@@ddqazaqqizi4660 дұп-дұрыс айттыңыз. Әр пәнді оқытушы өз саласын баланы қызықтыра отырып, оқытқанда қалай болар еді. 45 минут әдебиет пәнін осылай өткізсе, балалар ұғымтал зерек қой қағып алушы еді.
1 сағаттық сұқбат 1 минуттай өтіп кетті. Мектеп, жоғары оқу орындарында Абайтану пәнін оқытса ұлтымызға, тілімізге, тәрбиемізге үлкен пайдасы тиер еді. Омар Жәлелұлы білімді, шешен, терең ойлы ұлтқа жаны ашитын азамат, Сізге рахмет!
Жалпы иектепте Абай атамызды оқытады Бірақ барлық тақырыбын емес Тек ТабиғатМахаббат деген тақырыптарын оқытады Алланы жырлаған жырларын қара сөздерін оқытпайды. Ең өкініштісі де осы!
Орыстың тілі білім тілі болды сол ғасырда, бірақ орыспен келгеннің бəрін мəдениет деп түсініп, қазақи асыл маржанымыздан айрылып қала жаздадық! Рахмет сіздерге!
Омар сияқты білімді, елін, тілін жан-тәнімен сүйетін, Абайын құрметтейтін азаматымыз бар, тәубе, осындай қазақтың ұлдары көп болсын! Омар Жәлелұлы аман болыңыз, қазақтың маңдайына біткен біртуар ұлы! Динара сізге сәттілік тілеймін!
Динара ханым Омар мырзаның сөзін бөле бермей, әбден ойын аяғына дейін ашылып айта алуына мүмкіндік бергеніңізге үлкен рақмет. Керемет сұхбат болды. Абай атамызды танитын кең пейілді қазағымыз көп болғай
Өте жақсы уағыз болды бізге, Омар Жәлел ғалым, Динара қызымыз Алла разы болсын сіздерге, Абай атамыз бір аунап түскен шығар, сіздердің айтқаныңызды тыңдар құлақ болса, ұғар жүрек болса, барлық қазақ бақытты болар еді...
Өте жақсы сұқбат болды. Динара ханым кәзіргі жастарға осындай рухани ақпараттар қажет. Керек уақытта, керек дүниені көрсетіп жатқаныңызға мың алғыс 👌🇰🇿
2 рет қайталап көрген ең құнды сұхбат болды! Өзім Семейденмін, Абайдың шығармашылығын 6-сыныптан ерекше сүйіп оқимын. Көңілім толып, ойымды жинақтап, денем түршігіп керемет сезімде отырмын. Ризамын Сіздерге! Осы сұхбатты әр қазақ көріп, ой түйсе екен…
Адамды сүй, Алланың хикметін сез. Не қызық бар өмірде одан асқан🌹 Омар ағамызды тыңдай бергің келеді ғой шіркін. Динара, үлкен рахмет арнайы аяғымыз баспаған, көз көрмеген Жидебайға барып интервью алып таспа ға түсірген еңбек үшін 🌹
Аллаға мың рахым Омар атты. ұл бергенге, құлақ құрышын қандырар сөзіне сізге саулық Бергей, ал Динара қызымызға мың Рахмет өзі де әсте әсте қазақи болайын деп келеді, осындай сұхбат ұйымдастырғанына , Омар інім де көсле шапты ,қазағым сіңір де қимыл қыл
Жақсы субхат болды, канбай қалдым. 😊 Алi де бiр жалғасын табатын субхат болғанда болар едi. Әлі айтылатын жайттар коп едi. Абайдан тiке ұрпақ калмаган сияқты. Алматыда қайтқан Макеннин бир сұхбатын тындаганда менен кеин ешким жоқ деген едi. Омар мырзаға көп рахмет, өресі жоғары жiгiт екен!
Сөңында көзіме жас келді. Шынымен, жылататын сұхбат. Мен баяғыны көрген әже-аталарымды көрдім. Олар байлық, мүлік жинамады, адамды сыйлайтын. Біздің балдарымыз не көріп жатыр, тик-ток, ютуб. Қандай тәрбие беріп жүрміз. Алдымыз не болады. 🥺
30 минутта жыладым😢. Даналарымыз жетерлік. Рас, Абай орыс бол деген жоқ, тіл уйрен деді. Біздің біраз қазекеңдер орыс боп кетті. Қазір шет елдер ашық, бүкіл әлемді зерттей аласың. Отаныңды жоғалтудың бір жолы ол ана тіліңді жоғалту!!!
Динара қарындасымызға рахмет, мен ойлаушы едім орыс тілді ме деп.... , бірақ ұлтжандылығын сезуші едім. Осындай патриот қыздарымыз, қарындастарымыз көп болсын! Динара білімді, көзі ашық, көкірек сарайы ашық, сұрақты орынымен қоя білетін, жаңашыл журналист.
Омар ағамыз соңында жылап кеткен сияқты болды маған. Қазақтың нағыз қамын ойлайтын осы кісі, сондықтан да шығар қазіргі қазақтың жағдайын, сана-сезімін біле тұра көзіне жас келгені 😢🙏
Мәәә, кәдімгідей құлағым сүйсінді ғой, қалай әдемі сөйлеп, ойын қазақ тілінде күшті жеткізеді. Өте мәнді, пайдалы, әдемі әңгіме болды. Сұхбатбатқа үлкен РАХМЕТ ❤ . Тыңдай бергім келеді ғой. Өзім Аягөздің тумасымын, мектеп бітіре салысымен Алматыға кетіп, кейін көшіп кеттік. Бірақ мектепте 11 жыл бойы, осы Омар Жәлелұлы сияқты ұстаздарымыздың айтқандары, үйретіп, миымызға құйғандары, өмір бойы, әрқашан көмектеседі. Өмір инструкциясы ғой
Неткен керемет, ғибратты әңгіме- сұхбат болды!!! Омар ағамызға Алла разы болсын! Көп инсайттар болды. Ағамыз өзінің ютуб каналын ашып, өскелең ұрпаққа ұстаздық етіп, білімге, ғылымға шақырып, Абай атамыздың жолын қуса, игілік іс болар еді... Сізге қарап бой түзеп, қолына кітап алып Абайды оқитын жас ұл-қыздар көбейсін! Өзін іздеп жүрген жас жігіттерге "ер" мінезді азамат болуға түрткі болыңыз.
