end ne stimz?#2 Байлыққа қатысты қорқыныш | Қорқыныштан қорықпау

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 15 окт 2024

Комментарии • 36

  • @aidana_qanibekqyzy
    @aidana_qanibekqyzy 3 года назад +4

    Қарыны тоқтық,уайымы жоқтық аздырар адам баласын дегендей жалпы адамда проблема болғаны үшін қуану керек.Себебі сенде проблема болмаса реально қуып кетеміз
    Адамдар проблеманы миынан шығармай ойлап жүрсе неше түрлі қорқыныштар пайда болады
    1 қорқынышты жеңдіңба 1 саты жоғарыладың деп ойлаймын
    Адам ойында нені көп ойласа сол өмірінде болатынына менің бірнеше рет көзім жеткен
    Қорқыныштв миыда ойлай берсе сол келеді өмірімізге
    Ал барынша жақсы ойласақ сол болады өмірімізде
    Жалпы бәрін қорқыныш,проблеманы Аллаға тапсырып әрекетті көбірек ойлауымыз керек
    Мен соған талпынып жүрміін и вам советую👍🏻

  • @АкжанНурлан-д3ж
    @АкжанНурлан-д3ж 3 года назад +2

    Осы подкастқа қатысқан болатынмын. Даже қайталап бір қарап отырып, сұрақтарыма жауап алдым. Кеңес беремін осы подкасттың аяғына дейін көріңіздер қорқыныштарыныз “қорқыныш” болмай шығады.✅ Тек салдары екенің түсінесіз.

  • @АлимбекКамысбай
    @АлимбекКамысбай 3 года назад +2

    EQ-ді жақсарту арқылы қорқыныш сезімін ғана емес басқа да проблемаларды шешудегі ең тиімді жол. Ал, EQ-ді жақсартудың жолдарының бірі, ол - кітап оқу.
    Кітаптың пайдасын EQ тұрғысынан ғана атап өтер болсам. Олар мына 5 нәрсемен негізделеді:
    1. Кітап оқу күйзелістен арылтады. 68%-ға дейін күйзеліс деңгейін төмендетуге қауқарлы. Қызықты оқиғалар мен әңгіме дастандарды, көркем әдебиеттерді оқу адамға жақсы көңіл-күй сыйлайды.
    2. Кітап оқу бойға сенімділік ұялатады. Белігілі бір істі талқыға салу кезінде біліктілігіңізді таныту арқылы өзіңізді сенімді әрі жинақы сезінесіз.
    3. Кітап оқу - қоршаған ортаны, дүниені және өзін тануға көмектеседі. Өзінің жаңа қырлары мен қабілеттерін аша түседі.
    4. Кітап оқу шығармашылықты дамытады. Креативті адамдар бір сәтте бірнеше идеяны ұсынумен ерекшеленеді. Тығырықтан шығудың бірнеше әдісін біледі.
    5. Кітап зейін қойып оқуды үйретеді. Объективті болуды, дұрыс шешім қабылдауды үйретеді.
    *EQ - ЭМОЦИОНАЛДЫ ИНТЕЛЛЕКТ
    Ғылыми тұрғыдан мидың оң жақ бөлігімен әрекет ету деп те түсінуге болады. Дін тұрғысынан нәпсіңді тәрбиелеу деп те қарастыруға болатын секілді.
    P.S. Жеке белгілі бір себептерге байланысты бұлардың барлығын іздену барысында енді ғана білдім, түсіндім) IQ мәселесі келесі нысанаға қалдырылуы керек. Ең алдымен EQ.

  • @guljantolymhan4696
    @guljantolymhan4696 3 года назад +1

    Керемет дүние айтылған екен.
    Әрадам өз қорқынышын өзі жеңеді. Қанша психологқа барсада өз идеясынан шешілмесе ештеңе өзгермейді.

  • @nabatbeknazarova7627
    @nabatbeknazarova7627 3 года назад +1

    Қорқыныш деген менде де бар. Экспертім бар бірақ сонымен жұмыс жасауға қорқамын, себебі қадалып қаламынба деп және ақшаның жоқтығыда маған жақсы сылтау болды. Қорқыныш миымды әбден көндіріп алған әрекеттенбеуге.Бақытбай мырза айтқандай менде де алған білімім көп, бірақ іске асыра алмаймын. Мына эфир мен үшін алға бір қадам аттауыма көмектесті.

  • @НұрмұратоваБактыгүл

    Роза ханым неге елмеді
    Мына тақырыпты сол кісі күшті ашвтын еді

  • @УлпанЕсенова-у7п
    @УлпанЕсенова-у7п 2 года назад

    Оте коп керемет инсайттар алдым!!Бакытбай мырза ен сонгы создеринмз журектен отти!Негизи ата анамызга ренжуге биздин кахымыз жок, наоборот сол ата ананын аркасында биз ризыгымызды алсак биз тек алга карай умтыламыз,дами аламыз, жолымыз ашылады.Психологияда бар озинди дамыткын келема, акша коп тапкын келема биринши ата ананды кешир, ренишинди койып оларга сен ,оларды кабылда делинген, сонда гана сен жете аласын !

