 месяца назад +1

      Ғылым исламнан шықса қазір неге жоқ? Демек исламда ештеңе де жоқ. Не білім не ілім жұрдай. Бар болса қай сүре қа аятта жазылған айтып берші? Ислам надандар ұстанатын сенімі. Ислам дінге жатпайды.

  • @user-dk7ol1oy4h
    @user-dk7ol1oy4h 3 месяца назад +1

    ДИн қараңғы ин қанша қалдықтарды шашылып кетудин себеби дин қазақ қазақты диндерден жоғары коиу керек Казактын Дини Ар. Иманы. Уят. Бирлиги Шежире Ру. Намысы. Аруақ Құраны Өсиет...

  • @user-jd1gq4qq4l
    @user-jd1gq4qq4l 3 месяца назад

    Дәуренбек аға
    Білім жағынан
    Никола Тесланы шаң-қаптырып
    Энштейнді аға дегізетін
    Уйлям Джайм Сайдис туралы не айтасыз

  • @user-zn4bf2wi8d
    @user-zn4bf2wi8d 3 месяца назад +5

    Ассаламу алейкум! Дәуренбек бауырым! Сізді бұрынан қарап Намыс ТВ қарап жүрмін, бірақ бұлай кесіп кесіп алып видео шығару дұрыс емес, Сіз қазір Халықтың көзін ашу емес, бір топты екінші топқа жанжалдастырып қойып жатсыз... Бұлай видеоларды кесіп-кесіп барлық видеоларда, Сөйлеуші адамды жаман атты қылып қоюға болады... Бәлкім Сіз салған видеолардың Толық Нұсқасында көздеген мақсат мүлде бөлек шығар !!
    P.s. Қазір Дәулет Мукашев депутат пен Қабілбек Әліппбай дін қызметшісі, екеуінің арасындағы болған керемет видеоны, осылай кесіп Екі Адамның атын жаман атты қылып жатыр...
    Сіз шын Халыққа жаныңыз ашып, Жәдидшілдік жолын ұстанамын десеңіз, Діни Ілім алып, Сынға алып Дін адам ретінде сөз қозғаңыз, Не Кедергі?!

    • @shamidinoff
      @shamidinoff  3 месяца назад +8

      Уалейкумассалам бауырым. Жарайды, менікі қателік болсын деп есептейік. Видеоны қырқып алғаным үшін мағынасы өзгеріп кетті деп санайық. Сіз толық нұсқасын көргенсіз бе? Ол жерде мына молдалар не айтқысы келді? Мазмұны не? Және мен қай жерден қателестім? Қырқып алмасам қандай мағына шығар еді?

    • @user-ot2kk2nh2h
      @user-ot2kk2nh2h 3 месяца назад +3

      @@shamidinoff Исламга карсы койватсiн шаманизм атеизмге кулькi кылватсiн Фитна👈

    • @user-rb1pz3pp6b
      @user-rb1pz3pp6b 3 месяца назад

      Дәуренбек кім ол өзі?Дәуренбек бірінші құранды оқып,ислам бойынша толық білімді қарап шығу керек.Кейін ойын айтсын.Өте орынды айттыңыз

  • @user-qi4hu1rv7s
    @user-qi4hu1rv7s 3 месяца назад

    Молдалар "Ата дін" не, " Қате дін" не екенін ойлап, танып біліп,
    Халыққа "Жəдидшілдік исламды" не екенін танытыуы қажет қой, Мерседесті қойып?...

  • @user-fg1lj6fi7s
    @user-fg1lj6fi7s 3 месяца назад

    МЕРСЕДЕС ОЙЛАП ТАПҚАН МОЛДАМЕН КƏЗІРГІ МОЛДАМЫН ДЕП ЖҮРГЕНДЕРДІҢ ЕШ ҚАТЫСЫ ЖОҚ . ҮШ ҚАЙНАГАНДА СОРПАСЫ ҚОСЫЛМАЙДЫ . ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМГЕ ЖАСТАРДЫ ҮГІТТЕП ТАРТУ БҰЛ БАСҚА МƏСЕЛЕ .