Қазіргі қазақтың бағына туған Омар ағам, ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын 🤲 Динара ханым Сізге мың алғыс 🙏🙏🙏 . Сұхбаттың керемет болғаны сонша бір сағаттың қалай өтіп кеткенін байқамадым👍👍👍👏👏💖
Бәрі дұрыс қой! Бірақ Динара қызға табылмай қалған көйлегі құрығыр!.... Жылтыраған тылтиған шалбардан гөрі тым болмаса юбка да табылмағаны көңілге кірбің түсіреді!🥺
Рухтың ақысын беретін интервью болды.Тіліміздің тазалығы мен тереңдігі,әрі өткірлігі.Біз білімді,дана халықпыз.Өздігімізді ақырындап алып,танып келе жатырмыз.Көзі ашық,көкірегі ояу халық боламыз деген үміттемін.Ол үшін әр қазақ өзінен бастап оқып білім алуы керек.Сұқпат топ⬆️
Алла разы болсын сіздерге. Жылап отырып тыңдадым😭 Қазақ шөлде қалған жолаушыдай рухани шөлдеп қалған. Жаным раххаттанып па, әлде төкеріліп жатыр ма🤔 жылаймын- күлемін жынды адам сияқты. Эмоциямды жеткізе алмай отырмын. Абай атамыз оян деп шырылдап келе жатқанына 2ғасыр болыпты біз әле дел-сал болып ұйқылы-ояу жүрміз. Дәл қазір кей бір психологтар шықты адамды құр қиялдауға үйретіп гипноздап жатқан. Алла қайырлы қылсын 🤲
Сұхбат👏🏻 Жанның рахаты! Бәрін егжей-тегжей, бар жанын салып, ұлы Абайдың өзінің, шығармашылығының кереметтілігін көрсетіп берген Омар Мырзаға және осы сұхбатты ұйымдастырған, осы тақырыпты қозғаған Динара Сатжан, сіздерге мың алғыс!
Өсындай сұхбатты қөрген қазақбіздің билікке сынаушы көзбен қарайды деп көрсетпейді. Хабар болсын, Астанатағы барлык теледидар меншікті, олигархтар меншігіңде.
Керемет !!! Қазақты көшбасшы ұлт болдыртудағы бір қанаты осы Абай ! Сол күнге жетейік Әлем аузын ашсын , жастарымызды бар мүмкіндікпен біліммен сусындандырайық!
Шын мәнінде кімнің қандай текті ұрпаққа теңесе... Сол таза жанды бізге тәңірім сыйлаған сый екен Абай бабамыз... Бұл білім бар жерде береке дарысын ... Еліміздің етегі мен рухани байлығы түгелденіп... Бірлігін берсін жастарға... Таң атқанға тыңдай беретін тарих болып тұрғой...Динара ханымға шексіз рахмет... Омар бақытымызға тәңіріміздің рәсімі түссін... Денсаулық берсін... Керемет айтылған ақылды жалғастыра берші... Өсіп өніп рахат өмір нәсіп етсін тәңірім... Ойдағы жүрген армандары орындалсын жарығым... 🤲🤲🤲❤❤❤👍👍👍
Шексіз рахмет, Динара! Қазаққа керегі осындай әңгімелер, жасына да, ересегіне де, тіпті кәрісіне де! Омар ағаның айтары көп қой, тыңдай беруге болады. 👏👏👏👏👏
БССМИЛЛА РАХМАН РАХИМ АЛЛАНЫҢ МЕЙІРІМІ ШАПАҒАТЫНА БӨЛЕНІҢІЗДЕР , РАХМЕТ ОМАР ЖӘЛЕЛ АҒАЙ ДҰРЫС БӘРЕКЕЛДІ , АҚЫСЫЗ ЕМ ЖАСАЙТЫН АҚ АНА РУХАНИЯТ ЕМДЕУ ОРТАСЫНА ТҮС ЖҮЙЕСІМЕН БАРҒАНМЫН ЗЕИНЙКАМАЛ ҚАРЖЫМБАЙ ҚЫЗЫ АҚ АНА РУХАНИЯТЫНА БАРУ КЕРЕКПІЗ , ӨЗДІГІҢІЗДЕН , БАЙЫРҒЫ , ӨЗІҢІЗГЕ ОРАЛА АЛМАСАҢЫЗ , РАХМЕТ АҒАЙ РАХМЕТ РАХАТЫН ӘЛЕММЕН БІР КӨРГЕНГЕ ЖАЗСЫН ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫЛЫҒЫН
“Ізденсен Қазақ, Алла өзі ашып берер жолыңды…” Омар ағамыз - жасайберіңіз!!! Динара ханым сұқпат керемет болды👍🏽👍🏽👍🏽 Орамал кийіп, ұзын көлек кийгенде…, сізден артық сізден сулу жан болмаушеді…
Абайтану сабағын ашу қажет мектептерде! Неше жылдар бойы Сара Назарбаеваның Өзінтану сабағына қанша мемлекеттік ақша жұмсадық! Шіркін Абайым- ай! Андай тамаша сұхбат болды!!!