  • @ФерузаМеирбекқызы-т2н

    Күнде радио,музыка тыңдап ойын сауық бағдарламаларын көріп уақытын өткізіп , сол бос өткен уақытына өкініп ақырында сәтті адамдарға қызғанышпен қарайтын адам - КЕДЕЙ
    Осындай подкасттарды тыңдап , басқа да пайдалы контенттерді қарап, ақпарат алып, сол алған ақпараттардан дұрыс ой пікір қалыптастыра жоспар құратын , жүзеге асыратын адам-БАЙ
    Осындай тұжырымның толықтай дұрыс екендігінің дәлелдедіңіздер

  • @уакелепка
    @уакелепка 3 года назад

    Қорқыныш балалықтан бастау алады. Бәріңіз керемет түсіндіріп жатсыздар! Біраз нәрсе ұқтым. Қазірден қорқынышты жеңген сияқты болып отырмын😁. Бақытбай мырза нақты түсіндіресіз. Айым ханым қарапайым тілмен жеткізесіз. Назерке ханым дәлелмен сөйлейсіз. Еркебұлан мырза керемет сұрақтар қоясыз. Жарайсыздар! Сіздерден тек керек дүниені алуға болады

  • @adinkaassyl3500
    @adinkaassyl3500 2 года назад

    И кредитке алсан жабу керек деп жауып тастайсын ал акша жинап наличка алайын десен жиналмайды лучше кредит Жаксы деп, Биз Акша табуымыз ушин озимизге кредит алып ягни проблема жасап аламыз

  • @aisuluesbolatovna8202
    @aisuluesbolatovna8202 2 года назад

    Қаншама пайдалы ақпарат, бұл ақпараттар 5 млндық коучин қой 😍

  • @АйтгульОнерхан-ц4п
    @АйтгульОнерхан-ц4п 3 года назад

    Қорқыныш, соның ішінде ақшаға қорқыныш, әрекет жасауға қорқыныш, блог бастауға қорқыныш, қарыз , ата-анаға реніш, отбасындағы әйел мен ердің міндеті қаржы табу жағынан, осы сұрақтарға нақты шешімдерді немесе жауапты , заманауи ғылыммен қатар дін жолыменде дәлелдеп, миды сілкіндіріп тастайтын разбор 🤙🏻👍👏🏻 Контент от енді . Бұл разборды қорқып қарамай қалсаңыздар точно өкінесіздер 😂Бақытбай мырза, Еркебұлан мырза, Назерке және Айым ханым вы крутые 😇😇😇 Алла разы болсын 🤲

  • @ГулзираСман-я4н
    @ГулзираСман-я4н 3 года назад +1

    Қорқынышты кетіру үшін қорқынышқа бетпе- бет келу керек.Оны жою үшін,оны шешу жолдарын білу керек.Мысалы бір адамға бір жаңалық келеді, мысалы сізге штраф түсті деп , ол адам қорқышынқа бөленіп,мә енді не істеймін деп қорқынышқа бөленіп,өмірім құрыды деуі мүмкін, Ал екіншішісі ақылдырағы анализ жасайды,өз -өзіне сұрақ қою керек, мен бұл жағдайға неге ұшарадым?бұл жағдайдан шығу жолдары қалай?Ендігі рет осы жағдайга қалай ұшарамау керек?
    Осы жағдайда көруге болады екі адамның бір жағдайға әр түрлі көз қараста болатын ұсыныстар.Әр жаман мәселені қатты жүрекке қабылдамаңыз, ол сіздің өмірге негативті көзқарас беруі мүмкін ,жаман мәселені ерінбей эмоцияға берілмей шешу керек,сосын өзіне сенімділік туып әр мәселені шешуіңіз онайға түседі!☝🏻

  • @ФерузаМеирбекқызы-т2н

    Керемет, 1-ғана сағатта 1-ғана мәселені қозғап , қорқынышты дұрыс жүйелеуден бөлек біраз дүниелердің мәнін түсіндіріп бердіңіздер, мышлением де дұрысталғандай, кедергілердің барлығы сейілді.
    Енді мен бизнес бастауға,маған берген бизнес тактикаларыңызбен батыл шаг жасауға дайынмын және бұйырса қазірден бастауға Аллаға тәуекел етіп бел будым.
    Және де айтарым тағы осындай подкасттар шығарып тұрсаңыздар екен. Басқа да болашақ кәсіпкерлерге осындай кішкентай дүние арқылы ақ бизнестерін дөңгелетуге себепші боларсыздар ин ша Алла

  • @5Aklass-h9p
    @5Aklass-h9p 3 года назад +2

    Один раз живем, надо попробовать все все все, омырден, кателесуден лязат ал, чем всю жизнь коркыып отыра берми. А то окынесын олетын кезде)) так что тез тез жасап кетындер))

  • @nurdauletkushabay4157
    @nurdauletkushabay4157 3 года назад +2

    Контент бомба честно говоря

    • @aiym.jekenova
      @aiym.jekenova 2 года назад

      🙌🏻🙌🏻🙌🏻 пайдалы болсын

  • @animalworld5921
    @animalworld5921 3 года назад

    Сонгы соз суйектен отти оте орынды айттыныз!

