Құндылық Промоутері - Құралай Амангелдіқызы «Педагогқа қажет 3 сипат қандай»

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 12 дек 2024

Комментарии • 103

  • @ustazdyq_oner
    @ustazdyq_oner  2 месяца назад +1

    00:00 Бейне мақсаты қандай?
    01:55 Мен ұстазға бай адаммын! Ұстаздардан не үйрендім?
    11:10 Сөз әсер: Қамшы сөз & Тамшы сөз
    15:20 Кейс: Қалай проблеманы ДҰРЫС шешеміз?
    19:01 Отбасында қандай ағаттық жіберіп жатырмыз?
    25:05 Білім беру саласының ең үлкен ПРОБЛЕМАсы қандай?
    30:10 Кейс: Оңай жол таңдаудың қауіпі қандай?
    37:55 Қиын жолды таңдау үшін не істемек керек?
    40:20 Педагог ретінде қандай болуымыз керек?
    49:37 Тағдырымның ұстазы деген кім?
    53:50 Мұғалім қай істе “монополист” бола алады?
    58:15 Мұғалім Тұлға болуы үшін не істейміз?
    01:05:00 Мектеп директоры қарсы болса не істейміз?
    01:08:45 Мектеп мәдениеті деген не? Оны қалай қалыптастырамыз?
    01:21:05 Неге мектептегі мұғалімнің бәрі Ұстаз емес?
    01:31:00 Ескендір: «Мен не түйдім?»
    01:32:30 Бала сезіміне басымдық берудің жемісі қандай?
    01:39:05 Ұстаздың рөлі. Сізге тілек!
    01:44:10 P.S. Құндылық егуді шаршамайық 🙌

  • @BalzhanMirzakulova
    @BalzhanMirzakulova 11 дней назад

    Ескендір мырзаны Құралай ханымды таңдауы біздің мектепте білім берудегі басты мәселе - баланың шынайы шырағын жағу арқылы, адам ретінде қарау, не үшін жұмыс жасап жүргені туралы ойлары супер👍

  • @БалжанҚаратаева-в9н
    @БалжанҚаратаева-в9н 3 месяца назад +10

    Ескендір аға мен Құралай апайдың тәлімді әңгімесіне рақмет! Педагогтар үшін өте жақсы жоба. Жалғасын таба берсін

  • @УГульжахан
    @УГульжахан 3 месяца назад +7

    Өте пайдалы сұхбат болыпты. Барлық басшылар, мұғалімдер көрсе екен. Құралай ханым сияқты басшы, сол сияқты мұғалімдер көп болса еліміздің білім саласы қарқынды өсетін еді. Бәріміз "Құндылық диқаншысы" болайықшы!❤❤❤

  • @publichealthcare23
    @publichealthcare23 2 месяца назад +2

    Мәссаған. Керемет! Алғыс айтамын. Өзімді бір Қазақстанның "шетеліне" тап болғандай сезімдемін...
    Ұстаз болмасам да, әңгіме өмірге азық екен. Мың алғыс!❤

  • @СанияМаксутканова-ь2ж

    Өте пайдалы подкаст болды, Құралай Амангелдіқызының әр сөзінде тәжірибенің молдылығы сезіледі!

  • @maral.muslimova03
    @maral.muslimova03 3 месяца назад +5

    Көзіме жас келді, шын сөзім ұстаздың ұлылығын сезіндім!❤

  • @Элеонора-с5с
    @Элеонора-с5с 3 месяца назад +5

    Құралай Амангелдіқызымен болған сұхбат өте керемет болды👍👍👍Ұстаз болғаным үшін өзімді бақытты сезіндім!!!

  • @ЖансаяИсказиева
    @ЖансаяИсказиева 3 месяца назад +3

    Мықты👍 сөз жоқ керемет сұхбат , тыңдап отырып көңілім босап кетті))) осындай ҰСТАЗДАРЫМЫЗ көп болсын❤ тағы шақырсаңыз Құралай ұстазды 😊

    • @ustazdyq_oner
      @ustazdyq_oner  2 месяца назад

      Көп рақмет! 🙌 Бұйырса, арнада арнайы айдар ашып берсек деген ой да бар.