6:50 Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік Ер табылса жарайды, қылса сұхбат. Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша, Кейбіреу қояр көңіл ұққанынша. Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар, Абайлар әрбір сөзді өз халынша. Шын көңілмен сүйсе екен, кімді сүйсе, Бір сөзімен тұрса екен, жанса-күйсе. Қырмызы, қызыл жібек бозбалалар, Оңғақ пұлдай былғайды, бір дым тисе. Керек іс бозбалаға - талаптылық, Әр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық. Кейбір жігіт жүреді мақтан күйлеп, Сыртқа пысық келеді, сөзге сынық. Кемді күн қызық дәурен тату өткіз, Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз! Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен, Қиянатшыл болмақты естен кеткіз! Бір жерде бірге жүрсең басың қосып, Біріңнің бірің сөйле сөзің тосып. Біріңді бірің ғиззәт, құрмет етіс, Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып. Жолдастық, сұхбаттастық - бір үлкен іс, Оның қадірін жетесіз адам білмес. Сүйікті ер білген сырын сыртқа жаймас, Артыңнан бір ауыз сөз айтып күлмес. Күйлеме жігітпін деп үнемі ойнас, Салынсаң, салдуарлық қадір қоймас. Ер жігіт таңдап тауып, еппен жүрсін, Төбетке өлекшіннің бәрі бір бәс. Біреуді көркі бар деп жақсы көрме, Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме! Әйел жақсы болмайды көркіменен, Мінезіне көз жетпей, көңіл бөлме! Көп жүрмес жеңсікқойлық, әлі-ақ тозар, Жаңғырар жеңсікқұмар, жатқа қозар. Күнде көрген бір беттен көңіл қайтар, Қылт еткізбес қылықты тамыршы озар. Толқынын жүрегіңнің хаттай таныр, Бүлк еткізбес қалайша соқса тамыр. Жар көңіліне бір жанын пида қылып, Білместігің бар болса, қылар сабыр. Шу дегенде көрінер сұлу артық, Көбі көпшіл көрінер ондай қаншық. Бетім барда бетіме кім шыдар деп, Кімі паңдау келеді, кімі - тантық. Ақыл керек, ес керек, мінез керек, Ер ұялар іс қылмас қатын зерек. Салақ, олақ, ойнасшы, керім-кербез, Жыртаң-тыртаң қызылдан шығады ерек. Қатының сені сүйсе, сен де оны сүй, Қоржаң суық келеді кей сасық ми. Ері ақылды, қатыны мінезді боп, Тату болса, риаз үстіндегі үй. Жоқ болса қатыныңның жат өсегі, Болмаса мінезінің еш кесегі. Майысқан, бейне гүлдей толықсыған, Кем емес алтын тақтан жар төсегі. Жасаулы деп, малды деп байдан алма, Кедей қызы арзан деп құмарланба. Ары бар, ақылы бар, ұяты бар, Ата-ананың қызынан ғапыл қалма. Үйіңе тату құрбың келсе кіріп, Сазданбасын, қабақпен имендіріп. Ері сүйген кісіні о да сүйіп, Қызмет қылсын көңілі таза жүріп. Құрбыңның тәуір болсын өз мінезі, Абройлы қалжыңмен келсін сөзі. Сен оған мойын бұрып сөз айтқанда, Қатыныңда болмасын оның көзі. Кей құрбы бүгін тату, ертең бату, Тілеуі, жақындығы - бәрі сату. Көкірегінде қаяу жоқ, қиянат жоқ, Қажымас, қайта айнымас қайран тату! Пайда деп, мал деп туар ендігі жас, Еңбекпен терін сатып түзден жимас. Меліш сауда сықылды күлкі сатып, Алса қоймас, араны тағы тоймас. Асық ұтыс секілді алыс-беріс - Тірі жанның қылғаны бүгін тегіс. Бірі көйтке таласып, бірі арам қып, Төбелескен, дауласқан жанжал-керіс. Жас бала әуел тату бола қалар, Ата-анадан жақын боп, ертіп алар, Бірін бірі құшақтап, шуылдасып, Ойын тарқар кезінде ұрыс салар. Біреуі жылап барса үйге таман, Ата-анасы бұрқылдар онан жаман. Татулығы құрысын ойыны мен, Дәл соларға ұқсайды мына заман. Жаман тату қазады өзіңе ор, Оған сенсең, бір күні боларсың қор. Ары бар, ұяты бар үлкенге сен, Өзі зордың болады иығы да зор. Қазақтың қайсысының бар санасы? Қылт етерде дап-дайын бір жаласы. Пысықтықтың белгісі - арыз беру, Жоқ тұрса бес бересі, алты аласы.
Ассалаумагалеикум, сіздерге көп рахмет Алла разы болсын, жаным рахаттанды осы сұхбатты тыңдап, бәріміздің арманымыз Абаи атамыздың туған жеріне бару ,бүкіл жастар оқыса келешегіміз жарқын болар еді
Керемет сұхбат! Мен орыс мектебінде оқып жүріп,4-сыныпта қолыма “Абай жолын”алдым. Жасыма қарамай оқып шықтым. Омар аға айтпақшы,менің де басым ауырып кетті. Шама шарқыма қарай түсініп,кей жерін мүлдем түсінбедім. Қайта 7-сыныпта оқып шықтым. Осы кезден бастап Абайдың ұлылығын,даралығын түсіндім.
Динара Сатжанға өте ризамын!👏🏻 Мен ойлағам бұл кісі жеңіл тақырыптарды ғана қозғайтын журналист екен деп! Бұл сұхбатыңыз көңілімізден шықты! Керемет!👍🇰🇿
Динара Сатжан қазақтың патриот қызы👍 Абайды қазаққа танытып жатқан Омар Жәлел ағамыз ға мың алғыс!
Мен қазақ тілінің мұғалімімін. Бұндай сұхбаттар қазақ еліне өте керек. Динара, қазақ тілінің дамуына үлкен үлес қосып жатырсыз. Мың алғыс❤
Маған қазақ тілінен мұғалімі керек, сізбен мессенджер арқылы қалай сөйлесуге болады?