  • @user-kb5id1ez8j
    @user-kb5id1ez8j 3 месяца назад +2

    Надандар!

  • @user-uh7qt3nj4g
    @user-uh7qt3nj4g 3 месяца назад +1

    Аңқау елге арамза молда

  • @Todd_Govard
    @Todd_Govard 2 месяца назад

    Дәуренбек мырза, сіз бұл жерде неге молдалармен ол христиан еліндегі дүние ғалымдарын салыстырып отырсыз?, түсінетін едім, егер оларды христиан поптарымен салыстырғаныңызда. Ал бірақ сіз олардың поптарын емес, ғалымдарын біздің молдалар мен салыстырып отырсыз. Әр адамның өз міндеті бар емеспа? Әлде сіз біздің молданы техника ойлап табуы керек деп ойлайсызба? Бұл надан салыстыру емеспа?

    • @shamidinoff
      @shamidinoff  2 месяца назад

      Иә надан салыстыру. Ол салыстыруды мен емес, видеодағы молда жасап отыр. Видеоны көріп те ештеңе түсінбедіңіз бе?)

    • @Todd_Govard
      @Todd_Govard 2 месяца назад

      @@shamidinoff Сіздің қынжылғаныңыз көбінесе 2-3-пен оқыған адамдар имам, молда болғанынама? Ол көбінесе адамдардың өздерінің кесірінен, Абдуғаппар Сманов айтқандай медресеге тек мектеп оқымайтын балаларын алып келетіндігінен. Және алдында намаз уақытында баланы ұрған имам сондай 2-3 ке немесе жынды, тентек баланы медресеге бергеннен болған деп ойлаймын.

    • @Todd_Govard
      @Todd_Govard 2 месяца назад

      @@shamidinoff Бірақ, бірінші Аллаһқа, екінші сізге рахмет. Мунафық өмірді тоқтаттым.

  • @nurddinkerimkul163
    @nurddinkerimkul163 3 месяца назад +5

    Білек сыбана дін істеріне дипломсыз кірісіп халыққа публикаға шығу дінде рұқсат емес,қатты көп білсеңіз өз ортаңызға жайыңыз немесе отбасыңызға,

    • @hellhelo9806
      @hellhelo9806 3 месяца назад +3

      дінде дұрыс емес деп ең бастысы алла айтпаған, ана айтып отқан болдалар санаты таяздар

  • @user-mc8bk4bz4e
    @user-mc8bk4bz4e 3 месяца назад +2

    Ой ивандар ай ертеги ни жибересиндер ау, Адастырмандар халыкты и такта иллюзия кылып биттиндер динди

    • @user-rb1pz3pp6b
      @user-rb1pz3pp6b 3 месяца назад +1

      Дұрыс айтпадыңау Иван өзің болдың

  • @fhjcfttrtyhvhu6544
    @fhjcfttrtyhvhu6544 3 месяца назад

    Не деген оньаган адам едын, бетын табактай боп басына такия киып нагыз мал аламгой, Казактан садага кет атана нагылет

  • @user-op2oe8lu5f
    @user-op2oe8lu5f 3 месяца назад

    Адам өлмесе молдаға ақша қайда

    • @user-rb1pz3pp6b
      @user-rb1pz3pp6b 3 месяца назад +1

      Ауылыңда ай сайын адам өлема?
      Онда сенің кезегің жақындап қалыпты ғой....