  • @АлияЗакарьянова-в5я
    @АлияЗакарьянова-в5я 3 месяца назад +5

    Жылап кордим ,Рахмет сизге

  • @СанияКеримбаева
    @СанияКеримбаева 26 дней назад

    Құралай Амангельдіқызы мықты директор.Өте кәсіби,өте білімді мықты мотиватор.Оқушы сауаттылығын,кітап оқуға құлшынысын арттыруға көп үлес қосты❤❤

  • @daniyardikhanbayev4603
    @daniyardikhanbayev4603 3 месяца назад +5

    Тек педагогикалық әлеуеттен бөлек ұстаздықтың рухани болмысын қалыптастырушы сұхбат болған екен. Осыны негізгі фокустарының бірі еткейсіз жобаңыздың. Мейірім, махаббат, жанашырлық, мұрат пен сезіну тақырыптарын керемет қозғадыңыздар!

    • @ustazdyq_oner
      @ustazdyq_oner  2 месяца назад

      Құрал іс тиімділігін арттырады. Қабілет нәтиже береді. Құндылық болмаса, мән болмайды. Рақмет!

  • @ЖансаяДосбаева
    @ЖансаяДосбаева 18 дней назад

    Өте пайдалы сұхбат болды шынында. Өзім әлі университет студентімін,мамандығыма керек тамаша инсайт алдым. Осы педагогика саласына одан әрі махаббатымды аша түсті. Құралай ханымның біліктілігіне тәнті болдым. Кішкентай қызбен болған оқиғаны көзіммен елестетіп отырдым.
    Ескендір мырзаның да білері өте көп. Алғысым шексіз, істеріңізге сәттілік тілеймін.
    Нағыз мен іздеген подкаст, тақырып, білім!

  • @Әйгерім-о7г
    @Әйгерім-о7г 19 дней назад

    Шіркін-ай! Қандай АДАМ! Менің директорым болса ғой...

  • @АкниетШуакбай-ь7э
    @АкниетШуакбай-ь7э Месяц назад

    Керемет❤

  • @gulmiranigmet4906
    @gulmiranigmet4906 3 месяца назад +1

    Құралай Амангелдіқызын бұрыннан танитынмын, эмпатиясы мықты басшы! Керемет сұқбат болды!

  • @PerizatAbdigali
    @PerizatAbdigali 3 месяца назад +4

    Қандай керемет сұхбат, біткен соң біраз тыныштықта қозғалмай отырып осыншама терең ойларды қорыту керек болды! Құралай Амангелдіқызы жеке кітап шығарып, барлық тәжірибесін тарататын жан, сағаттап тыңдай бергің келеді! Былай қарасаң қарапайым, бірақ қолданбайтын дүниелер екен! Өз тәжірибеме рефлексия жасап, балдарыма да келешекте көп кеңес, өмірлік ұстанымдар түртіп алдым❤ бұл кісінің командасында жұмыс жасау қандай бақ десеңізші!

    • @ustazdyq_oner
      @ustazdyq_oner  3 месяца назад +2

      Рас, қарапайым әрекеттерді құнсыздандыратынымыз бар. Жазып алған кеңестеріңіз қолданысқа түсіп - оң әсерін берсін! Құралай апаймен әріптес болу да бұйырсын!
      Ой-пікіріңізді ашып жазғаныңыз үшін көп рақмет! 🙌

  • @КарлыгашЖамалбекова
    @КарлыгашЖамалбекова 3 месяца назад +1

    Керемет апаи екен үлгі алатын Алланың нұры жаусын рақмет сұхбат керемет болды❤❤❤

  • @gokai5333
    @gokai5333 3 месяца назад +5

    Өте әсерлі подкаст👏🏻👏🏻👍🏻👍🏻
    Әлі де бірнеше рет қайталап көруді қажет етеді екен.
    Жас маман ретінде түйгенім баланың сезімін түсінуге тәжірбиемнің аздығы кедергі емес екендігін түсіндім.

    • @ustazdyq_oner
      @ustazdyq_oner  2 месяца назад

      Тамаша! Сезіну тәжірибеден келмейді. Рас айтасыз!