Мектепте он жыл оқығанда ешқандай мұғалім осылай түсіндірмейтін. Жаттап алып айтып берсең болды 5 қойып бере салатын.
Босқа кеткен уақыт - ай !
Дурыс айтасыз ❤
@@ddqazaqqizi4660 дұп-дұрыс айттыңыз. Әр пәнді оқытушы өз саласын баланы қызықтыра отырып, оқытқанда қалай болар еді. 45 минут әдебиет пәнін осылай өткізсе, балалар ұғымтал зерек қой қағып алушы еді.
Какраз
Динара ханым Омар Жәлелұлымен керемет сұхбат болды. Рақмет!
Абайды таныған қазақтар көбейе берсін🌺🌺🌺
Аумин 😇
Ол үшін адам дініміз Исламды тану керек. Мен де бұрын Абай атамызды түсінбейтін едім, дінге келіп көзім шайдай ашылды, Абай атамызды түсіндім.
Аумин 🤲❤️
Аитканын,, келсын, Аумин,
Омар Жалелді тыңдаған сайын ғылымға деген көкірек көзің ашылады.
Динара таң қалды-ау... біз сияқты
1 сағаттық сұқбат 1 минуттай өтіп кетті. Мектеп, жоғары оқу орындарында Абайтану пәнін оқытса ұлтымызға, тілімізге, тәрбиемізге үлкен пайдасы тиер еді. Омар Жәлелұлы білімді, шешен, терең ойлы ұлтқа жаны ашитын азамат, Сізге рахмет!
Келісемін өте дұрыс Абайтану деп мектепте кіргіссе болады
Мектеп, университеттерде Абайтану пәні оқытылады
Жалпы иектепте Абай атамызды оқытады
Бірақ барлық тақырыбын емес
Тек ТабиғатМахаббат деген тақырыптарын оқытады
Алланы жырлаған жырларын қара сөздерін оқытпайды.
Ең өкініштісі де осы!
Астанада мектепте абайтану пәні бар, 1-сыныптан
Йя менде қосыламын Мектепте Абай тану пәнінен сабақ оқытылса жақсы болар еді Жастарға бір кірпіш қалар ма еді жастарда
Орыстың тілі білім тілі болды сол ғасырда, бірақ орыспен келгеннің бəрін мəдениет деп түсініп, қазақи асыл маржанымыздан айрылып қала жаздадық! Рахмет сіздерге!
дұрыс батыстың технологиялары,жетістік тері керек,бірақ күнә ларынан азғындық тарынан аулақ болу керек
Неге осы қазағымыз той жасау мен байлығымен мақтанады одан да біліммен уйретумен неге жарыспайды ?
@@semey_life8061 сен айтып жатқан азғындық ол батыстың мәдениеті емес!
Керемет Динара, Дұрыс бағытқа жол алдыңыз! Қазақша сөйле! Недеген әдемі өз тілімізде сұхбат.
Абайды оқымай жүргеніме өте қатты ұялып кеттім. Омар ағаның Абайға деген махаббатын көріп, көзіме жас келді😢Аға жасап жатқан еңбегіңіз орасан зор🤲
Ұялма. Ештеңе етпейді
Қой шырағым..Ұялмай,жыламай ақ жүрміз ғой..
Жылап кеттим
@@Kiiii642a
Сахарадан су ағызған қайран Абай
Омар сияқты білімді, елін, тілін жан-тәнімен сүйетін, Абайын құрметтейтін азаматымыз бар, тәубе, осындай қазақтың ұлдары көп болсын! Омар Жәлелұлы аман болыңыз, қазақтың маңдайына біткен біртуар ұлы! Динара сізге сәттілік тілеймін!
Керемет Абай атамыздың үйінің өзінен алынған сұқбат ерекше ыстық көрінеді. Америкадан баршанызға салем. Қазақтан мықты ақылды ел жоқ!!!
Омар Жалелұлы және Динара Сатжан, көп рақмет сіздерге! Қызығып тыңдадым. 👍👏
Керемет
Динара ханым Омар мырзаның сөзін бөле бермей, әбден ойын аяғына дейін ашылып айта алуына мүмкіндік бергеніңізге үлкен рақмет. Керемет сұхбат болды. Абай атамызды танитын кең пейілді қазағымыз көп болғай
Өте жақсы уағыз болды бізге, Омар Жәлел ғалым, Динара қызымыз Алла разы болсын сіздерге, Абай атамыз бір аунап түскен шығар, сіздердің айтқаныңызды тыңдар құлақ болса, ұғар жүрек болса, барлық қазақ бақытты болар еді...
Өте жақсы сұқбат болды. Динара ханым кәзіргі жастарға осындай рухани ақпараттар қажет. Керек уақытта, керек дүниені көрсетіп жатқаныңызға мың алғыс 👌🇰🇿
2 рет қайталап көрген ең құнды сұхбат болды! Өзім Семейденмін, Абайдың шығармашылығын 6-сыныптан ерекше сүйіп оқимын.
Көңілім толып, ойымды жинақтап, денем түршігіп керемет сезімде отырмын. Ризамын Сіздерге!
Осы сұхбатты әр қазақ көріп, ой түйсе екен…
Абайды таныған, зеріттеген Омар мырзаның өзін тану, түсіне білу керек.
Абай атамызға махаббатым артып кеттіғой. Рақмет сізге және Омар ағаға👍👍
Біраз көзімізді ашқандай. Үлкен рахмет сіздерге.
Алла, Омар ағаны екі дүниеде бақытқа кенелтсін! Бəрекелді!
Өзім рахаттанып,тамсанып отырып тыңдап шығып, танитын адамдарға,оқушыларыма ұсындым...Өзіміз білетін мәліметтерді жаңғыртып, көркем тілмен өрнектеп жеткізе білетін Омар мырзаның біліміне еріксіз тәнті боласыз...Мың алғыс сіздерге!