  • @user-xc9ln6ed1g
    @user-xc9ln6ed1g 3 месяца назад +2

    😂 Молда емес екенғой өзі айтып отыр шіркеудегі поптар деп яғни хрестяндар ойлап тауып отыр мерседесті

  • @user-mc8bk4bz4e
    @user-mc8bk4bz4e 3 месяца назад +1

    Фу ужас уятсыз токал алдым дейдигой, сокырлар ай

    • @user-rb1pz3pp6b
      @user-rb1pz3pp6b 3 месяца назад +1

      Тоқал алса не болыпты?
      Сенің қызыңды алып жатырма ? Саған ауырлығы түсіп жатырма.......
      20 миллион адамның ішінде 5о адамың тоқалы болса не бопты?

  • @nurddinkerimkul163
    @nurddinkerimkul163 3 месяца назад +3

    Дауренбек сенің кибертрагың қайда көрінбейдіғой,
    Міне көрдіңбе сенің және сен сияқты ойланушылардың ойы қандай ,
    Ол кісілерде не жазық бар,олар сенен бұлай сұрап отырған жоққой,
    Айтса демек әзірге ұйып тыңдаушылар бар,сондай надандықты азайтса әрине сауаттырақ уағыздар көп болушы еді мүмкін,
    Бірақ бұлай қаралауыңа қарсымын,
    Сенде білімді адамсың өз деңгейіңдегі адамдармен алыс немесе жоғары деңгеймен және ең бастысы ортақ қызығушылықтары бар адамдармен,

    • @shamidinoff
      @shamidinoff  3 месяца назад +7

      Мен бұл видеода өз атымнан бірде бір сөз айтқан жоқпын. Тек Абай мен Шәкәрім атамыздың өлеңдерімен жеткіздім.

    • @nurddinkerimkul163
      @nurddinkerimkul163 3 месяца назад +3

      Канал Абаймен Шәкәрімдікі емес қой

    • @nurddinkerimkul163
      @nurddinkerimkul163 3 месяца назад +1

      Мен сенің каналыңның біраздан бергі жазылушысымын, біршама адамдарға насихаттап та жүрмін,
      Сенің діни қандай білімің бар екен білмеимін,
      Сауатты жан жақты заманауи мұсылман адамның осыншалықты ізденімпаз бола алатынына өзің дәлелсің
      Соңғы кездері құран мұғжизаларын шығармай кеттің не себеп екен,,,

    • @nurddinkerimkul163
      @nurddinkerimkul163 3 месяца назад +1

      @@shamidinoff НАМЫС ТВ га да жаңа серпін керек мүмкін подкаст, адамдар шыныменде рухани аш,бірақ дүние істерімен арпалыстамыз көбірек,

    • @shamidinoff
      @shamidinoff  3 месяца назад +8

      @@nurddinkerimkul163 жамағатқа бұт тақырыбы көбірек қызық секілді. Менің жасаған құран мұғжизаларым ондай көп қаралым жинамайды. Жаңа өзіңіз айтқандай жамағаттың деңгейі сондай болып тұр. Әйтпесе сол мұғжизаларды мешітте күні түні уағыздаса, жұрт ғылымға қызығар еді. Кітабын шығардық дін істері комитеті рұқсатымен, алайда ҚМДБ-дан ресми рұқсат бермей отыр. Мүмкін діни дипломымыз жоқ болған соң менсінбей жатыр ма кім білсін.

  • @user-fg1lj6fi7s
    @user-fg1lj6fi7s 3 месяца назад

    АСЫҚПА БАУЫРЫМ БАЛАМ ҚИЯЛЫҢ ҚАНДАЙ ТАМАША СО ЖАҚҚА БАРҒАСЫН СОНЫ ІСТЕРСІҢ ҚҰДАЙЫҢ ҚАЛАСА .
    ТƏЙІРІ МЫНА МОЛДАСЫМАҚТАРҒА НЕ БОЛҒАН ШЫНЫМЕН .
    ҚАРНЫ ТОҚ КӨЙЛЕГІ КӨКТЕРДІҢ ҚИЯЛЫ ҒОЙ .ӨРТЕНГЕН ТЕАТРҒА ƏРТІС БОП КІРУІҢЕ ЖАРАП ҚАЛЫПСЫҢ ҒОЙ .