  • @ДинаДосболова-в8л
    @ДинаДосболова-в8л 20 дней назад

    Өте құнды дүниелер айтылды, көңілге азық болды. Үлкен рахмет❤

  • @ГалияИбраим
    @ГалияИбраим 2 месяца назад +1

    Керемет сұқбат. Құралай ханымның шеңберіне бір кіріп шықсам ғой. Сіздерге рахмет. Айтарларыңыз таусылмасын. Осындай қонақтарды жиі шақырып тұрсаңыздар❤

  • @araymuratkhan216
    @araymuratkhan216 3 месяца назад +6

    Әсерлі!!! Бірнеше рет көзіме жас келді.

  • @GuliaGulia-bk8gu
    @GuliaGulia-bk8gu Месяц назад

    Құралай ұстаз! Сізге көп рақмет! Тамаша подкаст болды. Мен жиырма жыл мұғалім болсам да, көп дүниені өзіме түйдім. Алла разы болсын!!!

  • @АкниетШуакбай-ь7э
    @АкниетШуакбай-ь7э Месяц назад

    Баланың деңгейіне түскен түсінігі мол керемет басшы ❤

  • @sauleesematova6555
    @sauleesematova6555 2 месяца назад +1

    Очень полезное интервью. Столько ответов получила на свои вопросы. Рахмет Құралай Амангелдіқызы❤

  • @daniyardikhanbayev4603
    @daniyardikhanbayev4603 3 месяца назад +1

    Керемет жоба! Ескендір мырза, берекелі бастама болғай! Мықтысыз!

  • @symbatrazymkhan3198
    @symbatrazymkhan3198 3 месяца назад +2

    Керемет сұқбат үшін үлкен рақмет😘😘🙏🏻 барлық мектеп ұжымы көруі керек подкаст

  • @ТемиргалиБакиров
    @ТемиргалиБакиров 3 месяца назад +2

    Ұстаздарға үлкен алғыс

  • @guli4ka560
    @guli4ka560 3 месяца назад +2

    Өте қуаныштымын осы жобаның өмірге келгеніне

  • @МираПопова-ы5й
    @МираПопова-ы5й 2 месяца назад +2

    Жақсы ұстаз ол талант,өнер.Әр ұстазда ондай өнер жоқ.

    • @ustazdyq_oner
      @ustazdyq_oner  2 месяца назад +1

      Ұстаздық өнер. Келісеміз. Бәрі ұстаз бола алмайды, ол да рас. Алайда, ұмтылмау керек деген сөз емес.

  • @БактыбекМеделбек
    @БактыбекМеделбек 3 месяца назад +2

    Жас педагог үшін жақсы кеңестер болды. Подкастты 2 бет ақпаратты түртіп алып аяқтадым.

  • @zakmyrza6281
    @zakmyrza6281 3 месяца назад +1

    Сіздей тұлғалардың болғанына шүкір❤

  • @dataevaas
    @dataevaas 3 месяца назад +2

    Керемет жоба екен👍🏼 Жоба авторларына алғыс айтамын. Өзіме түртіп алған дүниелерім өте көп. Мұғалім емеспін, дегенмен, осы салада жүргендіктен білім саласы мен үшін қашанда маңызды. Білім саласының мамандарына ғана емес жалпы өмірлік құндылықтарды дәріптейтін шығарылым болды деп ойлаймын. Шынында, мейірімділік әлемді құтқарады)