👍👍
очень приятно слушать всё понятно
Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос. 🇰🇿
Омар ағамыздың білімділігіне ризамын
Рақатанып көріп отырмын 😍😍😍😍 сауатты, сөздік қоры мол сұқбаттарды іздеп отырамын.
Омар ағаның әр сөзінің құндылығы жоғары😍
ТТБ сұхбаты өте күшті❤
Адамды сүй, Алланың хикметін сез. Не қызық бар өмірде одан асқан🌹 Омар ағамызды тыңдай бергің келеді ғой шіркін. Динара, үлкен рахмет арнайы аяғымыз баспаған, көз көрмеген Жидебайға барып интервью алып таспа ға түсірген еңбек үшін 🌹
Миым жарылып кете жаздады, неше мәрте тыңдап қортумкерек сұхбат шығыпты❤
Аллаға мың рахым Омар атты. ұл бергенге, құлақ құрышын қандырар сөзіне сізге саулық Бергей, ал Динара қызымызға мың Рахмет өзі де әсте әсте қазақи болайын деп келеді, осындай сұхбат ұйымдастырғанына , Омар інім де көсле шапты ,қазағым сіңір де қимыл қыл
Динара сиздин ен уздик сухбатыныз осы болдыау,жаным рахаттанды ,керемет🙏🙏🙏
Жақсы субхат болды, канбай қалдым. 😊 Алi де бiр жалғасын табатын субхат болғанда болар едi. Әлі айтылатын жайттар коп едi. Абайдан тiке ұрпақ калмаган сияқты. Алматыда қайтқан Макеннин бир сұхбатын тындаганда менен кеин ешким жоқ деген едi. Омар мырзаға көп рахмет, өресі жоғары жiгiт екен!
Абайды түсіну үшін тек жүрекпен оқу керек.Қазаққа Абайды берген АЛЛАҒА МЫҢ АЛҒЫС!!!
Мя Динара тағы да Омар ағамен сұхбат керек..өте рухани құңды сұхбат болды рахмет үлкен👍🥰
РАҚЫМ ЕТ Омар Жәлел❤Динара Сатжан
Қазақтың баға жетпес Абайын айтып миымызға құйған ❤
Омар Казактын текті Білім иесі.
Сөңында көзіме жас келді. Шынымен, жылататын сұхбат. Мен баяғыны көрген әже-аталарымды көрдім. Олар байлық, мүлік жинамады, адамды сыйлайтын. Біздің балдарымыз не көріп жатыр, тик-ток, ютуб. Қандай тәрбие беріп жүрміз. Алдымыз не болады. 🥺
Абайды аз танитын жастарға Абайтанудың заманауи әрі өте түсінікті презентациясын жасадыңыз, Динара ханым. Сіз де, Омар мырза да керемет жансыздар 😍👍👍👍
Осындай қазақтын бір туар азаматы аман болсын!Омар аға рақмет,көзімді ашып жұмғанша өткен сұхбат!
30 минутта жыладым😢. Даналарымыз жетерлік. Рас, Абай орыс бол деген жоқ, тіл уйрен деді. Біздің біраз қазекеңдер орыс боп кетті. Қазір шет елдер ашық, бүкіл әлемді зерттей аласың. Отаныңды жоғалтудың бір жолы ол ана тіліңді жоғалту!!!
Динара қарындасымызға рахмет, мен ойлаушы едім орыс тілді ме деп.... , бірақ ұлтжандылығын сезуші едім. Осындай патриот қыздарымыз, қарындастарымыз көп болсын! Динара білімді, көзі ашық, көкірек сарайы ашық, сұрақты орынымен қоя білетін, жаңашыл журналист.
Сұқбат өте керемет болды. Тағы да осындай сұқбат болса екен, ұзағырақ. Рақмет Сізге Омар мырза, Динара ханым 🥰❤. Алла разы болсын сіздерге 🤲🏻♥
Омар мырза, сәл ертерек білмегеніме өкінем, қазақтарды оятуға керемет еңбек істеп жүрсіз, мен де ерер ем, тек память нашарлап қалған сияқты
Омар ағамыз соңында жылап кеткен сияқты болды маған. Қазақтың нағыз қамын ойлайтын осы кісі, сондықтан да шығар қазіргі қазақтың жағдайын, сана-сезімін біле тұра көзіне жас келгені 😢🙏
Динара, сізге алғысым шексіз, керемет сұхбаттар ана тілімізде жасап жүрсіз. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз.
Жаным солОмаржан көп жаса.
Омар жан озин қандай басын жомартсын ба. Абай какимнин бар жолын хадис н бәрін билип оқыған жасын.
Байсын
Мәәә, кәдімгідей құлағым сүйсінді ғой, қалай әдемі сөйлеп, ойын қазақ тілінде күшті жеткізеді. Өте мәнді, пайдалы, әдемі әңгіме болды. Сұхбатбатқа үлкен РАХМЕТ ❤ . Тыңдай бергім келеді ғой. Өзім Аягөздің тумасымын, мектеп бітіре салысымен Алматыға кетіп, кейін көшіп кеттік. Бірақ мектепте 11 жыл бойы, осы Омар Жәлелұлы сияқты ұстаздарымыздың айтқандары, үйретіп, миымызға құйғандары, өмір бойы, әрқашан көмектеседі. Өмір инструкциясы ғой
Абай Құнанбаев қазақтың үлкен бағы
Неткен керемет, ғибратты әңгіме- сұхбат болды!!! Омар ағамызға Алла разы болсын! Көп инсайттар болды. Ағамыз өзінің ютуб каналын ашып, өскелең ұрпаққа ұстаздық етіп, білімге, ғылымға шақырып, Абай атамыздың жолын қуса, игілік іс болар еді... Сізге қарап бой түзеп, қолына кітап алып Абайды оқитын жас ұл-қыздар көбейсін! Өзін іздеп жүрген жас жігіттерге "ер" мінезді азамат болуға түрткі болыңыз.
