Петропавлдық зейнеткер жардың жиегіне тастан сарай салған

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 29 сен 2024
  • БІЗДІҢ RUclips АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Петропавлдық зейнеткер жардың жиегіне тастан сарай салған. Қауіптің алдын алу үшін шебер ауласына көне Еуропаның қамалдарын тұрғызып, жасыл желекпен көмкерген. 70 жастағы қария қолынан келетін істі енді балалары мен немерелеріне үйретіп жүр. Толығырақ он саусағынан өнер тамған шебермен өңірдегі әріптесім тілдесіп келді.
    Қамал, көне сарай мен бекініс. Анвар Файзуллиннің ауласы музейге көбірек ұқсайды. Қарияның қиялынан туындаған кішкентай ғимараттар тастан қаланған. Жардың жиегінде тұратын зейнеткер қорғаныс мақсатында осындай тәсіл ойлап тапқанын айтады.
    АНВАР ФАЙЗУЛЛИН, Петропавл қаласының тұрғыны:
    - Құрылысқа жарамсыз болып қалған материалдарды жан-жақтан жинап, соларды кәдеге жараттық. Идея он жыл бұрын туды. Балама айтып көрдім. Ол құптай кетті. Сосын ғаламтордан қарап, көне сарай салуға кірістік. Өзім де тас, ағаштардан түрлі заттар жасаймын.
    Зейнеткердің туындысы қазір биік қорғанға айналған. Мұнара, көпір, қақпаларына дейін көне Еуропадағы ғимараттарға ұқсайды. Шебер жардың жиегін бекіту үшін бір мыңнан астам тас кеткенін айтады. Анвар Файзулинның кішігірім шеберханасы да бар. Қария қазір қолынан келетін істі балалары мен немерелеріне де үйретіп жүр.
    ДАМИР ФАЙЗУЛЛИН, шебердің немересі:
    - Мен үшін бұл өте қызықты іс. Үйде жай отырмай атама көмектесіп тұрамын. Достарыма да бекіністің фотосуреттерін көрсеттім, олар барлығы таң қалып, сұрақтар жаудырып, қызығушылық танытты. Болашақта мен де атамның ізін қуғым келеді.
    Биіктігі он метрге дейін жететін жардың айналасы қазір орман ортасындағы зәулім сарайға көбірек ұқсайды. Өйткені тұрғын биік бекіністің жиегін жасыл желекпен көмкерген екен. Бұл жерге ол шырша, балқарағай, шие ағаштарын да отырғызыпты. Қазір қарияның үйіне қала тұрғындары мен қонақтары да қызығушылық танытып, жиі келетін болған.
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/c...
    TikTok - www.tiktok.com...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии • 9

  • @ГуляЖукеева
    @ГуляЖукеева 3 месяца назад +4

    ҚАНДАЙ, КЕРЕМЕТ! ШЕБЕР, КІСІ ЕКЕН, КӨП, ЖАСАСЫН, ЕҢБЕГІНЕН ҮЛГІ АЛАТЫНДАЙ КІСІ

  • @meruertdolanbekova1430
    @meruertdolanbekova1430 3 месяца назад +3

    Жақсы көрінбейді түсірілім .

  • @ОразкульЖакияева-х1ы
    @ОразкульЖакияева-х1ы 3 месяца назад +2

    Керемет!Қолыңызға дерт бермесін

  • @БаратМаратұлы
    @БаратМаратұлы 3 месяца назад +2

    Өнер білім бар жұрттар
    Тастан сарай салғызған

  • @Жанетта-к1м
    @Жанетта-к1м 3 месяца назад

    Жаңалық қылып айттыңыздар неге енді дұрыстап түсірмедіңіздер? Қызығып қарап едім шетін көрсеттіңіздер болды. Атаның еңбегін дұрыстап көрсетпейсіздерма түсіруге рұхсат бермедіма

  • @Айгуль-г6с
    @Айгуль-г6с 3 месяца назад

    Міне осындай ақылды,шебер қарияларды көрсетіп пайдалы нəрсені жасөспірімдерді баулу керек.

  • @СейсенкулТойымбетова
    @СейсенкулТойымбетова 3 месяца назад +1

    Ке -ре -мет!

  • @rabimiss4134
    @rabimiss4134 3 месяца назад

    Керемет дүние екен!!!