  • @mukhtar1520
    @mukhtar1520 Месяц назад

    Құралай Амангелдіқызы нағыз мықты педагог. Керемет сұхбат👏👏👏

  • @qwertyuasdfgh7729
    @qwertyuasdfgh7729 13 часов назад

    Біраз жылдар істегеннен кейін мынадай қорытындыға келдім:
    Мұғалімнің үш түрі болады:
    1. Бойында педагогтік қасиеті бар адамдар. Олар нағыз педагогтар. Бірақ бұлардың саны аз.
    2. Балаға білім берсем екен, үйретсем екен деп өзіне жүктелген міндетті барынша жақсы атқаратын адамдар. Олардың шаштары ерте ағарады, жүйкелері тозады. Мұндай адамдар баршылық.
    Осындай адамдарға министрліктің солақай саясаты (бағдарламаны жиі өзгертуі, қыйсынға келмейтін талаптар енгізуі- мысалы, ҚМЖ) өте көп кедергі келтіреді, жүйкелерінің тозуына осылар әсер етеді, қызметтері бағаланбайды.
    3. Өз міндетін жүрдім-бардым атқаратын, сыныпқа кіріп, қалай болса солай сабағын өткізіп, тек ақшасын алатындар. Оларға алдындағы бала білім алмай "қағынып кетсе де" бәрібір.
    Бұлардың шаштары ағармайды, өмір бойы мұғалім болып істеп жүре береді. Бұлар қызметте өседі, басшылар осындайлардан көп шығады да, өзі басқарған мекеменің жұмысының сапасы өте төмен болады.

  • @АзадаМанабаева-ю8г
    @АзадаМанабаева-ю8г 3 месяца назад +1

    Көркем мінезді екен. Бағдарлама шамшырақ болуға лайық.

  • @nazerkemukhanbediyarova9900
    @nazerkemukhanbediyarova9900 3 месяца назад +1

    Мектеп қабырғасында жүргеніме 5-ші жыл,үйренерім,алар білімім әлі көп. Бұл бір рухани,кәсіби азық болды. Өзінің ісін сүйетін,нақ таңдаған адамның өмірлік тәжірбиелері менің алдағы ұстаздық жолыма шырақ болды. Мұғалім ол тек пәнін жетік білген адам емес,онымен қоса қаншалықты жан-жақты әрі рухани бай,сау адам болу керек екені өте маңызды,соған өзімнің кәсіби жолымда да көзім жетті. Мың алғыс ұлағатты ұстаздар,жаңа оқу жылы берекелі,құтты болғай!Жас мамандарға пайдалы подкасттар көп болсын!

  • @ДианаҚасым-г5ф
    @ДианаҚасым-г5ф Месяц назад

    Өте керемет сұхбат болды😍
    1.5 сағаттық сұхбатты көріп, бір кітап оқығандай болдым. Ақпараттар үшін рақмет❤❤

  • @ulagattileuhan2761
    @ulagattileuhan2761 2 месяца назад

    Өте күшті сұхбат болды. 🔥Алар ой, түйетін инсайт өте көп. Еліміздегі әр мұғалім мен ата ана осы видеоны көрсе екен деймін!! Алға баса беріңіздер осындай көпке пайдасын тигізтетін жобалар көп болғай👍👍👍🎉🎉

  • @onlineschool9010
    @onlineschool9010 2 месяца назад

    Өмірімдегі ең керемет құлағыма өте жағымды сұқбаттардың бір болды! Барлық мұғалімдерміз Ұстаз деңгейіне жетсек мектептің жалақысы емес болашақтың жарқындығын қалыптастыру оданда маңызды екенін ұғына отырып сүйіспеншілікпен жұмыстар жасалады деген ой түйдім

  • @ai.chemistry
    @ai.chemistry 3 месяца назад +3

    Керемет, үлкен рақмет

  • @АйнашШатенова-й5ю
    @АйнашШатенова-й5ю 3 месяца назад

    Керемет сұхбат! Отыз жылдық тәжірибесі бар ұстаз болсам да өзіме көөөөп ой түйдім🎉❤ Құралай ҰСТАЗДЫҢ әр айтқан ойы жүрекке жетті🎉❤ Барлық жасап жүрген ізгі істеріне Алла разы болғай ❤️
    Ескендір мырза, сізге де мың алғыс❤

  • @Janqojaqyzy
    @Janqojaqyzy 2 месяца назад

    Мықты сұхбат болды👏 барлық ұстаз, ана көріп естіп ұғынса ғой

  • @Uxya1402
    @Uxya1402 3 месяца назад +2

    Құралай Амангелдіқызының оқиғалары өте әсерлі екен. Камерасыз айтса оданда жақсы ашылатын секілді 😉

  • @aiguldairabaiqyzy8263
    @aiguldairabaiqyzy8263 2 месяца назад

    Ғажап сұхбат 🎉 Құрметім шексіз!

