Зикир Аллах 1000 раз/Аллаға зікір 1000 рет/Субханаллах
HTML-код
- Опубликовано: 10 фев 2025
- Субханаллаһ
Яғни, Аллаһты әрбір кемшілік атаулыдан, айып-нұқсаннан пәктеп, дәріптеймін.
Әлхамду лилләһи
Аллаһқа кемелдік және ихсан сипаттары үшін мақтаулар айтамын. Пайғамбарымыз : «Әлхамду лилләһ таразыны толтырады. Ал, Субханаллаһи және Әлхамдулилләһ аспандар мен жердің арасын (сауаппен) толтырады», - деген (Муслим, 223).
Аллаһу әкбар
Яғни, Аллаһ Өзінен басқасының барлығынан да Ұлы. Бұл тәкбир намазда бір рүкіннен екіншісіне ауысқанда, сапарда биіктікке көтерілгенде, қуанғанда айтылады. Сонымен бірге тәкбир айту айттарға қараған түндері, Аллаһқа құлшылықты аяғына дейін жеткізуімізді нәсіп еткеніне алғыс түрінде айтылады. Аллаһ Тағала: «Сендерді тура жолға салғаны үшін, Аллаһты ұлықтаңдар», - деген. (Бақара, 2/185).
Астағфируллаһ
Мағынасы: Аллаһтан мені кешіруін тілеймін. Бұрынғы және кейінгі күнәлары толығымен кешірілген ардақты Пайғамбарымыз : «Мен Аллаһтан күніне жетпістен астам рет кешірім сұрап, тәубе етемін», - деген (әл-Бұхари, 5948).
Лә хаула уә лә қууата иллә билләһ
Мағынасы: Аллаһтың тауфиғы мен көмегінсіз бір халден екінші халге ауысу да, ешбір күш те, қуат та жоқ. Пайғамбарымыз : «Саған Жәннат қазыналарының бір қазынасы болған қазынаға нұсқайын ба? Ол - «Лә хаула уә лә қууата иллә билләһ» сөзі», - деген (әл-Бұхари,6021; Муслим, 2704). Сондай-ақ бұл зікір муаззиннің «Хәййә аләс-салә» және «Хәййә аләл-фәләх» сөздерін айтқанда, азаншының сөздерін қайталамай, олардың орнына осы зікір айтылады.
Бисмилләһ
Аллаһтың атымен бастап, Оның көмегіне жүгінем. Құран Кәрим осы қасиетті «Бисмилләһир Рахманир Рахим» сөздерімен басталады. Пайғамбарымыз ең алдымен Аллаһтың атымен бастауды мақтан тұтып, хаттарын «Бисмилләһ» деп бастайтын. Бұл сөз көптеген жағдайларда айтылады. Мысалы, тамақтанар алдында, бір істі немесе сөзді бастаған кезде, бір нәрсені ашқанда немесе жапқанда. Аллаһтың көмегіне жүгініп, Оның берекесін тілеп, Оның атымен басталған әрбір іс қайырлы әрі берекелі басталған болып есептеледі.
Әъузу билләһи минаш шайтанир ражим
Аллаһтың рахметінен қуылған шайтаннан Аллаһқа сыйынып, қорғауын сұраймын. Бұл дұға Құран оқудың алдында, ашуланғанда және әрдайым шайтанның азғыруынан ұзақ болу үшін айтылады.
Саллаллаһу алейһи уә сәллам
«Салауат» деп Пайғамбарымызға арналып, оған рахмет, биік дәреже және дүние мен ахиретте амандық тіленетін дұғаны айтады. Пайғамбарымыз : «Кім маған бір салауат айтса, Аллаһ оған он салауат айтады» (Муслим, 384) және: «Қиямет күні маған ең жақын болатындар - маған бәрінен көбірек салауат айтқандар», - деген (әт-Тирмизи, 484). Пайғамбарымыздың есімі аталған кезде оған салауат айту уәжіп болады. Салауат кез-келген уақытта айтылады. Салауаттың жұма күні және азаннан кейін айтылуы сенімді дәлелдермен бекітілген. Аллаһ Тағала: «Расында, Аллаһ және Оның періштелері пайғамбарға салауат айтады. Ей, иман келтіргендер! Оған салауат айтыңдар және амандық тілеп сәлем беріңдер», - деген (Әхзаб, 33/56).