Қазіргі қазақтың бағына туған Омар ағам, ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын 🤲 Динара ханым Сізге мың алғыс 🙏🙏🙏 . Сұхбаттың керемет болғаны сонша бір сағаттың қалай өтіп кеткенін байқамадым👍👍👍👏👏💖
Иә, келісемін, керемет сұхбат. Динара ханым өте орынды жақсы сұрақтар қойды. Омар ағамен осы тақырыпты ашып, баяндап бергеніңізге мың алғыс. 🔥🔥🔥
Бәрі дұрыс қой! Бірақ Динара қызға табылмай қалған көйлегі құрығыр!.... Жылтыраған тылтиған шалбардан гөрі тым болмаса юбка да табылмағаны көңілге кірбің түсіреді!🥺
Рухтың ақысын беретін интервью болды.Тіліміздің тазалығы мен тереңдігі,әрі өткірлігі.Біз білімді,дана халықпыз.Өздігімізді ақырындап алып,танып келе жатырмыз.Көзі ашық,көкірегі ояу халық боламыз деген үміттемін.Ол үшін әр қазақ өзінен бастап оқып білім алуы керек.Сұқпат топ⬆️
Дурыс айтасыз. Инстаграм болама. Кітап жайлы обзор жүргізесізбе?
Керемет сұқбат болды. Абайды тану - қазақты тану. Омар аға ерекше ойлайтын кісі ғо 🙏
Турикке турмыска шыгып Абай туралы жазып отсын ба уялмай
Алла разы болсын сіздерге. Жылап отырып тыңдадым😭 Қазақ шөлде қалған жолаушыдай рухани шөлдеп қалған. Жаным раххаттанып па, әлде төкеріліп жатыр ма🤔 жылаймын- күлемін жынды адам сияқты. Эмоциямды жеткізе алмай отырмын. Абай атамыз оян деп шырылдап келе жатқанына 2ғасыр болыпты біз әле дел-сал болып ұйқылы-ояу жүрміз. Дәл қазір кей бір психологтар шықты адамды құр қиялдауға үйретіп гипноздап жатқан. Алла қайырлы қылсын 🤲
Динара ханым керемет сұхбат, өте ұнады, осы сұхбаттан кейін Абайды оқып тануға қызығушылық артты, рақмет!
Сұхбат👏🏻 Жанның рахаты! Бәрін егжей-тегжей, бар жанын салып, ұлы Абайдың өзінің, шығармашылығының кереметтілігін көрсетіп берген Омар Мырзаға және осы сұхбатты ұйымдастырған, осы тақырыпты қозғаған Динара Сатжан, сіздерге мың алғыс!
Омар ұстазды тындау керемет, ал Абайды айтқанда шіркін ,жүректің, өзін білмеген жаның ашатындай. Динара ханым рахмет! Керемет сұхбат болды.
Жылап тұрып тыңдадым каншалыкты адамі құндылықтарды жоғалттық ҚАЗАҒЫМ ҚАЛЫН ЕЛІМ!!!!
Осындай сұхпаттарды теледидардан неге прайм тайымда көрсетпеске? Үш сағатты қалаулымға құртқанша!! ДИНАРА РАҚМЕТ!
Өсындай сұхбатты қөрген қазақбіздің билікке сынаушы көзбен қарайды деп көрсетпейді. Хабар болсын, Астанатағы барлык теледидар меншікті, олигархтар меншігіңде.
Оларга Абаи емес акша керек кои
Шоулар акша табады
Қайран Қазағым мың өліп мың тірілген осындай мықты ағаларымыз аман болсын АЛЛА қаласа Қазақтың рухани даму кезеңі басталды
Керемет сұхбат,Омар мырзаға мол рахмет,құлактын құрышың тілімен,біліменен қандырды 👏🏻👏🏻👏🏻
Абайдай асылды халыққа əсерлі, мəнерлі етіп жеткізіп жүрген Омар мырза аман жүріңіз. Өте тамаша сұхбат болды.
Омар аға қазіргі заманның нағыз қазақ
Бұл сұхбатты әр бір Қазақ көру керек
Омар Мырза барекелди жарайсыз, Динара керемеееет сухбат . Сиздерге касиби саттилик тилеймиз.
Керемет !!! Қазақты көшбасшы ұлт болдыртудағы бір қанаты осы Абай ! Сол күнге жетейік Әлем аузын ашсын , жастарымызды бар мүмкіндікпен біліммен сусындандырайық!