  • @НазгулБайжума
    @НазгулБайжума 2 месяца назад

    Алла разы болсын керемет сұхбат болды. Жобаңыздың берекесімен болуын нәсіп етсін

  • @zamzagul11
    @zamzagul11 2 месяца назад

    Керемет мұғалімім❤❤❤ Көргеніме қуаныштымын

  • @НазираМукатаева
    @НазираМукатаева 3 месяца назад

    Керемет тәлім❤рахмет Құралай ханым❤

  • @nuray_tursynzhan
    @nuray_tursynzhan 3 месяца назад

    Керемет, Ескендір мырза! Жобаңыз жалғасын таба берсін. Өте әсерлі, әрі пайдалы сұқбат болды 🙋‍♂️🔥💫

  • @АлимбекАйсагалиев
    @АлимбекАйсагалиев 2 месяца назад

    Керемет, әсерлі сұхбат болды. Бір деммен үзбей қарап шықтым. Өзіме көп жаңа дүниелер алдым. Бастамаларыңызға сәттілік!!!

  • @kokturik_uly
    @kokturik_uly Месяц назад

    Керемет жоба❤❤

  • @danaerkyn
    @danaerkyn 2 месяца назад

    Керемет ұстаз ❤

  • @gulnartalapova5830
    @gulnartalapova5830 3 месяца назад

    Керемет сұхбат болды🎉

  • @НазеркеМахсотова-ф6и
    @НазеркеМахсотова-ф6и 3 месяца назад +2

    Керемет сұхбат🎉

  • @meirzhanbegiyev6841
    @meirzhanbegiyev6841 3 месяца назад +3

    Ассалаумалейкум
    Өте әсерлі подкаст болды, рахмет!
    Келесі спикерге Аралбек Берікұлы ағайды шақырасыз ба?))

  • @ГулзираАсилбекова-м7т
    @ГулзираАсилбекова-м7т 3 месяца назад

    Тамаша сұхбат болды❤

  • @akbotakaliyeva3831
    @akbotakaliyeva3831 23 дня назад

    👏🏻👏🏻👏🏻

  • @АкбейлКурманбаева
    @АкбейлКурманбаева 3 месяца назад +2

    Керемет сұхбат❤

  • @haetchrfr1364
    @haetchrfr1364 2 месяца назад

    Тақырып өте дұрыс қойылған. Мұғалімдердің бәрі ұстаз емес. Балабақшадан бастап ---- университетке дейін осы жағдай.
    Құралай ұстаз өте дұрыс айтады өзіне қойған талап туралы.

  • @bekarysryskulov2547
    @bekarysryskulov2547 3 месяца назад

    керемет сұхбат👍👍👍

  • @amirbekov_j
    @amirbekov_j 3 месяца назад +2

    Көрмей жатып лайк🎉

    • @ustazdyq_oner
      @ustazdyq_oner  3 месяца назад +1

      Берген бағаңызға лайық болуды жазсын ✊

  • @batonnankz
    @batonnankz 3 месяца назад +2

    Сәттілік👍🏼✊🏼👏🏼👏🏼👏🏼

  • @temirbakty
    @temirbakty 16 дней назад

    👏👏

  • @Саке-й5т
    @Саке-й5т 3 месяца назад +2

    Ең соңғы жағындағы ісіңіз үлгі екен

  • @amirbekov_j
    @amirbekov_j 3 месяца назад +4

    Жақсы педагог болу үшін өзінің бала болғанын ұмытпау керек

  • @ГүлзатБижанова
    @ГүлзатБижанова 3 месяца назад

    жалғасын тапса екен 😍 жас мамандарға кеңестер өте көп

  • @halipakz1458
    @halipakz1458 3 месяца назад

    ❤❤ керемет

  • @Светлана-ч3р4ю
    @Светлана-ч3р4ю 3 месяца назад +3

    Бұл кісіден кітап күтеміз!!!