  • @ЖанеркеЕрмековна-р1ь

    Құдайдың рөлін өзіміз алып аламыз)

  • @gulnur9082
    @gulnur9082 3 года назад +2

    К сожалению страх никто не отменял и придаём большое значение к любому событию. Когда мне страшно, я медитирую 🧘🏻‍♀️

  • @АдильжанСах
    @АдильжанСах 2 года назад

    Курска калай катыссак болад

  • @ШаираАнварова
    @ШаираАнварова 3 года назад

    Ең бірінші сіздерге Алла разы болсын дегім келеді! Халқымыздың көзін ашуға бар күш жігерлеріңізді салып жатырсыздар. Қазіргі таңда көбіміздің миымыз ұйықтап, қатып қалған. Соны оятуға көмектесіп жатырсыздар. Шыныменде көбіміз миллион айына табуға болатынына сенбейміз! Шектеу тек миымызда!
    Қорқамыз! Туыстар не айтады, көрші не дейді, ата анам рұқсат бермейді деп. Қателесуден қорқамыз! Сосын көбімізде бай адам - жаман деген түсінік бар. Бай болсам масаттанып кетемін деп менде қорқатынмын. Бірақ ойымды өзгерттім! Бай болып жақсы , парасатты болып жүргендерді көріп, соларды үлгі тұтып жүрмін.
    Сосын ,көбінесе дүние қуып кетуге болмайды деп әрекетсіз отырады дегендеріңіз де Рас!
    Видеоны толық қарап шықтым. Керемет!
    10 есе көбейтіп, ақшаны шығарып, қалада жүру дегенді ойлап көрдім. Бірақ қорықпадым 😁 кайф болды.
    Сосын Назерке ханымның, неге ақшадан қорқамыз ,себебі оны тым жоғары қойып қойғанбыз дегені рас. Менде де сондай болған. Қазір жұмыс жасап жатырмын өзіммен.
    Сосын Бақытбай мырзаның : дүние мен ақыретті қатар алып жүргендер ,Пайғамбарымызға (с.а.с) ең жақыны , дегеніңіз , есімізге салғаныңызға рақмет.
    Қорқыныштарымыздан арылып, ісіміз берекетті болып, бай болайық Алла қаласа!
    Өте құнды ақпараттар айтылды. Көптеген инсайттар айтылды. Рақмет ! Алла разы болсын! Жұмыстарыңыз дами берсін! Өсе беріңіздер!

  • @АйгеримСуханова
    @АйгеримСуханова 2 года назад

    Керемет дүние

  • @UlzhanErbolkyzy
    @UlzhanErbolkyzy 3 года назад

    Керемет!🇰🇿

  • @АрайлымШайкенова-й5к

    Бирденени бастамай жатып корыкканша, бир арекет, накты кадам жасап корыккан жаксы, жалпы адам билмеген нарседен коркады гой

  • @kazak1374
    @kazak1374 3 года назад +1

    Мұхит мырзаны неге шақырмайсыздар

  • @уакелепка
    @уакелепка 3 года назад

    Неге осы бір зат болады деп ойласаң сол болады?

    • @gulnur9082
      @gulnur9082 3 года назад

      Мысли маьериальны

  • @dftgugtjtu6104
    @dftgugtjtu6104 2 года назад

    💣💣

  • @albertesen-ali242
    @albertesen-ali242 2 года назад

    Еркебұланнан басқа ешкімді танымаймын. Бірақ мына жігіт, есімі Бақытбай ма, Қуаныш Шоңбайдың сабағын алған шәкірті сияқты. Сөйлеу мәнері акценттері копия.

  • @UlzhanErbolkyzy
    @UlzhanErbolkyzy 3 года назад

    🌍💥🌍

  • @adinkaassyl3500
    @adinkaassyl3500 2 года назад

    Кызды жокшылык куртады жигитти токшылык куртады деген ой стереотип болып калыптаскан гой коп адамда

  • @КёсемСултан-ь7к
    @КёсемСултан-ь7к 2 года назад

    ана катын слишком переборщит етип кабагын котерип келистирип отыр

  • @АрайлымШайкенова-й5к

    Арекет жасап, кимылдап, лучше позориться до конца)