Керемет сұхбат, табжылмай отырып 1,5сағат тыңдадым
Шын мәнінде кімнің қандай текті ұрпаққа теңесе... Сол таза жанды бізге тәңірім сыйлаған сый екен Абай бабамыз... Бұл білім бар жерде береке дарысын ... Еліміздің етегі мен рухани байлығы түгелденіп... Бірлігін берсін жастарға... Таң атқанға тыңдай беретін тарих болып тұрғой...Динара ханымға шексіз рахмет... Омар бақытымызға тәңіріміздің рәсімі түссін... Денсаулық берсін... Керемет айтылған ақылды жалғастыра берші... Өсіп өніп рахат өмір нәсіп етсін тәңірім... Ойдағы жүрген армандары орындалсын жарығым... 🤲🤲🤲❤❤❤👍👍👍
Құнарлы әңгіме! 👏👏👏
Шексіз рахмет, Динара! Қазаққа керегі осындай әңгімелер, жасына да, ересегіне де, тіпті кәрісіне де! Омар ағаның айтары көп қой, тыңдай беруге болады. 👏👏👏👏👏
Динара жаным кандай керемет сухбат алдын,Омар мырзага улкен рахмет🙏Енбектериниз жана берсин,казагымыздын рухы котерилсин🙏
БССМИЛЛА РАХМАН РАХИМ АЛЛАНЫҢ МЕЙІРІМІ ШАПАҒАТЫНА БӨЛЕНІҢІЗДЕР , РАХМЕТ ОМАР ЖӘЛЕЛ АҒАЙ ДҰРЫС БӘРЕКЕЛДІ , АҚЫСЫЗ ЕМ ЖАСАЙТЫН АҚ АНА РУХАНИЯТ ЕМДЕУ ОРТАСЫНА ТҮС ЖҮЙЕСІМЕН БАРҒАНМЫН ЗЕИНЙКАМАЛ ҚАРЖЫМБАЙ ҚЫЗЫ АҚ АНА РУХАНИЯТЫНА БАРУ КЕРЕКПІЗ , ӨЗДІГІҢІЗДЕН , БАЙЫРҒЫ , ӨЗІҢІЗГЕ ОРАЛА АЛМАСАҢЫЗ , РАХМЕТ АҒАЙ РАХМЕТ РАХАТЫН ӘЛЕММЕН БІР КӨРГЕНГЕ ЖАЗСЫН ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫЛЫҒЫН
Рақмет сізге Динара ханым осы сұхбат үшін
Омар ағаны сағаттап тыңдай бергің келеді, өзіміздің кім екенімізді әлі де білмейді екенбіз ғой, рухани сусындап қалдым, үлкееен рахмет сіздерге
Тамаша сұхбат болды
Омар мырза
Өзіңің пәнін зерттеұші ретінде жақсы біледі
Рахмет
“Ізденсен Қазақ, Алла өзі ашып берер жолыңды…” Омар ағамыз - жасайберіңіз!!!
Динара ханым сұқпат керемет болды👍🏽👍🏽👍🏽 Орамал кийіп, ұзын көлек кийгенде…, сізден артық сізден сулу жан болмаушеді…
Әдемі сұхбат болды. Омар аға жақсы ашылған сияқты.
16шы минут, қаншама пайдалы ақпарат ❤️📚📕 Екі қайтара тыңдау қажет. Рақмет үлкен сұқбатқа 😍❤️
Керемет құнды түсірілім болыпты, рақмет Динара. Елге жасап жүрген еңбегің ұмытылмасын. Еңбегіңнің жемісін көр.👍👍👍
Өте пайдалы сұхбат болды біз үшін, шет жерде жүрген қандастарыңыз ретінде үлкен алғыс айтамыз!!!
Осындай сұхбаттардың жалғасын күтеміз!!!
Динар ханым қазақша сұхбаттар көп болсын.
Қанша тыңдасаң сонша көкірек көзі ашылып жатыр. Рахмет Омар Жәлел Мырза.
Керемет сұхбат болды . Сізге рахмет Динара ханым , Омар ағадан сұхбат алғаныңыз.
Мына журналист бұтына штеме кимей бұты сидиіп барғаны несі Абайдың мұажайына барып тұрып.
Қандай маңызды сұхбат! Сүйсініп тыңдадым. Көп рахмет 🌸
Еңбектеріңіз жемісті болсын!!!
Абайтану сабағын ашу қажет мектептерде! Неше жылдар бойы Сара Назарбаеваның Өзінтану сабағына қанша мемлекеттік ақша жұмсадық! Шіркін Абайым- ай!
Андай тамаша сұхбат болды!!!
Өте дұрыс, қосыламын мектепте Абай тану сабағын оқытсса деген арманым. Ағамыз аман болсын, Алла разы болсын.
Неге балаларға осындай сабақтар өткізбейді, өте өкінішті
Мектептерде Абайтану курсы оқытылады. Бірақ Абайды Омар ағамыздай түсініп, өзгеге түсіндіреді алатындай ұстаздар кемшін. Жоқтың қасы
Динара сұхбат өте тамаша нағыз ойланытын ой түйетін сұхбат улкен рахмет! Сізге бар жақсылықты тілеймін 🤲👍
Омар аға аман жүріңіз!!!
6:50
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік
Ер табылса жарайды, қылса сұхбат.
Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша,
Кейбіреу қояр көңіл ұққанынша.
Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар,
Абайлар әрбір сөзді өз халынша.
Шын көңілмен сүйсе екен, кімді сүйсе,
Бір сөзімен тұрса екен, жанса-күйсе.
Қырмызы, қызыл жібек бозбалалар,
Оңғақ пұлдай былғайды, бір дым тисе.
Керек іс бозбалаға - талаптылық,
Әр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық.
Кейбір жігіт жүреді мақтан күйлеп,
Сыртқа пысық келеді, сөзге сынық.
Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз!
Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз!
Бір жерде бірге жүрсең басың қосып,
Біріңнің бірің сөйле сөзің тосып.
Біріңді бірің ғиззәт, құрмет етіс,
Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып.
Жолдастық, сұхбаттастық - бір үлкен іс,
Оның қадірін жетесіз адам білмес.
Сүйікті ер білген сырын сыртқа жаймас,
Артыңнан бір ауыз сөз айтып күлмес.
Күйлеме жігітпін деп үнемі ойнас,
Салынсаң, салдуарлық қадір қоймас.
Ер жігіт таңдап тауып, еппен жүрсін,
Төбетке өлекшіннің бәрі бір бәс.
Біреуді көркі бар деп жақсы көрме,
Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме!
Әйел жақсы болмайды көркіменен,
Мінезіне көз жетпей, көңіл бөлме!
Көп жүрмес жеңсікқойлық, әлі-ақ тозар,
Жаңғырар жеңсікқұмар, жатқа қозар.
Күнде көрген бір беттен көңіл қайтар,
Қылт еткізбес қылықты тамыршы озар.