  • @amirbekov_j
    @amirbekov_j 3 месяца назад +4

    Таптымау❤

    • @ustazdyq_oner
      @ustazdyq_oner  3 месяца назад

      Табандылығыңызға тәнтіміз 🙌

    • @publichealthcare23
      @publichealthcare23 2 месяца назад

      мен чат джипиден көмек сұрадым, тауып берді ай бірден😊

    • @publichealthcare23
      @publichealthcare23 2 месяца назад

      оған дейін 10-нан көбірек іздедім, шықпады 😮

  • @amirbekov_j
    @amirbekov_j 3 месяца назад +5

    Ескендір мырзаны сұқбат алушы ретінде көру бір қызық екен😅Жаңа қырыңыздан ашылғаныңызға ризамын

  • @tyndalike5003
    @tyndalike5003 2 месяца назад

    Педагог ретінде қарапайымдылықтың бейнесі мамандығын алдына қоймай, тұлға ретінде болмысын қадірлей алу. Бұл өте нәзік құндылық

  • @Davletniyaz_G12
    @Davletniyaz_G12 3 месяца назад +2

    Ескендір аға топ💯

  • @КогаршинБолатбаева
    @КогаршинБолатбаева 28 дней назад

    Мұғалімдердің бәрі ұстаз емес деген ге толық қосыламын. Өз пәнін жете білмейтің, сабақ бере алмайтындарды көрдім. Және қазір айтайын дегенім, Ақсу қ. Павлодар обл. №2 мектепте оқитын немере ме басқа с оқушылары жабылып ұрған, 3-қабатта бірде бір мұғалім кезекшілік жоқ. 3-қабаттан құлатып жіберсе не болады?! Баланы мектепке ұстаздарға сеніп отырасың. Осы сұхбатты сол мектептің мұғалімдері есmice ғой шіркін.

  • @ОспановаГульнара-ь2ь
    @ОспановаГульнара-ь2ь 3 месяца назад

    👏

  • @danaerkyn
    @danaerkyn 2 месяца назад

    Педагок кісілерге ғана емес , баласы бар әрбір ата ана көру керек екен

  • @nazerkebegdildayeva4309
    @nazerkebegdildayeva4309 3 месяца назад

    👏👏💐💐

  • @nurbay.kz1
    @nurbay.kz1 3 месяца назад +1

    👏🏻👏🏻👏🏻

  • @keremet-v2y
    @keremet-v2y 3 месяца назад

    Бағдарлама актуалды!!!
    Ескендір Кабатовка ұқсайды екен😅.

  • @Ссс-д5с
    @Ссс-д5с 3 месяца назад +4

    31-інші минутта еріксіз жас шығып кетті, тек оқушыға, балаға ғана емес, біраз адамға жетпей қалған сөздер, сенім, қолдау🤧

    • @ustazdyq_oner
      @ustazdyq_oner  3 месяца назад +2

      Сезіммен бөлісу батылдық деп білеміз. Рақмет! 🙌

  • @zamzagul11
    @zamzagul11 2 месяца назад

    Сіз сияқты ұстаздар болса, барлық балалар бақытты болар еді. Мектептегі буллинг пен стигма болмас еді.

  • @Ссс-д5с
    @Ссс-д5с 3 месяца назад +1

    Таратыңыздаршы, неге қаралым аз?😢

    • @ustazdyq_oner
      @ustazdyq_oner  3 месяца назад +2

      Жанашырлығыңызға разымыз! 🙌
      Қаралымға әуре болмаңыз, бұйырса, дамуға дайын педагогқа жетеді деп сенемін! ✊

  • @АзадаМанабаева-ю8г
    @АзадаМанабаева-ю8г 3 месяца назад

    Подкас емес сұхбат

  • @МаржанШарипова-с4й
    @МаржанШарипова-с4й 3 месяца назад

    Ұрпақтар теориясы

  • @ДинаТаекеева-ч1ч
    @ДинаТаекеева-ч1ч 3 месяца назад

    Мұғалім баланы түсіне білуі керек?Дұрыс сезімтал болу керек?

  • @shabn205
    @shabn205 3 месяца назад

    Мұғалімдарға емес мұғалімдерге

  • @ruslanturabayev2259
    @ruslanturabayev2259 3 месяца назад

    Телеграм канал?

    • @ustazdyq_oner
      @ustazdyq_oner  3 месяца назад

      • Құралай Амангелдіқызы: @kuralay_baitazhikova instagram.com/kuralay_baitazhikova/
      • «Директор күнделігі» телеграм арнасы : t.me/directorkundeligi