Толқынын жүрегіңнің хаттай таныр,
Бүлк еткізбес қалайша соқса тамыр.
Жар көңіліне бір жанын пида қылып,
Білместігің бар болса, қылар сабыр.
Шу дегенде көрінер сұлу артық,
Көбі көпшіл көрінер ондай қаншық.
Бетім барда бетіме кім шыдар деп,
Кімі паңдау келеді, кімі - тантық.
Ақыл керек, ес керек, мінез керек,
Ер ұялар іс қылмас қатын зерек.
Салақ, олақ, ойнасшы, керім-кербез,
Жыртаң-тыртаң қызылдан шығады ерек.
Қатының сені сүйсе, сен де оны сүй,
Қоржаң суық келеді кей сасық ми.
Ері ақылды, қатыны мінезді боп,
Тату болса, риаз үстіндегі үй.
Жоқ болса қатыныңның жат өсегі,
Болмаса мінезінің еш кесегі.
Майысқан, бейне гүлдей толықсыған,
Кем емес алтын тақтан жар төсегі.
Жасаулы деп, малды деп байдан алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар,
Ата-ананың қызынан ғапыл қалма.
Үйіңе тату құрбың келсе кіріп,
Сазданбасын, қабақпен имендіріп.
Ері сүйген кісіні о да сүйіп,
Қызмет қылсын көңілі таза жүріп.
Құрбыңның тәуір болсын өз мінезі,
Абройлы қалжыңмен келсін сөзі.
Сен оған мойын бұрып сөз айтқанда,
Қатыныңда болмасын оның көзі.
Кей құрбы бүгін тату, ертең бату,
Тілеуі, жақындығы - бәрі сату.
Көкірегінде қаяу жоқ, қиянат жоқ,
Қажымас, қайта айнымас қайран тату!
Пайда деп, мал деп туар ендігі жас,
Еңбекпен терін сатып түзден жимас.
Меліш сауда сықылды күлкі сатып,
Алса қоймас, араны тағы тоймас.
Асық ұтыс секілді алыс-беріс -
Тірі жанның қылғаны бүгін тегіс.
Бірі көйтке таласып, бірі арам қып,
Төбелескен, дауласқан жанжал-керіс.
Жас бала әуел тату бола қалар,
Ата-анадан жақын боп, ертіп алар,
Бірін бірі құшақтап, шуылдасып,
Ойын тарқар кезінде ұрыс салар.
Біреуі жылап барса үйге таман,
Ата-анасы бұрқылдар онан жаман.
Татулығы құрысын ойыны мен,
Дәл соларға ұқсайды мына заман.
Жаман тату қазады өзіңе ор,
Оған сенсең, бір күні боларсың қор.
Ары бар, ұяты бар үлкенге сен,
Өзі зордың болады иығы да зор.
Қазақтың қайсысының бар санасы?
Қылт етерде дап-дайын бір жаласы.
Пысықтықтың белгісі - арыз беру,
Жоқ тұрса бес бересі, алты аласы.
Омар аға зор денсаулық тілеймін!
Жарайсын, Динара Жан!
Омар Жәлелұлы ❤ қазақ үшін туған Ұл екен❤
Міне идеологияның бір тамыры, рахмет сұхбат өте керемет болған екен Динара ханым!!!
Ассалаумагалеикум, сіздерге көп рахмет Алла разы болсын, жаным рахаттанды осы сұхбатты тыңдап, бәріміздің арманымыз Абаи атамыздың туған жеріне бару ,бүкіл жастар оқыса келешегіміз жарқын болар еді
Керемет, тамаша! Рухани сұхбат! Сүйсініп тыңдап отырмын!
Қазақты мінезді қылған, бірлікте ұстаған оның керемет ауызекі тілінің қасиеті болғанын енді ұғып жүрміз!
Керемет сұхбат. Омар ағамыздың 35 жыл зерттеп, түйген ойларын 1 сағатта тыңдап шықтық.
Керемет сұхбат! Мен орыс мектебінде оқып жүріп,4-сыныпта қолыма “Абай жолын”алдым. Жасыма қарамай оқып шықтым. Омар аға айтпақшы,менің де басым ауырып кетті. Шама шарқыма қарай түсініп,кей жерін мүлдем түсінбедім. Қайта 7-сыныпта оқып шықтым. Осы кезден бастап Абайдың ұлылығын,даралығын түсіндім.
👍👍👍👍👍👍❤❤❤❤❤
Өте керемет сұхбат болды. Динара көп рахмет сізге!
Керемет асерде болып отырмын! Омар Жалелулы мырза, Динара Ханым Рахмет сиздерге. Алланнын Нуры жаусын сиздерге!
Қандай керемет! Бала кезімдеАбай жолын оқығанмын, тағы да оқимын деп шештім
Өте дұрыс айтасыз 💯💯👍👍👍
Динара ханым! Сизге улкен рахмет! Омар аганы сухбатка шакырганынызга, сонау Жидебайга барып сухбатынызды тусиргенинизге, оте дурыс шешим Жидебайга барып тусиргениниз. Озинизде керемет конил куй, акпарат алганыныз, озинизге де унаганы коринип тур! Омар агамызды тындасан козине жас келеди! Алла разы болсын Сизге Ага! Жуз жасаныз! Билиминиз, жазбаларыныз, ой толгауларыныз урпактан урпакка жете берсин!
Мына кысыге карап сабак кытап окыгын келеды😍 кандай керемет сухбат
қандай ақылды адам, қандай керемет сұхбат болды, Динараға рахмет
Динара Сатжанға өте ризамын!👏🏻 Мен ойлағам бұл кісі жеңіл тақырыптарды ғана қозғайтын журналист екен деп! Бұл сұхбатыңыз көңілімізден шықты! Керемет!👍🇰🇿
Омар ағамызды қанша тындасамда тамсанудан жалығар емеспін